Тақырып. Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар – 1 сағат
Дәріс жоспары:
1. ТЖ – түрлері .
2. ТЖ – шешілетін міндеттер.
3. Өндіріс апаттары.
Сұрапыл апаттар дегеніміз адамдар мен ауылшаруашылық жануарлардың өлуіне, халықтың қалыпты өмірінің күрт бұзылуына, материалдық құндылықтардың жойылуына, құруына әкелетін әр-түрлі құбылысты айтамыз. Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін табиғаттың күштерінің әсерінен болады. Мысалы: жер сілкінісі, су басу, ормандағы, даладағы өрттер, қар ұшқыны т.б. жатады әрбір стихиялық апаттың өзінің физикалық мән маңызы болады. Оған тек пайда болу себептері, қозғаушы күштермен даму сатысы және сипаты тән, яғни қоршаған ортаға деген ықпалының өз ерекшеліктері болады. Бір-бірінен ерекшеленетін стихиялық апаттар түріне қарамастан оларға тән белгілі ортақ, яғни, қоршаған ортаға қирата әсер етуі, адамға зор психологиялық әсері байқалады. Ең зор табиғи апатқа жер сілкінісін жатқызамыз. Жер сілкінісі дегеніміз – жер астының дүмпуі, яғни жер бетінің тербелісі. Жер сілкінісі барысында көптеген адамдар өліп, үйлер қирап, платина, көпір каналдары да бұзылып мемлекет зор шығын шегеді.
Болатын жер сілкінісінің дәл уақытын болжап айту өте қиын.
Қазақстан Республикасында жер сілкінісінің қарқындылығын анықтау кезінде, 12 баллдық халықаралық Рихтер шкаласы қолданылады. Ол мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
1 балл- ол бізге сезілмейтін дүмпулер;
2 балл- ол дүмпуді жекелеген адамдар ғана, оның ішінде жоғарғы қабатта орналасқан пәтер тұрғындары сезеді;
3 балл- бұл дүмпуді барлық адамдар сезбейді, жоғары қабат терезе әйнектері мен люстра шынылары дірілдейді;
4 балл- бұл дүмпуді ғимарат ішіндегі барлық адамдар сезеді, құрлыс төбесі шытынап, ыдыс-аяқтар сылдырлайды;
5 балл- бұл дүмпуді барлық адамдар сезеді, ұйқыдағылар бірден оянып, заттардың барлығы қозғалады;
6 балл- бұл дүмпуден адамдар жүре алмай, адамдар тұрған ғимараттар қозғалып, қопарылып, үй қабырғалары жарылып, сылақтар түсіп, бағанадағы ыдыстар құлап жатады;
7 балл- бұл дүмпу кезінде адамдарды үрей, қорқыныш билеп, тербелістер адамның тіке тұруына кедергі келтіріп, үй жиһаздары құлайды;
8 балл- бұл дүмпуде адамдар тіп-тік аяғынан тұра алмай қалады, үй қабырғалары құлап, ғимараттар да бұзыла бастайды;
9 балл- бұл дүмпуде жер жарыла бастайды;
10 балл- ғимараттар толығымен қопарылады;
11 балл- катастрофалық қирау байқалады;
12 балл- рельефтік ландшафтың өзгеруіне әкеп соғады.
7 балдық және одан жоғары жер сілкіністері күшті категориялы жер сілкінісіне жатады, ал 10 балдық және одан жоғары жер сілкінулері катострофалық сипатқа ие.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Тараз, Оңтүстік Қазақстан, Қызыл Орда қалалары сейсмоқауіпті зонада орналасқан. Қазақстанның өте сейсмо-белсенді аймағының ауданы 450 ш2 құрайды. Мұнда 30 пайызға жуық өнеркәсіптің негізгі фонды, 35 пайыздай тұрғын үй фонды орналасқан, ал халқы 40 пайызға жуық. Сейсмо-белсенді аямақтарда ірі қалалар, гидротехникалық құрылыстар, зиянды өндірісті өнеркәсіптік кәсіпорындар, жасанды және табиғи жолмен жасалған су тораптары орналасқан. Жер сілкінісі көбінесе өртке және геологиялық ортаның экологиясының бұзылуына апарады. Ал бұл шаруашылықты зор шығынға ұшыратады. Жер сілкінісінің әсерінен өндіріс циклдері уақытша істен шығып, еңбек ресурстары да тоқтайды. Әлеуметтік шығнындар да болады, яғни транспорт жолдарының бұзылуынан тұрғындық, тұрмыстық жағдайлар нашарлап, халық бұл апат аймағынан басқа жерге кете бастайды. Адамдардың еңбекке және шаруашылық белсенділігі төмендейді, денсаулығы нашарлап, үздіксіз қорқыныш пен үрейде өмір сүреді. Жер сілкінісінің салдарының ең ауыр формалары ғимараттар мен құрылысты сейсмикалық тұрғыдан күшейту жөнінде жұмыс жүргізілмегендіктен көрініс бере бастайды. Құрылыстар сейсмо-қауіптілікті ескермей-ақ жүргізіле береді. Мұндай жер сілкінісі соңғы жылдары Қазақстанда болған болатын. Шығыс Қазақстан облысындағы жер сілкінісінің ауыр формасы эпицентрлік зонада көрініс береді. Рожкова мен Баласу аудандарында жер дүмпуі 8 баллға дейін жетті, оның салдарынан 13 мыңдай үй қирады.
Су басу - дегеніміз өзен, көлдердегі судың тасуы нәтижесінде, жерді уақытша су басуы. Бұл адамдар мен шаруашылық жануарларын өліміне апарады. Көптеген су басулардың ең негізгі себебі күшті нөсерлерден, қармен, мұздардың курт еруінен болады. Ең ірі су басулар Қазақстанның территориясындағы Орал өзенінде және Каспийдің солтүстік шығыс жағалауында болды. Соңғы кездері Атырау мен Маңғыстау аймақтарын зор шығынға ұшыратқан су басулар Каспий теңізінің өз деңгейінен көтерілу себебінен болды. Су басуды алдын-ала болжауға болмайды.
Сел 10-20 метр биіктікке дейін жекелеген күшті толқындармен қозғалатын, сынық материалдар мен судың қоспасынан тұратын қысқа мерзімді тау ағыны, оның күшінің зор болатыны соншалық гидротехникалық құрылыс орындарын құртып, далалар мен өзендердің ағысына да өз әсерін тигізеді. Өзінің күштілігіне байланысты селдердің болуы жөнінен Қазақстан Республикасында 300-ден аса сел бассейндері бар, мұнда селге байланысты 800-ден жоғары қауыпты жағдайлар болды, Қазақстаннның таулы аймақтарында сел ағындарының пайда болуы жылы мезгілдерде де кездеседі. Сел қаупінің белгілеріне мыналар жатады:
Сел жүру қауіпі бар өзендердің жоғары бетіндегі ауа температурасының күрт және ұзақ уақыт бойы жоғарылауы;
көлдердегі су деңгейінің күр төмендеуі;
Сел қаупі бар аудандарды тапқан кезде жүргізілетін қауіпсіздік шаралары:
таудағы өзгерістер жайлы бұқаралық ақпарат құралдарының беретін мәліметтеріне үздіксіз құлақ түріп отырыңыз;
сел ағынынан 50-70 метр қашықтықта тұрыңыз;
сел қауіпі бар жерлерге дем алып, лагер палаткаларын тікпеу керек;
Қарлы көшкіндер дегеніміз- тау баурайларымен қардың төменге шапшаң түсуі. Қазақстанда қар көшкіні көбінесе, Батыс Тянь-Шань, Алтай, Жоңғар Алатауларында болады.
Қар көшкінінен болатын қауіптің белгілеріне мыналар жатады:
қыста жауған қардың көп мөлшерінен қар жабыны 20-30 см-ге дейін жетеді;
қыс кезінде ауа райының ұзақ уақыт суытуы немесе жылынуы;
қар бетіне жаңбырдың жаууы;
күшті желдердің болуы;
тау баурайларындағы қардың жабыны 30-60 см-ге дейін жетуі.
Қарлы борандар: қыс айларында Қазақстан далаларында кездесетін боран мен бұрқасын өте қаупты. Бұрқасындар жауған қарды бір ауданнан екінші ауданға апарып тастап оны қатайтады. Күшті борандар зор бұрқасынның пайда болуына әкеліп, темір жол және басқа да транспорт түрлерінің қалыпты жұмысын, телефон байланыстарының жұмысын бұзып, авиация жұмыстарына кедергі келтіреді. Малдар көптеп қырылуы мүмкін. Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында қыста орташа есеппен 30 куннен 60 күнге дейін бұрқасындар болып отырады. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының Жалғыз Төбе ауданындағы бұрқасындар бір айда 27 күнге дейін созылады. Бұрқасын мен қарлы боран мүмкіндігі туралы ескертулерді еске салысымен жолға шығуды тоқтату керек. Отынды сақтап үнемдеу үшін, тұрғындарды отынмен қамтасыз ету қажет. Ауылдық жерлерде су мен жем дайындап қою керек.
Дауыл дегеніміз қиратып жоюшы күші бар және ол ұзаққа созылады, оның жылдамдығы 30 м/секундқа жетеді. Дауылдардың пайда болу себебі атмосферадағы тепе-теңдіктің бұзылуы. Дауылды желдер көп нәрселерді қиратып-жойып, адам мен ауылшаруашылық жануарлардың өліміне апарып, материалдық шығындар әкеледі. Ең күшті жел 1988 жылдың қараша айында Оңтүстік Қазақстан және Қызыл Орда облыстарында белгіленген болатын. Барлық аудандағы желдің жылдамдығы 28-40 м/секундқа жетті.
Орманның жоғарғы жағындағы өрт-қылқан жапырақтағы ормандарда кездеседі. Олар әдетте төменнен басталып, ағаш дінінің жануымен сипатталады. Жоғарыдағы қаулама өрт кезінде жалын 8-25 км/с жететін үлкен жылдамдықпен ағаштан ағашқа таралады. Кейде өрт шарпымаған тұтас учаскілер қалады. Бір қалыпты жоғарыдағы өрт кезінде от бүкіл ағаштың ұшын 5-8 ш/с жылдамдықпен толық қамтиды. Оттың температурасы 1100 градусқа көтеріледі.
Өрттің тағы бір түрі –жер асты өрті, алайда ол Қазақстан аймағына жағдайына тән емес яғни шым-тезекті даланың өздігінен өртенуі.
Даладағы /егістіктегі/өрттер құрғақ шөбі бар және астық өсетін ашық алқапта пайда болады. Ол маусымдық сипатымен ерекшеленеді. Шөптің /астықтың/ өсуіне орай жазда жиі, көктемде сирек. Шөптің жануында олардың таралу жылдамдығы 20-30 ш/с жетуі мүмкін.
Өртті жайылтпаудың негізгі әдістері:
Өрттің түрі мен орнына қарамастан, оны сөндіру 2 кезеңнең тұрады:өртті тоқтату /жайылтпау/ -өрттің таралуын шектеу жөніндегі іс-әрекет және өрт ошағын жою.
Өртті жайылтпай және тоқтату әдістері көптеген факторларға байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі, метерологиялық жағдай, жердің сипаты, өрт сөндіру күші мен құралдарының қаншалықты қамтасыз етуліне байланысты.
Авариялар және апаттар.
Апат-бұл байқаусыздан болатын адамның қателігі және зілзалық немесе әлеуметтік қатер, ол халықтың қалыпты тіршілігінмен өмір сүруін бұзады. Өлім жағдайына өмірі мен денсаулығына қауіп тұдыруымен және мемлекетке экономикалық, экологиялық зардаптарын тигізуімен сипатталады.
Апаттар түрімен масштабы бойынша жіктеледі.
Масштаб бойынша: кіші, орташа және үлкен. Маштабты анықтау үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендер мен ауруханаға жатушылардың саны; апат әсерінде қалған территориялар. Түріне қарай апаттар 2 топқа бөлінеді: табиғи немесе зілзалалық қатер; жасанды /антропенгедік, адам қатысуымен/
Табиғи апатттар:
Метериологиялық /боран; қатты жел; күннің ыстығы, құрғақшылық, өрт, найзағай/. Технологиялық және /теллургическая/ /өрттер, жер сілкіністер/. Топандық /селдер , қар көшкіндері, тастардың құлауы, су тасқырдары/ олардың бір-біріне соғылуы.
Жасанды апаттар:
Транспорттық /космостық, авиациялық, автомобмльдік,теніздік,темір жол т.б. /.
Арнайы /бактериологиялық, эпидемиологиялық/.
Әлеуметтік /соғыс,ашаршылық, қоғамдық және ұлттық тәртіп бұзылуы, терроризм, ішімділік, нашақорлық, токсикоманиялық/. Әр апат белгілі факторлар жағдайының болуына әкеліп соғады, ал әр ошақ-ол төтенше жағдай.
Төтенше жағдайының негізгі көрсеткіші деструктивті процестердің көрінуімен n=, оларды нормаға келтіру үшін қосымша күштер мен құралдарды қолданып, әртүрлі шешімдер қабылдау керек.
Авария –технологиялық процестер бұзылуы, жабдықтар мен кешендердің механизмдердінің зақымдалуы.
Авриялардың жергілікті зардаптары-жарылыс, өрт, су басу, шахтылардың бұзылуы болуы мүмкін. Апаттардың болуына ауа атмосфераның газдалуы, мұнайдың агрессивті сұйықтықтарының және қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі себеп болады.
Аса үлкен қауіпті қатты әсерететін улы заттарды, жарылыстарды және өртенетін құрылыс, заттарын шығаратын және қолданатын объектілер тудырады. Қоймалар , базалар, темір жол станциялары, порттар және осы заттарды сақтайтын орындар өте қауіпті объектілер болып табылады.
Адам күші мен құралдарының жеткілікті болған жағдайда аварияны тоқтату барлық объектте бір мезгілде және жеке учаскілерде іске асырып аварияны тоқтатуды бірінші кезекте адамдарға көмек көрсету қажеті болса және қауіп төндіріп учаскілерден бастайды.
Негізгі әдебиеттер [1-5, 14]
Қосымша эдебиеттер:[30, 38]