Эмоцияның формалары және негiзгi түрлерi

Көрсеткен қасиеттерi теориятикалық жағынан есепке алып, эмоцияның формаларын және сансыз көп түрлерiг айқындауға болады. Бiрақ белгiлi жақсы кербiреулерi ғана жеткiлiктi суреттелген. Мысалы, американдық психолог К.Изард фундаменталды он эмоциялардың түрлерiн көрсеткен.

Қызығушылық-қозу жағдаяттарға сыйю, ой-өрiстi кеңейту, бiлу, зерттеу ықыласы, бiреуге немесе бiр нәрсеге әуесқойлық және сезiм құшағында күйзелу. Тиiмдi, әсiресе, танымдық мотив (түрткi) iс-әрекеттiң мағынасына сәйкес және күштiлiгi жеткiлiктi көрiнедi. Қызығушылыққа қарама-қарсы эмоцияны зерiгу деп атаймыз . Ол монотондық жағдайда туады. Субъектiнiң тиiстi пәнiмен немесе ақпараттармен ерекше қарым-қатынас және жаңа жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоция күшейедi. Таңырқау, қызығу эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелiк, жаңа ұқсас жағдаяттарда туады. Бiрақ, тез уақытта өтетiн эмоция болып көрiнедi. Күштi танымдық мотив ретiнде көрiнедi, соңғы әрекеттердi итермелейдi, яғни, айқындау, бiлу, анықтау, көз жеткiзу т.б.

Қуаныш эмоциясы адамның мүмкiншiлiктерi және негiзгi тұлғалық қасиеттерiн жүзеге асыруда пайда болады. Қоршаған әлеммен және басқа адамдармен, өзiмен қанағаттану сезiмiмен және өмiрге қанағаттану күйi. Оптимизм және мүмкiншiлiгiн кеңейту күштiң көбею сезiмiнен байқалады.

Эмоция азабы өмiрлiк мақсатқа жетуге ұмтылысқа керi әсерiн тизе отырып туындайды. Азапқа, жеке ар-намысқа тию, адамдардың қорлауы, алаяқтық, қуаныш күйiн талдау, адам құндылықтарын келеке етуiне себеп болуы мүмкiн. Адамдарғы азапқа қарысы болып, кек алу мақсаты күш бередi. Күштi азап аффектiге және ашық күреске айналып кетуi мүмкiн. Бұл жағдайда адам өзiндiк бақылауын, саналы түрде басқару мүмкiншiлiгi шектеледi, тiптi өз әрекетiн жоғалтады. Көп жағдайда азап басқа адамдарға қарсы бағытталуы, сондай-ақ ол бағыт өзiне бағытталуы мүмкiн.

өялу эмоциясы субъект өзiне, көзқарасына, ойына, тұлғалық қасиетерiне, қатынастарына, сыртқы ерекшелiгiне сәйкес емес әрекеттерiн жасаған кезде туады. Бұл күйзелiсте субъект өзiн басқалармен салыстырғанда жаман, қолынан ештеңе келмейтiн, әлсiз, кiшкентай, ешнәрсеге жарамайтын, ақымақ, тартымсыз, жол болмағандай сезiнедi. Оған басқалар оның кемшiлiктерiн көрiп, жек көретiндей көрiнедi. Сондықтан ол басқа адамдардан өзiн алшақ ұстап, жат жүруге даяр болады. өялудың жеңiл формасы қызару. өялу интеллект жұмысын тоқтатады, адамның әрекетi мен қылықарына қатты әсер етедi, сананы жаулап алады. Тұлғаны қорғаныш механизмдерi белсендiредi. Өмiрдегi түрлi жағдайлар ұялу мен одан адамгершiлiк деңгейде құтылу – тұлғалық борыш.

өялуға қарама-қарсы эмоциялық күй – мақтаныш эмоциясы. Ол моральдық-эстетикалық талаптардың жоғары деңгейiнде туындайды. Ол өзiнiң мағыналығын, артықшылығын, құндылығын басқа адамдардан жақсы лебiздер естiген кезде сезiнедi. өялу мен мақтаныш эмоциясы негiзiнде адамда өзiне қатысты тұрақты дамуы жүредi.

Айну эмоциясы субъектiнiң моральдық-эстетикалық талабына сәйкес емес жағдайларда, объектiлерге, құбылыстарға немесе адамдарға туындайды. Бұл адамның қылықтары, ойлары, тiлектерi, нақты заттары, iс-әрекет кемiстiгi және т.б. Айну эмоциясы сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады.

Жек көру эмоциясы айнуға мағынасы ұқсас келедi, бiрақ өзiнiң қосымша ерекшелiгi бар. Ол сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады. Сонымен қатар ол жек көрген адамнан немесе топтан өзiн алшақ ұстап, өзiнiң артықшылығын, ар-намысын сезiнедi.

Өзiн кiнәлау эмоциясында адам өзiнiң кiнәсiн мойындайды, өзiнiң оған қатысын немесе шығынға жауапкершiлiгiн, басқа адамдардың жайсыздығын, жолының болмауына өзiн кiнәлi сезiнедi. Бұл кезде ол өзiн-өзi кiнәлайды және өкiнедi (үлгерген жоқпын, iстей алмадым, ескерте алмадым, кең пейiлдiк көрсете алмадым және т.б.), көбiнесе өзiнiң кiнәсiн ақтауға тырысады (зардап шегiнуге көмектесу, кешiрiм өтiну, түсiндiруге тырысу). Тұлғаның негiзгi кемелдену көрсеткiшi – ол өзiнiң қылығына жауап беру және кiнә сезiмiн сезiну, кiнәсiн ақтауға тырысу.

Қорқыныш эмоциясы адамның тұлғалық немесе дене бiтiмiне өмiрiнде қауiптiң төнуi кезiнде пайда болады. Қауiп төну деңгейiне байланысты сенiмсiздiк жағдай, мазасыздану, жамандықты сезiну, қауiптiлiгiн қамтамасыз ете алмау, қауiп, күштi қорқыныш бақылауға келмейтiн аффектiге айналуы мүмкiн. Адам өзiнiң күштiлiгi немесе батылдығы осы сезiмдерден өткенде бағалайды.

Кез-келген адамның өзiнiң қайталанбас эмоционалдық қоры болады. Бұл нақты эмоциялық бейiмдiлiкте: қуанышта, қайғыда, қызығуда, кiнәнi сезiнуде көрiнедi. Эмоционалдық таңдауына байланысты тұлғаның эмоционалдық типтерiн анықтауға болады.

Эмоциялық күйзелiстердiң негiзгi қасиеттерi

Адамның эмоциялық өмiрi бiрiнен соң бiрi келетiн күйлердiң әр-алуандығымен және қайталанбайтындығымен ерекшеленедi. Бiрақ та эмоциялар әр-алуандығына қарамастан мынадай ортақ қасиеттермен сипатталады: сапалы белгi, интенсивтiлiгi мен ұзақтығы. Олардың қасиеттерiмен арақатынасына байланысты эмоцияның түрлерi мен формаларын ажыратуға болады.

Эмоцияның көрiнiсi – бұл әрбiр күйзелiске өзгешелiк пен қайталанбастық беретiн сапалы сипаттама. Ол эмоцияның негiзiнде жатқан қажеттiлiктiң сипатымен анықталады. Әрбiр қажеттiлiк жеке, тек соған ғана тән эмоциялық бояумен бiрге жүредi. Мысалы, тамаққа деген қажеттiлiк эмоциялық бояудың бiр типiн, танымдық - екiншiсiн, жыныстық - үшiншiсiн тудырады. Сәйкесiнше боялуына байланысты эмоцияларда қажеттiлiк қанша болса, қажеттiлiк соншама болады.

Эмоциялық көрiнiстi сөзбен жеткiзу мүмкiн емес. Оны тiкелей бастан өткiзу керек.

Эмоцияның белгiсi эмоция қандай болса да субъективтi жағымды және жағымсыздығына сәйкес келедi. Ол сәйкес эмоциогендi жағдаяттың пайдалы-зияндығының субъективтi көрсеткiшi болып табылады. Белгiсiне байланысты жағымды, жағымсыз және екi жақты (амбиваленттi) эмоцияларды атайды.

Жағымды эмоциялар ситуацияны және оқиғаның адам үшiн пайдалы екендiгiн көрсетедi Олар қажеттiлiктер қанағаттанғанда немесе осыған септiгiн тигiзетiн жағдаяттарда пайда болады. Жағымды эмоциялар адамға пайдалы. Бiздiң рахаттануға деген талпынуымызда осыдан қанағаттанбаушылықтан туатын жағымсыз эмоциялар адам үшiн сәйкес жағдаяттар мен оқиғалардың зияндығын көрсетедi. Олар қажеттiлiктердiң ұзақ қанағаттанбауынан және соған кедергi келтiретiн жағдаяттарда пайда болады. Олар сәйкес жағдаяттардан шығу, жеңу немесе жоюға бағытталған әрекеттердi оятады. Екi жақты эмоциялар белгiлi бiр арақатынаста жағымды да, жағымсыз да күйзелiстердi қатар алып жүредi. Олар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделiлiгiн және қарама-қайшылықтығын көрсетедi.

Эмоцияның күштiлiгi- бұл олардың сандық сипаттамасы. Ол екi фактормен анықталады: сәйкес қажеттiлiктiң қанағаттанбағандық деңгейiмен және оның қанағаттануына әсер еткен жағдайлардың күтпеген жерден болғандығымен.

Бұл жердегi заңдылық мынада: қажеттiлiк және субъект үшiн оның қанағаттануына кедергi келтiрген жағдайлардың ойламаған жерден болуы қандай күштi болса бұл жердегi эмоцияның күйзелiсте сондай күштi болады. Осы факторлар арқылы адамның эмоциялық реакцияларын басқаруға болады, яғни олардың күшеюi немесе әлсiреуiне әсер етуге болады. Күштiлiгiне байланысты эмоциялардың көп түрiн бөлуге болады. Аз көрiнетiн және нашар сезiлетiн түйсiнудiң эмоциялық жағынан бастап, күштi, қысқа уақыттық, бақылауға және басқаруға келмейтiн аффектермен аяқтауға болады.

өзақтық эмоцияның уақытша сипаттамасы болып табылады. Ол адамның эмоциогендi жағдаяттармен (шынайы немесе ойдағы) байланысының ұзақтығына байланысты және сәйкес қажеттiлiк қанағаттанбаған күйде тұрған уақытқа байланысты. Осы факторлар арқылы эмоцияның ұзақтығын алдын-ала өзгертiп, яғни оның созылуына немесе қысқаруына әсер етуге болады. Созылу уақытына байланысты эмоцияның түрлерi өте көп, қысқа уақыттың аффективтi реакциядан бастап бiрнеше күнге созылатын эмоциялық күйлермен аяқтауға болады. Мысалы ретiнде көңiл-күйдi алуға болады.

Қазiргi кезде балалар эмоциясына көп әсер ететiн теледидардағы бағдарламалар мен компьютерлер. Қазiргi адамның өмiрi түрлi техникалар мен электроникалар адам тұрмысы мен өмiр сүруiн жеңiлдетедi, бiрақта ар-намысына тырысып, биiк деңгейде өмiр сүру үшiн не керек? Рухани, моралды құндылықтармен байытып (жәрдем беру, адамгершiлiк, өнерге, әдебиетке, поэзияға т.б.) толықтыру қажет. Мысалы, адамдардың өмiрiн компьютермен салыстырсақ, компьютердiң адамдарға қарағанда мүмкiншiлiктерi бiршама артық. Компьютер адамдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында, өндiрiсте, оқуда тиiмдi (жеңiлдету, тездету, тереңдету) жағдайларды туғызады, техникалық, экономикалық прогреске жол ашады. Бiрақта ақыл-ой еңбегiн жеңiлдете отырып, ол адамның жалпы дамуын шектейдi, яғни ақыл-ой дағдылары тиiстi деңгейге көтерiлмейдi. Балалардың қиялына, логикалық ойлауына, ырықты ес процестерiне тиiстi тосқауыл қояды. Компьютер балалардың iшкi әлемiн өз экраны сияқты тарылтады. Олардың ақыл-ойын қарапайым сезiмсiз интегралды сұлбаға айналдырады. Компьютердiң есiнде жан, жоғары сезiм туралы түсiнiк жоқ. Тек қана жан адам баласының ойын мынадан: өзара тақыр есептесуден сақтайды. Жан ғана адамның ақыл-ойын жоғары сезiмдермен (жоғары махаббат, адамдарға ақ ниетпен қарау, әлемдi сүю т.б.) сәулелендiредi. Дамыған жан адамның ақыл-ойын қатыгез, салқынқандық, адамзатқа зиян келтiретiн ойлардан сақтайды. Осыны түсiне отырып, белгiлi немiс жазушысы Ремарк былай деп жазған: ң Мен ғажап уақытта өмiр сүргенмiн, талай ғылым жетiстiктерiне (газ пешi, электрлi тұрмыс құралдары т.б.) куәгерi болдым. Көп қиындықтарды ғылым арқылы жеңдiк. Бiрақ та адамдар осы уақыттың арасында өзгерген жоқ. Адамдар бiр-бiрiне жақын болғысы келмейдi және жақсармады.

Қорыта айтқанда, адамдардың сезiмдерiн байытуда ғылымның, техиканың түрлi жетiстiктерi басты рол арқармайды. Адамдарға жоғары сезiмдер ақыл-ой, адамгершiлiк, эстетикалық сезiмдер қажет.

Жоғары сезiмдер

Ақыл-ой сезiмi адамның таным қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты. Таным қажеттiлiктерiн оятатын көркем әдебиет, теледидар, өнер, компьютер бағдарламалары. Кiтап арқылы адам өзiн және басқа адамдарның эмоциялық әлемiн таниды, өзiнiң эмоционалды күйiн бағалайды және реттейдi, өзiн өзгертедi, өмiр талабына сай қалыптастырады. Бiрақ кiтап адам өмiрiнiң барлық кезеңiн көрсете алмайды, тек ерекше, есте қаларлық жағдайларды бередi. Ол адамдардың эмоциялық қуаттарын - қалыптасқан ойларды жинақтайды, тұтынушы, насихаттаушы және ұйымдастырушы қызметтерiн атқарады. Қоғамның эмоциялық жағдайларына бағыт-бағдар бередi (Бездидко А.В. Книга эмоциональной сферы человека. Журнал ңМир психологииң, 2002, N4, стр. 85-89).

Эстетикалық сезiм адамдардың сұлулыққа, әсемдiлiкке, табиғатқа деген сезiмiн ояту. Өнер, музыка, көркем шығармалар, шешендiк өнер, поэзия, республикада кең таралған көрермендердiң көңiлiнен шыққан, жүрегiне жол тауып баурап алатын ақындар сайысы, адамның жан дүниесiн тереңдетiп оны шабыттандыра түседi.

Адамгершiлiк сезiм демократия және гуманистiк, гуманитарлық үстемдiк ететiн қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер – борыш сезiмi, әр адамның өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерiн құрмет тұтуы. Мысалы, адамзатқа белгiлi тарихи тұлғалар өздерiнiң кең рухани байлықтарымен және адамсүйгiштiк қасиеттерiмен қадiрлi болған. Олар Сократ, Платон, Аристотель, Мухаммед Пайғамбар, Ибн-Сина, Әл-Фараби, Абай, Алтынсарин, Шоқан, Ыбырай т.б. Қазiргi кезеңде өрiс алып кетуiне байланысты жастарымыздың сана-сезiмiн уландырып, ұлттық менталитетiмiзге жат жәйттердi, құбылыстарды болдырмау үшiн жасөспiрiмдердiң жоғарыда айтқандай биiк сезiмдерiн жаңа бiлiм, тәрбие технологиялары арқылы сусындап, қаруландыруымыз қажет.

Сезiмдердiң психологиялық сипаттамасы

Сезiмдер деп тұрақты, эмоционалды боялған тұлғалық құрылымдарды айтамыз, онда адамның бiреуге немесе бiр нәрсеге деген қатынасы бейнеленедi: бiреуге деген махаббат сезiмi, патриотизм сезiмi, ұят сезiмi, т.б. Сезiм мәндi эмоционалды бастан кешiрулердiң жалпылау аккумуляциялау механизiмi негiзiнде пайда болады. Сәйкес эмоциялар формасында оларды адам саналайды. Мысалы, егер бiр адамның әрекеттерi ылғи да бiзде жек көру эмоциясын тудырса, бұл сол адамға кездескен сайын (ол өзiн дұрыс немесе дұрыс емес ұстаса да) әркез тұрақты жек көру сезiмiнiң пайда болатынына алып келедi. Әрбiр сезiмде сәйкес эмоцияларды бастан кешулердiң жеке тәжiрибелерi шоғырланған. Сезiм қаттырақ болған сайын, онда эмоционалды күш те көбiрек болады. Сондықтан сезiмдер ылғи да өз-өзiнiң мәнiн құрайтын терең интимдi тұлғалық құрылым ретiнде бастан кешiрiледi. Оларды тұлғаның эмоционалды негiзi ретiнде анықтауға болады. Әйгiлi орыс психологы В.И. Мясищев қатынастарды тұлғаның құраушы компоненттерi ретiнде, ал тұлғаны қатынастар жүйесi ретiнде қарастырды.

Сезiмдер ояту, мағыналық бағасы, жүрiс-тұрысты реттеу, ағза жұмысын реттеу, адамның жан дүниесiн реттеу (арман, ой, тiлек, шешiм, еске түсiру, т.б.) сияқты қызметтердi атқарады. Сезiмдердi функциялар, заттық мазмұн, эмоционалды бояу, күш, тұрақтылық, саналау деңгейi, белгi сияқты параметрлермен сипаттауға болады.

Нақты адам, әлеуметттiк топтар және қоғамдастықтар, мемлекет, отан, құдай, эстетикалық объектiлер, iс-әрекет, бiлiмдер, мәдениет т.б. барлық мүмкiн заттары сезiмдер мазмұны бола алады. Осыған сәйкес өнегелiк сезiмдердi (махаббат, сыйлау, жек көру және т.б.), патриоттық сезiмдердi, дiни сезiмдердi, эстетикалық сезiмдердi, практикалық сезiмдердi, интеллектуалды сезiмдердi т.б. бөлуге болады. Сезiмдердiң эмоционалды боялуы бастан кешулердiң сапалық боялуымен анықталады. Сезiмдердiң эмоционалды боялу диапазоны өте кең. Эмоциялар қанша болса, олар да сонша көп. Сезiмнiң күшi мен тұратылығы сезiм бағытталған сәйкес объектiнiң адам үшiн маңыздылығымен, онда жиналған эмоционалды бастан кешулердiң санымен анықталады. Сезiм объектiсi қаншалықты маңызды болса және онда бастан кешулер қаншалықты көбiрек жинақталған болса, ол яғни сезiм соншалықты күштi және тұрақты болады. Ең күштi және тұрақты сезiмдер оның көзқарастарын, құндылық бағыттарын, пiкiрлерiн, яғни тұлға ядросын (орталығын) құрайды. Сезiмдер саналанудың тұрлi деңгейiне ие және белгi бойынша ерекшеленедi.

Сезiмдердi тәрбиелеу және адекватты өзгерту психология, психиатрия және психокоррекция аймағындағы мамандардың, педагогтардың және ата-аналардың ғана емес, қоғамның өте маңызды мiндетiн құрайды.

XII ТАРАУ. ЕРIК

Ысқаша мазмұны

Ерiк туралы ұғым.

Наши рекомендации