Травматизмді анықтайтын психофизиологиялық факторлар
Адамның еңбек етуі және еңбек барысында қалыптасқан бағалы құндылықтар мен қасиеттер еңбек психологиясының зерттеу объектісі болып табылады. Адамның еңбек етуін зерттеумен қатар адамның іс -әрекетін, биологиялық-әлеуметтік ерекшеліктерін, еңбек физиологиясы мен гигиенасын, терапиялық және профилактикалық маңызын, еңбек экономикасын , еңбек құқығы мен этикасын, еңбек ету теориясын қарастырады. Еңбек психологиясының дамуы және оның пайда болуы археологиялық және тарихи мәліметтермен байланысты. Сондықтан Б.Г. Ананьев әділетті түрде оның дамуына керекті комплекстерді айтты: «Өмір туралы және практика туралы айтқанда оның қажеттіліктерін, толық синтетикалықкартинасын білу қажет, бірақ физиологиялық, немесе психологиялық, немесе социалистикалық картинаны көрсете алмайды ». Еңбек психологиясы психологиялық заңдарды, психологиялық процесстерді және олардың жеке тұлға қасиеттерін және еңбекпен қатар физиологиялық және әлеуметтік ортамен байланыстарын қарастырады.
Еңбек психологиясы И. М. Сеченовичпен байланысты. Ол табиғи психикалық рефлекстермен қызығып айналысқан. Сонымен қатар И. М. Сеченов белсенді демалу еңбек етуді жоғарылатып сақтайды деген. Келесі этап еңбек психологиясының дамуы сырт мемлекеттердің пайда болуымен тығыз байланысты, сондықтан біздің әлемде психологияның кешірек психотехникасы пайда болды . Еңбек психологиясының дамуында психологиялық, эксперементтарды физиологиялық,ғылыми факторлық, сондағы практикалық сфера медециналық, педагогикалық болып табылады. Сонымен қатар оны оқып білуде сезгіштік анализаторларда жеке қасиеттерді атап сондай-ақ төмен сезгіштіктердің сондағы профессиялық адамдарға көздің көруі, естуі және басқада органдарының жоғарғы деңгейде болғаны дұрыс.
Екіншіден стимулдың дамуында, прикладной психология әлеуметтік зкономикалық жағдайлар жатыр. Бұл позиция Робер Лаганның айтуынша: «өнердіжақсы пайдалану коллективтағы адамдардың энергиясы қазіргі уақытта ерекше фактор болып табылады. Олардың бір-бірінен айырмашылығы бұл олардың кадрларының жиынтығы ». Инженерлік- психологияның бағытын мынадай жұмыстарды айтуға болады. Жазу машинасындағы әріптерді, клавиатураның баспаларын сондағы қозғалу реакциясын жатқызамыз. В. Штерннің еңбегінде критериялық құндылықтардың көрсеткіштері, есте сақтауы, аффектік жағдайлар: осыған атақты орыс заңгері Ф. Кони психотехникалық және рекламалық проблемалар және оның санаға және астар санаға әсер етуі деген. Ағылшын психотехник Дилль Скотт шаруашылық, системасын қарастырды.
Бірақ психотехникадағы ең басты көрініс табатыны профессиялық жиын. Сондағы психотехникадағы ең жарық бетті көрсеткен Гуго Мюнстерберг. Ол арнайы тесттарды профессионалды жиын түрде телефонисттарға, вагоновожатыйларға, теңіз штурмандарына өзінің ойларын, толық анализін көрсетті. Мюнстербергтің еңбек жазуларында, ол психологиялық профессияда вожатыйдың көз қарасын қарастырды және арнайы халықаралық психотехникалықконгресстік журналдар шығарылды. Біздің әлемде психотехника практикалық психологтялық білімі 20-жылдары қалынтасты Москвада, Ленинградта, Казаньда, Харьковте және тағы басқа қалаларды психотехникалық лабораториялар болды.
1927 жылы барлық Ресейлік психотехникалық ортада «Психофизиология труда және психотехника » деген журнал шығарылды. Бұл уақыттарды профессияграфикалық методтар, схемалар шығарылды.
Сонымен қатар динамикалық еңбек ету және еңбек етудегі рядтық тәуелділік, факторлық қарастырылды ғылымдардың еңбектерінде еңбек етудің ақыл ойдың өзгеруіне, бір-бірімен тығыз байланысты деген.
Дегенмен біздің әлемде фактически психотехника өзін мүлдем тоқтатты тек 30-жылдары ғана жиырма жыл өткеннен кейін ғана пайда болды.
Кризис психотехниканы іштей әсерін тигізді. Механикалық позициялар профотборды үлкен қателік жіберді, яғни психотехникалық іс-әректтерге шек қойып отырды. Біздің әлемде жұмыссыздық ликвидациясы « өзін қалдырды » практикалық психотехникалық профотбор ең негізгісі. Бірақ бұл психотехникалық пайда болуына кері әсерін тигізген жоқ. Дегенмен психотехника өте тез өзін жоя бастады.
1957 жылдары наурызда дегенменде психотехника өзін қайта жаңғыртты. Осы жылдары Москвада еңбек психологиясына байланысты үлкен жиналыс өтті. Онда осыған байланысты ғылыми зерттеулер айтылды. Оның ішінде профессиялық заңдар, профессиялық шеберлік, еңбек етуі айтылды. Адамдардың еңбекке деген проблемалары, еңбек етудегі көрсеткіштер, аз мөлшердегі жұмысшылардың еңбек етуіне өзінің көрсеткіштерін көрсетуге ашуға қоғамдық ортаға көптеген көмек пайдаларын әкелді. Бұл еңбек психологиясының дамуына улкен әсерін тигізді. Осы 20- жылдың ішінде, осы этапты психология ғылымында көптеген өзгерістер болды. Мұнда теориялық және методологиялық еңбектер өткңзілді және жоғарғы деңгейдегі білім психологиялық эксперементтер өткізілді. Осы зерттеулер жаңа бағыииа жүргізіле бастады.
50-70-ші жылдары еңбек психологиясының мінездемесі өткізілді. Еңбек психологиясы арнайы психологияның облысы болып табылады және оның теориялық проблемкалары жалпы адам психологиясының негізгі проблемасы болды жеке тұлға психологиясының жұмысы осы периодта еңбек психикасына терең әсерін тигізді. Ал субъект индивит және жеке тұлға деп қарастырады.
Кез келген еңбектің түтінде әрекеттер жүйесі болады. Еңбектің әр түрінде әрекеттер әртүрлі сипатқа ие, алайда сенсорлы болмасын, ақыл-ой әрекеттерінің болмасын барлығы үшін келесі факторлар тән:
1. мақсаттылық (бағыттылық);
2. ағымды әрекеттің еңбек объектісінің ағымды жағдайына сәйкестігі;
3. әрекеттің еңбек құралдарымен толықтырылуы; оның сипаты техникалық прогресстің дамуымен өзгереді;
4. бір әрекетті түрлі бұлшықет топтарының көмегімен орындау мүмкіндігін білдіретін еңбек әрекеттерінің полиэффектілігі;
5. фиксацияланған, автоматтандырылған және өзгермелі, қайта құрылатын компоненттердің арақатынасы;
6. еңбек әрекетінің қоғамдық байланыстылығы оларды орындайтын адаммен ғана емес, сондай-ақ басқа адаммен де немесе басқа адамдардың іс-әрекетінің материалдық өнімдермен (қолдану әдістерімен, сызбалармен, технологиялық карталармен және т.с.с.) реттелуін көрсетеді.
Іс-әрекеттің жалпы құрылымын талдай келе А.Н.Леонтьев адам іс-әрекеті әрекеттер немесе әрекеттер тізбегі формасынан басқа формада болмайды дегенді баса айтады:«Бір әрекет түрлі іс-әрекетті жүзеге асыруы мүмкін, бір іс-әрекеттен екіншісіне ауыса алады. Бұл саналы мақсаттарға бағытталатын өзіндік салыстырмалы процестер».
Әрекет орындалатын тәсілді А.Н.Леонтьев «операция» түсінігімен белгілейді. Операция негізінен мақсатқа емес әрекеттер шарттарына жауап береді. Сондықтан бір операцияның көмегімен түрлі әрекеттер жүзеге асырылуы мүмкін. Өз кезегінде ол көрсетілген шарттардың өзгеруі кезіндегі бір мақсатқа түрлі операциялардың көмегімен жетуге болады. Сонымен, адам өмірін оның жоғарғы көріністерінде қалыптасатын іс-әрекет анализі біріншіден, іс-әрекеттің жеке түрлерін олардың мотивін туғызатын критерийлері бойынша ерекшелейді. Одан кейін саналы мақсаттарға бағынатын процестер - әрекеттер ерекшеленеді. Ақырында, бұл нақты мақсаттарға жетудің шарттарына тәуелді операциялар. Бұл адам іс-әрекетінің бірлігі және оның құрылымын жасайды.
А.Н.Леонтьев іс-әрекет жүйесінің жеке құрылымды белсенділігін және оның ішкі байланыстарын ашу қажеттілігін ерекше көрсетеді. Еңбек іс-әрекетінің жүйелік анализі мәселесіне психология толықтай жақындады. Оны шешудің методикалық әдістері жасалып жатыр, бірақ нәтижелерін айту ертерек. Еңбек әрекетінің сипаты, техникалық прогресс дамуымен байланысты олардың өзгерістері және осы динамиканы анықтайтын (субъективті және ортаға тәуелді) факторлар ғана зерттелген.
Еңбек әрекетінің негізгі үш өлшемін ажыратады: қуаттылық, кеңістіктік және уақыттық. Техника дамуының ерте сатысында қуаттылық факторы жетекші болды. Уақыт өте келе технологиялар өзгерді.Кеңістіктік және уақыттық факторлардың рөлі өсті. Бұл ірі қуатты қозғалыстардың соққы немесе қысымның неғұрлым нақты күшін қамтамасыз ететін неғұрлым көбірек ұсақ бөлінуге әкелді.
Еңбек процесінің қозғалыс екпініне комплексті автоматизациясы мен механизацияның дамуы мен еңбек әрекетінің реттелуі қалай өзгерсе (ойлау әрекетінің рөлі өседі), дәл солай қозғалыстың негізгі өлшемінің сипаты да (қуаттылық, кеңістіктік және уақыттық) өзгереді. Өндірістік іс-әрекеттің көптеген басқа түрлеріндегі сияқты дистанционды басқару құралдары бар операцияларда қозғалыстар мөлшерлі болады. Бұл қозғалыстардағы бұлшықет қысымы күш-жігердің төменгі сатысында дифференцияланады.
Еңбек операцияларындағы макроқозғалыстардың салыстырмалы анализі, қол әрекетінен (қарапайым шегені қағу мен күрделілердің бірі – радиошам бөлшектерінің монтажы) механизацияланған және автоматизацияланған өндіріске аысу, жасалатын макроқозғалыстардың мөлшерінің біртіндеп азаюымен қабаттасады. Қолдың басының, оның саусақтарының микроқозғалыстары еңбек іс-әрекетінің неғұрлым күрделі түрлерінде ғана көрінеді. Бір еңбек әрекетінің шегінде неғұрлым күрделі немесе нақты қозғалыстарға қосылған микроқозғалыстардың көлемі ұлғаяды.
Еңбектің даму процесіндегі қуаттылық факторы кеңістіктік және уақыттыққа неғұрлым көбірек бағынады. Механизацияланған өндіріс жағдайында кеңістіктік-уақыттық факторлар өзіне толығымен қуаттылық факторын бағындырады. Бұл ірі екпінді қозғалыстардың кейіннен бөлшектеніп, неғұрлым ұсақталуына, қол саусақтарының микроқозғалыстарының пайда болуына дейін әкеп соғады. Алайда ұсақ қозғалыстармен қатар қолдың неғұрлым ірі бұлшықеттерімен орындалатын көптеген жұмыс қозғалыстарын сақтайды. Автоматтандырылған өндіріске көшу максималды нақтылық пен реакция тездігін (яғни кеңістіктік-уақыттық факторлардың рөлін жоғарылатады) қажет етеді. Қолдың ірі бұлшықеттерімен мұндай қозғалыс дәлдігін жүзеге асыру мүмкін емес. Саусақ қозғалыстарының ең нәзік қозғалыстары ғана қажетті дәлдікті қамтамасыз ете алады. Арақашықтықтан басқару құралдарын қолданғанда микроқозғалыс жиынтығының пайда болуы дәл осымен байланысты. Екпінділік факторы мұндай қозғалыстарда тоқтамайды, жеңілдемейді, керісінше, дамиды және қалыптасады. Және мұндай ұсақ қозғалыстар өз жиынтықтарында қатты, күшті қозғалыстарға қарағанда бұлшықет қуаттылығын көбірек қажет етеді.
Н.А.Розе кәсіптік іс-әрекет ерекшеліктеріне байланысты әрекеттің қуаттылық, кеңістіктік және моторлы компоненттердің қатынасындағы айырмашылықтарды да көрсетті. Ол бірдей жастағы (18-21 жас) қыздар тобының қолының қуаттылығы мен дірілін салыстырды:құрылыс аумағының жұмысшылары, теледидар және радио машиналардың монтажшылары мен университет студенттерінде. Айырмашылықтар қол басының қуаттылығында неғұрлым айқын көрінді. Құрылысшы қыздарда ол радиошам бөлшектерін монтаждаушылардың қол күшінен 1,8-2-ге (өте нәзік және нақты өндіріс) және конвейер блоктарын монтаждаушылардың қол күшінен шамасы 1,5-ке жоғары. Тремордың (діріл) да кәсіптік ерекшеліктері анықталды. Құрылысшыларда неғұрлым жоғары тремор, үлкен тербеліс амплитудасы және жиілігі анықталды. Ең төменгі тремор радио монтажшыларда орнатылды. Н.А.Розе бұл мәліметтер нақты өндіріс саласындағы кәсіби таңдаудың табиғи ерекшеліктерін көрсетеді деп санайды. Монтажды өндіріс жағдайында тремордың жастық-жыныстық ерекшеліктері де нақты анықталды. Ерекше нақты монтажды өндірістің барлық аумақтары ережеге сәйкес қыздармен қамтамасыз етіледі. Көптеген зерттеулер ер адамдардың треморы үлкен тербеліс амплитудасымен және үлкен жиілігімен сипатталатынын көрсетеді. Бұдан басқа 400 монтажшы жұмыс істейтін аумақта тек 9 ғана 30 жастан жоғары, олардың өзі неғұрлым ірі радиошам бөлшектерінің монтажымен айналысты. Ережеге сәйкес жұмысшыларда 28-29 жасқа келгенде еңбек өнімділігі төмендеп, ал одан кейін олар нормамен жұмыс істей алмайды және басқа аумақтарға істеуге көшеді. «Сірә, мұнда біз кеңістіктік қатынастар қызметінің ерте қартаюымен кездесеміз»- деп қорытындылайды Н.А.Розе. Н.А.Розенің монографиясында әйелдер мен ер адамдардың қол қуаттылығының жастық өзгешеліктері туралы, ерік-жігер күшінің, жастық-жыныстық ерекшеліктерінің жетістігі туралы, дене қалпының өзгермелі жағдайындағы қол қозғалыс дәлдігінің жастық ерекшелігі және т.б. туралы мәліметтер де келтіріледі. Автор алынған фактілерді кәсіби іс-әрекет ерекшеліктерін байланыстырмайды, алайда Розенің зерттеулерінің нәтижелері еңбек психологиясы үшін, әсіресе кәсіби таңдау мен кәсіби оқыту жүйесінің психологиялық негізделуі үшін сөзсіз маңызы бар. Күрделі техникалық құрылыммен жұмыс жасайтын адамның әрекеттер құрылысында үлкен рөлді сенсомотрлы реакциялар ойнайды. Адам психомоторикасының жалпы сипаты тұрғысынан сенсомоторлы реакциялардың барлық түрлерін жаттықтырудың табылуы қызығушылық туғызады. Сонымен қоса сенсомоторлы реакция жылдамдығының өзіндік реттеу мүмкіндіктерін көрсететін мәліметтер бар.