Тіс ұнтақтары, сықпалары, гельдері, кремдері.
Тістерді жұмсақ тіс жұғындыларынан механикалық тазарту үйкелеу әсеріне негізделген, ал абразивтерді – қатты бөлшектерді - қолдану ауыз қуысы гигенасының қажет құрам бөлігі болып табылады. Тіс щеткасының әсерін модифицерлеуші және толықтыратын абразивті заттарға – тіс ұнтақтары, сықпалар, гельдер мен кремдер жатады.
Тіс ұнтақтары - негізінен абразивтен құралатын препарат. Тісті тазартуға қаттылығы жұмсақ тіс жұғындылары құрылымын бұзатын, бірақ ауыз қуысы тіндерін зақымдамайтын абразивті заттар қажет. Сондықтан әртүрлі уақыттарда адамдар тісті тазалау үшін көмір, бор, қабыршағын, көбікті, сепияны, каракатица «сүйегін», ұнтақ әйнекті, күлді, ас тұзды қолданады.
Тіс ұнтақтардың өнеркәсіп өндірісі 1857 басталады. Лион 1860 ж. ұсынған сабын қоспалары бар бор мен құралатын тіс ұнтағы 1940 ж. дейін танымалдыққа ие болды. Ұнтаққа кораптарға және пакеттерде сатылады. Тістерді тазарту үшін тіс щеткамен сылап, оны ұнтаққа аунатып, щеткаға бекіген массаны тазартатын беткейге апару керек болады. Ұнтақтар қолдану жағынан ыңғайсыз, бактериологиялық көзқарас жағынан қарастырғанда жиі эмальдың жұқаруына әкеліп соқтыратын проблемаларға ие. Ұнтақтардың сатылудағы ең үлкен жетістігі қымбат емес бағасы болуында.
Тіс сықпалары, гельдер мен кремдер. ІSO 16090–мен тұрғындар үшін тістердің қол жетімді беткейлерін тазарту үшін арнайы дайындалған заттар және заттар жиынтығы деп анықталады. Сықпаның ізашарлары б.з.д. ХХІІ-VIII ғғ-да құрамына балдан басқа, өсімдік майлар мен мирралардан басқа ашудастар да кіретін бальзамдарды деп есептеуге болады. Сықпаның қазіргі кездегі түрде өндірілуі оларға алюминийді тубалар жасап шығарылғаннан кейін мүмкін бола бастайды. Тіс сықпаның формуласында құрам бөліктерінің мынадай қатары бар:
1) абразивті заттар (5-50%);
2) ылғалды ұстап тұратын заттар (20-30%);
3) су ( 20- 30%);
4) байланыстырушы заттар (1-2%);
5) детергенттер (1-3%);
6) аромат беруші және дәмдік қоспалар (1-2%);
7) консерванттар (0,05-0,5%);
8) терапиялық қоспалар (0,4–1,0%).
Сықпаның негізгі әсер етуші бастауы - абразивті тазарту және тегістеу үшін қолданылатын заттар келесі талаптарға сәйкес келуі қажет:
· күш салатын қаттылық диапазоны бар болуы керек;
· химиялық иннертті болуы керек;
· сықпаның басқа компоненттеріне қатысты төменгі адсорбциялық қабілетке ие болуы керек;
· жақсы шайылуы керек;
· жағымды тактильді сезімдер туғызуы керек;
Абразивтердің тактильді қабылдануы оның бөлшектерінің өлшемімен анықталады: Mohs шкаласына сәйкес, диаметрі 100 мкм бөлшектер жұмсақ бор тәрізді сезімді, ал 1000 мкм - құмдық сезімді, 10000 мкм – ірілік сезімді жасайды. Тұтынушы таңдауын ескеріп, сықпа өндірушілер ұсақ дисперсті абразивтерді қолдануға ұмтылады.
Абразивтердің қаттылығы бірнеше әдістермен анықталады. Бірнеше абразивтерді салыстыруға мүмкіндік беретін қарапайым әдіс стандартты щеткалар көмегімен белгілі уақыт мерзімінде осы заттармен қырылған акрильді пластинканың бұдырлығын визуальды бағалау болып саналады.
Абразивтердің бұдан қатаң болуын RDА шкаласы бойынша стандартизациясын жүргізеді. Дентин үлгісін абразивтердің қырылуы тартады, мұнда жоғалған дентин санын реактивті фосфоры бойынша есептелінеді.
Балаларға арналған сықпалар RDА бойынша 20-дан 30-ға дейінгі қаттылықтағы, ал ересектерге арналған сықпалар – 80-нен 100-ге дейін RDА, темекі тартатындар үшін -120-дан 150-ге дейін RDА абразив құрамында болуы керек.
1920 дейін бор сықпалар өндірісінде қолданылған жалғыз абразив болып табылады. Оның танымалдылығы абразивтердің жоғары қасиеттерімен (60-тан 120-ға дейін RDА Mohs шкаласымен) және табиғи шикізаттардың арзан бағасынан түсіндеріледі. Бірақ 1930 ж. ғалымдар баланың тістері үшін борлардың абразивті тым жоғары деген шешімге келді және де табиғи материал болғандықтан оның улы қоспалары көп болады. Одан басқа бар сықпаға күңгірт түс береді, детергент инакивациялайды және пастаға енгізілген тез еритін фтор ион қосылыстарын жарты ғасыр шамасында сықпаның құрамына табиғи және синтетикалық абразивтердің біршама қатары және олардың қоспасы енгізіледі
· цирконий силикаты ZnSiO4;
· алюминий тотығы Al2 O3;
· дикальций фосфаты CaHPO4;
· кальций пирофосфаты Ca2 P2 O7 ;
· натрий метафосфаты (NaPO3) ;
· пентанатрий трифосфаты (триклин);
· пентакалий трифосфаты;
· дакальций фосфаты дигидрат CaHPO4 · 2H2O;
· метилметакрилат полимерлері.
Алюминий тотығы - сықпаға қатты ірімшік тәрізді консистенция беретін оның қаттылығы өте жоғары (120-150 RDА), содан кейін елдерде ұсынылатын абразивтердің тізімінен шығарылған және қолданылса тек темекі тартатындардың сықпаы үшін қолданылады. Алюминий тотығы бар сықпалардың тіс жегісіне қарсы қасиеттерін бағалай отырып, оның натрий фторидінің фтор иондары белсенділігін төмендететінін есте ұстау керек.
Дикальций фосфат дигидрат – салыстырмалы жұмсақ абразив, бірақ ылғалын жоғалту мүмкін, содан қатты бола бастайды; екі формасында да натрий фторидінен фтор иондарының белсенділігіне теріс әсер етеді.
Кремний екі тотығы - синтетикалық абразив, тұтынушыларға «silica» деп белгілі, қаттылық деңгейін өндіруші бере алатындығымен тиімді, сондықтан балалар сықпасы үшін де (10 RDА-дан), ересектер үшін де (150 RDА-дан) қолданылады. Бұл абразив сықпасының басқа компонентерінің белсенділігін төмендетпейді, жақсы көпіреді. Мөлдір бола тұра, сықпаны өндіру үшін ғана емес, гельдер үшін де қолданылады.
Абразия тек абразивтердің қаттылығымен ғана емес, оның бөлшектерінің фирмасы мен өлшемдері, оның айналасындағылардың қасиеттерімен де анықталады: сықпалардың қышқылдығы, оның тұтқырлығы және жылу өткізгіштігі. Бұдан басқа абразия щетканың сапасына, сықпамен тіс тазарту әдісіне, сілекейдің, тіс қақтарының бар болуына, тіпті тіс тінінің қажылуға төзімділігіне байланысты, сондықтан сықпаны абразивтілігіне қарай жеке таңдауды сынау және қателесу әдістерімен жүргізіледі: абразивсіз ылғал Щеткамен тістер беткейлерін тазартқаннан кейін тістер тазалығын қарайды, кейін ең жұмсақ абразивтерді қолданады (балалар сықпасы) олар тиімді болмаса, сықпаларды абразивтің өсу принципімен алмастырады, бірақ бұл кезде үлкен мұқияттылықпен мойындық зоналардың кеңістікке және жалаңаштанған тіс түбірі цементінің қауіпсіздігіне назар аударады.
Абразив ұнтағының суспензиясы өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтады. Өйткені қатты бөлшектер тез шөгеді де су буланады және перепарат тасқа айналады. Осы себептен 1930 ж. сықпалар тубасы ашылған соң қысқа қызмет жасайды. Алғашқы сықпалар өте сұйық болды, сықпадағы соңғы бөлшектерді тубадан шығару мүмкін болмады. Сықпада ылғалды ұстаушы заттар суды сақтауға көмектеседі. Олардың рөлін көп атомды спирттер атқарады: сорбитол, маннитол, глицерин (тәтті дәмді, жоғары әсерлі препарат, тіпті жоғары температурада да сықпаны құрғаудағы қорғайтын сұйық), пропиленгликоль (түссіз тұтқыр сұйық су мен спиртте жақсы ериді, бірақ өткір дәмі бар).
Гельдерде ылғалданушы заттар құрамы 80%-ға жетеді. Олардың улығығы жоқ, сондықтан микроағзалар үшін жақсы қоректік орта болып табылады. Сондықтан сықпада тағы бір компоненттің болуы қажет консерваттар, яғни микробқа қарсы заттар әдетте олар бензоаттар, дихлорафен, формальдегид болып табылады.
Сықпаның тұрақтылығы оның құрамына ылғал ортада ісінетін, тұтқыр болып келетін және сықпаның сұйық және қатты фазаларының ажырауын болдыртпайтын - дисперсті гидрофильді заттар сияқты байланыстырушы заттар қосумен бірнеше ретке жоғарылайды. Байланыстырушы заттар ретінде өсімдік шырындарынан жасалатын препараттарды (гуммиарабик, карайягум), балдырларды (ламинарийдің бура балдырларының каррагенаттар, альгинаты, теңіз ирисінің сығындылары) қолданды. Соңғы жылдары осы қажеттілікпен синтетикалық өндірілген целлюлозасын - метилцеллюлоза және карбоксиметилцеллюлоза және ксантанды шайырларды қолдана бастады. Бұл заттар тіс гельдерінің формасын келтіруші заттар болып табылады және олардың көлемінің біршама үлесін құрайды.
Қазіргі заманғы үйдегі тіс сықпасының қажет компоненті детергенттер болып табылады. Сұйық гигиеналық заттар құрамындағы ББЗ-ң атқаратын рөлінен басқа, бұл заттар сықпаға пластикалық және біртекті болуға көмектеседі. Сықпаның тістің беткейіне тез біркелкі орналасуын қамтамасыз етеді, тазарту әсерін жоғарылатады. Бірақ осы керемет заттардың сықпаны жеуге болмайтын етеді, сондықтан детергендер бар сықпаларды қолдану, тістерді тазалағаннан кейін ауыз қуысын сумен міндетті түрде шаюды талап етеді (жас балалар үшін космонов және мүгедектер үшін детергенттері жоқ сықпалар шығарады). Сұйық сықпалық заттар сияқты, сықпаның тұтыну рыногындағы тағдыры үшін мынадай мәні бар букет қажет: иісі, түсі, дәмі. Егер сықпа балаларға арналса бұл букетті өте тартымды етуге тырысады, өйткені балалар түрлі түсті жалауыт жеміс, немесе «сағыз» дәмі бар сықпаны таңдайды.
Соңғы уақытта рынокта сұйық тіс сықпалары гельдер және тіс кремдері пайдаланылады. Оларды қолданғанда әдеттегі сықпамен тісті тазартқанға қарағанда тістердің тазарту сапасы жоғары емес. Тістерді үйде тазартуға арналған тіс гельдері сықпаның құрамындағыдай компонентерге ие. Олардағы абразив ретінде кремний екі тотығы қолданылады, оның қаттылығы жоғары, сондықтан тазарту қабілеті жоғары емес гель құрылымы оның компоненттерін бір–бірінен оқшаулауға мүмкіндік беріп, кальций және фосфат иондары белсенділігін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл гельдің алдын-алу мәнін арттырады.
Абразивтерден, судан, байланыстырушы заттардан, детергенттерден, консерванттардан, тәттеуіштерден бояғыштар мен ароматизатордан құрылатын сықпалар гигиеналық деп аталады.
Соңғы жылдары гигиеналық сықпалар алып үлгереді, олардың құрамында арнайы фармакологиялық белсенді қоспалар бар. Егер емдік алдын-алу сықпасы қауіп факторларына қарсы және бір аурудың себептеріне қарсы бағытталса, оны аралас жатқызады, егер сықпадағы компоненттері қауіп факторларына және бірнеше ауру белгілеріне қатысты белсенді болса, оны кешенді сықпаға жатқызады.
Тіс жегісіне қарсы сықпаға жатқызады:
· буылтықтың өсуі мен белсенділігіне әсер ететін: антисептикалық ферменттермен, фтор қосындыларымен;
· тістің қатты тіндерінің минерализациясы мен реминерализациясына ықпал ететін: фторидтермен, кальций және фтордың еріген қосылыстары мен макро- және микроэлемент жиынтықтарымен (ремодент, ұнтақталған жұмыртқа қабығы).
Халықаралық ережелерге сай барлық сықпалар келесі талаптарға сәйкес келуі керек:
· минерализацияланбаған тіс жұғындыларына қатысты жоғары тазарту қасиеті болу керек:
· жақсы дезодорирлеуші және жаңалаушы әсері болуы керек:
· жақсы дәмі болу керек;
· құрамы тұрақты болу керек;
· жергілікті тітіркендіргіш және аллергиялық әсерлер тудырмауы қажет;
· микроағзалар өсуі мен көбеюі үшін жағдайлар жасамауы керек;
Сықпаны өндірушілер лабораториялық және клиникалық зерттеулер арқылы оның жоғарғы сапасы мен қауіпсіздігін растауы керек және осы негізінде сықпаны ел ішінде сатуға рұқсат ететін сертификат алу керек. сықпаның қорабында сықпаның құрамы, қолданылуы жайында, керек жағдайда оны қолданудағы қауіпсіздік шарттары туралы ақпарат ұсынылуы керек.