Мағжанның ақындығы
Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдері ағартушылық сарында жазылды. Ол түсінікті еді. Мағжан өмір сүрген уақыт қаншалықты күрделі саяси, қоғамдық тақырыптарды алға тартқанымен, оның алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлар бастап кеткен ағартушылық ой-пиғыл бұл кезең әдебиетінде басымдау жатты. Мағжан да Абай дәстүрінде жыр жазды, ұлы ұстаз үлгісін жалғастырды. Алғашқы өлеңдерінің бірін "Алтын хакім Абайға" деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет тұтқаны сезіледі. Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі келеңсіз мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады. "Жазғы таң", "Өнер-білім қайтсе табылар", Қазағым", т.б. өлеңдерінде ақын осы тақырыпты көтереді. Бұл өлеңдерінде ақынның туған жерге, өз топырағына, Шығысына деген ғажайып сүйіспеншілігі, перзенттік патриотизмі айқын көрінеді. Күншығыс өлеңінде: Қисық көзді Күншығыс, Бұл тұруың қай тұрыс? Серпіл енді, алыбым ! — деп, Шығыс елдеріне ұран тастай отырын, өз ойларын әйгілі "Пайғамбар өлеңінде былайша жалғайды : Күншығыстан таң келеді, мен келем, Көк күңіренеді: мен де көктей күңіренем. Жердің жүзін қараңғылық қаптаған, Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем ! Өлеңде ақын шабытының ғаламат күші қаншалықты сезіліп тұрса, ақынның Шығысқа, оның ұлдарына деген махаббаты мен мақтанышы да соншалықты жарқырап көрінеді. "Түркістан" өлеңі соның айқын айғағы. ...Түркістан — екі дүние есігі ғой, Түркістан — ер түріктің бесігі ғой деп басталатын өлең жолдары кешегі тарихқа жетелейді. Ертеде Тұран аталған бұл жерді мекендеген ата-бабаларымыздың өмірінен елес береді. Міне, осылайша бірлікте өмір сүріп, іргесін жауға бермеген түрік дүниесі бүгінде бірнеше елге бөлініп кеткен. Көп түрік енші алысып тарасқанда, Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па? — деп, Мағжан қазақты да сол ер түріктің бір мұрагері санайды. "Тұран", "Түркістан" деген образды бейнелер арқылы Мағжан осылайша Шығыс әлемін, бүкіл түркі дүниесін мақтан ете жырлайды. Ақынның лирикалық кейіпкері — аса батыл, нені болса да кесіп айтатын өткір жан. Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? Көкте — бұлт, жерде желмін гулеген, Жер еркесі — желдің жөнін кім сұрар? — деп басталатын "Мен кім?" атты өлеңінде Мағжан өзінің лирикалық кейіпкернің дәл осындай айбатты да қайратты, адал да қайсар бейнесін ашьш береді. Ақынның "мені" өзін көктегі күшке, түпсіз теңізге, кызуы мол жалынға, жүйрік тұлпарға теңейді. Өзінің "Мен жастарға сенемін" деп аталатын өлеңінде ол жас жеткіншектерге үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан кыранның қанатындай күштілікті, таза жүрек пен сүйкімді мінезді, туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанады. Шабыттана жырлайды. "Мен жастарға сенемін!" деп асқақтай сөйлейді. Мағжан өлеңдеріндегі ең басты тақырып — ел мен жер тағдыры. Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Мағжанның таза махаббат тақырыбына арналған лирикасы – аса көркем мұра. Табиғатынан жаны сұлу сыршыл ақын адамның ең асыл сезімін жеткізуге келгенде ғажап шеберлік танытады. "Сүй, жан сәулем", "Сен сұлу", "Жұлдызды жүзік, Айды алқа қып берейін", "Шолпы", т.б. өлеңдерінде Мағжан адамға тән осынау ұлы сезімді аса биікке көтере жырлайды. Ақынның лирикалық қаһарманы үнемі ғажайып сезімнің кұшағында жүреді Бір өлеңінде анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі — адамды бәрінен жоғары кояды. Бұған дәлел — "Сен сұлу" өлеңі. Өлеңде сұлулықтың көркіне көз тоймай, айналасына таңырқай көз салған ақынның бейнесі бар. 134. М. Жұмабаевтың шығармашылығындағы Түрік әлемі.Мағжанға еліктегіш, түрікшіл ақын деп айып тағылғаны мәлім. Күншығыстан шыққан сыршыл ақынның Шығыс поэзиясынан, Түрік әлемінен әсер алып, оны өз поэзиясына қосқандығы мәлім.Мағжан – қазақ поэзиясының жарық жұлдызы ұлы – Абайға еліктей отырып, ұлы ұстаз жолын ұстанғанмен өзінше жол табудан әсте жалықпай, көп ізденген жан. Мағжанның түрікшілдігі тыңнан тауып алған нәрсе емес, әуелден-ақ бар болатын, ол «Ғалия» медресесінде жүргенде түрікшіл пікірде бірер өлең жазған. Бірақ орысша оқуға кіріскеннен былай, ол пікірін жарыққа шығара қоймайтын. 19-шы жылдарға шейін Мағжанның түрікшілдік рухын жамылған өлеңдерін білмейміз. Колчактың кер заманы, одан қала берсе ұлтшылдықтың аузына қақпақ салған кеңес заманы Мағжанның баяғы басылып қалған түрікшілдік сезімін қайта оятты. Мағжан енді ұлт жалауын түрік жалауының панасына, түрік қанатының астына қоюды табады. Шығыстың ұранын шақырады. «Күнбатысты қараңғылық қаптады, түн баласы қанға қақалып түнеріп өлуге айналды, адамдықтан безді. Батыстың мәдениеті құлайды, мәдениет «пайғамбары» Күншығыстан шығуға керек» деген пікірге келеді. Бұл пікірге ауғаннан бері Мағжаннан «От», «Күншығыс», «Пайғамбар», «Ақсақ Темір», «Түркістан», «Жер жүзін топан басса екен», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы» сықылды өлеңдерді көреміз. Ақынның жоғарыдағы өлеңдерін түрік халықтарының тарихын жалаң мадақтау үшін жазылған шығармалар демейміз. Ақиқатына келгенде, бұл тектес туындылардың көбі дүниені жалмап келе жатқан еуропалық басқыншылыққа, европоцентризмге қарсы көтерілген үн болатын.
Ақын өлеңдерінде жалпы түріктік бірігу идеясы, шығысты пір тұту, оның келешегінен үміт күту көбірек байқалады. Ол Тұранның тарихын, Шығыстың жауынгер қолбасшыларын, қазақ жерінің батырларын еске алып отырып, халықтың намысқойлығын, ерлік дәстүрін жырлайды.
Күншығыстан таң келеді – мен келем,
Көк күңіренеді. Мен де көктей күңіренем.
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,
Жер жүзіне нұр беремін, күн берем, -
дейді Шығыстың ұлы ақыны.
Мағжан –терең күйдің ақыны емес, нәзік сезімнің, тәтті қиялдың ақыны, ол кедейдің ақыны емес, ұлт ақыны. Ол ұлтты жалағынан қарайды. Ол - сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы, түршіл, романтик, мәдениетшіл, отаршылыққа, жауынгерлікке қарсы күншығысшыл ақын. Мағжанның қазақ тарихынан, мәдениетінен мол мағлұмат беретін өлеңдеріне қарап отырып, оның Түрік мәдениетіне бас игендігін мойындаймыз.