Тақырып. Соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар – 1
Сағат
Дәріс жоспары:
1.Атомдық зақымдану ошағы.
2.Химиялық зақымдану ошағы.
3.Бактериологиялық зақымдану ошағы.
Ядролық, химиялық, биологиялық зақымданудың қысқаша сипаттамасы, жаппай зақымдану ошақтарындағы құткару және баска да шұғыл жұмыстар. АЭС-тағы апат кезінде тұрғындардың өзін ұстауы аса маңызды мәселелер.
Ядролық жарылыстың мақсатын түсіну. Бірнеше түрде қарастыру, ядролық ошақтардың шашырауы, оның түрлері қай жерлерде жарылғаны туралы, бірлік мөлшерін өлшеу.
Екінші сұраққа келетін болсақ. Студент соғылмалы толқынды оқып ол туралы сұрақ қою керек.
Соғылмалы толқынға түсінік беру керек, оның түпкі мақсатын білу, оның қысымынын адамға әсер етуі қандай зақымдар тудырады.
Сәулелі жарықтың физикалық, химиялық түрде көрсетуін, ондағы сәуле импульсі терінің күюі, көздің көрмеуі. Радиация туралы сұрақ туғанда студент білуі керек. Рентген, бар, сәулесі, радиацияның көлемі, аймақтың залалдануы радиактивті аймақтық жарылыстары. Электромагнитті импульс туралы сұрақ туғанда ядролы жарылыс неден туады, гамма сәулесінің әсер етуі, электр жолдарының үзілуі, басқа бөлімдердің басқарылуы туралы түсініктеме.
Ядролық қаруды қарулардың ішінде жойқыны деп атайды. Әсер ету күші ядроларымен тығыз байланыста болады, жарылатын ядролар реакциясы бөлінеді. Синтездер әрқилы болып кездеседі. Соған байланыста әртурлі дәрежелі ядролы энергияны, қаруларды бөлшектеп ядро және термоядролық (сутегіне жатқызамыз ) деп бөлеміз.
Ядролық қару күштерін түріне бөлеміз: авияциялық бомбалар, атқыштар сынығы, атушы бөлімдер зымыраны, су асты сынақтары, терендегі бомбалар және миналар. Ядролық қарудың күші өлшеулі эквиволентті тротила түрінде болады.
Ядролық жарылыс негізінен әуежайда болады. Осыдан бұрын жарылған облыстар жерге тәуелсіз болады. Әуежай жарылыстары ашық бұрқ ете қалады, осыдан барып жарылыстың соңынан отты шар пайда болады, тез ұлғайып мөлшері жоғары көтеріледі. Біраз секундтан соң отты шар қараңғы бұлтқа, отты қызғылт түрлеріне айналады. Осы уақытта аспанға жерден шаң көтеріледі, көтерілген эпицентр жарылысы, саңырауқұлақ тәрізді форма пайда болады. Жоғары жарылыстан кейін көтерілген шаң жарылыспен бірге байланыспайды. Ядролық реакция гамма-сәулесімен шығарылады. Үлкен мөлшерде нейтрондар радиоактивті заттар аспандағы жарылыста болады.
I. Нерв жүйесін салдандыра әсер ететін уытты химиялық қосылыстарға фосфор, органиқалық зарин, заман, Ви-ЭКС улы заттары жатады. Бұлардың барлығыда түссіз, иіссіз, бір-бірінен булану, улау сонымен бірге химиялық құрылымы, физикалық қасиеттерінде ғана өзгешеліктері бар сұйықтықтар. Ең бастысы бұлардың барлығыда биомеханикалық қасиеттеріне байланысты орталық нерв жүйесіне әсер етіп бұлшық еттерді тартылдырып, салдандырып және көп жағдайда өлімге әкеп соғады.
Зарин тұрақсыз уытты уландырғыш затқа жатады, тез буланады, меншікті салмағы 1,1, қайнау температурасы 158°С, қату температурасы- 56°С, суда ериді, майлармен еріткіштерде өте жақсы ериді.
Химиялық құрылымы жағынан өте жандандырылған, су және қышқылдар ерітінділерімен қосылысқа түседі. Зарин өте күшті уытты, жасырын әсер ету кезеңі жок, орта өлімге әкеп соғатын мөлшері 1 мин. 0,10 мг/л, бу күйінде қолданылады.
Ви-ЭКС булану қабілеті төмен, суда нашар еритін уытты химиялық зат. Меншікті салмағы 1,1м қайнау температурасы 300°С, қатуы-50°С. Қолданылған аймақтарда тұрақтылығы жаз айларында бір апта, ал қыста бір айдан астам. Аэрозоль күйінде қолданылады және противогаз, сырт киімдер және бүтін тері қабаттарынан өтіп кете алады. Ви-ЭКС, заринмен салыстырғанда бірнеше есе уытты, уақыт кезеңінің өтуіне байланысты ағзаға өткен улардың қоры пайда болып біршама ұзақтықтан кейін бірден өлімге әкеп соғады. Ауа арқылы организмге өткен жағдайда, орташа өлімге әкеп соғатын мөлшері 1 мин. 0,01 мг/л, ал тері қабаттары арқылы өтіп организмге әсер еткен жағдайда бір адамға 7 мг. келеді.
Теріні-іріңдете әсер ететін уытты заттар, бұлар негізінен тері қабаттарына әсер етеді, сонымен бірге бу және аэрозоль күйіндегі түрінде де ағзаны уландырады. Негізгі өкіліне түссіз, май тәріздес, суда баяу еритін иприт сұйықтықтары жатады. Бұлар қоршаған орта заттарына тез сіңіп, газсыздандыру жұмыстары үлкен қиыншылықтармен жүргізіледі. Қайнау температурасы 217°С, тұрақты жаз айларында 7 ден 14 күн, ал қыста бір айдан астам уақыт сақталады. Соғыста негізгі қолдану түрі болып бу және тамшылық күйі жатады. Сұйық-тамшылық түрінде тері қабаттары мен көзді зақымдаса, бу тәріздес күйінде-көз, тері қабаттары, тыныс алу жолдары мен өкпені зақымдайды, сонымен бірге тамақ су арқылы ас қорыту жолдарына өтіп улайды. Орта есеппен өлімге әкеп соғатын мөлшері: бу күйінде 1 мин.-1,30мғ/л сүйық-тамшылық күйінде бір адамға 5г. зақымдау белгілеріне: зарасыздану аймағында 2-6 сағат болған жағдайда тері қабаттарының қызарып, 24 сағаттан кейін көпіршіктер пайда болып, ал 2-3 тәуліктен кейін қотырланып жараға айналуы жатады.
II. Жалпы ағзаны улайтын уытты химиялық заттар тыныс алу мүшелерін зақымдап ткандердін оттегімен қанығу қабілетін бұзады. Негізгі өкіліне көгерткіш қышқылы жатады, ал жағымсыз иісті түссіз сұйықтық меншікті салмағы 0,7, қайнау температура 26°С, қату температурасы-14°С бу күйінде қолданылады. Уытты қасиеті жүйкені салдандыра әсер ететін улы заттардан төмен. Ауа арқылы бу күйіндегі газдың ағзаға өтуі кезінде орта өлімге әкеп соғатын мөлшері 1 мин. 2 мг/л.зақымдау белгілері: тамақ ашып, ауыздың темір татуы, жүрек айнып, бас ауырып, ентігіп және сіңір тартылу. Өлім жүрек еттерінін қызметінің тоқтауынан болады.
III. Тұншықтыра әсер ететін уытты химиялық улы заттар өкпе қызметін бұзып, тыныс алуды уақытша немесе біржола тоқтатады, негізгі өкілі: фосген. Бұл шіріген шөб иісті, ауадан 3,5 есе ауыр газ, орта есеппен өлімге әкеп соғатын мөлшері минутына 3,2 мг/л.
Зақымдау белгілері қөзді әлсіз тітіркендіріп, жас ағызып, бас айналдырып және жалпы әлсіздік байқалады, улану ошағынан шықсымен бұл белгілер жоғалып жасырын кезең басталып, 4-5 сағат аралығында өкпенің қабынуына әкеп соғады. Зардап шегуінің жағдайы күрт нашарлап, дымқыл жөтел пайда болып, ерін көгеріп, бас ауырып, ентігіп тұншығады және дене қызуы көтеріледі. Өлім бірінші екі тәулікте өкпе тканінің қабынуынан болады.
IV. Психомиметикалық улы заттар қарсыластардың адам күшін уақытша қатардан шығару мақсатында қолданылады да, бірінші кезекте нерв жүйесіне әсер етеді. Негізгі өкілі- Ви Зет – ақ қиыршықтәріздес ұнтақ, меншікті салмағы-1,8, қайнау температурасы-412°С, балқуы-190°С, негізгі химиялық қаруда аэрозоль күйінде қолданылады. Адамдарды тыныс алу мүшелерімен ас қорыту жолдары арқылы зақымдайды, жасырын әсер ету мерзімі 50 мин. 3 сағат.
Зақымдау белгілері: есту және сөйлеу қызметінің тежелуі мен жүрек айнып құсудың пайда болуы, одан кейінгі уақыттарда зардап шегуші қозып, галлюцинациялардың пайда болуы Би-Зетті қолданудағы басты мақсат, жау қарулы күштерінің тәртібін бұзып,экстремалды жағдайда дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін жою.
V. Тітіркендіре әсер ететін улы заттар көздің шырынды қабықтарының және жоғарғы тыныс жолдарының сезімталдық қасиетін жоя әсер етеді. Улану ошағынан шыққаннан кейін, барлық жағымсыз белгілер жойылып, бірақ қайта улану қорқынышы қалыптасады. Негізгі өкілі болып – С/игры-ЭС есептелуі, бұл ақ түсті ұнтақ, суда баяу ериді.
Бологиялық қару-бұған жататындар: биологиялық заттармен жабдықталған приборлар. Олар адамдар мен хайуандарға жүқпалы ауру тарату үшін өсімдік және азық-түлік қорларын бұзуға қолданылады. Биологиялық қарудың негізгі түрі-ауру туғызушы микроорганизмдер. Сонымен бірге жұқпалы дертпен ауырып жүрген кеміргіштер: тышқан,суыр, қосаяқ пен құрт-құмырсқалар пайдаланады. Биологиялық қарудың зақымдау күші мынадай факторларға: ауру туғызушы микроорганизмдердің қасиеті мен халықтың тұрмыс жағдайына, санитарлық тұрмыс дәрежесіне сондай-ақ алдын-ала жасалған қорғау, егуге және жыл маусымы жер бедерінің түріне, емдеу, профилактикалық шараларға, эпидемияға қарсы күресуші орындар мен олардың қолданған әдістеріне байланысты болады. Биологиялық қару жаппай дерлік зақымдағыш қару. Оны қолданудың нәтижесінде адамдар мен хайуандар арасында үлкен апат тудыратын көптеген жұқпалы аурулар тарайды. Сондықтан бұл қарудың ауыр зардабынан сақтану шараларын күні бұрын белгілеп толық жүзеге асыра білу қажет. Аурудың көп тарауына жол бермеудің кепілі – жұқпалы ауру микробтарының түрін уақытында анықтап, карантин жасау.
Биологиялық қарудың қолданылғаны туралы сигнал алысымен жаппай тығыз бекітілген ғимараттарға тез жасырыну керек. Таяу жарде арнайы паналау ғимараттары болмаған жағдайда тыныс жолдарын қорғаудың жекелей құралдарын (противогазды) пайдалану керек.
Әр түрлі жұқпалы ауруды микробтардың тек қана белгілі түрі қоздырады.
Ауру туғызушы бактериялар-бұлар өте үсақ тірі организмдер, көпшілігі бір клеткадан тұрады, оларды тек қана микроскоп арқылы көруге болады. Бактериялар жай түрде бөліну арқылы тез көбейеді.
Оба өте қауіпті, өткір инфекциялы ауру. Эпидемиялық таратылу мен ауыр интоксикациямен анықталады.
Оба қоздырғышы қысқаша, қозғалмайтын, жұмыртқа пішініндей таяқша. Бұл аурудың микроорганизмдері практикада қолданылатын дезинфекциялық шараларға өте сезімтал. Олар 55°С температурасында тез жойылады. Көп жағдайда оба ауруы малдарда болады (300 ден астам), әсіресе кемірушілер оның ішінде қөртышқан, суыр және т.б. кемірушілер арасында инфекция-кене (клещ) арқылы таратылады. Адамдарға, әсіресе кене мен жануарлардан жұғады. Адамның оба ауруын қабылдауы өте жоғары және жұқпалы, инфекция ауруды тудырмайтын иммунитет қалдырады. Ауру көбіне қайталанбайды. Ауруға байланысты адамдарда әр түрлі аурудың клиникалық формалары пайда болады; тыныс алу, ішек, қан-тамыр жүйесін, дене сыртындағы, септикалық факторлар.
Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бес күнге дейін болады. Тырысқақ формалары ауыр, орташа, жеңіл болады және осы формалармен ажыратады. Науқас өте өткір басталады. Үлкен дәрет жиі келеді, бірінші күндері 10 рет, ал ауыр формасында 30 және одан да көпке барады. Осыдан кейін адамның лоқсуы қайталанады. Адамның денсаулығы нашарлайды, ол төсекке жатып қалады, бұлшық еттері тырысады. Ол аурудың бірінші кезеңі-тырысқақ гастроэнтерит сорғылу және организмнің шығыны келесі кезеңге әкеледі-тырысқақ алгиды. Бұл кезенде адамның температурасы 35,5-35°С дейін түседі, адам тоңа бастайды, жабысқақ тері пайда болады, ерні, мүрны бозарып көгереді, көз алмасы орбитасына кіріп кетеді. Барлық бұлшық еттері, қалшылдап дірілдейді. Қан қысымы көтеіріледі, жүрек соғу бұзылады. Бұл кезенде адам өліп кетуі мүмкін. Сонымен қатар құрғақ тырысқақ болады, ол жылдам интоксикациямен анықталады, бірақ адам лоқсымайды, үлкен дәреті де түзу болады. Өлім жүректің әлсіздігінен болады. Эпидемия және клиникалық симптомдарда диагноз қою қиын емес, бірақ аурудың бірінші кезеңінде диагноз анықтау әсіресе, жеңіл формасында қиынға түседі. Сондықтан бұл ауруды білу үшін барлық қөріністерді тауып оның ішінде эпидемиялық анамнез, клиникалық және лабораториялық ауруларды тез түрде госпитальға жатқызады.
Негізгі әдебиеттер [2,3,8]
Қосымша эдебиеттер:[32,33,38]