Дау-дамай және оны шешу жолдары

Леуметтік психология пәні және міндеттері

Әлеуметтік психология-адамның әлеуметтік топтарының қосылуынан туындаған мінез-құлық заңдылықтарын,сондай-ақ осы топтардың психологиялық сипаттамаларын зерттейтін психология ғылымының бір саласы.Әлеуметтік психология міндеттері: Әлеуметтік психология екі ғылымның қосылуы нәтижесінде пайда болған.Оның екіжақтылығы бір пәнге айналуына әсер етті.Жек тұлға психологиясымен де түйіседі. Екеуінің де негізгі қарастыратыны-индивид.жеке түлғаны зерттейтін психологтар индивидтердің ішінара жекедаралық механизмдерімен олардың бір-бірінен ерекшеліктеріне көңіл аударса,әлеуметтік психология индивидтерден тұратын адамдар тобы тұтастай алғанда бір-бірін қалай бағалайды,біріне бірі қалай әсер етеді деген мәселемен айналысады

Тұлға психологиясының әлеуметтік негізі

Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.

Альфред Адлердің тұлғаның индивуалды теориясы

Адлердің психологиялық тұжырымы Фрейдтің психоанализміне біршама жақын. “Күйгелек мінез” (1912), “Дара өзгешеліктер психологиясының практикасы мен теориясы” (1920), “Адамтану” (1927жылы), “Өмірдің мән-мағынасы” (1933 жылы) т.б. еңбектерінде Адлер әр адам өзінің туа біткен кемістігін үнемі сезінеді, бұл жәйт оны басқа біреуден өзін артық деп ұғынуға, кемістігінің орнын толтыруға айрықша жұмылдырады, оған өктемдік жүргізуге итермелейді дейтін идеяны уағыздайды. Ол саналылық пен санасыздықтың арасында елеулі шегара жоқ, жан қуаттары бір-бірімен тығыз байланысты, адам ішкі дүниесін түгелдей негізгі мақсатына жету үшін жұмсайды дейді. Адлер өмірлік стиль, түс көру, неврозды зерттеуге елеулі үлес қосты. Отбасындағы әр жастағы балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, олардың жеке басын қалыптастыруда тәрбие тәсілдерінің әсерін зерттеді. Адлер психологиядағы жаңа ағым — жаңафрейдшілдіктің тууына ықпал етті. Фрейдің адам мінезінің қалыптасуында алғашқы бес жыл ерекше орын алады дейтін тұжырымын жақтады. Адлер адам психологияның қалыптасуында шешуші рөл атқаратын тарихи-әлеуметтік факторды есепке алмады

Дау-дамай және оны шешу жолдары

Дау - дамай (конфликт) - әрқилы мүддеге бағытталған тараптардың қарама - қайшылықты тайталасы.
Дау - дамай типтері:
- ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗ БОЙЫНДАҒЫ
- ТҰЛҒАЛАР АРАСЫНДАҒЫ
- ТОП ІШІНДЕГІ
- ТОПТАР АРАСЫНДАҒы
Дау-дамайды шешу әдәстері:

1. Өзара жанжалды әрекеттерден (өз беделі мен табыстарын әсерлей көрсету,
басқаны кеміте, әдейі дауға шақыру) қашу;
2. «Проблеманы бірлікті шешу» ережесін (басқа есебінен пайда ниеттемеу,
екі тарапқа да тиімді шешім жолын ойластыру) ұстану;
3. Келісім (компромис) – екі тараптың да көзқарас, пікірлерінің үйлесім табуы;
4. Үшінші тараптан көмек сұрау – тікелей дау - дамайдан тыс, бейтарап бедел иелерін екі тарап мүшелерін бітістіруге шақыру.

2.

1.Әлеуметтік психологияның салалары: Этностық психология - әлеуметтік психологияның саласы, ол түрлі этностық бірлік өкілдерінің психологиялық сипаттарын зерттейді. Дін психологиясы - адамдардың діни іс-әрекетін және түрлі діндік бірліктерге мүшелікке кіргендердің психологиясын зерттейтін әлеуметтік психологияның саласы. Саяси психология - адамдардың саяси іс-әрекеттерін және қоғамдық-саяси өмірге қатысатын түрлі әлеуметтік психологиялық құбылыстар мен процестерді зерттейтін әлеуметтік психологияның саласы. Басқару психологиясы - адамдардың негізгі зейінді топтарға және бүкіл қоғамға әсерін, сапалы ерекшеліктерін сақтай отырып, белгілі әлеуметтік-қоғамдық тәртіпке бағынуын қалыптастыратын, дамыту және жетілдіру мақсаты мен мәселелеріне көңіл бөлетін әлеуметтік психологияның саласы. әлеуметтік әсер психологиясы - әлеуметтік психологияның әлсіз дамыған саласы, адамдарға әсерлердің ерекшеліктерін, заңдылықтарын және олардың түрлі өмір сүру жағдайларындағы іс-әрекетінің құбылыстарын зерттеумен шұғылданады. қарым-қатынас психологиясы әлеуметтік топтардың адамдар арасындағы ақпарат алмасуы мен өзара әрекеттестігін айқындайды. Отбасы психологиясы қоғамда отбасы мүшелерінің арасындағы жан-жақты түрлі ерекшеліктерді зерттеуді мақсат ретінде қояды. Дау-дамай (конфликт) психологиясы – түрлі дау-дамайлардың психологиялық ерекшеліктерін қарастыратын және оларды тиОтбасы психологиясы қоғамда отбасы мүшелерінің арасындағы жан-жақты түрлі ерекшеліктерді зерттеуді мақсат ретінде қояды. Дау-дамай (конфликт) психологиясы – түрлі дау-дамайлардың психологиялық ерекшеліктерін қарастыратын және оларды тиімді жолмен шешуге бағытталған әлеуметтік психологияның мықты прогрессивті саласы

Наши рекомендации