Мінез-құлық психотерапиясы

Дәрістік курс бағдарламасының құрастырылуы

ТАҚЫРЫП 1

ПCИХОТЕРАПИЯҒА КІРІСПЕ

Сабақтың мақсаты:

Психотерапияның пайда болуы мен даму тарихының теориялық негіздерін оқыту, талдау.

Бихевиоризм, необихевиоризм және мінез-құлық психотерапиясының пайда болуы мен даму тарихы және практикалық психологияда қолданылу аясы тұрғысынан теориялық және практикалық білім беру.

Жоспар

1.Психотерапевттің жұмыс нысаны ретіндегі невроздар мен фрустрациялар

2. Психотерапияның шығу тарихы

3. Психотерапияның негізгі бағыттары

4. Бихевиоризм, необихевиоризм және мінез-құлық психотерапиясы (Джон Уотсонның необихевиоризмі, Эдвард Толменнің молярлық бихевиоризмі, Мінез-құлық психотерапиясы)

Психотерапевт, практикалық психолог, кеңесші, жоғары маманданған (дүниежүзілік стандарттар бойынша) әлеуметтік қызметкер неврозға шалдыққан келушілермен үнемі жұмыс жасайды, ал ол невроз фрустрациядан туындайды.

Сондықтан да психотерапия негіздеріне кіріспес бұрын осы ұғымдарды ажыратып алу қажет.

Фрустрация –(ағ. тіл. frustration – жоспардың бұзылуы, үміттің жойылуы) – біздің тілектеріміз бен ұмтылыстарымыз кедергіге тап болғандағы, жоспарлар орындалмай, адам дегеніне жете алмағанда туындайтын шектен тыс қанағаттанбаушылық көңіл-күйіміз. Фрустрация жағдайы психикалық қысыммен, күйзеліс ахуалымен қатар жүреді.

Өте күшті фрустрация психофизиологиялық үрдістердің қалыпты ағымын бұзады, индивидуумның барлық үрдістеріне әсер етеді, оның жан-дүниесін өзгертеді, басқа адамдармен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзады.

Сонымен, фрустрация кедергіні жеңіп шығуға болмайды немесе мүмкін емес деп ойлаған жағдайда туындайды.

Осы жерден біз психотерапияның бастапқы позициясын анықтаймыз. Психотерапевт фрустрация тудырған кедергілердің қайсысын жеңуге болмайды, ал қайсысы сырттан солай көрінетіндігін алдымен өзі анықтап алып, содан соң келушіге соны анықтай алуына көмектесуі қажет.

Невроздар келуші үшін фрустрация тудыратын жеңу мүмкін емес кедергілер болып көрінуі мүмкін.

Ондай «жеңе алмайтын» кедергілерге келушінің жүйке-психикалық ахуалының және мінез-құлық реакцияларының жиі қайталануы, ол одан құтылғысы келеді, алайда көп жағдайда оны жеңу мүмкін емес немесе қажет деп санап өзін де, өзгелерді де сендіріп, онымен күресу үшін күш те салмайды.

Психиатрға қарағанда психотерапевт психикалық дені сау адамдармен жұмыс жасайды. Шындығында адам өзі қаласа жеңе алатын кедергілер туралы айтқанда, біз оның псхикалық дені сау кез-келген адамның басынан өтетін жағдайды дұрыс түсінбеуден туындайтын психикалық тұрғыдан қалыпты жағдай туралы айтып отырмыз.

Мысалы, көбіміз кездесуге немесе жұмысқа кешігіп жүреміз. Жүретін жол да, уақыт да белгілі. Яғни кешікпес үшін сағат қоңырауын тиісті уақытқа қою қажет. Оған кім кедергі? Ешкім! Алайда сіз бәрібір кешігесіз. «Қанша ерте тұрсам да жұмысқа немесе институтқа кешігіп қаламын», - деп көп адамдар айтады. Невроз дегеніміз осы – кедергіні жеңуге болады, ешкім бөгет емес, бірақ – «қолымнан ештеңе келмейді». Әр кез сайын оған сылтау да табылады.

XX ғ. басында психология ғылымының теориясы мен әдіснамасының практикалық сұранысқа сәйкес келмеуіне байланысты психология ғылым ретінде дағдарысқа ұшырады. Бұл жағдай психика жайындағы бұрынғы көзқарастардың ауысуына алып келді. Нәтижесінде әлемде психологияның жаңа бағыттары пайда болды. Соның бірі бихевиоризм. Оның негізін қалаушы Джон Уотсон (1878 - 1958) мінез-құлықты объективті жолмен зерттеуді (яғни эксперименталдық және сырттай бақылау) жаңа бағыттың зерттеу пәні деп көрсетті. Мінез-құлық ретінде адамның немесе жануардың сыртқы тітіркендіргіштерге (S Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru R) реакциясының жиынтығы алынды. Бихевиоризмнің XX ғ. әрі қарай дамуы (необихевиоризм) (S Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru R) сызбасына ағымдық тетіктер: тілектердің, мақсаттардың, дағдылардың, бейнелердің, жоспарлардың, когнитивтік карталардың және т.б. қосылуымен байланысты (S Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru O Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru R). Необихевиоризмнің өкілдеріне америкалық психологтар Эдуард Толмен (1886 - 1959), Кларк Халл (1884-1952), Д.Миллер, Беррес Скиннер (1904 ж. туылған) және басқалар жатады.

Психологияның басқа бір жаңа бағыты гештальт-психология болып табылды. Оның өкілдері Макс Вертгеймер (1880-1943), Вольфганг Келер (1887-1967), Курт Коффка (1886-1941) психиканы оның тұтас көріністері, яғни гештальттар арқылы зерттеу керек деп санады. Гештальт немесе тұтас құрылым, оны құрап тұрған бөліктердің қасиеттерін анықтайды.

Психологияның тағы бір бағыты болып психоанализ қосылды. Оның негізін қалаушы Зигмунд Фрейд (1856-1939) психологияның пәні ретінде бейсананы алып қарастырды, ол адамның мінез-құлқын дәл осы бейсана анықтайды деп санады. Сана болса, иррационалды индивидті өмір шындығына бейімдеуді ғана қамтамасыз етеді. Фрейдтің психологияда өз бағытын салған неғұрлым танымал шәкірттеріне Карл Юнг (1875-1961) (талдау психологиясы) пен Альфред Адлер(1870-1934) (индивидуалдық психология) жатады.

XX ғ. психоанализдің әрі қарай дамуы классикалық психоанализдің биологизмінен бөлек адам мінез-құлқының әлеуметтік детерминанттарын зерттеуге бет бұруымен байланысты. Оның ірі өкілдеріне Карен Хорни (1885-1952), Эрих Фромм (1900-1980), Гарри Салливан (1892-1949) жатады.

Тағы бір бағыт сипаттаушы (немесе түсінуші) психология. Оның негізін қалаушылар Вильгельм Дильтей (1833-1911) мен Эдуард Шпрангер (1882-1963) түсіндіруші психологияға өздерін қарсы қойды. Сипаттаушы психология адамның біртұтас көңіл-күйін зерттейді. Бұл психологтардың пікірінше, тек түсіну ғана адамның рухани өмірінің толық мағынасын аша алады.

XX ғ. басы Францияда әлеуметтануға бағытталған психологияның қалыптасуымен сипатталады. Оның өкілдері Эмиль Дюркгейм (1858-1939), М.Гальбвакс (1877-1945) және Ш.Блондель (1876-1939). Олар адам бойындағы жеке даралықты биологиялық деп, ал әлеуметтікті – қоғамның көмегімен қалыптасады деп қарастырды.

Ресейде психологиялық дағдарысқа жауап ретінде жаңа әдіснамалық тәсілдер мен бағыттар қалыптасыт. Олардың бірі реактология. Оның авторы К.Н.Корнилов (1879-1957) психологияның міндеті биоәлеуметтік тітіркендіргіштерге жауап беру жиынтығы ретінде адамның мінез-құлқын зерттеу қажет деді, яғни бихевиоризмнен алшақ кетпеді.

Сондай –ақ, М.Я.Басов пен П.П.Блонский де психологияның зерттеу пәні мінез-құлық деп қарастырды.

Грузин психологы Д.Н.Узнадзе (1886-1950) адамның психикалық іс-әрекеті мен мінез-құлқының негізінде, адамның белгілі бір мінез-құлыққа дайындығын тудыратын біртұтас түйсіксіз жағдай (көңіл-күй) ретіндегі тұғырнама жатыр деп санады. Әрі қарай бұл тұжырымдаманы А.С.Прангишвили, И.Т.Бжалова, В.Г.Норакидзе жалғастырды.

Ресейдегі тарихи-мәдени тұжырымдаманың негізін қалаушы Л.С.Выготский (1896-1934). Бұл тұжырымдамаға сәйкес, адам психикасының қалыптасуындағы шешуші рөлді әлеуметтік орта және бәрінен бұрын оқыту алады. Выготскийдің идеялары оның ізбасарларының тұжырымдамаларында жалғасын тапты: А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин және т.б.

С.Л.Рубинштейн (1889-1960) мен А.Н.Леонтьев (1903-1979) іс-әрекеттің психологиялық теориясын құрастырды. Рубинштейннің пікірі бойынша, адам және оның психикасы іс-әрекет кезінде қалыптасып, көрінеді. Психология іс-әрекеттің психикалық жағын қарастырады. Ғалым іс-әрекеттердің бірлігі (бөлшегі) ретінде қозғалыстардан тұратын әрекетті қарастырды. Рубинштейн тұжырымдамалары оның зерттеулерін жалғастырушылар А.В.Брушлинский, К.А.Абульханова-Славская, Л.И.Анцыферованың зерттеулерінде жалғасын тапты.

А.Н.Леонтьев психологияның пәні ретінде іс-әрекет барысындағы психикалық бейнеленудің туындауын, қызмет етуін және құрылымын қарастырды. Іс-әрекеттің психологиялық теориясы ресейде жақсы дамыды және сол елдегі психологияның барлық салаларынан көрініс тапты. А.Н.Леонтьевтің тұжырымдамасы П.Я.Гальпериннің, А.В.Запорожецтің, Д.Б.Элькониннің, Л.И.Божовичтің, Г.М.Андрееваның, А.Г.Асмоловтың, В.К.Вилюнастың, В.Зинченконың және т.б. еңбектерінде жалғасын тапты.

Ленинградтық ғалым Б.Г.Ананьев (1907-1972) психикалық құбылыстар бір мезетте көптеген факторлардың әсер етуімен шарттасатындықтан адамның психикасын кешенді түрде зерттеуді ұсынды.

XX ғ. екінші жартысы шетелдік психологияда жаңа бағыттардың пайда болуымен екершеленді. Өзін-өзі келелілендіру, яғни өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруды көздейтін, дені сау шығармашылықты тұлғаны зерттеуді өзінің нысаны етіп алған гуманистік психология солардың бірі болып табылады.

Оның негізгі өкілдері Карл Роджерс (1902-1987), Абрахам Маслоу (1908-1970), Гордон Олпорт (1897-1967) және т.б.

Шетелдік психологияның тағы бір бағыты когнитивтік психология. Ол психиканы белсенді түрде ақпарат іздеумен және оны өңдеумен айналысатын жүйе ретінде қарастырды. Бұл бағыттың өкілдері Дж.Брунер, Г.Саймон, У.Найссер, Д.Бродбент және т.б.

Логотерапия. Оның негізін қалаушы Виктор Франкл (1905 ж. туылған) адамның өз өмірінің мағынасын іздеуі мен соны жүзеге асыруын оның мінез-құлқының қозғаушы күші ретінде қарастырады.

XX ғ. психотерапияның алуан түрі дами бастады (мысалы, психодинамикалық терапия, гештальт терапия, психсинтез, психодрама, нейролингвистикалық бағдарламалау, және т.б.).

4. Бихевиоризм, необихевиоризм және мінез-құлық психотерапиясы

Бихевиоризмнің негізін қалаушы – америкалық психолог Джон Уотсон. 1903 ж. Чикаго университетінде докторлық диссертациясын қорғайды (орталық жүйке жүйесінің дамуы мен ақ көртышқандардың дамуының арасындағы байланысты зерттеген). 1908 ж. Балтимордағы Джон Гопкинс Университетінің зертханасының және эксперименталдық салыстырмалы психология кафедрасының меңгерушісі болды.

Необихевиоризмнің басты ерекшелігі: тірі жанның сыртқы мінез-құлқы ғана емес, осы жанның мінез-құлқына әсер етуші ішкі психикалық үрдістерді де зерттеді.

Д.Уотсон ілімінің негізгі ережелері:

  • психология жаратылыстану ғылымының объективтік саласы болып табылады; оның теориялық мақсаты мінез-құлқы алдын ала болжау және оған бақылау жасау;
  • интроспекция психология әдістерінің маңызды бөлігіне жатпайды, ал оның нәтижелерінің ғылыми құны жоқ, себебі олар зерттеушінің талдауына тәуелді;
  • бихевиоризм адам мен жануардың мінез-құлқын бір-біріне қарсы қоймайды. Адам мінез-құлқы сөйлеумен ерекшеленетін жануар;
  • мінез-құлыққа тікелей қатысты сұрақтар, эксперименталдық жағдайда тікелей бақылау көмегімен шешілуі қажет;
  • психологиялық зерттеулердің нәтижесі тәжірибеде қолданылуы тиіс;
  • бихевиоризмнің негізгі міндеті нақты жағдайда – нақты берілген симул – қандай реакцияны тудыратынын, қандай жағдаяттың оған әсер еткенін бихевиорист айта алатындай есеппен адам мінез-құлқына жүргізілген бақылаулар жиынтығынан тұрады;
  • бихевиоризм тұрғысынан алғанда, адам психологиясының шынайы келбеті оның туғаннан өлгенге дейінгі мінез-құлқы. мінез-құлық психологияда басқа жаратылыстану ғылымдарында қолданатын әдістерді пайдалауға болады;
  • адамды объективті түрде зерттеу кезінде бихевиорист сана, сезім, түйсік, қиял, ерік деп аталуы мүмкін құбылыстарды бақыламайды, себебі ол терминдер адам психологиясының феномені деп саналмайды. Осы терминдерді адам іс-әрекетін сипаттаудан алып тастауға болады деген қорытындыға келеді. Басқаша айтқанда, ол термин Вундттан басталған ескі психология қолданды, ол психология философиядан, ал философия діннен шыққан;
  • мінез-құлықты бақылау стимул (S) және реакция (R) түрінде беріледі. S Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru R түрлі нұсқалардағы тәуелділігін анықтау, мысалы:

Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru S1 Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru R1 S1 Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru R1

Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru S2 Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru R; S R2 ; S2 R2 және т.б.

Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru S3 Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru R3 S3 R3

психологияның міндеті болып табылады.

  • бихевиоризм сана ағымын белсенділік ағымына, мінез-құлық ағымына алмастырады;
  • бихевиоризм ойлауды мінез-құлық, қозғалыс белсенділігі деп саналады; ойлау сөйлеу болып табылады, бірақ жасырын бұлшықет қозғалыстарының сөйлеуі болып табылады;
  • бұлшықет реакциясы қайталау нәтижелерінен соң белгілі бір стимулмен байланысады, ол өз кезегінде оны тудырады.

Эдвард Толменнің молярлық бихевиоризмі

Э.Толмен – америкалық психолог; мақсаттық және молярлық бихевиоризм теориясын ұсынған необихевиоризмнің аса көрнекті өкілдерінің бірі.

Негізгі еңбектері: «Целевое поведение у животных и у человека» (1932); «Побудительные механизмы войны» (1942); «Когнитивные карты у крыс и человека» (1948).

Э.Толмен ілімінің негізгі тұжырымдары:

  • мінез-құлық және оның детерминанттары объективті анықталатын мазмұн болып табылады, оларда ешқандай «ішкі» деген жоқ;
  • хайуандардың психологиясын зерттеу адам психологиясын тануға көмектеседі;
  • мінез-құлық молярлық (яғни біртұтас) феномен, ол молекулярлық (яғни физиологиялық және физикалық үрдістерден тұратын) емес;
  • мінез-құлықтың молярлық феномен ретіндегі қасиеттерін сипаттау: ол мақсат еткен нысанға бағытталған немесе содан шығады;
  • мінез-құлық мақсаты мен танымдық аспектілері тірі жанның түсіне алуы мен үйрене алуының дәйектілігін білдіреді;
  • мінез-құлық бастапқы себептеріне қоршаған ортаның стимулдары мен алғашқы физиологиялық қалыптар жатады. Олар мінез-құлық детерминанттары арқылы әрекет етеді;
  • тіршілік иесінің мінез-құлық детерминанттары үш сыныпқа бөлінеді: 1) тікелей «соның ішінде орналасқан» объективтік тұрғыдан анықталатын мақсаттар мен танымдық үрдістер, яғни «имманенттік детерминанттар»; 2) осы тіршілік иесінің белгілі бір стимул мен белгілі бір бастапқы қалпының өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасқан мақсаттары мен танымдық «қабілеттері», яғни «қабілеттер»; 3) белгілі бір жағдайларда қалыптасатын «бейімделуші әрекеттер»;
  • мінез-құлық когнитивтік (танымдық) аспектілері көртышқандармен жүргізілген тәжірибелер дәлелдейді: көртышқан нақты бір шытырман жолдарға тап болса, келесі жолы сол шытырман жолдарға жіберілгенде оның мінез-құлқы сенімділікпен және нақтылықпен ерекшеленеді;
  • тіршілік иесінде үйрету нәтижесінде белгілі бір жағдаятқа ыңғайлайтын «когнитивтік карта» қалыптасады;
  • кез-келген мінез-құлық актісін толық сипаттама арқылы анықтау мыналардан тұрады: а) оны бағыттайтын мақсатты нысандар; ә) мақтатқа жетудің құралы ретінде қолданылатын нысандарға айрықша сипаттағы қатынас; б) мақсатқа жету құралы ретіндегі нысандарды таңдаудағы салыстырмалы таңданымпаздық;
  • Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru «стимул-реакция» (S Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru R) сызбасы тар болып табылады, сондықтан да оған S Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru R арасына кірігіп кететін (S Мінез-құлық психотерапиясы - student2.ru V R) ішкі өзгермелі құбылыстарды (intervening variables);
  • мінез-құлық бірлігіне когнитивтік өзгермелілерді (когнитивтік карта, «күтулер, «болжамдар», «гештальт- белгілер») арқылы бағытталатын мақсаттың маңайында шоғырланған бұлшықет қимылдарын қолданушы мақсатқа бағытталған акт болып табылады.

Мінез-құлық психотерапиясы

Мінез-құлық психотерапиясының бастауын австралиялық психотерапевт Джозеф (Иозеф) Вольпенің (Wolpe) 1958 ж. шыққан «Психотерапия реципрокным торможением» атты кітабымен байланыстырады. Кейінірек, 1973 ж. «Практика поведенческой терапии» еңбегі жарияланды.

Наши рекомендации