Заттық құрал әрекеті ерте балалық шақтағы жетекші іс-әрекет ретінде.
Ерте сәбилік шақтағы бала психикасы мен ақыл-ойының дамуы. Ерте сәбилік шақтың аса маңызды жетістіктері (бір жастан үш жасқа дейін). Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі «қашықтықтан» өтеді. Бала психикасында алғашқы үш жасында болатын сапалық қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады. Сондықтан адамның туған сәтінен есейгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы қайсы деп ойланған көптеген психологтар оған үш жасар кезді жатқызды.
Қозғалып жүруге қабылеттілігінің (дене қимылының табысы бола отырып) психологиялық салдарлары. Қозғалып жүруге қабілеттілік арқасында бала сыртқы дүниемен неғұрлым еркін де дербес қарым-қатынас жасау дәуіріне енеді. Жүруді игеру кеңістікте бағдарлану қабілетін дамытады. Бұлшық ет сезімі қашықтық пен заттың кеңістікте орналасуын есептеу өлшемі болады. Бұл көру, қимылдау мен сезінудің бірлескен қызметтері арқылы жүзеге асады. Өзі қарап тұрған затқа жақындай отырып, бала оның кеңістікте орналасу қалпын практикалық түрде игереді. Жүру арқылы бала өзінің таным объектісі болатын нәрселер шеңберін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-аналары бұрын оған ұсынуға болмайды деген сан алуан заттармен іс-әрекет жасауға қабілетті болады. Жаңа заттар тексерудің жаңа тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрселердің осы уақытқа дейінгі жасырын болып келген қасиеттері мен олардың арасындағы байланыстарын ашады.
Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәрежеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен алмасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады.
88. Психикалық құбылыстардың жетілуі.(10)
89. Ойладың түрлері және оның даралық ерекшеліктері.
Осылайша, шығу тегі мен пайда болуы (генезі) бойынша ойлау келесі түрлерге жіктеледі: Көрнекі-әрекеттік ойлау–мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі. Көрнекі–бейнелік (бейнелік) ойлау–жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі. Психологияда сонымен қатар дербес түр ретінде бейнелік (немесе көрнекі-бейнелік) ойлау бөліктеніп тұрады. өзгереді. Сөздік–логикалық (пайымдаушы) ойлау–тілдің және тілдік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайданумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі.
Мәселенің түріне байланысты: 1.Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдарды пайдалану негізінде заңдар мен ережелерді танып–білуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрі. 2. Практикалық ойлау–ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйін (мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру) білдіретін ойлау түрі. Бұл ойлау түрі кеңес ғылым–психологы Б.М. Тепловпен едәуір көп зерттелінген. Таным түрі бойынша:1. Эмпириялық ойлау–теориялық ойлаумен салыстырғанда, қарадүрсін, жағдаяттық жалпылаулармен байланысты болатын ойлаудың түрі.2. Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдар негізінде заттар мен құбылыстардың мәнін танып–білу. 3. Рефлексия немесе саналу деңгейі бойынша: 1. Интуитивтік ойлау–тез өтетін, анық кезеңдері жоқ, көбінесе саналанбайтын ойлаудың түрі. Бұл ойлау түрі кеңестік психологияда Я.А. Пономаревпен, Л.Л. Гуровпен және т.б зерттелінген. 2. Рациональдық ойлау (аналитикалық немесе логикалық ойлау) – уақыт бойынша кең таралған, айқын кезеңдері бар, ойлаушы субъектінің санасында едәуір көрініс табатын ойлау түрі. Әрекеттің тәсілдері негізінде:Вербалдық (сөздік) ойлау–тілдік құралды пайдалану арқылы адамның өз пікірін тұжырымдамауы, білдіруі.Көрнекі ойлау–мәселені шешу нақты бейнелі түрде көрінуінде жүзеге асатын ойлау түрі. Ойлау бағыттылығымен байланысты: Шынайы (немесе реалистік) ойлау–ақиқат шындыққа басым түрде бағытталған, логикалық заңдармен реттелетін ойлаудың бір түрі. Аутистік ойлау–адамның ниеттерін жүзеге асыруымен байланысты болатын ойлау түрі. Осыған ұқсас келетін эгоцентрлік ойлаудың ерекшелігі–адамның басқа біреудің позициясында тұра алмауы. Ойлау іс — әрекетінің өніміне байланысты: Продуктивтік ойлау–адамның ойлау іс-әрекетінің жаңа өнімін шығару. Репродуктивтік ойлау–ойлау іс-әрекеті барысында өмірде бар білімдерді пайдалану. Ойлаудың функцияларына байланысты: Творчестволық ойлау–ақиқат дүниге жаңалықты тудырумен, жаңа білімдерді тауып, негіздеумен байланысты болатын ойлаудың түрі.
Критикалық ойлау–заттар мен құбылыстарды терең зерттеу негізінде, солар жөніндегі көзқарастар мен пікірлердегі қайшылықтар мен кемшіліктерді таба білуімен байланысты болатын ғылыми дәйектелген сындық пікірден тұратын ойлаудың бір түрі. Еріктік күштің жұмсалуына байланысты: Ырықсыз ойлау–түс көру бейнелерін ырықсыз трансформациялау.
Ырықты ойлау–проблемалық жағдаяттарды, ой есептерін мақсатты түрде шешу.
90. Психикалық дамуға дағдарыстың ролі (66)