Зейіннің қасиеттері

Зейінге бірнеше қасиеттер тән, олардың ішіндегі негізгілеріне: ауыспалылығы, орналасуы, көлемі, күші мен тұрақтылығы, шоғырлануы жатады.

Осы қасиеттердің байқалу және көріну дәрежесіне қарай жекелеген адамдардың зейінінің белгілі бір жағымды және жағымсыз сапалары анықталады.

Зейіннің ауыспалылығы- бұл зейіннің бір нысанадан екінші нысанаға, бір іс-әрекеттің түрінен екінші іс-әрекеттің түріне ауысуы. Мәселен, кітап оқудан шәкірт өз зейінін, суреттерді көруге, одан өз ойын айтып беруге көшуі мүмкін. Шәкірттер өз зейінін бір пәнді оқудан, екінші пәнді оқуға, онымен жұмыс істеуге ауыстыруы мүмкін. Тарихтан-математикаға, әдебиеттен-қазақ тіліне және т.с.с. Зейіннің ауысуы ерікті және еріксіз іске асады. Зейіннің ауысуының жүйкелік-физиологиялық негізі бас ми қыртысының негізінен екінші сигнал жүйесінің шақыруымен қозудың оптимикалық орталығының ауысуы болып табылады.

Зейіннің ауысуы кей жағдайларда қиыншылықтарға байланысты: кейде бұрынғы нысанадан жаңа іс-әрекетке кірісу қиындық туғызады. Зейіннің ауысуының қиындығы мен жеңілдігі әр түрлі себептерге байланысты. Осындай себептерге жататындары бұрынғы және кейінгі іс-әрекеттің мазмұнының арасындағы байланыстың болуы мен болмауы. Осы байланыс болған жағдайда зейін жеңіл, тез ауысады. Зейіннің ауысының жеңілдігі мен қиындығының себебі сонымен қатар адамның қатынасы, зейін нысанына қызығудың болуы мен болмауы жатады. Егер де адам бұрынғы нысанына өте қызыға зейін салса, кейінгі нысанына қызығуы әлсіз болса, ондай жағдайда бұрынғы нысанының зейінді аударуы қиынырақ болады және зейіннің ауысу үрдісі жай іске асады. Керісінше, егер де кейінгі нысаны бұрынғыға қарағанда өте қызықты, тартымды болса, онда зейіннің ауысуы ешқандай қиындықсыз іске асады. Тез ауысуға қабілетті зейін бағалы болып есептеледі. Зейіннің бұл сапасының арқасында адам қоршаған жағдайды тез бағдарлай алады, өзгерген жағдайда әр түрлі элементтердің мәнін тез ескере және анықтай алады.

Іс-әрекет үрдісінде зейін тек бір ғана нысанаға бағытталып қана қоймайды, сонымсн қатар екі немесе үш нысананы қамтиды. Біздің зейініміз жекелеген іс-әрекет түрлерінде орналаса алады.

Бір ғана нысанаға бағытталған зейінді зейіннің шоғырлануыдейді. Мәселен, біздің зейініміздің шоғырлануына инені жіппен сабақтау, қолмен тігін тігу, математикалық есептерді шығару, студенттің лекцияны тыңдауы мысал бола алады.

Зейіннің орналасуыдегеніміз адам зейінінің белгілі бір күрделі жұмыс үрдісінде бірнеше нысанаға (екі, үш) бағытталуын айтады. Мәселен, трамвай жүргізушісі өз жұмысының барысында зейінін дұрыс орналастыра білуі керек, бір уақытта жол жүрушілердің, автомобилдердің және басқа трамвайлардың қозғалысын, сонымен қатар мотордың дыбысын және кондуктордың сигналын байқап отыруы керек. Сол сияқты жүргізуші де өзінің зейінін осылай орналастыруы қажет. Мұғалімге де сабақты түсіндіру кезінде шәкірттердің мінез-құлқына, тәртібіне, көрнекі құралдарды көрсетуге, тақтаны дұрыс пайдалануға өз зейінін орналастыра білуі керек.

Шоғырлану және орналасу кез-келген зейіннің қасиеті болып табылады. Сонымен, зейіннің орналасуын тез арада зейіннің бір нысаннан екінші нысанға тез ауысуы деп түсінуіміз керек. Юлий Цезарь туралы мынадай әңгіме сақталған. Ол бір уақытта бірнеше күрделі жұмысты орындай білген: жаза, оқи, тыңдай білген және сөйлей білген. Психологиялық тұрғыдан мұндай құбылыс мүмкін емес. Юлий Цезарь тез арада зейінін бір нысаннан екінші нысанға ауыстыру қабілетін меңгере білген талантты ғұламалардың бірі болды. Өз талантының арқасында ол өз зейінін бір уақытта іс-әрекеттің төрт түрлі түріне шоғырландыра білді.

Мынадай да жағдай әркімге белгілі: адам тыңдайды (дәріс баяндама) сонымен қатар белгілі бір басқа құбылыстар туралы қиялдайды, ойлайды, кітап оқиды. Бұл жағдайда зейін тез арада бір нысаннан екінші нысанға ауысады (лекция тыңдаудан кітап оқуға).

Зейіннің көлеміөте шектеулі уақыттың ішінде зейіннің қамтыған нысандарының санымен сипатталады. Адам зейінінің көлемі бірдей бола бермейді. Кейбір адамның зейінінің көлемі кең болса, кейбіреулердікі өте тар болады.

Зейіннің көлемі бір мезгіл ішінде бірнеше нысанды қабылдай алуға байланысты.

Көлеміне қарай зейін тар немесе кеңболуы мүмкін. Эксперимент жағдайында зерттелушіге бір уақытта қабылдау үшін әр түрлі әріптерді, сөздерді, заттарды, фигураларды ұсыну арқылы зейіннің көлемі анықталады.

Зерттеуші неғұрлым көп нысанды қамтыса, соғұрлым сол сәтте оның зейіні кең келеді. Зейіннің көлемін анықтау үшін тахистоскоп деп аталатын ерекше аспап қолданылады. Осы аспаптың көмегімен көру арқылы қабылданатын нысандарды тез арада экран арқылы көрсетуге болады және аз уақыт өткеннен кейін экран жабылып қалуы мүмкін.

Тахистоскоп арқылы жүргізілген тәжірибенің нәтижелері көрсеткендей, ересек адам бір уақытта зейіні арқылы үштен алтыға дейін бір-бірімсн өзара байланыссыз нысандарды қамти алады.

Бірақ қабылданатын нысандар мағынасы жағынан байланысты, егер бұл нысандар тұтастық элементі болса, онда олар сан жағынан көп көлемде зейін арқылы қамтылуы мүмкін.

Мәселен, егер тахистоскопта бөлшектелген әріптер емес, ал 3-4 әріптен тұратын сөздер көрсетілетін болса, онда сауатты адам 3-4 сөзді қабылдайды, демек, 9-дан 16-ға дейін әріпті, сондықтан сауатты адамдар жекелеген әріпті оқып қоймайды, ол бірден тұтас сөздерді оқиды. Эксперименттік зерттеулерде зейіннің көлемі тахистоскоп арқылы және зейіннің кейбір дара ерекшеліктері анықталған.

Зейіннің көлемінің кеңдігі, қабылдаудың дәлдігі мен бірігуі жағымды қасиет болып табылады. Зейіннің кеңдігі, мәселен, педагогке сабақ кезінде қажет: педагог өзінің көзінің қырында сыныптағы барлық шәкірттерді ұстауы қажет.

Зейіннің ерекше негізгі қасиеттеріне оның күші мен тұрақтылығыжатады. Зейіннің әр түрлі дәрежеде күші болады, ол күшті және әлсіз болуы мүмкін, зейін неғұрлым күшті болса, соғұрлым нысанаға көп шоғырланған болады. Тахистоскоп — грек сөзі қазақша тез, жылдам қарапайым мағынасында қолданылады. Сырттай қарағанда, зейіннің күші туралы негізінен зейіннің бөліну дәрежесіне қарай бағалауға болады. Мәселен, егер шәкірт әр түрлі, тіпті әлсіз, таныс емес тітіркендіргіштерге жауап беріп отырады (бұрылып қарайды), карандаштың жерге түскенін, көршінің әңгімесін, дәліздегі дыбыс және т.б. бұл оның зейінінің сол сәттегі әлсіздігін білдіреді. Егер де шәкірт осы бөтен тітіркендіргіштерді ескермесе, толықтай белгілі бір жұмысқа зейінін шоғырландырса, шәкірттің зейіні күшті деп есептейміз.

Өте әлсіз зейінді алаңғасарлықдеп атайды. Алаңғасар адам белгілі бір нысанға зейіннің шоғырлануына қабілеті болмауымен сипатталады. Алаңғасар адамның зейіні еріксіз бір нысаннан екінші нысанға ауысып отырады, олардың бір де біріне тұрақтамайды. Алаңғасарлық жағдайды мектеп оқушыларының өмірінен байқауға болады. Алаңғасарлық үлкен адамдарда да кездеседі, мәселен, шаршағанда, жүйке ауруларымен ауырғанда байқалады. Мектепте алаңғасар шәкірттер кездеседі. Олар әр уақытта бір орнында отыра алмайды, бірде-бір нысанға зейінін жинақтай алмайды.

Зейіннің тұрақтылығы.Зейін тұрақты және тұрақсыз болуы мүмкін. Тұрақты зейін дегеніміз ұзақ уақыт бойына белгілі бір нысанда зейінін шоғырландыра білуді айтады. Егер белгілі бір іс-әрекет үрдісіндс зейін қысқа мерзімнің ішінде басқа қажет емес заттарға бөлінсе, тез арада әлсірейді және сөніп қалады, осындай зейінді тұрақсыз зейіндеп атайды. Шәкірттің зейінін тұрақты деп сол уақытта айта аламыз, егер ол бүкіл сабақтың бойына зейінін сабаққа аударып, ешқандай алаңдамай, мұғалімнің барлық айтқанын тыңдап отырған жағдайда.

Егер шәкірт оқытушының түсіндіргенін зейін қойып, тыңдайды, бірақ 10-15 минуттан кейін басқа іспен айналысады немесе бірдеңе туралы ойлайды. Осындай зейінді тұрақсыз зейін деп атаймыз. Зейіннің тұрақтылығы оның қандай түрі еріксіз және ерікті болуына байланысты, сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен сипатына байланысты зейін әр түрлі бағаланады.

Зейіннің күші мен тұрақтылығы әр түрлі жағдайларға байланысты: зейіннің нысанының мазмұндылығына, іс-әрекетке, жұмыс жасалып жатқан жағдайға, сезімдерге, адамның ерік-жігеріне және оның қызығуына байланысты.

Зейіннің дамуы мен тәрбиеленуі. Баланың зейіні өте ерте байқала бастайды, өмірінің алғашқы айларында-ақ аңғарылады. Алғашқы кезде еріксіз зейін байқалады. Жас ерекшелігіне байланысты балалардың ойын әрекетінде, тәрбиенің ықпалымен еріксіз зейін дами бастайды, оның дамуы сезімдерінің, қажсттіліктердің және қызығуларының дамуымен байланысты.

Еріксіз зейін адам іс-әрекетінің барлық түрлерінде ерекше орын алады. Оның ішінде, еріксіз зейіннің оқу үрдісінде мәні зор. Еріксіз зейін арқылы оқу материалын меңгеру жеңілдейді, ол шәкірттердің шаршауын болдырмау арқылы іске асады. Ерікті зейінді қолдауға көрнекілік, оқытудың әсерлігі, оқылатын материалдың мазмұнына қызығуды ұйымдастыру, жаңа хабарлайтын материалдың шәкірттердің бар білімдерімен байланысы.

Бірақ бүкіл оқу үрдісін тек қана еріксіз зейінге құруға болмайды. Оқу жұмысы және жалпы адамзат әрекетінің барлық түрлері негізінен ерікті зейін арқылы іске асады.

Зейіннің дамуы жекелеген шаралардың нәтижесінде жекелеген тәсілдерді қолдану жолымен емес, мектептің бүкіл оқу-тәрбие жүйесінде іске асады. Зейінді тиімді тәрбиелеу төмендегі негізгі шарттарға байланысты:

1. Бала әр уақытта кез-келген іс-әрекетте, кез-келген жұмысты орындауда зейінді болуға тиісті, әр уақытта да тек қана зейін қойып жұмыс істеу қажет.

2. Мектеп оқушыларын кез-келген жағдайда жұмыс істеуге үйрету, зейінді жаттықтыру.

3. Баланы сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетте зейін қоюға үйрету.

4. Зейінді болу әдетіне тәрбиелеу, зейінділік мінез-құлықтың үйреншікті түрі болуы тиіс.

Мұғалім әрбір шәкірттің зейінінің дара ерекшеліктерін білуі керек. Әрбір шәкірттің немесе бүкіл сыныптың кемшіліктерін жою туралы белгілі міндеттер қоюға болады. Зейіннің кемшіліктерін тудырған себептерді білу қажет және тек қана сол уақытта кемшіліктерді жойып, зейінді тәрбиелеуге болады.

Мұғалім әр уақытта да зейінді болуы қажет және өз үлгісінде мектеп шәкірттерін үйрету керек. Мұғалімнің зейінді тәрбиелеу туралы бір жүйелі жұмысы әр уақытта да жағымды нәтиже береді; шәкірттермен кез-келген жұмысы зейін салып орындау әдетін дамытады.

Дәрісбаян.

Жоспары:

Ес

1. Ес туралы жалпы түсінік және теориялар.

2. Естің түрлері.

3. Адамдардың даралық және психологиялық ерекшеліктеріне орай естердің түрліше сипатта болуы.

4. Ес үрдістері және оның түрлері.

5. Естің дара ерекшеліктері.

6. Есті дамыту және тәрбиелеу.

Біздің түйсінген және қабылданған заттарымыз бен құбылыстарымыз ізсіз жоғалып кетпейді, бірақ белгілі дәрежеде есте қалдырылады, бекітіледі, есте сақталады және қолайлы жағдайларда немесе қажет болған кезде қайта жаңғыртылады.

Сонымен қатар біздің ойымыз, сөйлеуіміз, бастан кешкен сезімдеріміз бен әрекеттеріміз бекітіледі, одан кейін бастан кешкен сезімдеріміз бен әрекетттеріміз қайта жаңғыртылады. Бұл әрбір адамға күнделікті тәжірибеден белгілі. Мәселен, мектепте әр түрлі ғылым негіздерінен берілген білімді шәкірттер есте сақтайды және қайта жаңғыртады.

Наши рекомендации