Темперамент туралы теорияларға қысқаша шолу
Темперамент туралы iлiм өте ерте замандарда пайда болған. Темпераменттiң негiзiн салған ежелгi грек дәрiгерi Гіппократ (б.з.д.460-377ж) темпераментке алғаш түсiнiктеме берiп, оны негiзiнен жүйке жүйесiнiң қасиеттерiмен емес, ағзада әр түрлi сұйықтықтардың (қан, шырын, сары және қара өт) бiреуiнiң басым болуымен байланыстырған. Ағзадағы осы сұйықтықтардың бiрiнiң басымдығы адамның темпераментiн анықтайды: қан басым болса-сангвиник, шырын басым болса- флегматик, сары өт басым болса- холерик және қара өт басым болса- меланхолик айқындалады деген.
Немiс философы И. Кант темпераменттi екiге бөледi:
1) Сезiм темпераменттерi-сангвиник пен меланхолик жатса;
2) Iс-әрекет темпераменттерi – барлық темпераменттер жатады.
Темпераменттердiң осы бөлiнiстерiне қысқаша тоқтала кетейiк:
Сангвиник сезiм темпераментi- олардың сезiмдерi сырттай күштi көрiнгенiмен,терең және тұрақты емес.
Меланхолик сезiм темпераментi- сырттай күйзелiстерi онша күштi емес, бiрақ iштей терең, әрi ұзақ болып келедi.
Сангвиник iс-әрекет темпераментi – оптимист, сенiмi мол, қалжыңбас. Ол тез ашуланып тез қайтады, көп уәде бередi, бiрақ оларды кейде орындай алмайды. Сангвиник жаңа таныс емес адамдармен тез тiл табыса алады, жақсы пiкiр-таласқа түседi, ол үшiн барлық адамдар дос болып келедi. Оның негiзгi ерекшелiгi көмекке әр кезде дайын болатындығы мен ақ көңiлдiлiгi. Оны ақыл-ой және дене жұмыстары тез шаршатады.
Меланхолик iс-әрекет темперамент – себебi ол сангвиникке қарама-қарсы, көңiл-күйi төмен адам. Мұндай адамдардың iшкi өмiрi күрделi, олар өзiне қатысты барлық нәрселерге үлкен мән бередi, сезiмтал жанды, әрi уайымшыл болып келедi. Меланхолик ұстамды және уәде бергенде абай болады, орындай алмаса уәде бермейдi. Берген уәдесiн орындай алмағанда көп қиналады.
Холерик iс-әрекет темпераментi- себебi ашуланшақ адам. Мұндай адам өте қызба және ұстамсыз. Егер де онымен бәтуаға келер болса тез қайтып, жұмсарады. Оның қимылдары тез, бiрақ ұзақ емес.
Флегматик iс-әрекет темпераментi-себебi суық адам. Ол күрделi белсендi жұмыстан гөрi, қол бостылықты қалайды. Оны ашуландыру қиын, бiрақ ашуланса ұзаққа созылады.
И.Канттың топтастыруы бойынша темперамент тек адам мiнез-құлқы мен психикасының динамикалық ерекшелiктерiне ғана сүйенiп қоймай, мiнезге де байланысты болады. Себебi ересек адам психологиясында темперамент пен мiнез ажырағысыз. Сонымен қатар, темперамент қасиеттерi әлеуметтiк ортадағы адамдардың әрекеттерiмен тығыз байланысты. Темперамент түрлерiн жақсы немесе жаман деп бөлуге болмайды. Олардың әр қайсысының жақсы және жаман жақтары бар. Мысалы: сангвиниктер тез реакциялы, өмiрдiң өзгеруiне тез бейiмделедi, жұмыстың басталу кезеңiнде жоғары жұмыс қабiлеттiлiгi басым,бiрақ соңына қарай қызығушылығының тез өзгеруiнен, тез шаршайтындықтан жұмыс қабiлеттiлiгi төмендеп кетедi. Меланхоликтер керiсiнше, жұмысқа баяу кiрiсiп, ұзақ уақыт бойына жұмысқа деген төзiмдiлiгiн сақтайды. Олардың жұмыс қабiлеттiлiгi жұмыс басында емес, ортасы мен аяғында басым болады. Сангвиниктер мен меланхоликтер жұмыстарының сапасы бiрдей, айырмашылықтары әр кезеңдегi жұмыс динамикасында.
Холерик аз уақыттың iшiнде ойы мен iс-әрекетiн жинақтай алады, бiрақ ұзақ жұмыс барысында төзiмдi емес. Флегматиктер керiсiнше, тез жинақтала алмайды, бiрақ жұмыста ұзақ және мақсатына жеткенше белсендi бола алады.
Немiс психологы В.Вундт темпераменттi екi топқа бөлген:
1) Эмоциясы күштi темпераменттер.
2) Эмоциясы әлсiз темпераменттер.
Немiс анатомы Гейне темпераменттiң түрлiше болып келуi жүйке жүйесiнiң тонусына байланысты деген. Орыс педагогы Лесгафт темпераменттер қан тамырларының жуандығы мен кеңдiгiне байланысты дедi.
Римнiң атақты дәрiгерi К.Гален темпераменттiң физиологиялық ерекшелiктермен қоса, психологиялық, тiптен адамның адамгершiлiк қасиеттерiне қатысты сапалармен байланысты деп түсiндiрдi.
В.Д.Небылицин темпераменттiң үш негiзгi компоненттерiн бөлiп қарастырды. Олар:
1) индивидтiң белсендiлiгi;
2) оның моторикасы;
3) эмоционалдылығы.
Бұл компоненттер құрылысы және психологиялық көрiну формалары жағынан әр түрлi. Бұл жерде үлкен орынды индивидтiң белсендiлiгi алады. Оған шаршау, инерттiлiк, енжарлық т.б. жатады. Ал, моторикаға қозғалыс тездiгi мен күштiлiгi, эмоционалдылық көңiл-күй, аффект,сезiм т.б.жатады.
Темперамент қасиеттерi:
Темпераменттiң мәндi қасиеттерiне жататындар:
1. Эмоционалды қозу. Бұл қасиет әте әлсiз сыртқы және iшкi әсерлерге жауап беру қабiлеттiлiгi арқылы түсiндiрiледi.
2. Зейiннiң қозуы-индивид психикасының икемделу қызметiн көрсетедi. Ол әсер ететiн тiтiркендiргiштердiң қарқындылығының аз ғана өзгеруiн байқауға қабiлеттi.
3. Эмоция күшi. Б.М.Тепловтың айтуы бойынша ол мотивтердiң қанағаттану және қанағаттанбауына тәуелдi ''iс-әрекет энергизациясынан'' көрiнедi. (Қазiргi психологтар бұл қасиеттi эмоционалды көрiнулердiң қарқындылығы мен модалдылығы деп атайды).
4. Үрейлiлiк. Б.М.Тепловтың түсiнуiнше үрейлiлiк дегенiмiз қатерлi жағдай кезiндегi эмоционалды қозу. Ол эмоционалды қозу мен үрейлiлiктi бөлдi. Эмоционалды қозу тiтiркендiргiш күшiне тәуелдi емес, ал үрейлiлiк тiтiркендiргiшке тiкелей тәуелдi.
5. Ырықсыз әрекеттердiң реактивтiлiгi. Жағдай мен тiтiркендiргiштерге икемделу реакциясының қарқындылығының күшейуiмен сипатталады.
6. Ерiктi мақсатқа бағытталған iс-әрекет белсендiлiгi. Б.М.Тепловтың айтуы бойынша нақты қойылған мақсатқа байланысты жағдайларды қайта жасау жолымен икемделу белсендiлiгiнiң жоғарылауы кезiнде көрiнедi.
7. Икемдiлiк-икемсiздiк. Iс-әрекеттiң өзгеретiн талаптарына икемдiлiк.
8. Резитенттiлiк. Басталған iс-әрекеттi әлсiрететiн және жүргiзбейтiн iшкi және сыртқы талаптарға қарсы тұра алу қабiлеттiлiгi.
9. Субъективизация.
Кеңес психофизиологы Русалов жүйке жүйесi қасиеттерiнiң жаңа тұжырымдамасына сүйене отырып, темперамент қасиеттерiнiң ерекшелiктерiн ұсынды. Темпераменттiң компоненттерi: төзiмдiлiк, жылдамдық, сезiмталдық, икемдiлiк. Русаловтың айтуынша, бұлар биологиялық және генетикалық шарттастықта. Темперамент- психофизиологиялық категория, себебi ол толық туа бiткен де емес, ортамен байланысты да емес. Темперамент қасиеттерi заттылық iс-әрекет пен қарым-қатынаста әр түрлi, сондықтан да оларды жеке-жеке қарастыруымыз қажет. Айта кететiн бiр жайт, темперамент тек жүйке жүйесi қасиеттерiне ғана бағынбайды, сол қасиеттер тудыратын мiнез-құлық пен психикалық процесстердiң өту ерекшелiктерiне де байланысты болады. Танымдық процестер, заттылық iс-әрекет пен қарым-қатынасқа сәйкес темперамент қасиеттерiн қарастырайық.
Танымдық процестер бойынша:
Олар: 1) белсендiлiк (ойлау, қабылдау, қиял, зейiн қою, есте сақтау): адам белгiлi бiр обьектiнi қаншалықты тез есте сақтай алады, қабылдай алады, оған зейiнiн қоя алады. Ондағы қарқын психикалық процестер жұмысына байланысты.
2) өнiмдiлiк: белгiлi бiр уақыт iшiнде танымдық процестер арқылы нәтижеге жету.
3) қозу мен тежелудiң ауысуы: танымдық процестердiң бiр обьектiден екiншi обьектiге көшу немесе бiр әрекеттен екiншi әрекетке көшуде пайда болуын, тоқтауын немесе ауысу жылдамдығын көрсетедi. Мысалы: бiр адамдар ақпаратты басқаларға қарағанда тез еске түсiредi, бiр адамдарға бiр тақырыптан екiншi тақырыпқа ауысу үшiн ұзақ уақыт қажет. Бұл қасиеттер адам қабiлеттiлiгiн анықтамайтынын айта кету керек.
Заттылық iс-әрекет бойынша:
1) белсендiлiк: онымен байланысты қозғалыстардың күшi мен амплитудасын бiлдiредi. Ол белсендi адамда кең, ауқымды болады.
2) өнiмдiлiк: қозғалыспен байланысты әрекет өнiмдiлiгi белсендiлiк пен жұмыс қарқынына байланысты.
Қарым-қатынас бойынша:
1) белсендiлiк: белсендiлiгi жоғары адамның мимика, жест, пантомимикасы күштi, сөйлеу қарқыны мен қозғалыс темпi де жоғары.
2) қозу: баяуға қарағанда тез қозатын адам ортаға тез бейiмделiп, байланысқа тез түседi.
3) Тежелу: тез тежелетiн адам қарым-қатынасты тез тоқтатады, сөйлегiсi келмейдi.
4) өнiмдiлiк: ақпаратты қабылдау жоғары болса, оңай болады, төмен болса қиын болады.
Жалпы психикалық белсендiлiк темперамент сипаттамасында орталық орын алады. Бұл жерде сөз белсендiлiктiң мазмұны, оның бағытталуы туралы емес, оның динамикалық ерекшелiктерi мен iс-әрекеттiң энергетикалық деңгейi туралы болып отыр. Темпераментке қатысты белсендiлiк бойынша айырмашылықтар көбiнесе мына жағдайларда байқалады: қажеттiлiктiң өзiндiк байқалуы, әрекеттi болдыруға деген ынта, iстелетiн жұмыстың көп түрлiлiгi, реакциялар мен қозғалыстардың жылдамдық сипаттамалары.
Белсендiлiктiң динамикалық көрiнiстерi жүйке жүйесi типiнiң қасиеттерiмен байланысты екендiгi анықталды. Сонымен, белсендiлiктiң интенсивтiлiгi мен тұрақтылығы жүйке жүйесiнiң күшiне тәуелдi, ал белсендiлiктiң ауыспалылығы мен оның кейбiр жылдамдық сипаттамалары қозғалғыштық пен лабильдiлiкке тәуелдi.
Эмоционалдық бойынша динамикалық айырмашылықтар әсерленгiштiк (кей адамдарда ең болмашы себеп эмоционалды реакция тудырса, басқаларда ол үшiн үлкен әсер қажет), импульсивтiлiк (жылдамдықты бiлдiредi), эмоционалды лабильдiлiк (эмоционалды жағдайдың тоқтау жылдамдығы) деңгейлерiнде байқалады.