Р қылмыстық құқығының Жалпы бөлімінен

Ылмыстық құқық және криминология кафедрасы

КОФ ТӨРТІНШІ КУРС КУРСАНТТАРЫНА

ОЖСБ (ВОУД) ӨТКІЗУ ҮШІН

Р ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ» ПӘНІ БОЙЫНША

ТЕСТТЕР

Қылмыстық құқық

және криминология кафедрасының

мәжілісінде талқыланды

және мақұлданды

2016 ж. «7» қыркүйек

№ 2хаттама

Арағанды қ., 2016 жыл

Р қылмыстық құқығының Жалпы бөлімінен

ТЕСТІЛЕР

1. Қылмыстық құқық пәніне кіреді:

А) қылмыстық жазаларды орындау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар;

В) мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар;

С) қылмыстарды тергейтін органдар қызметінің тәртібі мен нысанын реттейтін қоғамдық
қатынастар;

Д) қылмыстық жазалаумен қорқыту арқылы адамды қылмыс жасаудан ұстаумен байланысты қоғамдық қатынастар;

Е) сотталғандарға түзеу ықпал ететін шараларды қолдану процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар.

2. Көрсетілген принциптердің қайсысы қылмыстық құқықтың арнайы (салалық) принципі болып табылады:

А) демократизм принципі;

В) гуманизм принципі;

С) азаматтың заң алдында теңдік принципі;

Д) кінәлі жауаптылық принципі;

Е) заңдылық принципі.

3. Қылмыстық заңның міндеттерінің жүйесіне кірмейді:

А) қорғау міндеті;

В) жалпы ескерту міндеті;

С) тәрбиелеу міндеті;

Д) тән азабын шектіру міңдеті;

Е) жеке ескерту міндеті.

4. Қандай түсіндіру (талқылау) құқықтық норманың мағынасын басқа нормалармен оның байланысын анықтау жолымен ұғындыруды болжайды:

А) ғылыми;

В) тарихи;

С) жүйелік;

Д) грамматикалық;

Е) легальды.

5. Қандай заңның кері күші бар:

А) негізгі жазаның өзгермеуінде қосымша жазаны алып тастаушы заң;

В) негізгі жазаның өзгермеуінде қосымша жазаны көздейтін заң;

С) қосымша жазаға негізгі жаза сипатын беретін заң;

Д) анағұрлым ауырырақ балама жаза белгілейтін заң;

Е) соттылықты жою және алып тастау мерзімдерін ұлғайтушы заң.

6. Қылмыс жасау уақыты деп танылады:

А) қоғамға қауіпті зардаптардың келіген уақыты;

В) қоғамға қауіпті іс әрекетті жүзеге асыру уақыты;

С) қоғамға қауіпті қолсүғушылыққа дайындық іс әрекеттерін жүзеге асыру уақыты;

Д) қылмыстық заңмен қорғалатын мүддеге аяқталмаған оқталуды жүзеге асыру уақыты;

Е) қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге аяқталған оқталуды жүзеге асыру уақыты.

7. Көрсетілген белгілердің қайсысы қылмыстың формальды белгісі болып табылады:

А) қоғамға қауіптілік;

В) құқыққа қайшылық;

С) кінәлілік;

Д) жазаланушылық;

Е) моральға жатшылық.

8. Қылмыстық әрекеттің қоғамға қауіптілік белгілерінің мазмұны қандай:

А) қылмыс қылмыстық заңмен белгіленген тыйым салуды бұзады;

В) қылмыстық заңмен қорлғалатың объектіге зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін туғызады;

С) қылмыс оны жасағаны үшін тиісті жазаны міндетті түрде белгілуді болжайды;

Д) қылмыс мораль нормаларын бұзады;

Е) қылмыс адамның әрекетке және зардаптарға тиісті психикалық қатынасының бар болуында жасалады.

9. Қандай көрсеткіштердің көмегімен қылмыс санаттарын бөлу жүзеге асырылады:

А) қоғамға қауіпті зардаптың сипаты;

В) келтірілген зиянның мөлшері;

С) жаза мерзімдері;

Д) қылмыстылық жауаптылық пен жазаны аурлататын мән-жайлардың болуы;

Е) кінәнің нысаны және заңмен белгіленген санкция шектері.

10. Қылмысты жасағаны үшін ең жоғары бас бостандығынан айыру жазасы бес жылдан аспайтын абайсыздықта жасалған әрекет қылмыстар санатының қайсысына жатады:

А) онша ауыр емес қылмыстарға;

В) орташа ауырлықтағы қылмыстарға;

С) ауырлығы аз қылмысқа;

Д) қоғамға үлкен қауіптілік келтірмейтін қылмысқа;

Е) елеулі емес қылмысқа.

11. Қылмысты жасағаны үшін Қылмыстық кодекспен көзделген ең жоғарғы бас бостандығынан айыру жазасы 5 жылдан аспайтын қасақана қылмыстар санаттарының қайсысына жатады:

А)үлкен қоғамға қауіптілік білдірмейтін қылмыстарға;

В) онша ауыр емес қылмыстарға;

С) орташа ауырлықтағы қылмыстарға;

Д) ауырлығы аз қылмыстарға;

Е) ауыр қылмыстарға.

12. Қылмысты жасағаны үшін ҚК көздеген ең жоғарғы бас бостандығынан айыру жазасы 12 жылдан аспайтын қасақана әрекет қылмыстар санатының қайсысына жатады:

А) онша ауыр емес қылмыстарға;

В) орташа ауырлықтағы қылмыстарға;

С) ауыр қылмыстарға;

Д) аса ауыр қылмыстарға;

Е) аса қауіпті қылмыстарға.

13. Қылмысты жасағаны үшін өлім жазасы түріндегі жаза көзделеген қасақана әрекет қылмыстар санатының қайсысына жатады:

А) онша ауыр емес қылмыстарға;

В) орташа ауырлықтағы қылмыстарға;

С) ауыр қылмыстарға;

Д) аса ауыр қылмыстарға;

Е) аса қауіпті қылмыстарға.

14. Әрекеттің елеулі маңыздылығы болмай деп:

А) қасақана ойдың кез келген зиян келтіруге бағытталуында елеулі емес зиян келтіруімен;

В) елеулігі аз зиян келтірумен және өз еркімен оның орнын толтырумен;

С) қасақана ойдың үлкен зиян келтіруге бағытталуында елеулі емес зиян келтіруімен;

Д) кінәлінің еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша зиянның жоқ болуы;

Е) елеулі емес зиян келтірумен және қасақана ойдың осындай зиянға бағытталуында.

15. Қылмыстық жауаптылықтың негізі не болып табылады:

А) кінә;

В) тұлғаның жеке бас қасиеттері;

С) қылмыс құрамы бар әрекет;

Д) әрекетпен келтірілген қоғамға қауіпті зардаптар;

Е) әрекеттің обьективті белгілері.

16. Қылмыстық жауаптылықты іске асыру қай сәттен басталады:

А) ұстау туралы қаулы шығарған сәттен;

В) айыптау қорытындысын бекітке сәттен;

С) сотпен үкім шығарған сәттен;

Д) соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енген сәттен;

Е) айып таққан сәттен.

17. Қылмыстық жауаптылық қай сәттен аяқталады:

А) жазаның өтелмеген бөлігі жеңілірек жаза түрімен ауыстырылған сәттен;

В) тағайындалған жазаны өтеген сәттен;

С) жазадан шартты түрде босатылған сәттен;

Д) соттылығы өтелген немесе алынып тасталған сәттен;

Е) жазадан ауруға шалдығуына байланысты босатылған сәттен.

18. Қандай қылмыстың құрамында қылмыстың обьективтік жағын әрекетің жасалған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп танылады:

А) формальді қылмыс құрамы;

В) негізгі қылмыс құрамы;

С) жәй қылмыс құрамы;

Д) материалды қылмыс құрамы;

Е) жеңілдетілген қылмыс құрамы.

19. Қылмыстың аяқталу кезеңі қылмыстың бастапқы сатысына ауысқан құрам:

А) формальді қылмыс құрамы;

В) негізгі қылмыс құрамы;

С) келте қылмыс құрамы;

Д) материалды қылмыс құрамы;

Е) жеңілдететің құрамы.

20. Қандай қылмыс обьектісі ҚК Ерекше бөлімін құрастыру негізіне қойылған:

А) жалпы обьект;

В) топтық обьект;

С) түрлік обьекті;

Д) негізгі тікелей обьект;

Е) қосымша тікелей обьект.

21. Формальді қылмыс құрамдарында обьективті жақтың қай белгісі міндетті болып танылады:

А) қоғамға қауіпті әрекет;

В) коғамға қауіпті зардап;

С) әрекет пен зардап арасындағы себептік байланыс;

Д) қоғамға қауіпті әрекетті жасау уақыты;

Е) қылмыс жасау орны.

22. Материалды қылмыс құрамдарында обьектитвті жақтың қай белгісі міндетті болып танылмайды:

А) қоғамға қауіпті әрекет;

В) қоғамға қауіпті зардап;

С) әрекет пен зардап арасындағы себептік байланыс;

Д) қоғамға қауіпті әрекетті жасау уақыты;

Е) барлық көрсетілген белгілер.

23. Қылмыс субьектісінің көрсетілген белгілерінің қайсысы субьектінің арнаулы белгілеріне жатады:

А) қылмыстық заңмен белгіленген жасқа жету;

В) есі дұрыстық;

С) жеке тұлға;

Д) лауазымды тұлға;

Е) есі дұрыс еместік.

24. Адамның есі дұрыс еместігі екі белгімен (критерийлерімен) сипатталады. Көрсетілген белгілердің қайсы есі дұрыс еместіктің критериі болып танылмайды:

А) заңдық;

В) медициналық;

С) физиологиялық;

Д) психологиялық;

Е) қылмыстық құқықтық.

25. Қылмыстың субьективті жағының міндетті белгісі болып танылады:

А) кінә;

В) себеп (ниет);

С) мақсат;

Д) эмоционалдық күйі;

Е) пиғыл.

26. Кінәнің нысанын көрсетіңіз:

А) тікелей қасақаналық;

В) абайсыздық;

С) жанама қасақаналық;

Д) балама қасақаналық;

Е) аффектелген қасақаналық.

27. Адам өз іс әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы нақты мүмкін екендігін алдын ала білсе осы зардаптың болуын тілемесе де бірақ олардың келуіне саналы түрде жол береді:

А) тікелей қасақаналық;

В) жанама қасақаналық;

С) немқұрайдылық;

Д) менмендік;

Е) анықталмаған қасақаналық.

28. Адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз әрекетін қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе:

А) тікелей қасақаналық;

В) жанама қасақаналық;

С) менмендік;

Д) немқұрайдылық;

Е) аффектіленген қасақаналық.

29. Кінәлінің заңға қайшы (заңға сыйымды емес) іс-әрекеттерімен туындаған қатты жан күйзелісінде пайда болады:

А) алдын ала ойластырылған қасақаналық;

В) табан астында пайда болған қасақаналық;

С) аффектіленген қасақаналық;

Д) балама қасақаналық;

Е) нақтыланған қасақаналық.

30. Адамның, жасалған әрекеті одан туындайтың зардаптарының қылмыстық-кұқықтық салдары туралы қате болжауы:

А) заңдық қате;

В) шын мәніндегі (іс жүзіндегі) қате;

С) жарамсыз қылмыс;

Д) объектідегі қате;

Е) салдарындағы қате.

31. Адамның жасалған әрекеттің шын мәніндегі мән-жайына қатысты қате болжауы:

А) заңдық қате;

В) шын мәніңдегі қате;

С) құқыққа қарсылығындағы қате,

Д) жалған қылмыс;

Е) жазаланушылығындағы қате.

32. Қылмыскердің, онымен жасалған қылмысына психикалық қатынасын сипаттайтын белгілер:

А) субъектінің жасы, есі дүрыстығы;

В) кінә, себеп, мақсат;

С) қылмыс заты;

Д) қылмыс объектісі;

Е) қоғамға қауіпті әрекет, қоғамға қауіпті зардаптар, себепті байланыс.

33. Тікелей қасақаналықтың еріктілік кезеңі немен сипатталады:

А) қоғамдық қауіпті зардаптардың келуін тілеумен;

В) қоғамдық қауіпті зардаптарға немқұрайдылықпен қарауынан;

С) коғамдық қауіпті зардаптардың келуіне саналы түрде жол берумен;

Д) қоғамға қауіпті зардаптарды жеңілтектікпен болғызбаймын деп есептеумен;

Е) қоғамдық қауіпті зардаптардың келуін алдын ала болжауға міндет пен мүмкіндіктің бар
болуымен.

34. Менмендіктің еріктілік кезеңі немен сипатталады:

А) қоғамдық қауіпті зардаптардың келуін тілеумен;

В) қоғамдық қауіпті зардаптарға немқұрайдылықпен қарауынан;

С) қоғамдық қауіпті зардаптардың келуіне саналы түрде жол берумен;

Д) қоғамға қауіпті зардаптарды жеңілтектікпен болғызбаймын деп сенуі;

Е) қоғамдық қауіпті зардаптардың келуін алдын ала болжауға міндет пен мүмкіндіктің бар
болуымен.

35. Немқұрайдылықтың еріктілік кезеңі немен сипатталады:

А) қоғамдық қауіпті зардаптардың келуін тілеумен;

В) қоғамдық қауіпті зардаптарға немқұрайдылықпен қарауынан;

С) қоғамдық қауіпті зардаптардың келуіне саналы түрде жол берумен;

Д) қоғамға қауіпті зардаптарды жеңілтектікпен болғызбаймын деп сенуі;

Е) қоғамдық қауіпті зардаптардың келуін алдын ала болжауға міндетті болып мүмкіндіктің бар болуымен.

36. Қандай қылмыс күрделі біртектес қылмыстарға жатпайды:

А) балама;

В) бірнеше ретті;

С) жалғаспалы;

Д) созылмалы;

Е) күрделі.

37. Ортақ мақсатқа бағытталған және өз жиынтығыңда бір қылмысты қүрайтын бірқатар реттермен жасалынатын үқсас қылмыстық іс-әрекеттерден қалыптасатын қылмыс:

А) құрамдас қылмыс;

В) жалғаспалы қылмыс;

С) созылмалы қылмыс;

Д) балама іс-әрекетті қылмыс;

Е) күрделі қылмыс.

38. Заңда белгіленген жазамен қорқыту арқылы кінәліге жүктелген міндеттерді әрі қарай үзақ орындамаумен ұштасқан іс-әрекет немесе әрекетсіздік:

А) құрамдас қылмыс;

В) жалғаспалы қылмыс;

С) созылмалы қылмыс;

Д) балама іс-әрекетті қылмыс;

Е) күрделі қылмыс.

39. Адамның ҚК-ң Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабынын бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекеттерді жасауында көптіліктің қай нысаны орын алады:

А) бірнеше мәртелік;

В) идеалды жиынтық;

С) нақты жиынтық;

Д) қарапайым қайталану;

Е) қауіпті қайталану.

40. ҚК-ң Ерекше бөлімінің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде біреуі үшін сотталмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді жасағанда коптіліктің қай нысаны орын алады:

А) бірнеше мәртелік;

В) жиынтық;

С) қарапайым қайталану;

Д) қауіпті қайталану;

Е) аса қауіпті қайталану.

41. Бұрын қасақана жасалған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасаған жағдайында көптіліктің қай нысаны орын алады:

А) бірнеше мәртелік;

В) идеалды жиынтық;

С) нақты жиынтық;

Д) қайталану;

Е) қайталанушылық.

42. Қасақана қылмыстың төменде тізілген кезеңдерінің қайсысы қылмыс жасау сатыларына жатпайды:

А) қасақана ой табу;

В) қылмысқа дайындық;

С) аяқталмаған қылмыс;

Д) аяқталған оқталу;

Е) аяқталған қылмыс.

43. Қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, дайындау немесе бейімдеп жасау қасақана қылмыс жасаудың қай сатысына жатады:

А) қасақана ой табу;

В) қылмысқа дайындық;

С) аяқталмаған қылмыс;

Д) аяқталған оқталу;

Е) аяқталған қылмыс.

44. Қандай қылмысқа дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылық басталады:

А) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысқа;

В) орташа ауырлықтағы немесе ауыр қылмысқа;

С) ауыр немесе аса ауыр қылмысқа;

Д) кішігірім, орташа ауырлықтағы немесе ауыр қылмысқа;

Е) орташа ауырлықтағы, ауыр немесе аса ауыр қылмысқа.

45. Қандай қылмысқа оқталғандығы үшін қылмыстық жауаптылық басталады:

А) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысқа;

В) ауыр немесе аса ауырға;

С) кішігірім, орташа ауырлықтағы немесе ауыр қылмысқа;

Д) орташа ауырлықтағы немесе ауыр қылмысқа;

Е) орташа ауырлықтағы, ауыр, немесе аса ауыр қылмысқа.

46. Нақты қылмыс құрамының объективті жағына кіретін іс-әрекеттерді орындайтын адам қылмысқа қатысушылардың қайсысы болып танылады:

А) орындаушы;

В) ұйымдастырушы;

С) айдап салушы;

Д) физикалық көмектесудегі көмектесуші;

Е) интеллектуалдық көмектесудегі көмектесуші.

47. Жастығына, есі дұрыс еместігіне және ҚК-пен көрсетілген басқа жағдайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа тартуға жатпайтын адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасайтын адам қатысушылардың қайсысы деп танылады:

А) орындаушы;

В) ұйымдастырушы;

С) айдап салушы;

Д) физикалық көмектесудегі көмектесуші;

Е) интеллектуалдық көмектесудегі көмектесуші.

48. Қылмыс жасау қаруларын немесе құралдарын берумен қылмыс жасауға жәрдемдескен адам қатысушылардың қайсысы деп танылады:

А) орындаушы;

В) ұйымдастырушы;

С) айдап салушы;

Д) физикалық көмектесудегі көмектесуші;

Е) интеллектуалдық көмектесудегі көмектесуші.

49. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат берумен қылмыс жасауға жәрдемдескен адам қатысушылардың қайсысы деп танылады:

А) орындаушы;

В) ұйымдастырушы;

С) айдап салушы;

Д) физикалық көмектесудегі көмектесуші;

Е) интеллектуалдық көмектесудегі көмектесуші.

50. Бірлесіп қылмыс жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қылмысқа қатысса, ол келесідей жасалған деп танылады:

А) алдын ала сөз байласпаған адамдар тобымен;

В) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы;

С) ұйымдасқан топпен;

Д) қылмыстық қауымдастықпен;

Е) қылмыстық ұйыммен.

51. Бір немесе бірнеше қылмыстар жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобымен қылмыстар жасау қатысудың қай нысанына жатады:

А) алдын ала сөз байласпаған адамдар тобымен;

В) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы;

С) ұйымдасқан топпен;

Д) қылмыстық қауымдастықпен;

Е) қылмыстық ұйыммен.

52. Ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған бірігіп ұйымдасқан топпен қылмыс жасау қатысудың қай нысанына жатады:

А) алдын ала сөз байласпаған адамдар тобымен;

В) алдын ала соз байласқан адамдар тобы;

С) ұйымдасқан топпен;

Д) қылмыстық қауымдастықпен;

Е) бандамен.

53. Қылмыстық қауымдастық ұйымдасқан топтан қандай белгілерімен ажыратылады:

А) топ ішінде рольдерді бөлу;

В) тұрақтылық;

С) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасауға бірігу мен бағытталушылық;

Д) қылмыстарды жоспарлау мен дайындау;

Е) іс-әрекеттің бағыттылығы.

54. Алдын ала уәде бермей қылмыс іздерін, қылмыс жасау қарулары мен құралдарын жасыруға жәрдемдескен адамның іс-әрекеттері қалай бағаланады:

А) көмектесушілік;

В) жасырушылық;

С) хабарламаушылық;

Д) айдап салушылық;

Е) жол берушілік;

55. Дайындалып жатқан немесе жасалғаны анық қылмыс туралы хабарламаған адамның іс-әрекеттері қалай бағаланады:

а) көмектесушілік;

В) жасырушылық;

с) хабарламаушылық;

д) айдап салушылық;

е) жол берушілік;

56. Қай санаттағы қылмыстарды жасырғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген:

А) елеулі маңызы жоқ қылмыстар;

В) ауырлығы онша емес және орташа ауыр қылмыстар;

С) ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар;

Д) ауыр және аса ауыр қылмыстар;

Е) барлық санаттағы қылмыстар.

57. Қандай қылмыс туралы хабарламағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген:

А) елеулі маңызы жоқ қылмыстар;

В) орташа ауыр қылмыстар;

С) ауырлығы онша емес қылмыстар;

Д) ауыр қылмыстар;

Е) аса ауыр қылмыстар.

58. Төменде көрсетілгендердің қайсысы қылмыстық заңға сәйкес іс-әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын мән-жайларға жатпайды:

А) аса қажеттілік;

В) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу;

С) орынды тәуекел;

Д) жәбірленушінің келісімі;

Е) бұйрықты немесе үкімді орындау.

59. Көрсетілген шарттардың қайсысы қажетті қорғанудың төніп тұрған қауіпке байланысты міндетті заңдылық шарттарына жатпайды:

А) төніп тұрған қауіп қоғамдық қауіпті болуы тиіс;

В) төніп түрған қауіп қылмыс болуы тиіс;

С) төніп түрған қауіп жалған болмауы тиіс;

Д) төніп түрған қауіп шынайы болуы тиіс;

Е) төніп түрған қауіп нақты болуы тиіс.

60. Төмендегі жағдайлардың қайсысында қылмыс жасады деп сезік туғызатын тұлғаны ұстауға негізі жоқ:

А) Тұлға қылмыс үстінде немесе тікелей қылмыс жасағаннан кейін ұсталған;

В) көргендер немесе жәбірленуші сол адамға тікелей көрсетсе;

С) сезіктіде, оның кемінде немесе оның тұратын үйінде қылмыстың нақты іздері табылса;

Д) сезіктінің тұлғасы анықталған және ол жасырынуға ұмтылмайды;

Е) тұлға қамаудан немесе бас бостандығынан айыру мекемесінен қашқан кезде.

61. Қандай мән-жайлар аса қажеттіліктің заңдылық шарттарына жатпайды:

А) Төнген қауіптің қайнар көзі адамның әрекеті болса;

В) Құқыққорғау мүдделеріне төнген қауіп;

С)Құқыққорғау мүдделеріне төнген қауіпбасқа құралдармен тойтарылуы мүмкін болса;

Д) Келетін зардап тойтарылған зардаптан аз болса;

Е) Зардап құқыққорғау органдарына қауіп төндірмеген адамға келсе.

62. Қандай мән-жайлар орынды тәуекелдің заңдылық шарттарына жатпайды:

А) Орынды тәуекел әлеуметтік пайдалы мақсатқа жету үшін жасалса;

В) Әлеуметтік пайдалы мақсатқа орынды тәуекелмен байланысты емес әрекетпен жетуге мүмкін болған жағдайда;

С) Орынды тәуекелге барған тұлға құқыққорғау мүдделеріне зардаптың келтірілмеуінің барлық шараларын жасаса;

Д) Тәуекел білімге, шеберлікке негізделіп, жақсы аяқталуының шынайы мүмкіндігі бар;

Е) Орынды тәуекел көптеген адамдарға қауіппен, экологиялық апатпен немесе қоғамдық қақтығыспен байланысты болмауы тиіс.

63. Жазаның мақсаты болып табылады:

А) азаптау;

В) әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру;

С) адамның абыройын түсіру;

Д) дене зақымдарын тигізу;

Е) қайтадан тәрбиелеу.

64. Жазаның қай түрі тек негізгі жазаға жатады:

А) айыппұл;

В) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

С) мүлікті тәркілеу;

Д) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекетік наградалардан айыру;

Е) бас бостандығынан шектеу.

65. Жазаның қай түрі қосымша жазаларға жатады:

А) айыппұл;

В) мүлікті тәркілеу;

С) бас бостандығынан шектеу;

Д) түзеу жұмыстары;

Е) қамау.

66. Айыппұл жазасы қандай мөлшердегi айлық есептiк көрсеткiште қолданылады:

А) 20 дан 25 мың айлық есептiк көрсеткiште;

В) 25 тен 20 мың айлық есептiк көрсеткiште;

С) 20 дан 25 мың айлық есептiк көрсеткiште;

Д) 25 дан 25 мың айлық есептiк көрсеткiште;

Е) 20 дан 30мың айлық есептiк көрсеткiште.

67. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу негізгі жаза ретінде келесі мерзімге қолданылады:

А) 3 айдан 3 жылға дейін ;

В) 6 жылдан 3 жылға дейін;

С) 3 айдан 5 жылға дейін;

Д) 6 айдан 5 жылға дейін;

Е) 1 жылдан 5 жылға дейін.

68. Қоғамдық жұмыстарға тарту қандай мерзімге тағайындалады:

А) 40 сағаттан 240 сағатқа дейін;

В) 60 сағаттан 240 сағатқа дейін;

С) 80 сағаттан 240 сағатқа дейін;

Д) 40 сағаттан 260 сағатқа дейін;

Е) 60 сағаттан 280 сағатқа дейін.

69. Түзеу жұмыстарына сотталған адамдардың айлығына қандай үлесі мемлекеттік кіріске алынады:

А) 5 %-дан 10 %-ға дейін;

В) 5 %-дан 15 %-ға дейін;

С) 5 %-дан 20 %-ға дейін;

Д) 5 %-дан 25 %-ға дейін;

Е) 5 %-дан 30 %-ға дейін.

70. Қамау қандай мерзімге тағайындалады:

А) 1 айдан 4 айға дейін;

В) 1 айдан 6 айға дейін;

С) 15 тәулікке дейін;

Д) 1 айдан 1 жылға дейін;

Е) 1 айдан 2 жылға дейін.

71. Бас бостандығынан айыру қандай мерзімге тағайындалады:

А) 2 айдан 10 жылға дейін;

В) 3 айдан 12 жылға дейін;

С) 4 айдан 15 жылға дейін;

Д) 5 айдан 15 жылға дейін;

Е) 6 айдан 15 жылға дейін.

72. Колония-қоныстарында бас бостандығынан айыру жазасы кімге тағайындалады:

А) мерзіміне байланысты емес абайсызда жасаған қылмыстары үшін сотталғандар;

В) абайсызда жасаған қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға 7 жылдан артық емес мерзімге сотталғандар;

С) абайсызда жасаған қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға 7 жылдан артық мерзімге сотталғандар;

Д) абайсызда жасаған қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға 10 жылдан артық емес мерзімге сотталғандар;

Е) абайсызда жасаған қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға 10 жылдан артық мерзімге сотталғандар.

73. Қасақана онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталғандар жазаны қайда өтейді:

А) Колония-қоңыстарында;

В) жалпы режимдегі түзеу колонияларында;

С) қатаң режимдегі түзеу колонияларында;

Д) ерекше режимдегі түзеу колонияларында;

Е) түрмеде.

74. Қылмыстардың аса қауіпті қайталану кезінде қылмыс жасаған әйелдер жазаны қайда өтейді:

А) колония-қоңыстарында;

В) жалпы режимдегі түзеу колонияларында;

С) қатаң режимдегі түзеу колонияларында;

Д) ерекше режимдегі түзеу колонияларында;

Е) аса қатаң режимдегі тәрбиелеу колонияларында.

75. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазаны қайда өтейді:

А) колония-қоңыстарында;

В) қатаң режимдегі түзеу колонияларында;

С) ерекше режимдегі түзеу колонияларында;

Д) жалпы режимдегі түрмеде;

Е) қатаң режимдегі түрмеде.

76. Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға келесі мерзімге ауыстырылуы мүмкін:

А) 20 жыл ;

В) 25 жыл;

С) 30 жыл;

Д) 35 жыл;

Е) 40 жыл.

77. Қылмысқа оқталғандығы үшін тағайындалған жазаның мерзімі мен көлемі ҚК Ерекше бөлімінде қарастырылған тиісті бапқа сәйкес аяқталған қылмыс үшін көрсетілген жазаның мерзімі мен көлемінің қандай шегінен аспау керек:

А) 1/2 жоғарғы мерзімі немесе көлемі;

В) 2/3 жоғарғы мерзімі немесе көлемі;

С) 3/4 жоғарғы мерзімі немесе көлемі;

Д) 1/3 жоғарғы мерзімі немесе көлемі;

Е) 1/4 жоғарғы мерзімі немесе көлемі.

78. Қандай қылмыс санаттарының жиынтығы бойынша түпкілікті жаза жазаның жеңіл түрін ауыр түріне сіңіру жолымен тағайындалады:

А) ауырлығы онша емес қылмыстардың жиынтығы бойынша;

В) ауырлығы орташа қылмыстардың жиынтығы бойынша;

С) ауыр қылмыстардың жиынтығы бойынша;

Д) ауырлығы онша емес және ауырлығы орташа қылмыстардың жиынтығы бойынша;

Е) ауырлығы орташа және ауыр қылмыстардың жиынтығы бойынша.

79. Жазаның қай түрін тағайындаған кезде шартты түрде босату қолданылмайды:

А) түзеу жұмыстары ;

В) бас бостандығынан айыру;

С) әскери қызмет бойынша шектеу;

Д) қамау;

Е) тәртіптік әскери бөлімде ұстау.

80. Қандай қылмыс жасағаны үшін тұлға шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатыла алмайды:

А) жеке адамға қарсы онша ауыр емес қылмыс ;

В) жеке адамға қарсы орташа ауыр қылмыс;

С) жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыс;

Д) кез келген ауыр қылмыстар;

Е) жеке адамға қарсы аса ауыр қылмысты санамағанда аса ауыр қылмыстар.

81. Қылмыстық жауаптылықтан босатылады, егер тұлға кішігірім қылмыс жасағаннан бері келесі мерзім өтсе:

А) 6 ай;

В) 1 жыл;

С) 2 жыл;

Д) 3 жыл;

Е) 5 жыл.

82. Тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылады, егер ауырлығы орташа қылмыс жасағаннан бері келесі мерзім өтсе:

А) 2 жыл;

В) 3 жыл;

С) 5 жыл;

Д) 8 жыл;

Е) 10 жыл.

83. Тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылады, егер ауыр қылмыс жасағаннан бері келесі мерзім өтсе:

А) 5 жыл;

В) 8 жыл;

С) 15 жыл;

Д) 12 жыл;

Е) 10 жыл.

84. Тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылады, егер аса ауыр қылмыс жасағаннан бері келесі мерзім өтсе:

А) 10 жыл;

В) 12 жыл;

С) 20 жыл;

Д) 5 жыл;

Е) 25 жыл.

85. Қандай тұлғаларға ескіру мерзімі қолданылмайды:

А) аса қауіпті қайталану жағдайында қылмыс жасаған тұлға;

В) жеке тұлғаларға қарсы аса ауыр қылмыс жасаған тұлғаға;

С) мемлекеттің конституциялық құрылысына мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасаған тұлғаға;

Д) бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасаған тұлғаға;

Е) аса ауыр әскери қылмыс жасаған тұлғаға.

86. Қандай тұлға жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкін:

А) түзеу жұмыстарына тартылған;

В) қамауда отырған;

С) қоғамдық жұмыстарына тартылған;

Д) негізгі жаза ретінде белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылған;

Е) негізгі жаза ретінде айыппұл салынған.

87. Сотталған адамға ауырлығы онша емес қылмысы үшін тағайындалған жазаның қандай мерзімін өтегенде, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылуы мүмкін:

А) жаза мерзімі 1/3 кем емес;

В) жаза мерзімі 1/2 кем емес;

С) жаза мерзімі 2/3 кем емес;

Д) жаза мерзімі 3/4 кем емес;

Е) жаза мерзімі 1/4 кем емес.

88. Сот тағайындаған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген тұлға, іс жүзінде қандай мерзімді өтеген соң мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкін:

А) кемінде 20 жыл бас бостандығынан айыру;

В) кемінде25 жыл бас бостандығынан айыру;

С) кемінде 30 жыл бас бостандығынан айыру;

Д) кемінде35 жыл бас бостандығынан айыру;

Е) шартты түрде босатылуға жатпайды.

89. Сот сотталушы жүкті әйелдердің жазасын өтеуін кейінгі мерзімге қалдыруы мүмкін:

А) 3 айға дейін;

В) 6 айға дейін;

С) 9 айға дейін;

Д) 5 жылға дейін;

Е) 1,6 жылға дейін.

90. Рақымшылық актісі негізінде орындалмайды:

А) қосымша жазадан босату;

В) қылмыстық жазадан босату;

С) жеке адамның жауаптылықтан босатылуы;

Д) жазаны қысқарту немесе оны неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру, ;

Е) соттылықтың жойылуы.

91. Онша ауыр емес қылмыстар үшін сотталған тұлға айыптау үкімі келесі мерзімде атқарылмаса, қылмыстық жазаны өтеуден босатылады:

А) заңды күшіне енгеннен кейін 1 жыл;

В) заңды күшіне енгеннен кейін 2 жыл;

С) заңды күшіне енгеннен кейін 3 жыл;

Д) заңды күшіне енгеннен кейін 6 жыл ;

Е) заңды күшіне енгеннен кейін 8 жыл.

92. Орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін сотталған тұлға айыптау үкімі келесі мерзімде атқарылмаса, қылмыстық жазаны өтеуден босатылады:

А) заңды күшіне енгеннен кейін 2 жыл;

В) заңды күшіне енгеннен кейін 3 жыл;

С) заңды күшіне енгеннен кейін 6 жыл;

Д) заңды күшіне енгеннен кейін 8 жыл ;

Е) заңды күшіне енгеннен кейін 10 жыл.

93.Аса ауыр қылмыстар үшін сотталған тұлға айыптау үкімі келесі мерзімде атқарылмаса, қылмыстық жазаны өтеуден босатылады:

А) заңды күшіне енгеннен кейін 6 жыл;

В) заңды күшіне енгеннен кейін 8 жыл;

С) заңды күшіне енгеннен кейін 10 жыл;

Д) заңды күшіне енгеннен кейін 12 жыл ;

Е) заңды күшіне енгеннен кейін 15 жыл.

94. Қандай жағдайда жазасын өтегеннен кейін 3 жыл өтсе соттылық жойылады:

А) шартты түрде сотталуға қатысты;

В) жазаны жеңіл түріне ауыстыруға қатысты;

С) жазасы онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар;

Д) жазасы ауыр қылмыстар жасағанға қатысты ;

Е) жазасы аса ауыр қылмыстар жасағанға қатысты.

95. Қылмысқа қатысуда шектен шығушының ұғымы:

А) қылмыстық әрекетті абайсызда жасағандар;

В) қылмыстық әрекетті ұйымдастырушы ретінде жасағандар;

С) басқа қатысушылардың ойымен қамтылмаған қылмыс жасаушы тұлға;

Д) қылмыстық әрекетті басқа қатысушылардың ойымен қамтылған қылмыс жасағандар;

Е) қылмыстық әрекетті азғырушы ретінде жасаса.

96. Бірінші рет бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмаған ер балалар, жазасын қайда өтейді:

А) колония- қоныстарында ;

В) жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында;

С) жалпы режимдегі түзеу колонияларында;

Д) ерекшеленген режиміндегі тәрбиелеу колонияларында;

Е) қатаң режимдегі түзеу колонияларында.

97. Психиатриялық стационарларда мәжбүрлеп емдеу, өзінің психикалық жай-күйімен жасаған қоғамдық қауіпті әрекетінің сипаты бойынша өзіне немесе басқа адамдарға айрықша қауіпті болған жағдайда қандай мәжбүрлеу шарасы қолданылады:

А) емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу ;

В) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

С) емханалық емдеу психиатриялық мекемеде;

Д) мамандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

Е) интенсивті қадағаланатын мамандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу.

98. Қылмыс жасағаннан кейін психикасы бұзылған кезде, оларға медициналық мәжбүрлеу шаралары қолданылған уақыт психиатриялық стационарда болған 1 күн саналады және оның уақыты:

А) бас бостандығынан айыру 1 күн ;

В) бас бостандығынан айыру 2 күн;

С) бас бостандығынан айыру 3 күн;

Д) бас бостандығынан айыру 4 күн;

Е) бас бостандығынан айыру 5 күн.

99. Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысы медициналық мәжбүрлеу шарасын қолдануға негіз бола алмайды :

А) қылмысты есі дұрыс емес адам жасауы ;

В) есі дұрыс еместігін жоққа шығармайтын психикасы бұзылған адамның қылмыс жасауы;

С) қылмысты жасағаннан кейін адамда жазаны тағайындау немесе орындауды мүмкін еткізбейтін психикалық аурудың пайда болуында;

Д) қылмысты емделуге мұқтаж ЖИТС-ВИЧ аурулардан емделуді қажет ететін адамдар;

Е) қылмысты алкогольді және нашақор ауруымен ауыратын адамдар.

100. Психикалық жай-күйімен жасаған қоғамдық қауіпті әрекетінің сипаты бойынша тұрақты қадағалауды талап ететін адамға психиатриялық стационардың қай түрі тағайындалуы мүмкін:

А) мәжбүрлеп емханалық қадағалау және психиатрда емдеу;

В) емханалық емдеу психиатрлық мекемеде;

С) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

Д) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

Е) интенсивті қадағаланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу.

101. Психикалық жай-күйімен жасаған қоғамдық қауіпті әрекетінің сипаты бойынша стационарлық емдеу мен қадағалауды қажет ететін, бірақ интенсивті қадағалауды қажет етпейтін адамға психиатриялық стационардың қай түрі тағайындалуы мүмкін:

А) мәжбүрлеп емханалық қадағалау және психиатрда емдеу ;

В) емханалық емдеу психиатрлық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

С) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

Д) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

Е) интенсивті қадағаланатын мамандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу.

102. Көрсетілген белгілердің қайсысы қылмыстық әрекеттің сыртқы көрінісін бейнелейді :

А) кінә;

В) субъектінің жасы;

С) мақсат;

Д) себепті байланыс;

Е) есі дұрыстық.

103. Көрсетілген белгілердің қайсысы қылмысты жасаған тұлғаның қылмысқа деген психикалық көзқарасын бейнелейді:

А) тұлғаның жасы;

В) есі дұрыстық;

С) кінә;

Д) ниет;

Е) себепті байланыс.

104. Көрсетілген белгілердің қайсысы абайсызда жасалған қылмыс құрамының факультативті белгілері болып табылады:

А) қоғамға қауіпті әрекет;

В) қоғамға келетін зардап;

С) кінә;

Д) ниет;

Е) себепті байланыс.

105. Көрсетілген белгілердің қайсысы қылмыс құрамының кісі өлтірудегі міндетті белгілерінің бірі болып табылады:

А) қылмыстың жасалған уақыты;

В) қылмыстың жасалу жағдайы;

С) қылмыстың жасалу ниеті;

Д) қылмыстың жасалу орны;

Е) қылмыстың заты.

106. Өлім жазасы кімге тағайындалмайды:

А) кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге, 18 жасқа толмаған ер адамдарға, үкім шығару сәтіне 60 жасқа толған ер адамдарға;

В) жас балалы әйелдерге және үкім шығару сәтіне 65 жасқа толған ер адамдарға;

С) әйелдерге, 18 жасқа толмаған қылмыс жасағанға және үкім шығару сәтіне 65 жасқа толған әйелдерге;

Д) әйелдерге, 16 жасқа толмаған қылмыс жасаған тұлғаларға, сонымен қатар үкім шығару сәтіне 55 жасқа толған ер адамдарға;

Е) 18 жасқа толмаған қылмыс жасаған тұлғаларға, сонымен қатар үкім шығару сәтіне 60 жасқа толған ер адамдарға және жүкті әйелдерге.

107. Өмір бойы бас бостандығынан айыру кімге тағайындалмайды:

А) 16 жасқа толмаған қылмыс жасағандарға, сонымен қатар ер адамдарға үкім шығару сәтіне 65 жасқа толғандарға;

В) жүкті әйелдерге, сонымен қатар үкім шығару сәтіне 65 жасқа толған ер адамдарға;

С) әйелдерге, сонымен қатар16 жасқа толмаған қылмыс жасағандарға, үкім шығару сәтіне 60 жасқа толған ер адамдарға;

Д) әйелдерге, сонымен қатар 18 жасқа дейін қылмыс жасаған тұлғаларға, үкім шығару сәтіне 65 жасқа толған ер адамдарға;

Е) үкім шығару сәтіне 55 жасқа толған әйелдерге, сонымен қатар 18 жасқа дейінгі қылмыс жасағандарға.

108. Түзеу жұмыстары қандай мерзімге тағайындалады:

А) 1 жылдан 2 жылға дейін;

В) 24 сағаттан 72 сағатқа дейін;

С) 2 айдан 2 жылға дейін;

Д) 1 жылдан 3 жылға дейін;

Е) қылмыстың жағдайына байланысты.

109. Бас бостандығынан шектеу қандай мерзімге тағайындалады:

А) 1 жылдан 6 жылға дейін;

В) 6 айдан 2 жылға дейін;

С) 1 жылдан 5 жылға дейін;

Д) 2 жылдан 5 жылға дейін;

Е) қылмыстың жағдайына байланысты.

110. Қамаудың түсінігі:

А) қылмыстық заңнамада ұғымы берілмеген;

В) сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау;

С) бұлтартпау шарасы;

Д) сотталушыны қоғамнан қатаң оқшаулау түріндегі бұлтартпау шарасы ретінде;

Е) сотталушыны қоғамнан қатаң оқшаулау.

111. Абайсызда жасалған қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру жазасының ең жоғарғы мерзімін атаңыз:

А) Заңмен қарастырылмаған;

В) 8 жыл;

С) 10 жыл;

Д) 12 жыл;

Е) жағдайға байланысты қарастыру.

112. Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандардың соттылығы жойылады:

А) жазасын өтегеннен кейін 1 жылдан соң;

В) жазасын өтегеннен кейін 2 жылдан соң;

С) жазасын өтегеннен кейін 3 жылдан соң;

Д) жазасын өтегеннен кейін 5 жылдан соң;

Е) жазасын өтегеннен кейін 6 жылдан соң.

113. Ауыр қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандардың соттылығы жойылады:

А) жазасын өтегеннен кейін 3 жылдан соң;

В) жазасын өтегеннен кейін 5 жылдан соң;

С) жазасын өтегеннен кейін 6 жылдан соң;

Д) жазасын өтегеннен кейін 8 жылдан соң;

Е) жазасын өтегеннен кейін 10 жылдан соң.

114. Аса ауыр қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандардың соттылығы жойылады:

А) жазасын өтегеннен кейін 6 жылдан соң;

В) жазасын өтегеннен кейін 8 жылдан соң;

С) жазасын өтегеннен кейін 10 жылдан соң;

Д) жазасын өтегеннен кейін 12 жылдан соң;

Е) жазасын өтегеннен кейін 15 жылдан соң.

115. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыруға тағайындалған жазасының ең жоғарғы мөлшері:

А) 8 жыл;

В) заңмен қарастырылмаған;

С) 8 жыл, кейбір жағдайларда 10 жыл;

Д) жағдайға байланысты анықталады;

Е) 10 жыл, кейбір жағдайларда 12 жыл.

116. Қылмыстың қайталануының түсінігі:

А) қылмыс жасаған адамның соттылығы болса және жаңа қылмыс жасауы;

В) абайсызда жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана екі және одан да көп қылмыс жасауы;

С) ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамның жаңа ауыр және аса ауыр қылмыс жасауы;

Д) қасақана жасаған қылмыс үшін соттылығы бар адамның жаңа қасақана қылмыс жасауы;

Е) соттылығы жоқ адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы.

117. Қайталану кезінде қандай соттылықтар ескерілмейді:

А) адамның 18 жасқа дейін жасаған қылмысы үшін соттылығы;

В) адамның 18 жасқа дейін жасаған қылмысы үшін, әйелдердің 60 жастан кейін жасаған қылмысы үшін және ер адамдардың 65 жастан кейін жасаған қылмыстары үшін соттылығы;

С) кішігірім немесе орташа қылмыстар үшін және алынып тасталған немесе жойылған соттылығы;

Д) адамның 18 жасқа дейін жасаған қылмысы үшін және алынып тасталған немесе жойылған

соттылығы;

Е) адамның қажетті қорғанудың, қылмыс жасаған адамды ұстау, аса қажеттіліктің шегінен

шығушылығы үшін соттылық.

118. Аяқталған қылмыстың ұғымы:

А) қоғамға қауіпті, заңға қайшы, кінәлі, қылмыстың жазаланушылығы;

В) қылмыс құрамының объективті белгілерін құрайтын әрекет;

С) қылмыс құрамының барлық белгілерін құрайтын әрекет;

Д) қылмыс құрамы;

Е) ауыр зардап әкелген әрекет.

119. Қандай қылмыс адамдар тобымен жасалған болып танылады:

А) егер де оны жасағанда екі немесе одан да көп адам қатысса;

В) егер де қылмыс жасауға екі немесе одан да көп адамдар тобы, алдын ала сөз байласпай жасаса;

С) егер де қылмысты жасауға бірігіп екі немесе одан да көп адамдар тобы алдын ала сөз байласпай жасаса;

Д) қылмысты жасауға екі адам қатысса;

Е) қылмысты жасауға екі адамнан көп адам қатысса.

120. Бірлесіп қылмыс жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қылмысқа қатысса, ол келесідей жасалған деп танылады:

А) алдын ала сөз байласпаған адамдар тобымен;

В) алдын ала сөз байласқан адамда тобымен;

С) ұйымдасқан топпен;

Д) қылмыстық қауымдастықпен;

Е) қылмыстық ұйыммен.

121. ҚР территориясында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қылмыстық заңның қолданылуын шешкенде төмендегі көрсетілген қағидалардың қайсысы басым болып келеді:

А) территориялылық;

В) азаматтылық;

С) азаматтылық және территориялылық;

Д) әмбебап;

Е) шынайылық.

122. ҚР территориясынан тыс жерде қылмыс жасаған адамдарға қатысты қылмыстық заңның қолданылуын шешкенде төмендегі көрсетілген қағидалардың қайсысы басым болып келеді:

А) территориялылық;

В) азаматтылық;

С) азаматтылық және территориялылық;

Д) әмбебап;

Е) шынайылық.

123. Қылмыс істелген уақытының ұғымы:

А) қылмыс істелген уақыт деп әрекет жасалған уақыт және сол әрекеттен туындаған қоғамдық қауіпті зардап туындаған уақыт танылады;

В) қылмыс істелген уақыт деп зардаптардың басталған уақытына қарамастан, қылмыс істелген уақыт танылады;

С) қылмыс істелген уақыт деп нақты қылмыс құрамының заңдылық құрылымына байланысты шешіледі;

Д) қылмыс істелген уақыт деп қылмыстың іздері табылған уақыт танылады;

Е) қылмыс істелген уақыт деп жәбірленушінің арызы тіркелген уақыт танылады.

124. Қылмыстық заңның кері күші:

А) іс-әрекет істелген уақытта заңды күші бар заңның сол іс-әрекетке қолданылуы;

В) жауаптылықты және жазаланушылықты жеңілдететін жаңа заңның, сол заң қабылданғанға дейін жасалған іс-әрекетке қатысты қолданылуы;

С) барлық іс-әрекетке жауаптылық пен жазаны жеңілдететін заңның қолданылуы;

Д) іс-әрекет жасалғанға дейін заңды күшіне енген заңның сол іс-әрекетке қолданылуы;

Е) іс-әрекеттің жазаланушылығын жеңілдететін заңның қолданылуы.

&

Наши рекомендации