I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу. Сәлеметсіздер ме, балалар!
2. Танысу: Бүгінгі өзін-өзі тану сабағын сіздерге мен жүргіземін. Менің есімім – Садикова Гүлнұр Қайырлықызы.
3. Психологиялық дайындық:
-Балалар сабақты бастамас бұрын мына тұрған талға өздеріміздің армандарымызды мына жүрекшеге жазып ілейікші.
Күндей жадырап,Айдай арайлап,Жұлдыздай жарқырап,Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын сұрау: Ал балалар бүгінгі сабақты бастамас бұрын үй жұмысын бір тексеріп өтейік. Жарайсыңдар!
Жаңа сабақ:
1. ......оттан да ыстық. (Отан)
2. Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
3. Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)
4. Адамның жақын досы? (Ит)
5. Таусылама, қараңдар,
Табиғаттың қызығы?
Суық жақтағы жануар –
Бұтақ – бұтақ мүйізі.(Бұғы)
6. Басы да екеу,
Аяғы да екеу. (Қайшы)
7. Қабат – қабат қаптама
Ақылың болса аттама.(Кітап)
· «Табиғат сыйы» деп неліктен айтамыз?
· Табиғаттың адам көңіл күйіне қандай әсері бар?
- Оқушылардан өз ойларын сұрау.
Ия, балалар, табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл. Осының барлығы Табиғаттың берген сыйы. Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
- Балалар, сендерге Жер – Ананың жіберген хаты бар. Берілген сұрақтарына жауап береміз бе? (3 топқа бөліну)
1-топ: Сендер көшеде келе жатып, ұясынан құлап қалған торғайдың балапанын көрдіңдер. Не істер едіңдер?
2-топ: Сендер отбасыларыңмен бірге Есіл бойына демалуға бардыңдар. Өзен бойында бір ер адам машинасын жуып жатқанын көрдіңдер. Не істейсіңдер?
3-топ: Сендер сыныппен орманға саяхатқа шықтыңдар.Орман ішінде келе жатып,сөндірілмеген оттың шоғын көрдіңдер. Не істер едіңдер?
Тыныштық сәті: Үнтаспадан жағымды әуен естіліп тұрады. «Бірнеше минут ештеңе ойламай, тыныш, сабырлы, қалыппен ыңғайлы отырыңыздар…
Өзіңізді жазғы орманды алқапта келе жатқандай елестетіңіз. Шөптер тізеңе, гүлдердің бұтақтары аяғыңа тиеді. Айнала толған ағаштар, олардың жапырақтары бетіңді өбеді. Күннің сәулесі жан-жаққа өрнек құрып, айналаға жарық беріп тұр. Құстар бірінен кейін бірі әндетеді. Саған гүлдердің хош иісі сондай жақсы әсер етуде. Ауа-райы тамаша.
Сен алаңқай мен орманның қиылысқан жеріне келдің. Жіңішке жалғыз аяқ жолға түстің. Асықпай, аяңдап басып келесің, ағаштың ұшар бастарының арасынан әдеттегіге ұқсамайтын бір ғажайып үйдің шатыры көрінді. Сол үйге қарай жүрдің. Міне ғажап, бір зәулім, керемет үйдің жанына келіп тоқтадың. Бұл үй-тыныштық пен демалудың, адамдар өздерінің ішкі жан дүниесіне терең үңіліп қараудың мекені екенін сездің. Үйге кіріп, баспалдақпен жоғары көтерілдің, есіктің алтын тұтқасын ұстап, есікті ашуға ұмтылдың. Есік жеңіл ашылды. Үйдің іші жарық. Қабырғаларда-ескі жазулар. Сөрелерде көптеген бұрын соңды көрмеген таңданарлық қалың кітаптар. Есікке қарама-қарсы үстелде аппақ киімде бір қария отыр. Ол өте қайырымды, жылы жүзді, көздері күлімсіреп, нұр шашады. Қарияға жақын келіңіз. Бұл данышпан қария әлемнің барлық құпиясын біледі, өткенді және болашақты. Сен одан өзіңді не толғандыратыны және ұзақ іздеген нәрсең жайында сұрақтар қойып, оған жауап алуыңа болады…
Мүмкін, ол саған бір нәрсе сыйлауы мүмкін. Оған алғысыңды айтып, сыйлығын ал. Ғажайып мекендегі данышпан қартпен кездесу аяқталды. Данышпан қарт кісімен кездескеніңе алғысыңды білдір. Сен зәулім сарайдан шығып, есігін жаптың. Сыртта бұрынғыдай күннің сәулесі. Баспалдақпен төмен түсіп, орманның сүрлеу жолымен алаңқайға шық. Бөлмеге ораламыз да, көзімізді ашамыз… »
«Орман өтініші» тапсырмасы:
Бұл аялдамада орман тұрғындары өздерін ешкім жақсы көрмейді деп айтады. Сендер олардың өкпе сөздерін тыңдап, атауларын табуларың керек.
- Дайынбыз ба?
1-топ: Сұлу емес екенімді өзім-ақ та білемін. Адамдардың көзіне көрінсем, көбі шошып қашады. Ал, кейбіреулері тас лақтырады немесе аяқтарымен теуіп жібереді.Не үшін? Мен не істедім?Адамдардың ойы бойынша, мені ұстаса қолдарына сүйел шығады.Бұл өтірік.Барлықтары бірдей сұлу бола бермейді ғой! Мені табиғат осылай жаратқан. Ол не? (көлбақа)
2-топ: Жер бетінде біздер туралы көптеген қорқынышты аңыз, әңгімелер көп. Адамдарға біздің қараңғыны ұнататынымыз, құстар мен аңдарға ұқсамайтындығымыз ұнамайды. Олар бізден қорқады. Неге? Біздер де адамзаттың достарымыз. Біз солай жаратылдық.. Басымызбен төмен ілініп тұрғанды жақсы көреміз. Ол не? (жарғанат)
3-топ: Әдетінше, жабайы жануарлар адамдарды өзедеріне жақындатқызбайды. Көрсе, қашады. Ал,біз адамдарды өзімізге жақын жібереміз. Себебі біздің көзіміз нашар көреді. Бірақ біздің жақсы қорғанымыз бар. Ол біздің тікенегіміз. Ол не? (кірпі)
Ойын « Қай заттың орны алмасты?»
Ойынның шарты: Заттарды мұқият қарап алыңдар. Сендер көздеріңді ашып, сол затттың орнын табыңдар.
Қорытынды:Үй тапсырмасын беру. 1 жануар немесе өсімдіктің суретін салып келу
-Балалар сабақ ұнады ма? Несімен, қай сәттері ұнады?
- Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
-Не үйрендік?
-Жарайсыңдар, балалар! (сабаққа қатысқан оқушыларға смайликтер беру)
Жүректен жүрекке:
- Шеңберге тұрайық. Бір бірімізге осы сабаққа байланыстырып тілек айтайық!
- Денің сау болсын!
- Ешқашан ауырма!
- Денсаулық тілеймін!
- Үлкен азамат болып өсуіңе тілектеспін!
Әдіскер:
Мұғалім:
Баға: