Балалардың психологиясын дамытуға арналған тренингтер

«Түрлі-түсті доптар»

Мақсаты: балалардың есте сақтауын дамыту

Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп, қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал, ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал.

«Таңғажайып дорба»

Дорбада бірнеше жеміс, көкөніс бөліктері бар.Бала көзі жабылып, дорбадағы заттың дәмін татып, оның қай жеміс екенін, дәмі, исі, формасы, түсі жайында ажырата баяндайды.

«Шеңбер бойынша сөз тізбегі»

ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.

Ойынның ережесі:Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет.Мысалы «Біз компетентгі, кәсіби білімді маманбыз».Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б.) Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойынан шығарылады.Осылайша ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.

«Өзін- өзі таныстыру»

Мақсаты: Топтағы адамдармен танысу және қандай көзқараспен қарайтынынын, топқа өзін қалай ұстайтынын бақылау.

Адамдарды шеңберге тұрғызып, бірін-бірі қолдарын ұстап тұрып өзінің атының қандай мағына беретінін айту. Атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны айтады. Енді алақан сипаған кезде қандай сезімде болдыңыздар. Алақан сипаудың да өзіндік психологиялық ерекшеліктері бар екен.

ОРЫТЫНДЫ

Барлық мектепке дейінгі жастағы балалар бірдей етіп өзінің ақыл-ой қабілеттерін барлық ойын әрекетінде көрсетеді деген санау қате болады. Көптеген себептерге , ең алдымен тәрбиелеу жағдайына байланысты бір бала ойындар мен сурет салуды , екіншісі- құрастыруды, үшіншісі-өсімдіктермен жануарларды, ал төртіншісі-техника мен көліктерді ұнатады. Және ақыл-ой дамуының көріністерін, ең біріншіден, баланың қызықтыратын аймақтардан іздеу керек. Міне, білімпаздық, ақыл-ой белсенділігі, «бала» әрекетінің негізгі түрлерін меңгеру деңгейі мен оқығандық деңгейі кіші жастағы баланың ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері ретінде қарастыруға болады.

Сонымен, мектепке дейінгі баламен жұмыс жасайтын тәрбиешінің балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дамуын жан - жақты жақсы білуі, балалардың өмірін және іс - әрекетін, ойыншықтармен және заттармен әрекет дағдыларын қалыптастыруға, тілді меңгерудің алғышарттарын ұйымдастыруға мүмкіндік жасайтындығын анықтадық. Баланың мектепке дейінгі жетекші іс - әрекет түрі ойын. Соған байланысты балабақша қызметкерінің балалармен жұмыс барысында баланың ойлауын, тілін, қиялын, еске сақтауын дамыту, қоғамдық мінез - құлық ерекшеліктерін меңгерту, сәйкес дағдыларды қалыптастыру ойын іс - әрекеті арқылы жүзеге асыра алуы тиіс екендігін қарастырдық.

Зерттеу жұмысы барысында балалар психологиясымен айналысқан ғалымдар Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. В. Запорожец, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович, В. С. Мухина, М. И. Лисина, В. Штерн, К. Бюлер, Ж. Пиаже, А. Валлон, Дж. Брунер еңбектеріне талдау жасалды.

Баланың балабақшаға келуімен оның жаңа ортаға бейімделу процесі жүзеге асып, көптеген мәселелер де туындайды. Бірақ балабақша қызметкерлерінің баланың жас ерекшелігіне сәйкес ойын іс - әрекетін дұрыс ұйымдастырып, жетекшілік жасауы көптеген мәселелердің тиімді шешілуіне жағдай жасайды. Зерттеу жұмысымыз барысында балалардың балабақшаға алғаш келу кезеңінде анықтаушы эксперимент жүргізіліп, зерттеу нәтижесіне байланысты балалардың ойын іс - әрекеті белгілі бағдарламалық кешен бойынша жүзеге асырылды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жүргізілген соңғы зерттеу жұмысы барысында балалардың зерттеу жүргізуге таңдап алынған зерттеу әдістемелерінің қорытындысы оң нәтижелер көрсетті.

Алғашқы және соңғы алынған зерттеу нәтижелерінің арифметикалық орташа көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтар статистикалық мәнділік көрсетті. Мұның өзі балаларға жүргізілген жұмыстардың тиімділігін көрсетеді. Олай болса, біздің зерттеу жұмысымыздың ойын іс - әрекетін ұйымдастыру баланың психологиялық дамуына оңтайлы әсер етеді болжамы дәлелденді.

Бірақ бала жанын түсіну өте күрделі және әрбір балаға жұмыс барысында индивидуалды жол таба білу әрбір тәрбиешінің мамандық даярлығына, құзіреттілігіне байланысты. Сондықтан балабақша мәселесіне байланысты біздің жұмысымыз бұл мәселенің бір қырын ғана аша алды. Жалпы бұл мәселеге қатысты зерттеу жұмыстары болашақтың еншісінде деп білеміз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Аймауытұлы Ж. Психология, Алматы, Рауан, 1995ж

2. Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996 ж

3. Бабаев С. Психология танымы, Түркістан, 2000 ж, 346 б.

4. Бап-Баба С. Б. Жалпы психология, Алматы, 2003ж

5. Выготский Л. С. Кемтар балапсихологиясы, Алматы , 1999 ж.

6. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері, Алматы , 2002 ж, 335 б.

7. Жарықбаев Қ. Жалпы психология,Алматы, 2004 ж

8. Зимняя И.А. Педагогикалық психология,Алматы, 2005ж , 405ж

9. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология, Алматы,1982 ж

10.Темірбеков А.Жас ерекшелік психологиясы, Алматы.Мектеп, 1867ж

Наши рекомендации