Ес процесінің дамытуға арналған жаттығулар

1. Ойыншылар шеңбер құрып орналасады. Балаларға реттілікпен бір түстегі бес заттың атын айтуы ұсынады. (Қызыл, жасыл, көк, сары, қара және т.б.) 1-минуттың ішінде айтылған белгісімен ерекшеленген 5 затты айта алмаса сол ойынша ойыннан шығады. Айтылған затты қайта айту рұқсат етілмейді.

2. Балаға бұрыннан таныс 8-10 сөз дайындау қажет: бала сіздің айтқан әр сөзіңізді қайталап отыру керек. Алдымен бір соңынан екі сөз айтасыз. Балада осы жүйелікпен қайталайды. Әр сөздің арасында бір секунд кідіріс болады. Бала сіздің айтқан нақты берілген сөзді айта алмаса, саны бірдей басқа үш сөз айтуы керек. Ол үшін басқа сөз тіркестерін ұсынуға болады.

1. Алау

2. Үй, сүт

3. Ат, саңырауқұлақ , ине

4. Әтеш, күн, асфальт, дәптер

5. Төбе, көбік, су, майшам, мектеп

6. Қарындаш, көлік, аға, бор, құс, нан

7. Бүркіт, ойын, емен, телефон, стақан, патьто, бала

8. Тау, қарға, сағат, үстел, қар, кітап, қарағай, бал

9. Доп, алма, құлақшын, сәбіз, орындық, көбелек, метро, балапан, шұлық

10. Жүк мәшинесі, тас, жидек, сөмке, стақан, балға, қыз, дастархан, қарбыз, ескерткіш.

Егер бала сіздің соңыңыздан есінде сақтап сөзді қайталай алса, сөзді есту арқылы еске сақтау көлемі жақсы 6 – 7 жасар бала 5 – 6 сөзді есіне сақтау қажет.

Орапқа түрлі жеміс – жидек салу» ойыны.

Мақсаты: Еске сақтау қабілетін дамыту.

Нұсқау: Жүргізуші «Мен қорапқа алмұрт салдым» - деп айтып, келесі ойыншы оны қайталап, тағы бір жемістің түрін қосады. «Мен қорапқа алмұрт пен жүзім салдым». Келесі ойыншыларда осы айтылғандарды қайталап, әрқайсысы жемістің түрін қосып отырады. Ойын осылай жалғаса береді.

Гіме құрастыру» ойыны.

Нұсқау: Әр ойыншы кезекпен 1 – 1 сөзден айтып шығады, нәтижесінде ортақ әңгіме пайда болуы керек. Өз сөзін айтпастан бұрын алдыңғы сөздерді қайталап шығу арқылы сөйлем құрау қажет.

Поезд» ойыны

Ойынның шарты:

Бұл ойын үшін көлемі бірдей 10 суретті картиналар қажет.

Әрбір сурет поезд вагоны. Суреттерді бес-бестен екіге бөліп береді де алма кезек поезд құрастырады. Поездың вагондары жүріп бара жатқанда ажырамас үшін бір-біріне бекітілетінін біз білеміз. Суретті вагондар да қандай бір логикалық байланыспен бекітілуі қажет.

Мысалы: Қасықты тарелкамен байланыстыруға болады, өйткені, қасықта, тарелкада ыдыс болып табылады. Тарелкадан кейін вазаны қоюға болады, өйткені вазаға да машинаға да су құяды т.б. ең бастысы ол баланың өз «байланыстыруын» түсіндіре алғанында. Поезд дайын болғанда вагондардың қалай байланыстырғанын ескеріңіз.

Ойынды бірнеше рет қайталауға болады. Суреттер мен олардың орналасуын ауыстыруға болады. Керекті құралдар: 10-12 сурет /10х10/

Мысалы: І/ көбелек, гүл, ваза, піл, балық, өзен.

ІІ/ қар, шана, бала, баскиім, мысық, сүт.

Айсы сөз артық» ойыны

Мақсаты:Логикалық ойлауды, есте сақтауды, зейінді дамыту.

Балалар шеңбер бойына отырады. Жүргізуші балаға доп лақтырып төрт заттың атын айтады, бірақ оның біреуі артық болады. Соның артығын бала анықтауы қажет.

Сөздердің нұсқауы.

1. Қызанақ, қияр, сәбіз, қоян, шалқан;

2. Алмұрт, алма, қарбыз, доп;

3. Поезд, ұшақ, машина, аю;

4. Үстел, орындық, төсек, шәйнек;

5. Қарға, бүркіт, ара, балға;

6. Шие, жүзім, картоп, троллейбус;

7. Шаңғы, коньки, кеме, шана;

8. Шырша, аққайың, емен, бүлдірген;

9. Шатыр, есік, терезе, орамал;

10.Раушан, қызғалдақ, бәйшешек, картоп;

11. Қасқыр, түлкі, аю, мысық;

12. Автобус, трамвай, ұшақ, троллейбус;

13. Миллиционер, ғарышкер, өрт сөндіруші, балерина;

14. Қар, аяз, мұз, ыстық;

15. Аяқ, қол, бас, етік;

16. Жылан, ұлу, көбелек, тасбақа;

17. Сүт,шәй,айран, қияр;

18. Карта, тақта, оқушы, кірпі.

5) Балалар шеңбер бойына отырады. Жүргізуші балалардың біреуіне допты лақтырып, сөйлемнің басын айтады. Допты тосып алған бала сөйлемді аяқтап, допты жүргізушіге қарай кері лақтырады. Егер бала екі рет сөйлемді аяқтай алмаса, ойыннан шығады. Сөздердің нұсқауы:

Компазитор музыка құрастырады, ал әнші ...

Қазақстанда қазақша сөйлейді, ал Англияда ...

Балерина билейді, ал пианист ...

Германияда немісше сөйлейді, ал Польшада ...

Лимон ащы, ал қант ...

Шөп жасыл, ал аспан ...

Ағашты аралайды, ал шегені ...

Құстар ұяда тұрады, ал адамдар ...

Құс ұшады, ал жылан ...

Кеме жүзеді, ал машина ...

Шиені жейді, ал шәйді ...

Әнші өлең айтады, ал құрылысшы ...

Түнде қараңғы, ал күндіз ...

Иял процесін дамытуға арналған жаттығулар

Наши рекомендации