Тақырып. Тұлғаның психологиялық теорияларындағы диспозиционалды бағыт: Г.Олпорт, Р.Кеттел және Г.Айзенк
Жоспар:
1.Гордон Олпорт: тұлғаның диспозиционалды теориясы
2.Рэймонд Кеттел: тұлға қырлырының құрылымдық теориясы
3.Ганс Айзенк: тұлға типтерінің теориясы
Диспозиционалдық (ағыл. disposition- орналастырылған) теория үш негізгі бағыт «жұмсақ», «өткір» және аралық немесе формалды динамика.
«Өткір» бағыты бойынша адамның биологиялық құрылымының белгілі бір түрткісі яғни, жүйке жүйесі және ми бір жағынан, сонымен қатар тұлға қасиеттерінің көрнісінің басқаша болуы. Тұлғалық құрылыммен өткір биологиялық құрылымның өзі жалпы генетикалық факторға тәуелді. Жалпы дене конституциясы мен мінез типтерінің арасындағы байланысты неміс зерттеушісі Э.Кречмер нақтылады.
«Жұмсақ» бағыты диспозициондық теорияның тұлғаның басты, адамның ағзасының биологиялық құрылымымен байланысты болады.
Олпорт адамның әртүрлі жағдайында өзін-өзі ұстауына қатысты олардың құрылымдық ерекшеліктерін проприум деп білгіледі. Проприум ұғымы гуманистік психологиядағы «мен» деген ұғыммен жақын келеді. Оған жоғарғы мақсаттар, адамның моралдық көріністері жатады. Олпорт негізгі рөлде қоғам ойнайды деп көрсетеді. Дегенмен, адамның қасиеттері проприум ерекшеліктерінің түзілуіне әсер етеді. Олпорт дамыған проприумі бар адамды «кемелденген тұлға» деп атады.
Формалды-динамикалық бағыт негізіне отандық психологтар Б.М.Теплов, В.Д.Небылицин еңбектерінде көрсетілген. Бұлбағыттың негізгі ерекшеліктері:әр тұлғада екі деңгей, сонымен қатар екі түрлі тұлғалық қасиеттердің аспектісі- формалды-динамикалық және мазмұнды деп саналады. Адамның мазмұнды қасиеттері проприум түсінігіне жақын. Бұл қасиеттер тәрбиенің, білімнің, іс-әрекеттің ғана емес, сонымен қатар адамның ішкі дүние байлығының интеллект, мінез-құлық көріністерінің жемісі болып табылады. Диспозионалдықтардың ойынша, тұлға өмір бойы дамиды. Оның ішінде тұлғаның жастық шағымен қоса, жыныстық жетілуі де маңызды болып табылады. Бұл теория адамның өзін-өзі ұстамдығы, құрылымының өзгеруіне қарамастан, өздерінің ішкі қасиетіне ие болады. Адамның ішкі дүниесі негізінен темпераменті және индивидуалды ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Тұлғаны теориялық тұрғыдан құбылыс ретінде қарастыруға болады, сонымен бірге тұлғаны зерттеудің реалды міндетін де қоюға болады. Диагностика мақсатымен тұлға психотерапиясында оның индивидуалды көрінулері зерттеледі. Р.Кеттелл тұлғалық қасиеттерді зерттей отырып, оны он алты факторлы тұлғалық сауалнамада суреттеп, тұлға махаббатқа ұқсайды деді: бәрі біледі, ол бар, бірақта ешкім де бар екенін, не жоқ екенін анықтаған жоқ деп бірде айтқан еді.
Тұлға туралы айтады, алайда оның не екенін, қалай анықтау керек екенін толық әлі ешкім айтқан жоқ. Оның тұлғалық мағыналары тілде айтылмайды, онын әлем көрінісіне басқа адам жетпейді, мақсатты таңдау сыртқы шарттармен шарттанбайды. Тұлға категориясы оны түсінудің жаңа талпыныстарын шақырады, әртүрлі анықтамаларға әкеледі, алайда тұлға ұғымын толық қамтуды мүмкін етпейді.
Р.Кеттелл тұлғаны қасиеттердің иерархиялық моделі түрінде түсіндірді, олардың ішінде эмоциялық тұрақтылық, экспансия, өзіндік бекіту қасиеттері бар. Тұлға қасиеттерінің арасында табылған корреляцияның арқасында тұлғаның мына факторлары табылды: интроверсия, нейротизм, олар қасиеттер иерархиясының шыңындағы фактор болып саналды.
Бұл тұлғаға деген номотетикалық ықпалдың басталуына негіз болды, онда жалпы қасиеттер зерттеледі, сол арқылы әртүрлі адамдарды өзара салыстыруға болады. Оның өкілі Г.Оллпорттың пікірінше, тұлға жалпы қасиеттермен анықталмайды, оны уникалды, жалқы, қайталанбас жағдайларда көру керек деді. Ол тұлғаны түсінуді мүмкін етеді деді.
Г. Олпорт типологиясы
Солтүстік америка саясаттанушысы, психологы, антропологі Г. Олпорт (1897 – 1967) өзінің концепциясына Шпрагердің типологиясын негіз етіп алды, ол адамдар арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтар адамдар өзін - өзі көндіру өмір құндылығы деп есептеді. Шпрагер типологиясына сүйене отырып Олпарт адам құндылығы туралы негізгі 6 типті шығарды, ол адамның тұлғалық ерекшелігін қамтыды. Бұл Олпарт типтері әр адам бойынан табылады, бірақ әр түрлі көлемде.
ТЕОРЕТИКАЛЫҚ ТИП.
Бұл тұлға типі өмір шындығын жетістік деп санайды. өмірде ол негізінен бастапқы ғылымдарды таңдайды. Оның миы көп көлемді мәліметтерді қамтуға қабілетті.ол өзі көптеген өмірлік схемармен теорияларды ашып,өмір шындығын негіздейді. өмірге рационалды және критикалық көзқараспен қарайды.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИП.
Өмірде бұл адамға ең бағалысы пайда пайда түсіретін істер. Бұлл типтегі адамдар жақсы бизнесмен.бұл адамның түсінігі қалай ақша жасау. Сол ақшаны көбейту үшін ол барлық мүмкіншілікті жасайды. Бұл адамның өмірлік құндылығы – ақша. Ақша үшін ол барлығына барады. Олпарт техника мен технологияда болатын жатқан жетістіктер осы экономикалық типтің арқасында болып жатыр деген.
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТИП.
Бұл типтегі - өмірдегі әдемілікті бағалайтын адам. Оған құрамынан қарағанда сырт келбеті маңызды. Бұл типтегілердің көбісі ұлтшыл болып келеді. Олар өздерін сүйетін және сүйіспеншілікке қызыға білетін адам. Г. Олпарттын айтуы бойынша бұл типтегі адамдар міндетті түрде суретші, дизайн немесе өнер саласында болуы шарт емес, олар қай ғылым саласында болмасын эстетикалық өмірге қызығушылықта болды. Бұл адамдардың ұраны «Әдемілі - өмірді сақтайды».
ӘЛЕУМЕТТІК ТИП.
Бұл типтегі адамдар - өмірдің құндылығы қоршаған ортадағы адамдардың махаббат дейді және адамдар арасындағы қарым – қатынас тек махаббат негізінде құрылуы керек дейді. Ол христиандық қағидамен өмір сүреді, «өзіңді сүйгендей, жақыныңды сүй». Сол себепті олар дінмен тығыз байланысты. Басқа құндылық бұлар үшін жоқ.
САЯСИ ТИП.
Саяси тип басшылыққы, билікке ұмтылысымен сипатталады, атақ – даңқпен. Бұл адамдар істейтін ісін өздерінің билік күшімен көтерілетіндей немесе басқа да әдіс – тәсілдермен карьерасын құруға негіздейді. Сол себептен олар саяси мамандықтарды ғана таңдамай, басқада билік күші бар мамандықтарды таңдайды.