Азіргі таңдағы балалар психологиясы дамуының психологиялық мәселері.
Жетімдер мен жетімханалар жайлы алғашқы мәліметтер
дәуіріміздің ІҮ ғасырынан (335 жыл,Цереград) бастау алады,ал
олардың көбею кезі Еуропада ХҮІІ ғасырдың тұсы болып саналады.
1760 жылы испан елінің бір дін қызметкері “жетімханада бала көңілсіз күй кешеді және көбі қайғы-мұңнан өледі”деп жазған.Алайда жабық типтегі балалар мекемелерінде өмір сүрудің салдары ғылыми мәселе ретінде тек ХХ ғасырда ғана қарастырыла бастады.
Балалар үйі,интернаттар жағдайындағы «жабық»орта сенсорлық «аштық» тудыра отырып кез-келген жастағы адам баласына зиянды болып есептелінеді.Әсіресе,жаңа дамып, өсіп келе жатқан бала психикасы үшін оның зардаптары өте көп. Осы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мәселелері ас күрделі жағдайда. Бұл жағдайға қатысты өзекті мәселелердің негізгілері мынылар: жетім балалар денсаулығына деген әлеуметтік қамқорлықты күшейту, олардың құқығына қол сұқпау, қоғам өмірінің барлық салаларына толық араласуға жағдай жасау.
Осы мәселерді шешуде негізгі екі көзқарас қалыптасқан. Бір жағынан, балалар үйі мен мектеп-интернаттың балалар отбасында тәрбиеленетін балалардан ерекшеленбейді және олардың мәселелерін тек материалдық жағдайда жақсарту және оқу-тәрбие процесіне бірқалыпты жағдай туғызу арқылы шешуге болады десе,
екінші жағынан,қазіргі таңда балалар үйінде және интернаттардағы балалардың дені сау емес,барлығы ауыр тұқым қуалаушылыққа негізделген соматикалық және психикалық аурулармен ауырады деген көзқарас қалыптасқан.Осы екі көзқарастың да шындыққа жақындайтын жерлері бар сияқты.
Балалар үйі мен интернаттың тәрбиеленушілерінің ішінен жоғары оқу орындарына түсіп, түрлі салаларда қызмет атқарып,қоғамдық өмірге белсене араласып жатқандары белгілі.Дегенмен,қазіргі кездегі балалар үйіндегілердің барлығы бірдей жетім балалар емес. Мұндай мекемелерде ата-аналық құқынан айырылғандардың балалары,жалғызбасты ата-аналардың балалары,ата-аналары тастап кеткен балалар,ауруына байланысты әрекетке жарамсыз деп танылғандардың балалары,ата-анасы сотталып кеткендердің балалары,жетім және тастанды балалар тәрбиеленеді.Бұларды «әлеуметтік жетімдер» деп атайды.
А.М.Прихожан, Н.Н.Толстых зерттеулері бойынша мынадай мәліметтерді білуге қол жеткіздік.
Балалар үйінде тәрбиеленушілердің жиі жағдайда өздерінің жеке құндылықтары жайлы ұғымдарының әлеуметтік жағдайлары жиі жағдайда жоқ болады,бұл терең эмоционалды дискомфортқа әкеліп соғады,ал ол кезегінде агрессия мен мазасызданудың пйда болуына себепші болады. Мазасыздану дегеніміз,бұл болатын қауіп-қатерді күтуге орай эмоционалды дискомфортты бастан кешу жағдайы.
Жалпы жетімдер үйінде,мектеп-интернаттарда оқыту процесімен қатар мазмұны бойынша түрліше тәрбие бағдарламасы жүзеге асады.Бұл тәрбие бағдарламасының негізгі міндеті-дене жағынан және адамгершілікке қабілеті қазіргі таңдағы өмірге дербес түрде өмір сүре алатын адамды даярлау болып табылады.
Бұл міндеттің прктиклық шешілуі өте ұзақ және ұзақ мерзімді процесс. Балалар үйлеріндегі балалардың көбісі өмірдегі ең басты нәрсе-ата-аналар қамқорлығы мен махаббатынан айырылғандар.
Олардың көбісі жанұя,үй,мама,папа деген ұғымдарды түсінбейді. Бұл ұғым сөздерді білмеу интернат пен балалар үйі жағдайындағы ұйымдасқан тәрбие процесіне өте көп проблема тудырады.
Жетімдер үйі,мектеп-интернаттарда жүргізілетін түзету тәрбиелік жұмыстардағы ең басты фактор баланың әлеуметтік тәжірбиесін қалыптастыруға көмектесетін гуманды,яғни адамгершілік ортасын құру факторы болып табылады.
Балалық әлемін жақсы біліп,түсінетін адам ғана нағыз тәрбиеші екендігі баршаға аян,ал оның педагогикалық тактісі тек қана педаг.огикалық біліммен ғана шектеліп қоймайды, әрі интуицияның болуымен,әрбір баланың жүрегіне шеберлікпен жол табуда ерекше әдістерді меңгеріп қолданумен де анықталады.
Баланың әділдігі,адамгершілігі,сыйластығы-дұрыс тәриенің неізгі шарттары осылар,әсіресе жетім-балаларда осы жеке және әлеуметтік қорғансыздығы жас қосқан сайын өткір бола түседі.
Интернаттар мен балалар үйлері білім беру жүйесінде қажеттігі мен пайдалылығына орай,ондағы тәрбиеленушілерге бірқатар ерекшелік-сипаттарды дарытады.Ең бастысы,интернат,балалар үйі дегеніміз олар үшін ұжымдық мекеме,онда балалар үшін менің үйім,менің бөлмем,менің бұырышым,менің ойыншықтарым,менің ата-аналарым тағы басқа осы сияқты ұғымдар жоқ.
Үй болмай,үлкен ұжым үшін мекеме бола отырып,ереже бойынша бұл балалар үйлері балалардың бойындағы жеке-дара сұраныстар мен қажеттіліктерді қалыптастыра қоймайды және мұнда мен сезімі өз дәрежесінде дами қоймайды.Осыған орай,әрине жанұялық типтегі балалар үйлерінің жүйесі жеткілікті кемелденген болады.Жанұялық типтегі балалар үйлерінде педагогтар ата-аналар функциясын атқарады,ал 6-10 балалар соларға бала,бір-біріне апа,сіңлі,аға,іні рөлдерін атқарады.
Жанұялық үйлер,әрине,жетімдік проблемасын шешудің тиімді жолы,бірақ өкінішке орай,бұл экономикалық тұрғыдан қымбат мекеме,сондықтан да әлі де ұзақ уақыт бойына дәстүрлі интернаттық типтегі балалар үйлері сақтала бермек.
Ол мекмелердегі тәрбиелік процесс ұжымдық өмір принциптеріне негізделген регламенттік сипатта болады.
Дегенмен бұл жағдайларда да балалардың өмірін едәуір дәрежеде жанұялық үлгісіне жақындатуға болады.
Қазіргі таңда көптеген интернат,балалар үйлері мекемелерінің басшылары соңғы жылдары балалар топтарын жүйелеп-топтастыруда басқаша әдіс-тәсілдерді қолдануда.Яғни олар топты құрауда түрлі жастағы балаларды бір топқа біріктіруді қолға алған.Бұл топтарда ересек балалар,кіші балаларға көмектеседі,әрі әрбір топта өз қолданыстарында бірнеше бөлмелердің болатындығы маңызды.Ол бөлмелер:жатын бөлме,ойын бөлмесі,демалыс және сабақ бөлмелері,санитарлы-гигеналық блок,асхана-буфет.Демалыс күндері бұл асхана-буфетте балалар өздеріне ұнайтын асты,өздері даярлауға,қажет шәй ішуге,мереке және туған күндерге қонақтар-достарын шақыруға мүмкіндік алады.
Бұл жоғарыда аталған үлгілер балалар үйлері,интернаттардағы сақталған дәстүрлі өмір салтын бұзуға,автономды тұрмыс салтын құруға көмектеседі.Мұндай автономды дербес тұрмыс салты психологиялық комфортты сезінуге көмектеседі және балалардың бойында қажетті дәрежеде тұрмыстық дағды-іскерліктердің қалыптасуына себепші болады.
Түрлі жастағы балалар топтарында ересек және кіші тәрбиеленушілер арасында өзара қарым-қатынастар жеңіл әрі оңай қалыптасады,яғни ересектер кішілерге қамқор болу арқылы және жатақхананың түрлі жағдайларында тәрбиеші көмек бере отырып,әрі өмір сүрудің кейбір автономдығына орай,балалар үйлерінің барлық топтары өмірдің жалпы ритмін ұстау,сақтау арқылы бірігулері тиіс. Онда күн бойына оқу іс-әрекетімен қатар басқаша да түрлі жұмыс түрлері қолдану қажет.Ол жұмыс түрлері спорт,үйірмелік ,шығармашылық жұмыстағы басқалар.
Соңғы жылдардағы экономикалық қиындықтар сөзсіз,білім беру мекемелерінің материалдық жағынан қамтамасыз етілуінен көрінуде.
Дегенмен,балалар үйлері мемлекет,қайырымдылық қорлары,демеушілер тарапынан назардан тыс қалып тұрған жоқ.
Балалар үйлерінің кейбір жетекшілері жоғары материалдық шараларға қол жеткізе отырып,оларды саналы жұмсай алмайды,яғни орасан көп жиһаз,кілемдер,қымбат теледидар,музыкалық аспаптарды,компьютер тағы басқаларды үйіп алып,ақыр соңында дүние тәрбиелік емес декоративті функция атқаратын болады.
Нәтижесінде,жанұядағы сияқты қолайлықтың негізгі критерийі ретінде материалды жетістік бірінші жоспарға шығады да,балалар өмірге икемсіз,әрі суық,қайырымсыз болып өсетін болады.
Әрине кедейлік үйлесімді адамның қалыптасуына көмектесе қоймайды,сондықтан да жанұялық,әсіресе балар үйінің материалды қамтамасыздығы ерекше маңызды жағдай,ол бірақ ең алдымен балалардың бойында өмір сүруге аса қажетті қадір-қасиет,сапаларды қалыптастырға бағытталуы тиіс.
Тұрмысты ұйымдастыру ең алдымен гигеналық,эстетикалық талаптарға жауап бергені жөн және тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сай бола отырып,олардың бойында материалды ұмтылыс-қажеттіліктерге шама-шарық сезім білдіругеи ұмтылуы тиіс.
Бұл нәрселерге өмір салтын ойластырып құрумен қол жеткізуге болады,яғни мұндайда заттар мен бұйымдар тек қана қолданылып,сақталынбайды,әрі тәрбиеленушілердің өз қолдарымен сақталады,жөнделеді,жаңаланады.Тәрбиелік іс-шаралар жүйесіне жанұядағы сияқты түрлі жұмыс түрлері енуі тиіс,олар:киім,жиһаз,тұрмыс заттарын жөндеу тағы басқалар.
Ал,Қазақстандағы балалар үйінің хал-жағдайлары туралы жазар болсақ,жетімдікпен күрес мәселесі тек қана мемлекеттің ғана емес,сонымен бірге көптеген бейтарап ұйымдардың да басты мәселесіне айналды.
Егер де 1991 жылы біздің республикамызда 42 балалар үйлері болса,2004-ші жылы интернаттық мекемелер саны белгілі болып есептелінді,онда 13000 жетім-балалар саны мемлекеттің шығынын арттырады.
Бұл мекемелердегі бір баланы жыл бойы ұстап-тәрбиелеу үшін шамамен 3600 АҚШ доллары жұмсалады.Негізгі шығын ол мекемелердегі қызметкерлер еңбегін төлеуге,әлеуметтік салық пен балалар тамағына жұмсалады.Әрі,мелекеттік құрылымдар қоғаммен бірлесе отырып,қолдарындағы мемлекеттік құрал-жабдықтарды иемдене отырып,жетімдік проблемасының қайнар көздерін,яғни ішімдікпен,нашақорлықпен,қажетсіз жүктілікпен тағы басқаларды жоюға орай үлкен жұмыстар атқаруда және бұл құрылымдар психологиялық,әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыруда,көп балалы жанұяларға әлеуметтік көмек беруде елеулі еңбек етуде.
Жетімдер үйлерінен шыққан көптеген адамдар кәдімгі өмір салтын да сақтауда.Ал,кейбірі өздерінің өтініш-тілектерін білдіруде.Ол тілектер мыналар:
-жетімдер үйлерінен кейін олардың дербес өмір сүрулері барысында жеңілдіктерін алып тастауы;
-жоғары оқу орындарына түсе алмайтындықтары;
-5 б –статьясын алып тастау, яғни ол дегеніміз психикалық және тілдік дамудың артта қалуы.Осы статьяға орай,жұмысқа орналасу көп қиындық келтіреді;
-немесе біздерге зейнетақы төлейтіндей мүгедектің құжаттарын жасап берсін тағы басқалар;
Міне,осы сынды өтініш тілектер айтады.Әрине,мұның барлығы ащы шындық.
Қазақстандағы тәуелсіздік жырлары,яғни соңғы жыл ішінде 24 жаңа балалар үйі пайда болған.
16000 балалар үйінде тәрбиеленушілердің 2000-ы толық жетімдер,ал қалғандары “тастандылар және бас тартқандардың балалары”.Міне,осы балалар үйлерінен де олар “тастанды және бас тартқандар” болып өмірге де қосылады.Бұрын олардан ата-аналары бас тартса,кейін онымен мемлекет айналысады.
Жалпы алғанда,жетімдік мәселесі үнемі де көпшілік бұқараны алаңдататын,мемлекет назарын үнемі өзінеи аудартатын үлкен ауқымды мәселе.
Депутаттар алқасы да жетімдік мәселесі,оларды шетелдік ағайындарды сатып-алып кету жәйларын да үнемі қарастырады.
Ал Ресейде балалар үйінің даму жайы мына фактіге байланысты 1905-ші жылғы Декабрь қарулы көтерілісінен кейін атақты орыс психиатры,қоғам қайраткері В.П.Кащенко жаралы революционерлерге көмек беруіне байланысты мемлекеттік қызметтен қуылғаннан соң,кемістігі бар және қиын,әрі жүйкесі ауыратын балаларға арналған емдік-педагогикалық мекеме ашпақойға келеді.1908-ші жылы ол шетелге осы мақсатта тәжірбие алмасу үшін жол жүреді.Ресейге оралған соң,Кащенко “санаторий-мектеп” ашады.Бұл сияқты “санаторий-мектеп” бұл кезеңде ресей түгілі,шетелде де болмаған.
Ал кеңестік одақ кезеңінде білім беру жүйесінде балалар үшін тек қана екі түрлі оқу мекемесі болды.Олар:ақыл-ой кеміс және жасы жетпеген қылмыс бұзушыларға арналған.
Балалар қорының мәліметтеріне орай,әлеуметтік жетімдік саны 1995-1996ж.Алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есе өскен.
Қазіргі уақытта Ресейде балалар үйлерінде 20,5 мың балалар тәрбиеленеді,оның үштен бір бөлігі бір жастағы дамуында түрлі ауытқулар бар балалар құрайды.
А енді шетелде,әсіресе Ұлыбританиядағы арнайы білім беру жүйесі үш негізгі балалар тобына бөлінеді.Олар:
1.дене кемістігі бар балалар тобы;
2.оқытуда қиындық туғызатын балалар тобы;
3.эмоционалды және мінез-құлықтық аумақта проблемесы бар балалар тобы;
Ең соңғысы әсіресе саны жағынан көп.
Дамуында ауытқуы бар кейбір нұсқалар балаларды оқыту мен әлеуметтендіруде түзету жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа бір тиімді формаларын іздеуді қажет етеді.
Ұлыбританияда мұндай форма ретінде мынаны айтуға болады,яғни олар терапевтиаклық қоғамдастық деп аталады.
Ағылшын психотерапевті Мелвин Роуз былай деп жазды: «Арнайы мектеп пен терапевтикалық қоғамдастық арасындағы негізгі айырмашылық эмоционалды ауытқу мен тұрақсыз мінез-құлық себептерін түсінуде болып табылады.Терапевтикалық көзқарас ең бірінші жоспарға балалар мен жасөспірімдердің санадан тыс ұмтылыстарын анықтау міндетін қояды.Ал, арнайы мектеп тәрбиеленушілердің әлеуметтік мінез-құлқын зорлықпен жақсарту жолымен өзгертіп жасауға тырысады».
Әрине,Ұлыбританиядағы арнайы білім беру формасы мен деңгейі осы елдің жоғары даму деңгейімен анықталады.Басты міндет өте қарапайым түрде құрылады:эмоционалды немесе мінез-құлық аумағының ауытқуы бар бала үшін оның кезінде отбасы,мектепте алмаған дүниесін психодинамикалық көзқарасты қолдана отырып,қоғамға толыққанды денсаулығы мықты азаматты қайта оралту.
Әрі британ мамандарының пікірінше,тиісті барлық жағдайды қолдана отырып,кез-келген мінез-құлық ауытқуын жөндеуге болады.
Шетелдегі терапевтикалық қоғамдастыққа психолог немесе педагог болып қызметке кіру үшін жоғары білімді,әрі білікті болып қана қоймай міндетті түрде арнайы білім бойынша қосымша курсты оқып аяқтауы тиіс.Содан соң ол қызметкерді қиын да ауыр сыннан тұратын көп сатылы конкурс және міндетті түрдегі сынау мерзімі күтеді.Бұл айтылған шетелдік тәжірбиеден біздер,жалпы бала тәрбиесінде аса ұқыптылық пен қырағылық,ең алдымен біліктілік қажет екенін мойындаймыз.
Балалар үйлеріндегі балалардың психикалық дамуының түрліше болуына тұқым қуалаушылық ерекшелітерінен гөрі тұрмыс жағдайында тәрбие мен оқытудағы айырмашылықтар көбірек әсер етеді.Өмірінің алғашқы күндерінен бастап балалар үйіне түсетін жандардың дамуы ата-анасы барлардың дамуынан ерекше болатыны хақ қарым-қатынасқа деген қажеттілік бала 1 айға толар-толмас шақта байқалады.
Әрине,ондай қарым-қатынас жасайтын анасының жоқтығынан сыртқы ортадан алатын бала әсерлерінің ауқымы шектеулі шектеулі болады.Мұндай сенсорлық оқшаулану,дамуды кешеуілдетеді.Атап айтқанда,қимыл-қозғылыстарының дамуы баяулайды,тілдері кеш шығады,кей жағдайда ақыл-ойының дамуы да тежеледі.
Баланың тұлға ретінде қалыптасуына өмірінде «Ата-ана-бала» қарым-қатынас жүйесіне түспеуі қатты әсер етеді.Мінездерінде қырсықтық,бірбеткейлік сияқты жағымсыз қасиеттер ерте көріне бастайды.
Бала толыққанды даму үшін ең алдымен оның махаббатқа деген қажеттілігі қанағаттандырылуы қажет.Кейбіреулер оны туылғаннан пайда болатын қажеттілік десе,енді біреулер өмір сүру барысында қалыптасатын қажеттілік деп есептейді.
Осы қажеттіліктің қанағаттандырылмауы бала дамуының бұзылысына және эмоциялық депривацияның пайда болуына әкеліп соғады.
Депривация –психология мен медицинада кең қолданылатын термин. Бұл термин ағылшынның «deprivation» сөзінен шыққан,қазақша мағынасы:өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігінің шектеулі немесе жойылуы эмоциялық депривация балалар үйінде тәрбиеленетіндер де ерекше байқалады.Депривацияның келесі түрі-сенсорлық депривация-яғни заттық ортаның болмауы және сезім мүшелері қоздырғыштарының жетіспеуі.Депривацияның бұл түрін де балалар үйінде тәрбиеленетіндерден кездестіреміз.
Депривация сонымен қатар тек балалар үйінде ғана емес,отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларда байқалады.Отбасында анасы болмаған немесе баласына эмоциялық көңіл бөлмеген жағдайда аналық депривация туындайды.Психикалық күймен сипатталады.Аталған психикалық жағдай мінез-құлықтың өзгеруінен байқалады.Депривация механизмі баланың сыртқы орта адамдарымен қарым-қатынасының шектелуімен,баланың негізгі психикалық қажеттілітерінің жеткіліксіз қанағаттандырылуымен байланысты.
Сонда психикалық депривация деген өмірлік жағдайлар нәтижесінде туындайтын нақты психикалық күй.Мұндай жағдай баланың негізгі қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға қолайлы мүмкіндіктері болмаған кезде туындайды.
Балалар үйінде тәрбиелентіндер көп жағдайда нашар тұқым қуалаушылық қасиеттеріне ие: алкоголиизм мен нашақорлық,туылғаннан пайда болатын психикалық және неврологиялық маскүнем ата-аналардан туылған балаларда жүктілікті тоқтатау үшін түрлі шараларды қолданған аналардан туылған балаларда түрлі психикалық ауытқулар байқалады,балалар үйінде тәрбиеленетіндерде психопатологиялық белғілер: ақыл-ой кемістігі және шизофрения белгілері де кездеседі.
Нәрестелік ерте сәбилік шақтағы аналық депривация жағдайындағы балалардың даму проблемасы жайлы,яғни олардың балалар үйінде,емханаларда,жабық орталықтарды даму мәселесі зерттеулер жазған атақты Отандық ғалымдарды Н.М.Аксарина,М.И.Землянухина,Ю.Ф.Полякова,Н.М. Щеловановаларды атап кетпеуге ешбір болмайды.
Балалар үйінде қазіргі таңда балалар тәрбиеленетін ортаға және олармен туылғаннан бастап жүргізілетін жеке-дара жұмыстарға,қарым-қатынасқа үлкен мән берілуде.Негізгі ауытқушылық логопед,психолог,тәрбиешілерге жүктелуде.Дамуында трең артта қалушылығы бар балалар үшін жан-жақты сенсорлық әсер алатындай”сенсорлық бөлмелер“ деген қолданылады.Педагогтар ересек балалардың табиғат,саябақ,музей тағы басқа демалыс орындарына барып дамуына жағдайларды барынша жасайды.
Қазіргі таңның өзінде балалар үйлерінде депривацияның түрліше формаларының байқалуын көруге болады.
1 жас пен 4 жасқа дейінге 462 баланың дамуына бақылау жүргізу арқылы мынандай нәтижелерге қол жеткіздік. Олардың жүйке-психикалық дамулары төмендегі деңгейде.
Әсіресе екінші жастағы балалар аналық депривация жағдайында екендігі анықталады.
Үшінші жаста ғана сюжетті және рөлдік ойын белгілері қалыптастындығы байқалады.Ал тіл дамуына келсек,тек сөзді айтуда емес,сөздік реакциялар яғни ойлаумен байланыста бола отырып кешеуілдеп дамыған.
Л.С.Выготский атап кеткен “сензитивті” кезең,яғни бұл жастағы балалар сенсорлы және тілдік дамуда өте артта қалушылық көрсетеді.
Балалар үйіндегі балалардың даму динамикасын бақылай отырып,мынандай қорытынды жасауға болады. 4-5 айлық кезеңнің өзінде эмоция,көру,есту анализаторының дамуында алғашқы ауытқуларды көоуге болады.Ал 7-12 айлық кезеңнінде тілдің дамуындағы дайындық кезеңдерінің терең артта қалушылығы көрінеді.
Алғаш туылғаннан анадан айырылу баланың өарым-қатынасқа тапшы,жұтаң болуына жеткізеді. Алғашқы бірінші жылы қалыптаспаған эмоционалды-іскерлік қарым-қатынас баланың тілінің дамуына кедергі болады, ал әрі қарай оның жеке басының тілінің дамуына кедергі болады,ал әрі қарай оның жеке басының қалыптасуына да өз зиянын тигізеді.Екі жастағы балаларда қозғалыс белсенділігі төмен болады,бұл бір жағынан олардың сергектік күйлерін көп жағдайда «кедергі,барьер артында» өткізуімен де байланысты түсіндіріледі.Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мінез-құлқының қалыптасуы да түрлі ауытқулармен көрінеді.Олардың көпшілігіне қатты қозғыштық тән,олар ұзақ уақытқа дейін ұйықтай алмайды,мазасыз ұйықтайды.Оларға ұйықтарда аналық жылылық,жылу сөздері,бесік жыры,ертегі айту жетіспейді.Ұйықтар алдында жалғыздан-жалғыз қалғандықтан олардың көбісі саусақтарын сорады,тербеледі де ұйықтайды.
Балалар үйіндегі басты мән берілу керек нәрсе олардың әлеуметтендірілу мәселесі.Күнделікті қалыптасып кеткен стереотиптік қатты әсер етеді.
Мысалы: 1 жас 6 ай мен 3 жасқа дейінгі балалар тобында тәрбиеші серуеннен қайтарда бір күні күнделікті тәсілмен емес,ерекше түрде басқаша тәсілді ұсынғанда, олар қатты қарсылық көрсеткен мінез-құлықтың стереотиптілігі тілдің дамуына теріс әсер етеді.
Мысалы, тіпті ересек топтың өзінде баланы киіндіруге көмектескенде “рахмет” деуді бала “қайдағы рахмет? Оны анау кезде айту керек!”,- деп тамақ столын көрсетеді.
Жеке адамның дамып-қалыптасуы, өзін ұжымда ұстауы, өзіндік мен сезімінің байқалуы-балалар үйінде жүргізілетін басты жұмыстардың бірі.