АлҒашҚы драмалыҚ шыҒармалар 3 страница
Әубәкірдің пиғылын сезген Мүсілім оған: «Ендеше, сені ауылнай қояйын. Сен осы бастан елді маған қарай икемдей бер», - дейді. Осы бір қысқа диалогтармен автор екі кейіпкердің нақты іс-әрекетін айқын ашады. Күндіз-түні өз мансабын ғана ойлайтын Мүсілім әрекеті ақыл мен айлаға, ойлы қимылға құрылған, Ол - болыспен, ел адамдарымен сыпайы, өзіне «қатысы жоқ» жұмыстарға араласа бёрмейтін, оңашада пиғыл-сырын тұспалдап жеткізетін, қарсыласының ойын қас пен қабақтан ұғатын, басқан ізін сездірмейтін мысықтабанның өзі.
Қасқырбай болыс та пьесада көп қырлы, сыртқа сыр шаша бермейтін, көздеген мақсатына жетуде ештеңеден тайынбайтын, барынша қатал, қадалған жерінен қан алатын, айналасын жалмап тұрған тойымсыздың өзі. Ол уланып, өлім мен өмірдің арасында жатса да, мансап үшін арпалысып бағады. Бұл типтік дәрежеге көтерілген бейне.
Болыстың атын Қасқырбай деп автор тауып қойған. Ол тіпті жалғыз-жарым қарасы бар кедейлерді де шырылдатып, альш-салымға келгенде бет қаратпайды. Мұның өз философиясы бар. Елден жиналатын салықтың ауыртпалығын айта келіп: «... Азулы болмай дәулет табыла ма? Бақ, атақ, дәулет - көздің жасы ғой. Елді ойлағанда кейде жаның қиналады. ...Қанша бақытты болсаң да, жүрегіңнің басынан бір тікен кетпейді. ... Нәпсі шіркін тағы шыдатпайды, алмай тұра алмайсың. ... Қайтесің. Ел жеген жалғыз мен бе? Қазақтың жақсыларында бұрынғы, соңғы да ел қанамаған болды ма? Біз солардан артықпыз ба? Мен алмағанмен біреу алады. ...Құдай бізді алуға жаратты, дүние күштінікі...». Айтқанын істеп, сөзін тыңдамағандардың сәлемін де алмайды. Автор мұның әрекеті мен сөйлеу мәнеріне баса көңіл бөлген. Тілі удай, сөздері мірдің оғындай, әрі дөрекі. Біреудің жорғасын, енді біреудің айғырын айдатып алып, түк болмағандай жүре береді. Қарапайым малда әңгіме жоқ, алғасын ішіндегі көзге түсерін - асылы мен қимасын алады. Қасқырбайлар қай заманда болмасын өзінің парақорлық философиясын осылай түсінген ғой. Осындай күштілерден «өнеге» алғандар да қол ұшынан жалғасып отырған. Мүсілім де: «Ауылнайлық пайдалы ма? Шабармандық пайдалы ма?» - деп сұрайды Әубәкірден. Сол уақыттың өзінде ішіп-жеп қалғандар қызметті түсіретін пайдасына қарай таңдаған екен. Мұндайлар бүгінгі қоғамда да қаптап жүр. Ж.Аймауытов мансапқорлардың әлеуметтік философиясын сол кезеңнің өзінде терең ашкан. .
Мансап жолындағы қанды айқастың әлеуметтік сырын ашу үшін драматург басқа кейіпкерлердің де әлеуметтік сипатына күш салған. Бірін-бірі іштей ұғысатын, ым-жымы бір Қасқырбай мен Сүлеймен молда арасындағы бірлік, пікір тамырластығы, сондай-ақ келе жатқан сайлау науқанына даярлық үстінде олардың ел арасындағы әңгіме, сөздерді аңдуы - осының бәрі басқа қонған бақтан айырылып қалмаудың қамы екендігі көрінеді. Сондықтан мұндағы Сүлеймен дін өкілі ретінде молдалықпен шектеліп қалған жан емес, заман парқын сезетін, дала тірлігіндегі әлеуметтік заңдылықтарды зерделей алатын көзі ашық, көкірегі ояу, өзіндік түйсік-түсінігі, ақыл-парасаты бар адам болып бейнеленген. Сонымен бірге, жүрген жерінде өз құлқынын ұмытпайтын, болыс-манаптарға есесін жібермейтін жырындының өзі.
Көтерген мәселесінің өткірлігі, көркем-идеялық мазмүндылығы, драматургиялық архитектоникасы жағынан «Мансапқорлар» жалғыз Ж.Аймауытов шығармашылығында ғана емес, 20-жылдардағы драматургияның биік белесі.
Жүсіпбек Аймауытов жазған шағын пьесалардың ішінде оқиғасының жинақтылығы, тартысының ширақтығы, әрекетінің жіті дамуы жағынан «Ел қорғаны» - драматургия талабына сай көркем жазылған дүние. Пьесаның көркемдік сипатынан автор шеберлігінің қалыптасуымен бірге, оның режиссуралық ой-тұжырыыдарының да айқындығын байқауға болады. Мұнан орыс драматургиясының озық үлгілерінен, әсіресе, Гоголь мен Островскийдің орыс театрының өсіп-дамуына жасаған ықпалын оқып үйренгенін аңғаруға болады. «Ревизорды» қазақшалаған Ж.Аймауытовтың ұлы Гогольдың шығармаларымен бірге оның актер шеберлігі мен режиссура жайындағы еңбектерімен таныстығы пьесаға жазған авторлық түсіндірмеден көрініп-ақ тұр. Ол болашақ қойылымның жекелеген сахналарымен бірге, оның пластикалық шешімінің эскизін тайға таңба басқандай сызып беріп отыр. Әр көріністің сахналық бейнелеу үлгісін, міндет-мақсатын, кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын, бүгінгі тілмен айтқанда, мизан-сценаларына дейін анықтап берген. Бір мысал: «Есік алдында ел қазақтары аулағырақ шегініп отырсын, көпшілігі сол жақта болсын, оң жақ ашығырақ тұрсын. Алдыңғы ретте келбетті екі зор ақсақал, оларға таяу жақсы киімді, жуан қарынды үш бай, оған тетелес орташа киімді би, ауылнай сықылдылар орын алсын. Төменгі жақта жаман тымақты, жалба киімді кедейлер, орыс, қазақ киімін араластыра киген мұғалімдер, жастар, жай жігіттер отырсын. Ақсакалдар жақ, есікке таяулар тамақ жейтіндей қатарланып, алқа-қотан сала отырса да, төменгі жақтағылар ұйлығып, үйме-жүйме отырғаны жөн». Байыптап қарасақ, мына келтірілген мысалдан авторлық режиссураны көреміз. Сахнада көпшілік көріністеріне белгілі бір мағына беріп, оны көркем шешу - сөз болып отырған кезең түгіл, қазір де қиын шаруа. Ж.Аймауытов көпшілік сахнаға әлеуметтік астар беріп, бұған қатысқан кейіпкерлердің таптық сипатын анықтап отыр. Автор өзі жазып отырған өмір болмысын көз алдында «ойнатып», кейіпкерлердің әрекетін дәл бағдарлаған. Бұл - пьесаны қоятын адамға да, оны ойнайтын талапкерге де таптырмайтын, режиссерлік кеңес. Сонау 1915 жылы тұңғыш рет «Біржан мен Сара» қойылымынан басталған режиссура Ж.Аймауытов шығармашылығында дами келіп, профессионалдық қалыптасу дәрежесіне көтерілген. «Еңлік-Кебектің» шын мәнінде көркем драматургиялық шығарма болып жазылған 2-нұсқасын 1922 жылы Семейде «Ес-Аймақ» труппасының сахнасына қойған режиссер де - Ж.Аймауытов. Осы қойылымнан кейін «Тарихи әңгіме, ескі қазақ тұрмысынан» 3 перделі, 5 суретті «Қайғылы хал» трагедиясы жеке кітап болып Орынборда басылып шыққаны мәлім.
Қазақ театрын ұйымдастырушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Қапан Бадыровтың өзінің әңгімесін: «Ж.Аймауытов ойлы режиссер болатын», - деп бастауьшда үлкен мән жатыр. Міне, осындай режиссерлік қабілеті жазушыға «Ёл қорғаны» пьесасында үлкен тарихи құбылысты шымыр драматургиялық желіге құруға мүмкіндік берген, кейіпкерлер әрекетінен мазмұнды диалогтар туындап, шынайы бейнелер жасауға септігі тиген. Автор азамат соғысы кезіндегі - кімнің кім екенін танып болмайтыи аласапыран тұстағы - ел ішіндегі саяси-әлеуметтік хал-ахуал сипатын көркемдік шеберлікпен әрі тарихи дәлдікпен ашады. Екі бетке жетер-жетпес алғашқы көріністегі екі бай, екі ақсақалдың арасындағы қысқа-қысқа диалогтардан сол тұстағы жағдайдың жай-жапсары қылаң бере бастайды. Бұл - алдағы өтер оқиғаға көрерменді еріксіз еліктіріп әкететін экспозиция.
Қызыл мен ақты ажырата алмай отырған ортаға Оқығанның (кейіпкерді осылай атаған) келуінен пьесаның оқиға желісі ширай түседі. Губерниядан келген бұл өкіл елге Қазан теңкерісінің жеңісін, енді соны қорғайтын ерікті жасақтар тобын кұру мәселесімен келгенін хабарлайды. Автор Оқығанның әрекетін сол кезеңнің тарихи болмысына сай берген. Оның алғашқы сөзі: «Е, қауым! Мәжілістерің қайырлы болсын!» - дегені танымайтын, әр түрлі саяси бағыт пен көзқарастағы, әр түрлі таптың басы қосылған жиынға үйлесімді келген. Онан әрі жиылғандарға «әлеумет» деп ойын әрі қарай жалғастырады. Осындағы «қауым», «әлеумет» деген сөздерді Оқығанның аузына салуы өте ұтымды табылған, басқаша атаудың қисыны жоқ. Оқығанның әрекеті пьесада шынайы суреттеледі. Және ол партия атынан ұран салып, жаттанды, жауыр болған сөздерге бармайды (бұл сол кездегі үгіт пьесаларда жиі кездесетін). Міне, бұл қазақ драматургиясының балаң шағында өзінің көркемдік сииатымен дара шыққан бейне. Осы тақылеттес бейнелерді М.Әуезовтің «Ел ағасы», С.Сейфулиннің «Бақыт жолына» пьесаларынан кездестіреміз. Бірақ, Ж.Аймауытов жасаған кейіпкер бейнесінің идеялық һәм көркемдік сипаты бөлек.
Пьесаның 2-жартысында қашып келе жатқан ақтардың солдаттары мен офицерлерінің қазақ даласындағы зорлық-зомбылығы, ел тонаған қылмыстары мен дөрекіліктері қысқа болса да, жинақы суреттелген. Ауылда ұйымдастырылған қазақ отрядының ақтармен күресі де тарихи шындық шеңберінде бейнеленген. Ораз, Әбіш, Қорабай сияқты ауыл адамдарының қимыл-әрекеті сол кезеңнің тарихи болмысымен жарасымды үйлесім тапқан. Тарихи шындық сипатьш дәл беру - Ж.Аймауытовтың осы пьесасына да, басқасына да ортақ қасиет.
Пьесаның соңы сол кезеңнің үгіттік-насихат шығармаларының үлгісімен аяқталған. Әйтсе де ол 20-жылдарда жазылған пьесалардың ішінде оқиғасының тарихи дәлділігімен, әрі сахнаға толық жауап беретін көркемдік ерекшеліктерімен қымбат. Мұнда Ж.Аймауытовтың тарихи құбылысты екшеп ала білетіндігі, тартыс желісін ширақ құрумен бірге, драматургияның басты шарты - кейіпкерлер әрекеті мен диалогтарын шебер ұйымдастыра алатын шығармашылық даралығы айқын көрініс берген. Пьеса өзінің көркемдік танымдық қасиетін қазір де жоғалта қойған жоқ, бүгінгі театрлардың сахнасына әбден жарап жатыр.
Ж.Аймауытовтың айтулы драмалық шығармаларының бірі - «Шернияз» пьесасы.
«Шернияздың шері бар,
Шерлі қылған елі бар.
Көзінде қанды селі бар,
Аузында зарлы желі бар,
Ел ниязы - Шернияз.
«Қараңғы казақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағапда кім болам?!»,-
деп өрттей лаулап келе жатқанда, ажал оғына тап болып, арманына жете алмай, жастай кеткен Арқаның арқар жанды, асқар жүректі, аяулы ақыны С.Торайғырұлының әруағына арнаймын», - деген жолдардан авторлық концепцияны, шығармада ақынға қатысты оқиғалар қамтылғанын аңғаруға болады. Тақырыптық жағынан сол кезеңнің әлеуметтік тірлігін суреттеуді көздеген бұл пьесаның негізгі идеясы - төңкеріс қарсаңындағы қазақ жастарының қоғам өміріне араласуын көрсету. Және мұнда бұрын бірен-саран жазылған шағын пьесалардағы ескі ауыл өмірі емес, негізінен, сол кезеңнің болмысынан туған әлеуметтік жағдайлар суреттелген. Пьесада бас-аяғы 8 кейіпкер болғанымен, негізгі оқиға екі кейіпкердің айналасында дамып отырады. Қаладан келе жатқан екі дос.- Шернияз бен Базарбай бірін-бірі өлеңмен қағытып, қала мен қыр өмірін салыстырып:
Шіркін, қырдың ән-күй, сауық-сайраны
Еркіндікті, ерлікті еске салғаны.
Күрес, жарыс, алтыбақан, ақ сүйек,
Соқыр теке, қара құлақ, әйгөлек.
Айт пен тойда қыз қуатын қызығы,
Шілдехана, қынаменде бір бөлек.
Неше түрлі ойындарды ойнаушы ек,
Қыз-бозбала отырысып дөңгелек,-
деп, ақын Шернияз шерін төгіп, шабытқа мінсе, Базарбай қаладағы театр мен биді мадақтай жөнеледі. Қос бойдақтың жәутеңдеген қара көз қыз-қырқындар жайындағы әзіл-оспақтары екеуара алма-кезек лирикалық диалогтар туғызып отырады.
Қалада білім алып, қызмет істеп жүрген Шернияз ақын қаймағы бұзылмаған дала тірлігін аңсап, оның мол қызығы мен жанға жайлы сұлулығын барынша әсерлі суреттейді. Ал, қала тірлігінен түңілген сыңайын:
Қаланың театры, музыкасы,
Әйелдің көлгірсіген қылмыңдасы -
Көңіліме кейде менің мұң салады,
Бәрі де алдау, бәрі сауда, қадам басы,-
деп, өзі көрген келеңсіз жайларды ашынып айтады. Сондықтан жарасымдылық пен әсемдіктің бәрін қазақтың дархан даласынан, саралық пен парасаттылықты қыр адамының бойынан іздейді. Бірақ көп ұзамай ағайын арасындағы алауыздық, баяғы жер, су дауы, ұрлық, қарлық Шерниязды мезі қылады. Бұл келеңсіз көріністі Ж.Аймауытов Шернияздың аузымен айтылатын монологпен былай суреттейді:
Күнде сөз, күнде мұңын шаққан қазақ,
Бір-бірін аунатып жеп жатқан қазақ.
Залымға, күштілерге күші жетпей,
Сот іздеп, теңдік іздеп жатқан қазақ.
Сөзіне кіріспесең керегің жоқ
Кіріссең өзіңе есек жапқан қазақ.
Елге келіп тыныштық алам десем,
Басымнан артып кетті-ау, тартқан азап! -
Бұл жерде автор Шернияз басынан кешкен оқиғаның нәтижесін беріп отыр. Әрекеттің немесе оқиғаның драматургиялық даму желісі сезіле бермейді. Бұл енді, сол кездегі драматургияға тән ортақ кемшілік. Пьесаның тартысы Шернияз бен Базарбай арасынан өрбиді. Ел арасындағы жайсыз кұбылыстар бұл екеуінің арасына араздық туғызып, Базарбай «аталасыңды жақтадың» деп Шерниязды орынсыз жазғырады. Міне, осы талас-тартыс пьесаның аяғьша дейін бәсеңдемейді.
Шернияз қайта қалаға оралғанымен, байыз таппайды. Дала мен қаладан ағылып келіп жатқан әділет іздегендердің іс-жұмыстары, өзінің жазумен айналысуы, оған баянсыз махаббат қосылып, оны әлеуметтік тіршілікке еріксіз араластырады.
Алғашқы сүйген жары Раушанмен дәм-тұзы жараспаса, қаланың оқыған, гимназия бітірген қызы Жәмила бұған жар болып жарытпайды. Оқымаған Раушанның адамгершілік сипаты, әйелге тән ізеттілігі мен жұмсақ мінезін, әдептілігі мен сымбаттылығын жете танымаған, бағаламаған Шернияз Жәмилаға келгенде қатты қателеседі. Оның қалаша бой түзеген сылқымдығына, оқығандығына, қылмыңдаған бос қылығына, жылтыраған жүзі мен сылдыраған сөзіне қызығып, ішкі әлемінің жұтаңдығын, ой-санасының саяздығын барлай алмай опық жейді. Пьесада махаббатта жолы болмаған Шернияз ой-өрісі, білім шеңбері кең, оқумен бірге зердесіне тоқығаны мол, елдің әлеуметтік хал-жағдайына жетік, теңсіздік, зорлық-зомбылыққа, парақорлық пен мансапқорлыққа жан-тәнімен қарсы, олармен аяусыз күресетін, әділет туын жоғары ұстаған өз халқының адал азаматы болып суреттеледі. Сонымен бірге, автордың Шерниязды өнердің, қайталанбас ақындық шабыттың адамы етіп бейнелеуі де пьесаның өн бойынан сезіліп тұр. Ақындықпен бірге шығарманың ішінде қазақ топырағына енді ене бастаған театр өнерінің жиі сөз болуы да - Ж.Аймауытовтың бұл өнерге етен жақындығын, соған деген сүйіспеншілігін танытатын қүбылыс.
Базарбай - Шерниязға қарама-қарсы алынған кейіпкер. Бұл да оқыған, білімді азамат. Бірақ бұл қасиетін өзі өмір кешіп отырған коғамның игілігіне емес, жеке басының қамына, өзінің мансабына ғана жұмсап жүрген жан.
Пьеса айрықша, жадыраңқы жағдайда аяқталады. Жәмиладан әбден түңіліп, өлім аузында жатқан нәрестенің тағдырына қиналып тұрғанда атылған мылтықтың дауысы естіледі, ол тағы да атылады. Мұны Шернияз жаңа өмірдің үні деп қабылдап, алыстан жеткен марсельеза музыкасымен ілесіп, үлкен әлеуметтік өзгеріске араласуға асығыс шығып кетеді.
Пьесада бүгінгі драматургия шартына жауап бермейтін олқылықтар да бар. Бірақ шығармаға өзі тудырған уакыт тұрғысынан карасақ, оның сол кездегі соны тақырыпқа жазылған күрделі шығарма екенінде дау жоқ. Шығарма тілі - поэзия тілі, сазды лирика тілі. Пьеса кезінде ойын-сауық үйірмелерімен бірге қазақ театрының репертуарынан берік орын алды.
Бұлардан басқа Ж.Аймауытовтың шағын дүниесі - «Сылаң қыз» комедиясы кезінде көркем үйірмелер мен қазақ театрыныц алғашқы кезеңдерінде сахнаға қойылып, 1922 жылы Орынборда жеке кітап болып басылып шықты. Пьеса күлкілі водевильдік оқиғаға құрылған.
Ж.Аймауытов драмалық шығармаларының идеялық бағыт-бағдары айқын, бәрі де ескінің күйреуін, жаңаның салтанат құруын уағыздайды. 20-жылдардағы кейбір жазушыларда кездесетін идеялық ауытқулар Ж.Аймауытовтың көркемдік ізденістерінде болған жоқ. Оның пьесалары үлттық драматургияның негізін қалады. Және өзінің көркемдік деңгейі жағынан сол кезеңнің мәдени талабына толық жауап берді. Ең маңыздысы - оның пьесалары М.Әуезовтің, С.Сейфуллиннің, Қ.Қемеңгеровтың, Ж.Шаниннің т.б. шығармаларына жол ашып, қазақ драматургиясының ір-гесін қалады.
Жүсіпбек Аймауытов өзінің режиссерлік етуімен 1922 жылы Семейде М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясын қояды. Ол 1925 жылы Қазақ автономиялық республикасының 5 жылдық тойына арнап Қызылордада өзінің «Ел қорғаны» пьесасын қойған. Ж.Аймауытовтың режиссурасымен қойылған «Шернияз» спектаклі де кезінде театрдың керкемдік шоқтығы бшк табысы болып саналған. Мұндағы Шернияз рөлін Қүрманбек Жандарбеков өзіне тән ширақтықпен, ақындық шабытпен ойнайды. Оның әйелі Жәмила рөлінде Зура Атабаева, досы Базарбайды Әміре Қашаубаев, екінші құрамда Қ.Бадыров ойнапты.
«Сылаң қыз» комедиясы көрермен қауымның қызығып көретін спектакліне айналған. Қаланың сылаң қыз рөлін театрдың алгашқы актрисаларының бірі - Шәмсия Әлібекова орындаған. Жігіт таңдап үш бірдей азаматты сергелдеңге салып, әрі оларды жұрт алдында күлкі, мазаққа айналдырған қыз айлакерлігін орындаушы комедиялық қалыпта жақсы көрсетіпті. Қыздың әкесі Жабағының рөлін Серке Қожамқұлов, үш жігіттің бірі Хакімді Қ.Бадыров орындаған.
Қазақ драматургиясы мен театрының тууына қалыптасуы мен дамуына осы дәуірде ерекше еңбек сіңірген - М.Әуезов. 20-жылдардың ішінде жазылған «Еңлік-Кебек», «Ел ағасы», «Бәйбіше - тоқал», «Қарагөз» пьесалары сол кезде-ақ сахнаға шықты. Солардың ішінде «Еңлік-Кебек» пен «Қарагөз» күні бүгінге дейін сахнадан түскен жоқ. Бұлар туралы кеп айтылып, жазылыпта жүр, арнайы зерттеулер де бар.
Оқушы қауымға таныс емес «Ел ағасы» пьесасы баспа бетін көрмеген, қолжазба сақталмаған. Пьесадағы оқиға Қазан төңкерісінен кейін өтеді. Битемір деген кедейдің қызы Әсия өзі қатарлы бір жас мұғалімге айттырылған. Бұлардың жолына кесе көлденең алпыстағы Дүтбай бай шығып, сол Әсияны алмақшы болады. Арам пиғылын жүзеге асыру үшін өзінің Жұмақан деген қарақшы күйеу баласының көмегіне сүйенеді. Кедей әкесінің қызын қорғауға шамасы келмейді. Бай мен Жұмақаннан қорыққан ол қызын беруге қарсылық етпейді. Әсияның туған ағасы Ермек қана қарындасын қорғап қайрат қылады. Бірақ атасының айтқанынан шықпайтын қарақшы Жұмақан бір топ жігіттермен тапа-тал түсте Әсияны Дүтбайдың ауылына байлап әкетеді. Дүтбайдың үйінде таяққа жығылып, қол-аяғы байлаулы жатады. Осы кезде оның үстіне болыстьщ әйелі мен Ермек, қаладан милиция мен окыған азамат Қабыш келеді. Дүтбай мен Жұмақан қамауға алынып, Әсия сүйгеніне қосылады.
Автордың сол кездегі ағартушылык. бағытын сипаттайтьш оқыған азаматтар бейнесі - қазақ драматургиясында мұғалімдер бейнесін жасаудағы тұңғыш тәжірибе. Ел арасына біліммен бірге, жаңа дүниенің жарықсәулесін әкелген мұғалімдер бейнесінің сахнаға тұңғыш шығуы - Ж.Аймауытов пен М.Әуезовтің драматургиясынан бастау алады. «Ел ағасындағы» Ермек пен Қабыш, «Бәйбіше - тоқалдағы» оқып жүрген жас жігіт Ғазиз бен оның жолдасы Рақыш та осы «оқыған азаматтар» бейнелерін жалғастырып, «Түнгі сарындағы» мұғалім Сафаның биік көркемдік тұлғасымен ұласады. Пьеса алғаш 1921 жылы ақпанда Семейдегі «Сибирский бурлак» клубында «Ес-Аймақ» труппасының күшімен қойылған. Труппаның алғашқы қойылымдарының бірі болған бұл спектакль үлкен табыспен өтіп, баспасөзде жоғары бағаланған.
Мұнан кейін труппаның сахнасына 1921 жылғы наурыздың 14 күні қойылған - М.Әуезовтің «Бәйбіше - тоқал» пьесасы Семейде болатын губерниялық тұңғыш әйелдер тобына арналған спектакль»1. Бұл қойылым туралы баспасөз бетіндегі мақала қорытындысында «сауықтың» өте әсерлі болғаны сондай, драманы жазушы Мұхтар жолдас ойын бөлмесіне (сахнаға Б.Қ.) шақырыльш, таныстырылды»2, - дейді. Пьеса 1918 жылы жазылып, 1923 жылы Тәшкентте кітап болып басылды. Мемлекеттік театр сахнасына «Еңлік- Кебектен» кейін 1926 жылы каңтар айында койылды. Мұнан кейін ол тіпті қойылмады. Оның себебі - көркемдік мазмұнының олқылығында. Ертеде жазылған бұл пьесаға автор қайта оралып келмеген.
Пьеса шағын экспозициядан басталған. Сахнада каракөлеңке, күңгірт тартқан Есендік бай үйінің бір көрінісі. Үстіне қара жамыльш, жүздері солғын, жадау тартқан байдьщ қызы Дәмеш пен келіні Күләш төмен қарап сөйлесіп отырады. Есендіктің бәйбішесі Бәтиманың дүние салғанына 20 күн толып, сонан бергі үй ішіндегі өзгеріс, Қайша тоқалдың лаңы, берекесіз тірліктен туған жанжал, дүние-байлыққа таласу сияқты оқиғалар баяндау тәсілімен берілген бүл экспозицияда әрекет мардымсыз, шұбалаңқылық көп сөзділік байқалады.
Әйтсе де, Есендік отының басынан өрбіген тартыс екі жак болыпп қырқысқан қанды оқиғаға ұласады. Бір жағында бәйбішеден туған Төлеужан, Демеужан, Дәмеш болып, бұларға дем беруші ағайын арасындағы алауыздықты жеке басының қамына пайдаланып қалу ниетіндегі Әбділда. Екінші жағында - Қайша мен оның баласы Қуатжан, туысы Бейсембі. Пьесаның тартыс желісі де осы екі топтың қолдаушысы мен қоздырушысы болып жүрген Әбділда меи Бейсембінің қолында. Демек, бүл екеуі араласпаған жерде тартыс кәдімгідей босаңсып, драмалық әрекет әлсіреп кететін сияқты. Бұл екеуі де ел ішінің талай дау-шарларына араласып, әккі болып қалған атқамінерлер. Қазір бірі тоқалдың, бірі бәйбішенің «әділ» істерін жақтаған болып, сайлау тұсында, билік тағына таласу барысында әрқайсысы өз жауын сүріндіріп қалу, жолынакедергі жасап, неше түрлі айла-шарғыны істеп бағады. Тұтас алғанда, «Бәйбіше-тоқал» - өз кезіндегі өмір болмысының ділгер мәселесін көтеріп, өтксн заманның тірлігіндегі ұнамсыз құбылыстарды сынға алған пьеса. Осыған орай ұнамсыз кейіпкерлердің әрекеті мол танылып, сахналық бейнелері де жинақы шыққан. Бұларға қарсы ұнамды кейіпкерлерден жалғыз ғана Дәмешті атамасақ, өзгелері пьесада да, спектакльде де солғын, көркемдік сипаты анықталмаған.