Ж.аймауытовтың «Қарт Қожа» романы

ХХ ғасырдағы қазақ прозасын жаңа белеске көтерген қаламгер Ж. Аймауытов шығармашылығы әдебиетіміздегі психологиялық роман жанрының бастапқы үлгілерінің негізін қалайды.

«Қартқожа» романы 1926 жылы Қызылордада жарияланды. Әдебиет-тегі алғашқы қадамдарын ақын ретінде бастаған Ж. Аймауытовтың өз өмірі де, Қартқожа сияқты бас кейіпкер өмірі де үндесіп жасқан сияқты. Жазушы өзі туралы сауалнамасында: «Ақат ағамыз екеуіміз әрі молда, әрі етікші алғашқы, шимайшы, домбырашы болып өстік» - деп баяндайды. Сондықтан да роман сюжетіндегі оқиғалар өмінінің өзіндей нанымды, шыншылдығымен шырайлы, жазушының білімі, стильше бірлігі айқын көрінеді.

«Жүсіпбектің «Қартқожа», «Ақбілек», «Күнекейдің жазығы» сияқты көлемді прозалық туындыларының кейіпкерлері - әлеуметтік арпалыстар кезінде, тулаған толқынның үстінде өзіне жол тауып, жаңа өмірді жасауға ұмтылған жаңа қаһармандар. Қартқожа – жасынан қағажу көріп өскен, теңсіздіктегі ортадан шыққан қарапайым қазақ ұлы» деп жазады академик С.С. Қирабаев.

«Қартқожа» романының басты тақырыбы, көтерген мәселесі – ХХ ғасырдың басында қазақ даласында болған әлеуметтік, саяси төңкерістер, екі дәуірдің тоғысындағы қазақтың басынан кешкен сан қилы тағдыры. Жазушы өз романын: «жалынды жастарға арнаймын» деген эпиграфпен бастайды. Он бір жасар бала ауыл молдасынан хат танып, сауатын ашады. Жасына қарамай соншалық ұстамдылығына автордың өзі де қызыға қарайтындай. «Қартқожа» аты да жас балаға лайық та емес қой.» (25 б.). Қартқожаның үй-іші, отбасымен, әкесі Жұманның шыққан тегімен таныстырады. Есін біліп, көзін ашқаннан-ақ бала әлеуметтік теңсіздікті көріп, тұрмыс тауқыметін тартып, ерте есейеді. Еріккен бай балалары реті келсе болды, Қартқожаға әлімжеттік жасайды. «Әттең менің кедейлігім-ау? Әйтпесе солардың менен ақылы артық па? Зейіні артық па? Артық болса малы артық. Дүние шіркін-ай! Кегімді алатын күн болар ма екен?» деп, ішінен зығыры қайнап жүрді. Балаға жаны ашып отырған жазушыны осы жерде айқын танисың. Автордың өз кейіпкеріне деген сенімі де зор. Ол дүниеге де сол кейіпкер көзімен қарайды, соған арқа сүйейді, соны тірек ететін секілді. Сол Қартқожамен бірге мұңайып, бірге қуанады. Қартқожа аз ғана оқуын тамамдап, үлгілі ауыл молдасы атанады, құдайға барынша сеніп, дін уағыздарын да қатаң сақтайды. Бірақ қанша тырысқанымен әкесін де, өзін де кедейліктен құтқара алмады. Бұл романдардың ерекшелігі сол, адамның тиянақты түрде ер жетуінің, саналы азамат ретінде қалыптасуының эволюциялық даму жолын көрсетеді. Көпшілік романдарда кейіпкерді жетілген, дайын, қалыптасқан шақтағы басты қаһарман етіп көрсетіді. Ал Жүсіпбек Аймауытовтың басты кейіпкері - аяқ астынан әкесіз қалған ауыл кедейінің өмірін, отбасын асырау үшін підияға қатысқан он үш жасар баланың басына түскен ауыртпашылықтарды, кедейлер көтерілісі сияқты аумалы-төкпелі жағдайларды бастан кешеді. Роман оқиғалары оның тағдырын да өзгертеді, қоғамдағы орнын да өзгертеді. Кейіпкер үнемі өсу, өзгеру үстінде. Қартқожоның сана-сезімі өзгеріп, іс әрекет үстінде есейеді. Уақыт пен заман Қартқожа өмірі мен тағдырында бетбұрыстар жасайды. Бұл - адамның қалыптасуы туралы роман. Ж.Аймауытов дүние мен адам өмірінің үндесуін, кейіпкердің өмір тәжірбиесінен үйренуін, сол өмірдің қатал мектебінен қалай шыңдалғанын, суреттейді. Бәрі де сол заманның, сол уақыттың шындығынан өрбиді. Жүсіпбек Аймауытов романының ерекшелігі қошаған өмір кейіпкердің сол заманға сәйкес бейімделуін, өмір заңын, өмірді тану мәселесін жан-жақты қамти алғандығында. Кейіпкердің есюімен қатар, қоршаған өмірі де өзгеріп отырады. Қартқожа өмірдің өзімен бетпе-бет қалыптасады, сол өмірдің де салтанат құруына игі әсер етеді. Роман кейіпкері де, автор да - екі дәуірдің тоғысында, яғни бірінен-екіншісіне өту дәуірінде өмір сүрген жандар. «Екі» дәуір тоғысында есейіп, толысып, өз өміріне өзі басшы болып қалыптасқан жаңа заман адамы ретінде Қартқожа – үлгі-өнеге боларлық бейне.

20-30 жылдардағы қазақ интеллигенциясының өз халқына көрсеткен өлшеусіз еңбегі бар. Ж. Аймауытовтың басты табысы – қазақ жұртының тарихи кезеңдегі рухани тыныс-тіршілігін қаз-қалпында ешбір боямасыз мәндерінде көркем етіп суреттеуінде. «Әдебиетті өмір танытатын қуатты құрал» деп бағалаған А. Байтұрсынов сөзі осыған айқын дәлел болып табылады.

Наши рекомендации