Жетістікке жету мотивациясын айқындаңыз

Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетісстіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік – адам бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам өмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз ләззатын берген сайын кісі бойындағы шаттық сезім де арнасынан аса түседі. Демек, адамның шаттықа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп, рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету бірі – жетістік.

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМДАРы: •Алдыңа мақсат қою; •Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену; •Іске дайын болу; •Адымыңды анық басу; •Алға ұмтылу; •Қорықпау, күмәнданбау; •Көңіліңді тоқ ұстау; •Жаңашыл болу; •Басқалармен кеңесу; •Тәуелсіз болу, •Біртұтасты бөлшектеу; •Жетістіктеріңнің қайдан келуің ұмытпау

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ҮШІН: •Өз потенциалынды біл; •Өзіңе шектеу қойма; •Өзіңді мойында; •Сезіміңді сыйла; •Әдетке айналдыр; •Құндылықтарынды таны

Мотивация түсiнiгi мiнез-құлықты сипаттағаннан емес, түсiндiруден пайда болады. Бұл «нелiктен?», «неге?», «қандай мақсатпен?», «не үшiн?», «не мағына бар?» деген сияқты сұрақтарға жауап iздеуден туындайды. Мiнез-құлықтың тұрақты өз-гергiштiлiгiнiң сипатталынуы мен анықталуы оны құрайтын қылықтар мотивациясы туралы сұрақтарға жауап болып табылады.

Мотивация психология ғылымында жеке бастың мінез-құлқы, іс-әрекеті мен белсенділігін реттейтін фактор ретінде қарастырылады. Философиялық еңбектерде жетістік деген не жанама және тура анықтауға талпыныс жасайды, сонымен бірге белсенділік, ерік жігер, әрекет, тұлға ұғымдары да қарастырылады. Алғашқы рет жетістікті адам мотивациясының қайнар көзі ретінде 1930 жылдардың соңында Мюррей қарастырды. Қиындықты жеңіп, жетістікке жету оңай емес. Оны жылдам әрі, жақсы етіп орындау жолдарын табу басты міндеті. Қиындық, кедергілерді жойып, жоғары стандартқа жету. Өзін көрсетіп, өзгелермен жарысқа түсу, өз таланты мен қабілеті арқылы өз өзіне деген құрметті арттыру .

Жетістікке жету мотивациясы кез-келген іс-әрекетті жоғары деңгейде орындап, жақсы нәтиже көрсетуге бағытталған, оған жетістік критерийі қолданылады. Жетістік мотивациясы субъектінің өз саласы бойынша жетістікке жетуі үшін талпыну арқылы пайда болады.

Жетістікке жету мотивациясында адам іс-әрекетінің қоғамдық әлеуметтік мә-ні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелігі оның ең басты белгісі болып табылады.

Адамның іс-әрекеті рухани және материалдық нәселермен тығыз байланысты. Олар сол нәрселер арқылы өздерінің қажеттіліктерін, өмір жағдайы мен қабілеттерін өзгертеді. Адамның сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті жаңа мазмұнға ие болып отырады.

Әр алуан іс-әрекет барысында адамдар өз қажеттіліктерін өтеп, жетістікке жетуге ұмтылады. Демек, Жетістікке жету мотивациясы дегеніміз адамның қалаған нәтижеге жету үшін бар мүмкіндікті сарқа жұмсауға деген қажеттілігімен байланысты мотивация түрі.

«Жетістікке жету мотивациясы» және «дамыту» терминін қолдану бұл процесті әртүрлі тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді.

29. Эмоцияны басқару жолдарын көрсетіңізЭмоция бізді емес, біз эмоцияны басқаруымыз керек. Эмоцияның миллиондаған түрлері болса да, мамандар бұл құбылысты бірнеше түрге бөліпті: рақаттану, келісу, қорқыныш, таңданыс, өкіну, жеру, қайғыру, ашулану.Мәселен, қызғаныштан туатын эмоция – әлдекімге қарағанда нашар болып көрініп қалу қорқынышынан болады. Әртүрлі ситуацияда әрқандай эмоция туындайтынын біліңіз. Бірақ қорқыныш пен ашуды шатастырмау керек. Міне, әр сәтте туындайтын әртүрлі эмоцияларды басқару үшін олардың ара-парқын ажыратып үйренуіміз керек. Бірінші кезекте эмоцияны шығармас бұрын оның неден туындағанын, оған не себеп болғанын білсек, нұр үстіне нұр болар еді. Әйтпесе, эмоция адамды басқарып алған соң оны басу немесе елемей қою мүмкін еместей болып көрінетінін сіз бен біз жақсы білеміз.Сіздің эмоцияңыз – жеке жауапкершілігіңіз. Өз көңіл-күйіңіз үшін біреулерді кінәлауға болмайды. Өзгені айыптағыңыз келгенде тіліңізді тістей қойыңыз. Айтқымыз келгені – эмоциясын басқарғысы келген адам өз көңіл-күйі үшін барлық жауапкершілікті өзіне алу керек. Ал егер эмоцияңыз сізді дендеп алса, өзіңіздің ойыңыз бен ақылыңызға жүгініңіз. Тоқтап, мәселенің мән-жайын салқынқандылықпен өлшеп-пішіңіз. Өз ойыңызды оң және теріс пікірлермен тұжырымдап, сараптап алыңыз.. Эмоция бойыңызды дендеп алса, төтеп беруге тырысыңыз. Егер осы әдісті қолданар болсаңыз, әлдекімнің сізді қасақана ашуландырғысы келгенін білетін боласыз. Сол арқылы көңіліңізге тигісі келген, тиіскісі келген адамды анықтап аласыз. Әлдекімнің әдейі жасаған себебі үшін дауласа кетпеңіз. Бұл үшін ешқандай да эмоция көрсетпей қойыңыз. Ашуыңызды шақырған адам өзі-ақ жеңіліс табады. Босаңсыңыз. Иә, айтуға оңай. Десе де, босаңсып, бар уайымыңыз бен әлегіңізді бір сәтке болса да ұмыта тұрыңыз. Бұл үшін кейбір әдістерді де қолдансаңыз болады. Біз ашуланғанда тістенеміз, көзімізді алартып, жұдырығымызды түйеміз. Мұндайда кең тыныс алу керек. Бұл тек ашуыңызды басып қана қоймайды, сонымен қатар кейін өкінетіндей іс жасамауға мүмкіндік береді.Керісінше әрекет етіңіз. Жағдаятты ұмытып кетіңіз. Мәселен, өнімді еңбек ете алмайтындармен бір топта жұмыс істеу керек болса, сіз, әрине, жағымсыз эмоцияға берілуіңіз мүмкін. Мұндай кезде басқа топқа өтіп, өзге адамдармен жұмыс жасайтындай жағдай жасап алыңыз. Таңдау жасаңыз. Қандай да бір маңызды шешім қабылдауда әліптің артын бағып, эмоциясыз, тек ақылға жүгініп таңдау жасаңыз. Сонымен, эмоцияны басқару үшін мынадай қосымша кеңестерге көз салыңыз:Өткен күннің эмоциясы болашақ өміріңізге кедергі жасамауын қадағалаңыз;Кейбір жаттығулар, мәселен, фильм көру, кітап оқу, ас ішу жақсы эмоцияларды тудыруы мүмкін. Қаншалықты позитив сыйлайтын істермен айналыссаңыз, соншалықты көңілді боласыз;
Қандай істер жарқын көңіл сыйлайтынын, ал керісінше қай істер негатив сыйлайтынын таразылап алған соң ашу мен қайғыға төтеп беру оңайға түспек;Сіздің ашуыңызды шақыратын себептерді танып, олардан аулақ болыңыз;Есіңізде болсын, эмоцияны елемей қою – оның жоқтығын білдірмейді;Жақсы мен жаманды айырып, оларды арнайы күнделікке жазып отырудың да пайдасы бар. Мұны кешке және түнгі уақытта жазу керек;
Абыржымаңыз, сабырлы болыңыз;Негатив сыйлайтын себептерге қаншалықты төтеп бере алатыныңызды ойлаңыз, жаттығыңыз;
Қандай да бір жағдайды бес жыл өткен соң қалай бағалайтыныңыз жөнінде ойлаңыз;Эмоцияны басқарып үйрену маңызды. Бірақ оларды елемеу мен төтеп беру екі бөлек тәсіл. Мәселен, эмоцияны елемей қоюдың арты қиынға соқтыратын істерге әкелуі әбден мүмкін. Жүйкеңізді бос мәселелер үшін жұқартпаңыз;Эмоциялардың көбісін жеңе білу – өте қиын.

Наши рекомендации