Электромеханикалық құралдар мен әдістер
Қатты қызылиекүсті және қызылиекүсті жұғындылардың барлық түрлерін алып тастау үшін электрлік аппараттардың бірнеше түрлері қолданылады, оларда тазарту металлды немесе пластикалық ұштықтардың дағдылы қозғалыстары есебінен, қол скейлерлері мен кюреталардың жұмысшы бөлігін еске түсіретін мөлшері және түрі бойынша жүргізіледі. Аппараттар қозғаушының табиғаты бойынша, тазартушы қозғалыстардың бағыты мен қарқындылығы бойынша, қолданудың қауіпсіздігі және тиімділік дәрежесі бойынша ажыратылады. Қолдыкіне қарағанда, аппаратты скейлерлер қолдың қысымымен жұғындылар пласттарын кеспейді, бірақ олардың құрылымын дағдылы микро қозғалыстармен бұзады, сондықтан скейлердің жұмысшы бөлігіне қолдың қысымы аз болуы қажет. Дәрігер тазартылатын беткеймен скейлердің сәл қатынасын тіс бойымен оның жоспарлы жылжулары кезінде қамтамасыз етуі қажет.
Пневматикалық («дыбысты») скейлерлер бормашинаның турбинасымен немес арнайы аппаратпен қысылған ауа ағымы әсерінен жұмыс жасайды. Скейлердің ұшы 1,5 мм радиуспен және диапазонда 1500-7000 с (Гц) «дыбысты» жиілікпен тазартушы айналмалы тербелулер жасайды. Скейлердің ұшына артық қысым кезінде оның тербелуі тоқтатылады. Осы техникалық шектеулерінің арқасында пневматикалық скейлердің агрессивтілігі салыстырмалы жоғары емес, бұл оны беткейге кез келген бұрышпен орналастыруға мүмкіндік береді. Осы себеппен пневматикалық скейлерді жоғары жаралы тіндерде – мысалы, қызылиекасты аймақта жұмыс үшін қолдануға болады. Тістің беткейіне скейлердің үйкелуі тіс температурасының жоғарылауына әкеледі, ауырсыну тудырады және ұлпаның зақымдануына әкелуі мүмкін, сондықтан жұмысшы алаңды салқындатушы сұйықтықпен – сумен немес антисептикалық ерітіндімен сулау қажет. Пневматикалық скейлермен тіс жұғындыларын алып тастау – салыстырмалы баяу, бірақ механикалық кәсіби гигиенаның қауіпсіз және тиімді тәсілі.
Ультрадыбысты скейлерлердің әр түрлі металлды қондырмалары бар, олар түрі бойынша орақ тәрізді скейлерлерді (қарапайым ультрадыбысты қондырмалар), Грейси кюреталарын және периодонтальды зондтарды (периодонтальды ультрадыбысты қондырмалар) еске түсіреді, бірақ жарақатқа қарсы (кескіш емес, дөңгеленген) қырлары және ұшы бар. Аппараттардың атауы 18 000-нан 50 000 Гц дейін құрайтын скейлер қондырманың жоғары тербелу жиілігімен байланысты. Тербелулер магнитостриктивті әсер (ауыспалы электромагнитті алаңда ұштықтың ішінде металлды пластина пакетінің немесе ферромагнитті өзектің кеңею және тарылу циклдері) немесе пьезоэлектрлік әсер (ауыспалы электрлік алаңда кейбір кристаллдардың көлемінің циклді өзгерістері) көмегімен өзгертілген электрлік ток әсерінен болады. Ультрадыбысты скейлерлер бірнеше әсерлер көмегімен тіс беткейлерін және қызылиекасты кеңістіктерді босатады:
1) тербелмелі қондырмамен тығыз тіс жұғындыларын ығыстыру және механикалық бұзу жолымен;
2) ирригация, кавитация және турбуленция көмегімен, яғни тербелмелі қондырманың ұшына берілетін сұйықтық ағымымен байланысты әсерлер.
Ультрадыбысты скейлерлердің негізгі тазартушы әсері жұғындыға тербелмелі қондырманың механикалық әсері болып табылады (сур. 6.14). Магнитостриктивті скейлерлерде қондырманың ұшы сызықтыдан айналмалыға тербелмелі қозғалыстар жасайды, бұл қондырманың барлық беткейлеріне (бүйір, алдыңғы, артқы) бірдей белсенді болуға мүмкіндік береді. Тіс жұғындыларын өңдеу зонасына жақсы бейімделетін қондырманың бөлігімен алады. Пьезоэлектрлік скейлерлердің қондырмасының қозғалыстары сызықты қайталамалы-үдемелі: доға тәрізді қондырманың радиусы бірде төмендейді, бірде жоғарылайды, сондықтан бір уақытта саптаманың тек екі жағы белсенді болуы мүмкін (бүйір қырлары).
Скейлердің ұшына жоғары қысыммен (1000 атм. Дейін) су беріледі, ол жоғары жиілікті тербелу арқасында ауамен сіңеді және бөлшектердің жоғары кинетикалық энергиясы және кавитация әсері бар аэрозоль түзеді: ауаның микро көпіршіктері жарылады, бұл беткейдің жұқа тазаруына ғана септігін тигізбейді, сонымен қатар микробты клеткалардың бұзылуына әкеледі. Ағымда саптаманың ұшы аймағында гидроакустикалық толқын қалыптасады – турбуленция әсері пайда болады, ол да микробты клеткаларды зақымдайды. Сұйықтық жұмысшы алаңды салқындатады және жуады (соның ішінде қызылиекасты кеңістіктердің ирригациясын жүзеге асырады), суды антисептикалық ерітіндіге ауыстыру тазартудың микробқа қарсы әсерін күшейтеді. Скейлердің тербелу қарқындылығы мен суды жіберу жылдамдығын дәрігер өзі таңдай алады (белгілі деңгейлерде).
Сур. 6.14. УД-скейлердің жұмысшы бөлігінің тербелуі (а) және оның тістің тазартылатын беткейі бойымен жылжуы (б).
Пьезоэлектрлік скейлердің тербелуінің жоғары жиілігі және үлкен амплитудасы жақсы тазартушы әсерді қамтамасыз етеді, бірақ тіс тіндерінің (жарықтар, сынықтар), периодонттың (қанағыштық, тісқызылиек байланысының үзілуі) және реставрацияның (композитті пломбалар мен керамикалық құрылымдардың жарықтары және сынықтары, олар мен тістер арасында байланыстың бұзылуы) механикалық зақымдалуының жоғары қаупін қамтамасыз етеді. Ультрадыбысты скейлермен тиімді қауіпсіз жұмыстың кейбір ережелері шығарылды:
· Ультрадыбысты скейлерді гематолог рұқсатынсыз қан ұюының бұзылыстарымен ауыратын адамдардың ауыз қуысы кәсіби гигиенасы үшін қолдануға болмайды. Эндокардиттің жоғары қаупі бар науқастардың кәсіби гигиенасы үшін ультрадыбысты скейлерлерді тек антибиотиктермен алдын-алу курсын өткізгеннен кейін қолданылады.
· Ультрадыбысты өңдеу кезінде сілекей, қан және тіс жұғындыларының бөлшектері ауыз қуысы деңгейінен ұшып кетеді, науқастың ауыз қуысында және басының айналасында инфицирленген бұлт жасалады, сондықтан процедура дәрігер мен науқасты қорғаудың барлық шараларымен қамтамасыз етілуі қажет.
· Ультрадыбысты скейлерлер жұмсақ тіс жұғындыларын алып тастау, жетілмеген эмаль мен периодонт аймағында жұмыс (балалар мен жасөспірімдерде), имплантанттарды өңдеу үшін қолданылмайды. Аса сақтықты қызылиекке жақын тіндерді өңдеу талап етеді (микрожарақатқа қызылиектің тұрақтылығы емізікшеішілік жансыздандырудан кейін жоғарылайды, ол темекі тартушыларда біршама жоғары). Қызылиекасты кеңістіктің құрылымдарына (цемент, дәнекерлі эпителий, қалталардың қызылиекті және сүйекті қабырғалары) аса күтушілікпен қарайды – олардың өңделуі хирургтың қолында аса тиімді және сәл зақымдалған болуы мүмкін. Реставрациялар және оған жақын зоналар, сонымен қатар ортопедиялық құрылымдар қол және «дыбысты» аппаратты әдістермен өңделеді.
· Қатты тіс жұғындыларының азғана қарқындылығы кезінде тербелудің аз жиілігі және амплитудасы (күш) қолданылады, қажет жағдайда өңдеудің агрессивтілік дәрежесін су ағымын көбейту есебінен жоғарылатады. Тербелу жиілігін тек күшті жоғары минерализациялық жұғындыларды бұзу үшін жоғарылатады.
· Пьезоэлектрлік ультрадыбысты скейлердің жұмысшы бөлігін өңделетін беткейге қондырма ұзын осі тістің ұзын осіне параллельді болатындай орналастырады – басқа сөзбен, скейлердің «доғасы» тістің беткейінде жатуы қажет. Тіс осінен скейлердің ауытқуы скейлер ұшының агрессивтілігін жоғарылатады, бұл ауырсыну тудырып, тіндерді зақымдауы мүмкін.
· Қол скейлерге айқын қысым көрсетпеуі қажет, бірақ беткейдің керекті бөлігінде ұстап тұруы және оны қысқа алып тастайтын, үйкелетін қозғалыстармен ақырын жылжытады. Скейлерге қолдың қысымы қанша төмен болса, оның тербелуі сонша төмен «блокталады», дәрігердің тактильді өзін бақылау мүмкіншілігі сонша жоғары болады. Электрлік скейлинг кезінде (қолмен өңдеуге қарағанда) рычагь, үлкен механикалық күш жасау қажет етілмейтіндіктен, ұштықты ұстап тұрған саусақтар ауыз қуысынан тыс орналасуы мүмкін, тірек жұмсақ тіндерге, бірақ дұрысы – науқастың иегіне келеді.
· Қондырманың тербелуі барлық бағытта тиімді және рычагь тәрізді күш әсері қажет етілмейтіндіктен, ультрадыбысты өңдеу кезінде саптаманың ұшын қызылиекасты кеңістік тереңінде тіс тасының үстінде (астында) бастапқы қалпына келтіру қажеттілігі жоғалады. Тіс жұғындыларын алып тастауды коронарлы-апикальды бағытта жүргізеді.
· Тіндерге күшті төмендету үшін алдын-ала өңдеу аумағын бағалау қажет, өңдеу барысында (нашар көріну жағдайында) таза зоналарды тиіп кетпеу үшін. Өңделетін беткейді жайлап сақтап қалады, мүмкіндігінше уақытты және әрбір бөлікті өңдеу үшін «енулер санын» шектеуге тырысады. Өңдеудің рациональды сызбасы үш-төрт бағытта «штрихталған» беткейлерді болжайды: скейлерді қызылиектен окклюзионды беткейге дейін, медиальдыдан дисталды беткейге дейін, сауыттың диагоналі бойымен жылжытады.
· Өңделу сапасын көзбен, сонымен қатар периодонтальды зондты немесе белсенді емес («сөндірілген») периодонтальды ультрадыбысты қондырманың ұшын қолдана отырып тактильді тексереді.
Ультрадыбысты аппараттар қатты тіс жұғындыларын тез алып тастауға мүмкіндік береді, бірақ өңделу сапасы мен қауіпсіздік дәрежесі бойынша «дыбысты» құрылғылардан кем түседі
«Вектор» ультрадыбысты скейлер пьезоэлектрлік скейлерден оның жұмысшы бөлігі тіс беткейіне параллельді вертикальды жазықтықта 30-35 мкм амплитудамен тек сызықтық инсцилляция жүргізеді, тіс тіндерінің жарақаттық емес өңделуін қамтамасыз етеді. Қатты тіс жұғындыларын алып тастау және реставрацияларды тегістеу үшін металлды қондырмалар, қызылиекүсті жұғындыларды алып тастау үшін – иілгіш көміртекті талшықтан қондырмалар. Кәсіби гигиена үшін жұмысшы сұйықтық ретінде тіс беткейлерін тазартуға, жылтыратуға және минерализациясына септігін тигізетін 0,2% хлоргексидин ерітіндісі немесе гидроксилапатиттің ұсақ бөлшектері бар суспензия қолданылады.