Азіргі қазақ әдебиеті

«Абай жолында» Әбіштің денесін Алматыдан Семейге қалай жеткізеді?Тері былғарыға тігіп, табытқа салады

«Абай жолында» Базаралы үшін Нұрғанымға су бермей қоятын кім?Оспан

«Абай жолында» Базаралыға киім тігуді Нұрғанымға тапсырған кім?Құнанбай

«Абай жолында» Бөжей қайтыс болғанда оның үйіне қандай ту байланады?Бір жағы ақ, бір жағы қара ту

«Абай жолында» Құнанбай Меккеге аттанғанда қасында кім болады?Ызғұтты

«Абай жолында» Құнанбайға мына сипаттаманы кім береді: «Құнанбайдың шешендіктен гөрі басқарақ түкпірі бар жан сияқты. Оңай жан емес, қабат-қабат шың сияқты».Абай

«Абай жолында» қырт атанған адам кім?Жұман

«Абай жолында» мына мінездеме кімге берілген: «Қалың дәулет пен әмір, билік иесі. Жасқа да көп туысынан өзі үлкен, неше қабат бәйбіше-тоқал боп жатқанымен, араларындағы араздықты жойып отырады. Араздық ұстағанын әлденеше рет пайдадан, олжадан қалдырып, жазалап отырып, өз ырқына көндіреді».Құнанбай

«Абай жолында» мына сөздерді кім айтады: «Дәурен ұзаған сайын ақырзаман белгісі айқындай бермек. Адам құлқы өзгеріп, азғындай түседі».Құнанбай

«Абай жолында» мына сөздерді Шұбарға кім айтады: «Мынау жалпақ төбелер үстіне кіргізбей сен екеумізге етігін күзеттіріп қойды-ау!»Базаралы

«Абай жолында» мына сөзді кім айтады: «Жауызға айтқан жақсы сөз – суға жазған сертпен тең емес пе?»Абай

«Абай жолында» мына сөзді кім айтады? «Адамның қай мінезі қасиеті болса, сол міні де болады. Жақсылық – кісінің айнымас табандылығында деп білемін».Құнанбай

«Абай жолында» Оразбайды арбаға таңып әкелетін кім?Оспан

«Абай жолында» Тәкежанның 800 жылқысын айдап кеткен кім?Базаралы

«Абай жолындағы» Әйгерімнің әкесінің аты?Бекей

«Абай жолындағы» Құдайбердінің ұлдарын ата?Шәке, Шұбар, Нұртаза

«Абай жолындағы» Құнанбай бір шешеден нешеу?Жалғыз

«Абай жолындағы» Майбасар Құнанбайға қандай туыс?Тоқал шешесінен туған інісі

«Абай жолындағы» мына үзінді кімнің өліміне байланысты: «Ешбір қыбыр еткен белгі, қиналған шырай байқатқан жоқ. Көптен бері барлық пен жоқтық арасында жатқан аяулы жан өмір шегінен баяу ғана, ақырын ғана жылжып өтіп кеткендей»Әбіш

«Адамға табын, жер енді» поэмасының авторыО.Сүлейменов

«Ақын өлімі туралы аңыздың» авторы:Қ.Аманжолов

«Жан пида» кімнің туындысы?Ш.Айтматов

«Қар қызы», «Өз отыңды өшірме», «Өліара» атты шығармалардың авторы?О.Бөкеев

«Өмір және поэзия» монографиясының авторы кім?Ә.Тәжібаев

«Өмір сүргім келеді» деп аталатын шығарманың авторы кім?Б.Бұлқышев

«Танакөз» поэмасының авторы қай ақын?М.Шаханов

1941-1945 жылдардағы әдебиет сипаты.Адамзат жауына қарсы ерлік күрес батырларын бейнелеу.

XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы әдебиеттің басты өзгешеліктеріӘдебиеттің сыншыл - реалистік бағытты дамытып, саяси-әлеуметтік және төңкерістік өзгерісті бейнелеуге бет бұруы.

Ақан сері туралы шығарма жазған авторлар?І.Жансүгіров, С.Жүнісов

Асты сызылған сөздер көркемдегіш құралдың қай түрі?Арқаға аяқ салып түскен барып,Екі оттың - орыс, қытай арасына.М. Жұмабаев. "Батыр Баян".Метафора.

Асты сызылған сөздер көркемдегіш құралдың қай түрі?Жапанда аға - іні: Баян - Ноян-Алып кеп көз алдына Ай мен Күнді.Дұрысы - күміс күлген күндіз бененТүнерген қара бұлттай қара түнді.Күрделенген метафора.

Асты сызылған сөздер көркемдегіш құралдың қай түрі?Шалқыған махаббат - от аспанға өрлеп. М. Жұмабаев. "Батыр Баян".Метафора.

Асты сызылған сөздер көркемдік тәсілдің қай түріне жатады?Қомағай қара топырақ бүлкіл қағып,Асығып екі жастың қанын ішті.М. Жұмабаев "Батыр Баян"Кейіптеу.

Ә.Кекілбаевтың шығармасы:«Аңыздың ақыры»

Б. Майлин туындыларындағы қазақ кедейінің бейнесі.Дайрабай, Мырқымбай, Күлтай, Бекберген.

Б. Майлиннің "Шұғаның белгісі" повесіндегі шиеленіс.Әбдірақман мен Шұғаның бір-біріне ғашықтығы, Айнабайдың өшігуімен Әбдірақманның түрмеге отыруы.

Б. Майлиннің "Шұғаның белгісі" повесінің сюжетіндегі байланыс.Шұғаның Әбдірақманды тұңғыш көруі.

Б. Майлиннің "Шұғаның белгісі" повесінің тақырыбы.Махаббат жолындағы қасірет.

Б. Майлиннің "Шұғаның белгісіндегі" шешім.Шұға өлімі.

Б.Майлиннің "Неке қияр" күлкілі драмасындағы Кеңес өкіметі шындығы.Сұмпайылықты, содырлықты күйттеп, сұрқиялықпен ауылға ылаң салушылықты сипаттау.

Б.Майлиннің "Раушан - коммунист" әңгімесінің идеясы.Заман жаңалығына байланысты сана-сезімі ояна бастаған қазақ әйелдерінің жиынтық бейнесін жасау.

Б.Майлиннің "Шұғаның белгісі" ұзақ әңгімесінің қаһармандары.Әбдірақман, Шұға, Қасым.

Бас қаһарманы – қазақ халқы, сюжеті – халық тарихы, формасы –ақындық толғауға негізделген халық монологы түрінде жазылған Ж.Молдағалиевтің поэмасы«Мен-қазақпын»

Басты қаһарманы Ораз Мұхаммед тағдырымен байланыстырыла, ХҮІ ғасырдың соңы мен ХҮІІ ғасырдың бас кезіндегі оқиғалар қай туындыда суреттелген?М.Мағауин «Аласапыран»

Ғ.Мұстафин әйгілі тары өсіруші бейнесін қай шығармасында сомдайды?«Шығанақ»

Есеней Ғ.Мүсіреповтің қай шығармасының кейіпкері?«Ұлпан»

Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романының жанрыПсихологиялық.

Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романының идеясыҚазақ қызының оқу - біліммен қиындықты жеңуі.

Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романының қаһармандарыАқбілек, Балташ,Төлеген.

Ж. Аймауытовтың "Қартқожа" романындағы Қартқожа бейнесіХалық тағдыры жолындағы күресте өсіп - жетілген ауыл азаматы.

Ж.Аймаутовтың "Ақбілек" романында Ақбілек жаудан қашқанда жолыққан адам кім?Дуана.

Ж.Аймауытов шығармашылығының басты бағытыЖазушы, драматург, аудармашы, әдебиет сыншысы.

Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романында Ақбілекті ақтарға ұстап беруші кім?Мұқаш.

Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романында Ақбілектің жары кім?Балташ.

Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романында характер ашуда қолданған әдісі.Сипаттау, ішкі монологтар, писхологиялық параллелизм.

Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы Ақбілек бейнесіТағдыр тәлкегіне түсіп, оқу арқасында бақытына жеткен қыз.

Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романының оқиға желісіндегі
байланысты көрсет.Мұқаштың ауылға жау әкелуі.

Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романының оқиға желісіндегі
шиеленісті көрсет.Ақбілекті жаудың алып кетуі, аяғы ауыр болуы.

Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романының тақырыбыАзамат соғысы ылаңы.

Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романының шешімі.Ақбілектің іздеген мұратына жетуі.

Ж.Аймауытовтың "Күнікейдің жазығы" повесінің тақырыбы.Қазақ әйелінің тағдыры.

Ж.Аймауытовтың "Мансапқорлар" пьесасының кейіпкерлері.Қасқырбай, Мүсілім, Күләндә.

Ж.Аймауытовтың "Мансапқорлар" пьесасының проблемасы.Қазақ ел билеушілері арасындағы шенқұмарлық.

Қ. Аманжоловтың өлеңдерін көрсетіңіз«Үстімде сұр шинелім», «Орал»

Қ. Аманжоловтың өмір сүрген жылдары1911-1955

М. Әуезовтың драмалары."Абай", "Еңлік-Кебек", "Түнгі сарын", "Қобыланды батыр", "Қаракөз".

М. Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасының қаһармандарыБаян, Ноян, қалмақ қызы,Абылай хан.

М. Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасының оқиға желісіндегі шарықтау шегін көрсет:Баянның екі жасты өлтіруі.

М. Жұмабаевтың "Батыр Баянына" тақырыптас шығарманы
көрсетіңізГогольдің "Тарас Бульба"повесі.

М. Жұмабаевтың махаббат лирикасы"Сен сұлу", "Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін",
"Сүйгенім анық","Гүлсім ханымға"

М. Жұмабаевтың Шығыс пен Батыс елдері туралы философиялық қуатты өлеңдері"Пайғамбар","Тәңір", "Орал","От".

М.Әуезовтің "Абай жолында" Абай жатақтарды Құнанбай қорығына қай кезде паналатады.Қысқы жұтта.

М.Әуезовтің "Абай жолында" Абай қашан ауызға алына бастады?Бөжей асында.

М.Әуезовтің "Абай жолында" Абай мына сөздерді кімге айтады? «Тіршілік деген, дүние деген, менің аңдауымша, өзінің осы күні-түнімен бір оралып жатқан ала жылан ғой. Ол оқ жылан бірде соғады,бірде шағады. Сөйтпек оның болмысы ғой!»Павлов.

М.Әуезовтің "Абай жолында" Құнанбайға "Берік, берік! Бүйрегі без емес, тас болар!" деп мінездеме берген кім?Алшынбай.

М.Әуезовтің "Абай жолындағы" Абай мен Тоғжанның соңғы кездесуі.Абайлар аңға шыққанда.

М.Әуезовтің "Абай жолындағы" Мұсақұл соғысының себебі?Құлыншақтың Майбасарды сабатып жіберуі.

М.Әуезовтің "Абай жолының" бірінші кітабының құрылысы?Айналмалы.

М.Әуезовтің «Абай жолындағы» Құнанбай қай рудан?Ырғызбай

М.Жұмабаев "Батыр Баян" поэмасындағы оқиға желісіндегі шиеленісті көрсетНоян мен қалмақ қызының бір - біріне ғашық боп, елден
қашуы.

М.Жұмабаев романтизміне тән ерекшелікТұспалдау арқылы қоғамға наразылығын білдіреді.

М.Жұмабаевтың "Батыр Баянына" "симфониялық жыр" деп баға берген кім?Ә. Тәжібаев.

М.Жұмабаевтың "Жүсіп хан" поэмасы кімнің шығармасымен үндес?М. Ахундов.

М.Жұмабаевтың "Мені де, өлім, әлдиле" өлеңі орыс ақындарының қайсысымен үндес?Бальмонт.

М.Жұмабаевтың "Оқжетпес қиясында" поэмасының идеясы.Тәуелсіздік ерлерін жоқтау.

М.Жұмабаевтың "Оқжетпес қиясында" поэмасының тақырыбыТәуелсіздігі үшін күрескен ерлер туралы.

М.Жұмабаевтың "Шолпанның күнәсі" әңгімесіндегі Шолпан бейнесіЕрлі - зайыптылық бақыт жолындағы құрбан.

М.Жұмабаевтың "Шолпанның күнәсі" әңгімесінің жанрыПсихологиялық.

М.Жұмабаевтың "Шолпанның күнәсі" әңгімесінің тақырыбыӘйел тағдыры туралы.

М.Жұмабаевтың аудармаларын көрсетіңіз:"Жұртын сүйген жүрек", "Сұңқар жыры", "Хан мен ұлы".

М.Жұмабаевтың сталиндік қуғын - сүргінді әшкерелейтін
шығармасы"Жүсіп хан".

М.Жұмабаевтың табиғат лирикасына тән ерекшелікТабиғат пен адам жан дүниесі бірге өріліп, астасады.

Мөңке, Рай, Қален, Сүйеу – бұлар қай романның кейіпкерлері«Қан мен тер»

Мұхтар Әуезов драмаларының қаһармандары.Тәнеке, Жантас, Еңлік, Кебек, Қобыланды.

Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" шығармасының тақырыбы.XIX ғ-ң екінші жартысы мен XX ғ. басындағы әлеуметтік тартыс, өмір шындығы.

Мұхтар Әуезовтің алғашқы әңгімелерінің тақырыбы.Қорғансыз, жартылай қараңғы халық өмірінің шындығы.

Мұхтар Әуезовтің қазақ болмысы жайындағы драмалары."Еңлік- Кебек", "Түнгі сарын", "Қобыланды батыр".

Мына өлең жолдары А. Тоқмағамбетовтың қандай сатиралық шығармасынан алынған? Түнімен ұйықтап түсте тұрады. Кейде сағат үште тұрады. Бір-екі сағат жуынып жүреді. Үйдің апшысын қуырып жүреді.«Желіккен жеңгейлерге»

Мына өлең жолдары Қ. Аманжоловтың қай шығармасынан алынған?Өмір гүлін жаншып, таптап. Шаштан сүйреп махаббатты Жерімізде жындай қаптап, Найзаға іліп ар-ұятты, Келе жатты сұм жендеттер.«Ақын өлімі туралы аңыз»

Нәдір пері, Шайлан, Қақаман М. Жұмабаевтың қай
поэмасының кейіпкерлері"Қойлыбайдың қобызы".

Партизандар тақырыбына қалам тартқан ақынЖ.Саин

С.Сейфуллиннің "Көкшетау" поэмасы қаһармандарының ізгілік сипаты.Хандар мен билер заманындағы ел жоқшысы болған ерлер туралы. Әділетсіздік пен әділеттің күресі, халықтар достығы мен
адамгершілік мұраты.

С.Сейфуллиннің "Сыр сандық" лирикалық толғауының тақырыбы.Шынайы, адал достық.

С.Сейфуллиннің "Тар жол, тайғақ кешу" романының жанры.Тарихи-мемуарлық.

С.Сейфуллиннің ұжымдық шаруашылықты сынауы."Қызыл ат" поэмасы.

С.Сейфуллиннің шығармашылық ерекшелігі.Төңкерісшіл бостандық пен азаматтықтың жаңашыл
жыршысы.

Сейфуллиннің сыршыл жырларының қаһарманы.Төңкерісшіл күрескерлер, жаңашыл жастар, мөлдір махаббат иелері.

Т.Ахтановтың қай шығармасында қарапайым еңбекші Қоспан тағдыры бейнеленген?«Боран»

Т.Жароковтың «Тасқын», «Тасқынға тосқын» поэмаларының негізгі тақырыбыАпат кезіндегі адамдардың ерлігі

Т.Рысқұлов жайындағы романдардың авторы кім?Ш.Мұртаза

Төмендегі үзінді қай ақынның өлеңінен алынған?«Поэзия менімен егіз бе едің?Сен мені сезесің бе, неге іздедің?Алауыртқан таңдардан сені іздедімҚарауытқан таулардан сені іздедім»М.Мақатаев

Ұлпанның қызының аты кім?Бішікен-Бібіжиһан

ХХғ. 20-30 жылдардағы кеңес әдебиетінің басты тақырыптық -идеялық бағыттарыЕңбекшілерді күреске, бостандық - теңдікке шақырған
шығармалардың тууы және әдебиеттің жаңа кейіпкерлерін
жасау.

І. Омаровтың Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған өлеңін көрсетіңіз«Ер арманы»

І. Ормановтың өмір сүрген жылдары1907-1978

І.Есенберлиннің тарихи тақырыпқа жазылған романын көрсетіңіз?«Қаһар»

І.Жансүгіровтың "Гималай" жырының идеясыОтаршылдық құрсауындағы Шығыс елдерін азаттық күреске күш біріктіруге үндеу.

І.Жансүгіровтың өнер адамдары туралы жырлары."Домбыра", "Бұлбұлға", "Әншіге".

І.Жансүгіровтың шығармашылық ерекшелігі.Халық өмірі мен өнерінің аса қымбатты ақыны.

Наши рекомендации