Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
Әртүрлі қылмыстардың тез арада әшкереленуі, жалпы тергеудің сапасы, тергеушінің істі тергеуге байланысты жұмысының мақсатты және ұйымды түрде өткізілуі осы тергеудің белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты. Аталмыш жоспарға енетін мәселелер осы қылмыс жөніндегі тергеушінің ойша жасаған болжауынан туындайды. Осындай ойша шығармашылық талдау процесінің үстінде осы қылмыстың қандай жағдайда болғандығы, қылмысқа қатыстан адамдар және де қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары жөнінде белгілі бір болжаулар пайда болады.
Криминалистикалық болжам деп өкілеттілігі бар тұлғамен ұсынылатын зерттеудегі оқиғаның бөлек жағдайларының немесе мазмұнының, сондай-ақ деректер арасындағы себептік байланыстын дәлелденген ықтималдық түсінігін айтамыз.
Қылмысты тергеуді жоспарлауға негіз болу арқылы криминалистикалық болжамдардың тәжірибелік маңызы көтеріледі, ал оларды тексерумен дәлелдемелерді жан-жақты және толымды зерттеу мүмкіндігі пайда болады.
Логика тұрғыдан криминалистикалық болжам гипотезаның бір түрі ретінде байқалып, яғни шамамен ой тұжырымы болып саналады.
Криминалистикалық болжам ерекшеліктері: қылмыстық сот өндірісінде пайдаланылады; қылмысты тергеп-ашуда маңызы бар деректерді түсіндіреді; заңмен бекітілген шектеулі мерзім аралығында тексеріледі; тергеуге қарсы тұрушылық әрекеттері байқалғанда заңмен реттелген әдіс-тәсілдер көмегімен өкілеттілігі бар лауазыммен тексеріледі.
Криминалистикалық болжам қасиеттері:
- анықталған деректерге, фактілерге қарама-қайшы (кереғар) болмау;
- тексеріске мәжбүрлік;
- шамамен қарапайымдылық;
- тергеу барысында анықталған мәселелер төңірегінде кеңінен қолданбалы болу.
Криминалистикалық болжамдар төмендегідей бірқатар негіздер арқылы жіктеледі:
1) құрастыру субъектілеріне қарай криминалистикалық болжамдар тергеулік, жедел іздестірушілік, сараптамалық және соттық болып бөлінеді.
2) түсіндіруге жататын деректер мөлшері бойынша криминалистикалық болжамдар жалпы және жеке болып бөлінеді.
3) айқындылық деңгейі бойынша криминалистикалық болжамдар кәдімгі (типтік) және нақты болып бөлінеді.
4) бқтималдық деңгейі бойынша криминалистикалық болжамдар болуы ықтимал және күмәнді болып бөлінеді.
5) құрастыру уақыты бойынша криминалистикалық болжамдар алғашқы және келесі болып бөлінеді.
6) дәлелдеу затына қатысты айыптаушы және ақтаушы болжамдарды қарастыруға болады.
Криминалистикалық болжамдарды тексеру – ол болжам мазмұнын құрайтын растайтын немесе жоққа шығаратын жорамалдарға қатысты деректік жағдайларды анықтауға бағытталған қызмет. Болжамдарды тексеру қолдағы мәліметтерді логикалық тұрғыдан талдау және оларға баға беруге негізделіп, сондай-ақ тергеулік әрекеттер мен жедел іздестіру шараларын жүргізу арқылы іске асырылады. Дәлелденген болжам өз жорамалдығын жояды да, объективтік шындықты тағайындайтын сенімді мағұлматқа айналады.
Тергеуді жоспарлау деп заң талаптарына сәйкес және азғана уақыт пен күш жұмсау арқылы жасалған қылмыстың барлық мән-жайын анықтау және кінәліні әшкерелеу жұмысының реті мен мазмұнын көрсететін ойшылдық қызметті айтады. Аталмыш қызмет нәтижелері әдетте тергеудің жазбаша жоспарында орын алады.{35}
Жоспарлау элементтері: қолда бар бастапқы мәліметтерді зерттеу; криминалистикалық болжамдарды құру арқылы тергеу бағытын таңдау; дәлелдеу заты мен шегіне қатысты тергеу міндеттерін анықтау; болжамдарды тексеру үшін және қойылған міндеттерді шешуге қажетті тергеулік әрекеттер, жедел іздестірушілік және ұйымдастырушылық-техникалық шаралар шенберін айқындау; тергеулік әрекеттер тактикасын және жоспарланған іс-қимылдар меншараларды орындаушыларды дайындау; әрекеттерді іске асыру реті мен мерзімін анықтау; көрсетілген бағдарламаны жазбаша тергеу жоспары, сызба, кесте, карточка түрлерінде дайындау.
Жоспарлау қағидалары (принциптері): динамикалық (жылжымалылық) принципі, осының арқасында жоспарлау қызметі тергеудің барлық барысында орын алады; жаңадан шығарылған болжамдарды тексеруді ескере отырып, тергеу жоспары әрқашан дәлденіп, толықтырылып отырады;
жеке даралық принципі, яғни жоспарлау тергеудегі әрбір қылмыстың қайталанбайтындылығымен және тергеуші жеке басының ерекшелігімен қамтамасыз етіледі; жоспар нақтылы тергеу барысында алынған мәліметтер негізінде құрастырылады; нақтылылық принципі, тергеу жоспарындағы жалпы тұжырымдамалардың жоқтығымен көрсетіледі; бағдарламада жоспарланған әрекеттер мақсаты, орындаушылар, мерзімдер, жүргізу орны және тағы басқалар дәл көрсетілу керек.
Тергеуді жоспарлаудың түрлері:
1) тергеуші өндірісіндегі бірнеше қылмыстық іс бойынша жұмысты жоспарлау (жиынтық жоспар);
2) бөлек қылмыстық іс бойынша тергеуді жоспарлау;
3) бөлек қылмыстық істің алғашқы, келесі немесе соңғы тәрізді нақты тергеу кезеңдерін жоспарлау;
4) тактикалық комбинацияны жүргізуді жоспарлау;
5) бөлек тергеулік әрекет жүргізуді жоспарлау.
Қылмыстық істерді біріктіру.
Қозғалғанекі немесе одан да көп қылмыстық істердің бір өндіріске біріктірілуі мүмкін (ҚПК 43 бап):
- бір немесе бірнеше қылмыстарды жасағанына, қатысқандығына бірнеше адамдарды айыптау жөніндегі істер;
- адамның бірнеше қылмыс жасағанындығын айыптау жөніндегі істер;
- қылмыстарды күні бұрын уәде берілмей жасағандығын немесе олар туралы айтпағандығын айыптау жөніндегі істер.
Қылмыстық істердегі оларды біріктіру қажеттілігі мен мақсатталығын айқындайтын нақты мән-жайлар болған жағдайда ғана оларды біріктіруге жол беріледі.
Бір өндіріске әртүрлі адамдар мен іс әрекеттерге қатысты және мақсатында өзара байланысы жоқ жеке қылмыстық істерді біріктіруге жол берілмейді. Сол сияқты біріктірген кезде толық, жан-жақты және объективті қарауға кедергі келтіретін қылмыстық істерді бір өндіріске біріктіруге мүмкін болмайды.
Қылмыстық істерді біріктірген кезде қылмыстық процесті жүргізуші орган қаулы шығарады. Оның көшірмесін 24 сағат ішінде прокурорға жолдайды.
Қылмыстық істерді бөлектеу. Заң ҚПК44 бап) қылмыстық істерді бөлектеуді көздейді:
- ересек айыпталушының жағымсыз ықпалынан бөлектеу мақсатында ересектермен бірге қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмаған айыпталушыға қатысты;
- мемлекеттік құпияларды сақтауға байланысты жабық сот талқылауы үшін негіз оған қатысты болатын бірақ басқа айыпталушыға қатысты болмайтын жекеленген айыпталушыларға қатысты;
- тергеу жүргізу барысында егер жеке қылмыстар мен оны жасаған адамдар айыпталушылар арасында байланыс жоқ екендігі тағайындалған болса.
Ондай байланыстың жоқ болуы дербес жағдайда тергеу барысында бұрын белгісіз болып келген қылмыстарға қатысты жаңа мәліметтердің пайда болуымен түсіндірілуі мүмкін.
Қылмыс жасағаны үшін айыпталушы істің тергелуі бойынша кінәға қабылетті бірақ іс әрекетке байланысы жоқ екендігі алдын ала тергеуде белгілі болған басқа адамдарға қатысты болса.
Бұндай жағдайда қылмыстық істі бөлектеуге істі алдын ала тергеу мен шешудің толықтығымен объективтілігіне зияны тимейтін кезде ғана жол беріледі.
Бір қылмыстық істі екіншісінен бөлектеуге іс бойынша өндірісті тоқтату барысында да қылмыстық іс жүргізу кодексінің 50 бабына сәйкес жол беріледі:
- іс бойынша тартылған бірнеше айыпталушының ішінен біреуінің анықталмауы, тергеу мен соттан жасырынып қалуы, ауыр науқастануы және психикалық науқасының болуы немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуы не айыпталушының біреуіне қатысты іс бойынша сараптама жүргізілуі.
Қылмыстыық істі бөлектеу туралы айыптаушыны, тергеушінің, прокурордың қаулысы дәлелденген болуы тиіс. Онда істі бөлектеу негізінен басқа бөлектеуге жататын қандай материалдар екені атап көрсетілуі керек.
Жалпы тәртіп бойынша бөлектенген қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу мерзімі бөлектеу жасалғандағы қылмыстық істі қозғау сәтінен бастап есептеледі.
Қылмыстық істің материалдарын жеке өндіріске бөлектеу.
Тергеу тәжірибесінде тергеліп жатқан іске қатысы болмайтын және қылмыстық істі қозғауға шешім қабылдауға ықпал етпейтін алдын ала тергеу жүргізу кезінде пайда болған материалдарды бөлектеу жағдайлары да орын алады.
Қылмыстық істен бөлініп алынған материалдар қосымша зерделенгеннен және қолдан бар мәліметтерді нақтылағаннан кейін қылмыстық істі қозғау туралы, қылмыстық істен бас тарту туралы немесе тергелуі не сотталуы бойынша шешім қабылдау мүмкіндігі ұйғарылады.
Қылмыстық істер материадарын жүргізуді (тексеруді) жеке бөліп алу туралы қаулы шығарылады да, оның көшірмесі 24 сағат ішінде прокурорға жолданады.
Қаулыға түпнұсқалықт материалдар немес олардың көшірмелері қоса тігілуі тиіс. Бөлектенген іс бойынша өндіріс мерзімі жаңа қылмыс бойынша немесе жаңа адамға қатысты бөлектеу туралы қаулы шығарылған күннен бастап есептеледі. Ал басқа жағдайларда оның мерзімі негізгі қылмыстық істі қозғау сәтінен басталады.
Қылмыстық істі алдын ала тергеу, жедел-тергеу тобының жүргізуі (ҚПК 194 бап) Ережеге сәйкес қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді тергеушінің жеке жүргізуі тиіс. Алайда қылмыстық істің күрделілігіне немесе көлемінің үлкендігіне қарай оны тергеушілер тобына тапсыруы мүмкін. заң бойынша алдын ала тергеуді бірнеше тергеушілердің жүргізу туралы шешімді қабылдау тергеу бөлімінің бастығына жүктелген. Бұл туралы қылмыстық істі қозғау жөніндегі қаулыда көрсетеді немесе жеке қаулы қабылдайды.
Қаулыда тергеу жүргізуді тапсырған орган бастығының тергеушілердің фамилиялары, аты, әкесінің аты көрсетілуі тиіс. Тергеушілердің ішінен біреуі, қылмыстық істерді тергеу жоспары бойынша іс ішінен әрбір тергеушіге дербес тергеу немесе жеке тергеу әрекеттерін жүргізу және сараптама тағайындау үшін тергеу тобының жетекшісі тағайындалады.
Заң көлемі үлкен күрделі қылмыстық істерді тергеу үшін бірнеше тергеу органдарының (аудандық, қалалық, облыстық ішкі істер органдарының) тергеушілері енуі мүмкін болатын тергеу тобын құруға рұқсат етеді. Бұндай топтар прокурордың немесе ішкі істер тергеу бөлімінің бастығының не қаржы полициясының ұсынысымен құрылуы мүмкін. әртүрлі тергеу органдарынан кешенді бірлескен тергеу тобын құру туралы шешім барлық тергеушілердің аты-жөні жазылып, тергеу тобының мақсаты мен міндеттері көрсетіліп, олардың бөлім бастықтарының бірлесіп қолдары қойылған мөрі басылған қаулысымен рәсімделеді.
Ерекше жағдайларда ҚР Бас прокуроры мемлекет пен қоғам үшін маңызы бар күрделі қылмыстық істерді тергеудің толық еместігі және объективті еместігі жағдайында бірнеше органдардың тергеушілерінен алдын ала тергеу жұмысын жүргізетін тергеу тобын құруға құқылы.
Бұл кезде бұл топтың жетекшісі етіп прокурорды тағайындай отырып, жеке өзі қаулы шығарады. ҚР Бас ппрокурорына бұндай бірлескен тергеу тобының тергеу өнідірісінің заңдылығын қадағалау жүктеледі. ҚПК 194 бабына сәйкес күдікті, айыпталушы, жәбірленуші азамттық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері істі тергеушілер тобының тергейтіндігі туралы қаулымен таныстырылуы тиіс және оларға тергеу тобының жетекшісінен сондай-ақ топ құрамындағы кез келген тергеушіден бас тарту құқығы берілген (ҚІПК 89 бап).
Өтініш ұсыныс.
Қылмыстық істе маңызға ие болатын өтініш беру деп іс бойынша оны ашуға дәлелдеуге қатысы бар мән-жайларды зерттеу жөніндегі қылмыстық сот өндірісен қатысушылардың шағымдары немесе өтініштері түсініледі. Ұсыныс/өтініш алдын ала тергеу өндірісінің кез келген кезеңінде оның ішінде тергеу әрекетін жүргізу барысында айып тағу кезінде қылмыстық іске қатысушының алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалымен танысу кезінде де берілуі мүмкін. Өтінішті қарау қорытындысы өтініш берушіге хабарланады.
Тергеушінің, анықтаушының берілген өтініштен толық немесе ішінара бас тарту қаулысына сәйкес прокурорға не сотқа шағым берілуі мүмкін.
3.3 Тергеу бөлімінің бастығы тергеуші құзыреті ретінде тергейтін қылмыстар тұрлері (тергеулік)
Тергеулік – осы қылмысты тергеп-тексеруді қандай да бір қылмыстық қудалау органының құзыретiне жатқызатын белгiленген қажетті белгілердің жиынтығы. ҚПК 187 бабына сәйкес алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi, iшкi iстер органдарының тергеушiлерi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушiлерi, экономикалық тергеу қызметінің тергеушiлерi жүргiзуі мүмкін.
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi ҚПК 187 бап. 1 бөл.. көрсетілген Қылмыстық кодексінің бейбітшілікке және адамзат кәуіпсіздігіне қарсы, мемлекеттің конституциялық құрысылының негізіне және қаәупсіздігіне қарсы, қоғмдық каупсізкке және қоғамдық тәртіпке қарсы, кейбір әскері қылмыстарды алдын ала тергеуді жүргізуі мұмкін. Мысалы, Қылмыстық кодексiнiң 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169, 170, 171,172, 173, 175, 176, т.б. баптары.
Ішкi iстер органдарының тергеушiлерi. ҚПК 187 бабы 2 бөл көрсетілген ҚР Қылмыстық кодексiнiң 90% қылмыс бойынша алдын ала тергеудi iшкi iстер органдарының тергеушiлерi жүргiзедii. Мысалы ҚР Қылмыстық кодексiнiң 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106 жеке адмаға қарсы қылмыстар, адамды, зорлау, урлау, және т.б.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушiлерiнiң тергеулiгiндегi қылмыстарды тергеумен тiкелей байланысты болсаҚПК 187 бап. 3 бөл көрсетілген. ҚР Қылмыстық кодексте белгіленген меншікке карсы, экономикалық қызмет саласындағы, халық денсауылығына және иманылыққа қарсы, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мұдделігіне қарсы сыбайлас жемқорлыққа қарсы, меншікке қарсы,сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушiлерi алдын ала тергеудi жүргiзуi мүмкiн Мысалы, ҚК 189, 190, 215, 234 , 307, 361, 362, 364 – 370-баптарында көзделген қылмыстар.
Экономикалық тергеу қызметінің тергеушiлерii(ПК 187 бап 3-1 бөл. көрсетілген ҚР Қылмыстық кодекте белгілінген экономикалық қызмет саласындағы, комерциялық және өзгеде ұйымдарға ықызмет мұдделеріне қарсы, халық денсауылығына және имнадылыққа қарсы алдын ала тергеудi жүргiзедi. Мысалы, ҚК-сiнiң -21, 215, 231, 240, 243 253, 307 баптарында көзделген қылмыстар.
Ішкi iстер органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметорганы ПК 187 бап 4 бөл көрсетілген ҚР Қылмыстық кодексiнiң адамның жеке азаматтың конституциялық және өгеде қуқықтары мен бостандықтарына қарсы, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мұдделігіне қарсы сыбайлас жемқорлыққа қарсы,,сот төрелігіне және жазалардың орындау тәртібіне қарсы алдын ала тергеудi жүргiзедi. Мысалы, ҚК-сiнiң -221, 215, 231, 240, 243 253, 307 149 362 371, 413, 414, 415, 416баптарында көзделген қылмыстарды алдын ала тергеудi бастаған iшкi iстер органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi.
Ішкi iстер органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметіҚПК 187 бап 4-1, 4-2, 4-3. бөл. көрсетілген ҚР Қылмыстық кодекте белгілінген адамның жеке азаматтың конституциялық және өгеде қуқықтары мен бостандықтарына қарсы, меншікке қарсы қылмыста, экономикалық қызмет саласындағы, меншікке қарсы алдын ала тергеудi жүргiзедi. Мысалы, ҚК-сiнiң 147, 19 , 196, 197, 198, 232, 250-, 189 190 ,416, 420, 421, 422, 423, 424, 425, 432, 434, 435 (алдын ала тергеудi iшкi iстер органдары, ал мемлекетке залал келтiрiлген жағдайда – экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
Ішкi iстер, ұлттық қауіпсіздік органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚПК 187 бап 4-3. бөл. көрсетілген. ҚР Қылмыстық кодексiнiң 18 тараудағы «Әскері қылмыстар» 450, 451, 452-баптарында көзделген қылмыс туралы iстер бойынша алдын ала i тергеуді жүргiзедi
ҚПК ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары ҚПК 187 бап 5 бөл. Көрсетілген бейбітшілікке және адамзат кәупсіздігіне қарсы, мемлекеттің конституциялық құрысылының негізіне және қаәупсіздігіне қарсы, қоғамдық каупсізкке және қоғамдық тәртіпке қарсы, басқару тәртібіне қарсы, әскері қылмыстарғақарсы ҚР Қылмыстық кодексінің 174, 182, 269, 276, 283, 284, 285, 286, 290, 404, 405, 437, 438, 455, 456, 457, 459-баптарында көзделген қылмыс туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді жүргізеді.
Ішкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметіҚПК 187 бап 6 бөл көрсетілгенэкономикалық қызмет саласындағы, қоғмдық каупсізкке және қоғамдық тәртіпке қарсы ҚР Қылмыстық кодексiнiң 218 262, 263, 264, 265, 266-баптарында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi жүргiзедi.{36}
Ұлттық қауiпсiздiк органдары немесе экономикалық тергеу қызметіҚПК 187 бап 7 бөҚР Қылмыстық кодексiнiң 258-бабында тероістік немесе экстермістік әрекетті қаржыландыру және террорізімгене эстермізімгеөзге де дем берүшілік қылмыс туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi жүргiзедi.
Атап кету керек түрлi алдын ала тергеу органдарының тергеулігіне жататын қылмыстық істерді бір іс жүргізуге біріктірген кезде тергеулікті прокурор айқындайды.
Бағамның үшiншi бөлiмiн оқып үйрену алдында, тыңдаушы тыңғылықты түрде тактиканың жалпы сұрақтарымен танысу керек.
Әрбiр қылмысты тергеу, қылмыстық iс жүргiзу заңы рәсiмделген дәлелдемелердi табу және жинауға бағытталған тергеу әрекеттерiн жоспарлы түрде жүргiзумен қамтамасыз етiледi. Осы бағытта криминалистикалық техника және тактикалық тәсiлдердi жедел iздестiру шараларымен ұштастыра отырып шеберлiкпен пайдалану, қылмыстарды тиiмдi түрде әшкерлеуде елеулi маңызы бар.
Қылмыстық iс жүргiзу заңының қағидалары және тергеулiк тактика тәсiлдерiнiң өзара қатынасы криминалистикалық тактиканың маңызды мәселелерiнiң бiрiне жатады. Қылмыстық iс жүргiзу заңы процесске қатысушылардың барлығына мiндеттi болып саналатын, тергеу әрекеттерiн жүргiзу ретiн тағайындайды, ал криминалистика осы заң қағидаларын негiзге ала отырып, қылмысты тергеуде қолданылатын тактикалық нұсқауларды дайындайды.
ҚР ҚПК-нiң кейбiр баптары, тергеу әрекеттерiн жүргiзу ретiне қатысы бар тактикалық шешiмдi таңдау құқығын тергеушiге ұсынған. Осылайша, ҚР ҚПК-нiң 209–бабында, “тергеушi қажеттi деп санаса, жауапты жауап берушi отырған жерде алуға оның құқығы бар” екендiгi көрсетiлген. Мұндай кезде айыпкерден жауап алу орнын тергеушi, iстiң мән-жайына байланысты пайда болған тактикалық көзқарастарына қарай анықтайды. Тергеушi айыпкерден жауапты қай жерде алса да, мұндай тергеу әрекетi ҚР ҚПК-нiң 209–бабына сәйкес өткiзiледi. Айыпкерден жауап алу тергеушi бөлмесi не басқа жерде ме, одан жауап алудың процессуалдық тәртiбi өзгермейдi.{37}
Тактикалық тәсiл нақтылы тергеу әрекетiн жүргiзу барысында қолданылып, оның тәртiбi қылмыстық iс жүргiзу заңымен рәсiмделедi.
Жоспарлау, тергеушiнiң қылмысты тергеу қызметiндегi ұйымдық бастамасы болып саналады.
Жоспар және тергеулiк болжам тергеудiң дұрыс бағытын анықтайды, оны мақсаттылықпен қамсыздандырады және қылмыстың тез арада, толымды түрде әшкерленуiне жол бередi. Iстегi дәлелдемелерге терең және ойшыл талдау жүргiзу нәтижесiнде шығарылған болжам арқылы, тергеудiң дұрыс бағыты анықталады.
Жоспарлау мазмұнын анықтай отырып, тергеудi жоспарлау элементтерiне көңiл аудару қажет. Ондай элементтерге:
1. тергеулiк болжамдарды дайындау;
2. анықтауға жататын сұрақтар шеңберiн анықтау;
3. осы болжамдарды тексеруге бағытталған тергеу және жедел iздестiру шараларын таңдау;
4. осы әрекеттердi орындау ретi және оларға берiлетiн уақыт. Криминалистикадағы тактикалық тәсiлдер заңға сәйкес дайындалады.
Айыпкер, куә және басқа да iс жүргiзуге қатысушылардың заңды мүдделерi мен құқықтарын бұзуға бағытталған тергеу тәсiлдерi, заңдылық талаптары және шыңайылық қағидаларымен бiр қатарда тұра алмайды.
Қылмыстық iс жүргiзуде қорқыту, алдау, зорлық жасау және адамның намысы мен қадiр-қасиетiн қорлайтын қимылдар орын алмау керек. Iс бойынша шыңайылыққа жету, тек заңдылық талаптарын бұлжытпай орындаған кезде ғана мүмкiн болады.
Қараудың тиiмдi нәтижесi көбiне оны тыңғылықты өткiзiп, ғылыми-техникалық құралдарды пайдалылықпен қолдануға байланысты. Қарауды жүргiзу және оның нәтижелерiн толтыру қылмыстық iс жүргiзу заңының талаптарына (ҚР ҚПК-нiң 220, 222, 224, 199–баптары) сәйкес iске асырылғанда ғана мағұлматтардың дәлелдемелiк маңызы болады.
Оқиғаға қатысы бар аула және бөлменiң сұлбасын сызуды үйрену қажеттi мәселелердiң бiрiне жатады.
Тергеу экспериментiне, көрсетулердi оқиға болған жерде тексеруге, тiнту және алуға, жауап алуға, тану үшiн ұсынуға, корреспонденцияға тыйым салуға, хабарларды ұстап қалуға, сөйлесулердi тыңдай отырып жазуға, сараптама өңдiрiсiне дайындық жасауға қатысы бар қағидаларға және оларды жүргiзудегi тактикалық тәсiлдерге ерекше назар аударылу керек.
Сараптамаларды тағайындау және жүргiзу тек криминалистикалық емес, сонымен бiрге басқа да кеңiнен тараған сот сараптамасы түрлерiнеде қатысы бар. Сот медицина, сот психиатрия және сот бухгалтериясы бағамдарында осындай сараптамаларды тағайындау және жүргiзу сұрақтары нақтырақ қарастырылса, криминалистика оқулықтарында көбiне криминалистикалық сараптамаларды тағайындау және жүргiзу мәселелерi қозғалған.
Сараптама өндiрiсi мемлекеттiк сараптама мекемесiнде жүргiзiлгендегi тергеушiнiң атқаратын ролi, осы мекеме және ондағы сарапшымен тығыз байланыста жатыр. Мұндай байланыс, сараптама алдына қойылған сұрақтарды нақтылау және қосымша сұрақтар берумен анықталады, сондай-ақ зерттеу үшiн қажеттi материалдарды ұсынумен көрiнедi. Кейде сараптама өңдiрiсiнде тергеушiнiң қатысуы қажет болады, мысалы, мәйiттiң сот-медициналық зерттеуiнде.
Нақтылы жағдайларда тергеушi сырттан арнайы бiлiмi бар мамандарды шақырады. Бұл жерде, сырттан келген маман кәсiби бiлiктiлiгiмен көзге түссе де, қосымша материалдар алу, сарапшы қорытындысын құрастыру тәрiздi сарапшы қызметiнiң бiрқатар спецификалық мәселелерi жайлы бейхабар болуы мүмкiн, сондықтан тергеушi онымен үнемi байланыста болу керек. {38}
Тергеу әрекетiнiң тактикасын қарастыра отырып, оған дайындық жасау элементтерiне, ұсынылатын тактикалық тәсiлдерге, криминалистикалық техника қолдану ерекшелiктерi және тергеу әрекетi нәтижелерi мен процесстiң өзiн бекiту тәсiлдерiн ұғынып алу қажет.
Криминалистика дайындайтын тергеу әрекеттерiн орындаудағы тактикалық тәсiлдер соттық тергеуде де қолданылады. Алдын-ала тергеу үшiн дайындалған тактикалық тәсiлдер сот өндiрiсiне механикалық түрде ауыстырылмау керек.
Сот өндiрiсiнiң жариялылығы, тәуелсiздiгi сияқты ерекшелiктерi тактикалық нұсқауларға дұрыс көзқарас қалыптастыруға жiгерлендiретiндiгiн ескерген жөн.
Тергеу бөлімінің бастығы – ішкі істер органындағы тергеу бөлімінің бастығы, Ұлттық қәупсіздік комітіті (ҰҚК).және қаржы полициясы (ҚІПК 59 бабы). Тергеу бөлімі бастығының іс жүргізу қызметі тергеушінің қызметімен бірдей десе де болады. бірақ олар бір бірінен қызметі мен дәрежесіне қарай ажыратылады, тергеушіге қарағанда «бастықтың» дәрежесі жоғары және ол мынадай уәкілеттілікке ие:
- тергеу өндірісін тергеушіге тапсырады; қылмыстық істерді тергеу өндірісіндегі тергеушінің жұмысына бақылау жүргізеді; алдын ала тергеу мерзімі мен тергеушінің тергеу ісін кезінде қамауға алынған тұлғаның қамауда отыру мерзімін бақылайды; қылмыстық іс бойынша тергеу өндірісінен тергеушінің қызметін шеттете алады; бір тергеушінің ісін екінші тергеушіге тапсыра алады; аяқталған қылмыстық істерді прокурорға жібереді.