Дәріс. Әлеуметтік психологиядағы үлкен топ мәселесі.

Жоспар:1.Әлеуметтік психологиядағы үлкен топты зерттеудің теориялық, әдістемелік принциптері және мәселесі.

2. Ұйымдастырылған үлкен топтардың психологиялық құрылымының тұрақтылығы.

3. Әлеуметтік кластар, кәсіби топтар, саяси патиялар. Жеке тұлғаның өзіндік сана-сезімінің ұлттық ерекшелігі және өмірлік бейнесі.

Этноаралық конфликтер және этноцентризмнің әлеуметтік-психологиялық аспектлері.

Әлеуметтік психология тұлғаның қауым, қоғамдағы орнын анықтауға тырысады. Тұлға –дербес әрекет ететін субьект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Ол қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Психологияда Э.Шпрангер тұлғаның өмірлік құндылықтарды бағалау деңгейіне сай: теоретик, экономист, эстетик, әлеуметтік, саяси және діни тұлға деп әлеуметтік-психологиялық типологияны берсе, американ психологы Карен Хорни (1885-1952) аадамдар арасындағы қарым-қатынасқа сай тұлғаны 3 типке бөледі:

1) Үйірсек, жатырқамайтын тип- қарым-қатынасқа деген қажеттілігі өте жоғары. Ол үшін-біреудің қам жеуі, жақсы көруі және құрметтеуі ең негізгі болып табылады.

2) Агрессивті тип- ол үшін қарым-қатынас мақсатқа жету құралы болып табылады. Олар біреудің қарсы келгенін жаратпай, өзгелерге үстемдік көрсетуге бейім келеді.

3) Жатсынушы тип- топпен, көпшілікпен қарым-қатынасқа түсуді қаламайтын, ондай жағдай болғанның өзінде қажетті эмоционалды арақатынасты сақтаушы адам. Біреулермен кездескен сәтте олар іштей: «Мынау мені мазалады» деген сауал қояды.

Ал, ғалым Норакидзе тұлғаның тәртібіі мен ішкі мотивтері арасындағы сәйкестікке байланысты:

1) Үйлесімді тұлға-ішкі мотивтер мен тәртіп арасында келіспеушілік жоқ: ниет, тілек, моральды принциптер, жауапкершілік сезімі және тәртібі бір-бірімен үйлесімді

2) Дау-дамайлы тұлға-адамның тәртібі мен мотивтері, іс-әрекеті мен ниеті арасында қарама-қайшылық байқалады.

3) Импульсивті тұлға олар тек өздерінің тілек, ниеттеріне сай әрекет жасайды. Бір іске ниеті соқпаса, кәсіптік біліктілігі жоғары екендігіне қарамастан көлеңкеде қалып қоюы мүмкін.

Әлеуметтік топтар мен ұжымдар туралы түсінік. Ғылымның негізін қалаушылар адамның қоғамдық мәнін көрсетіп берді. «Инивид дегеніміз, - деп жазды ,- К. Маркс қоғамдық тіршілік иесі. Адамның әлеуметтік мәні оның материалдық және рухани өмірінен көрінеді. Басқа адамдардан оңаша жүрген болса ол табиғатан құлы болудан оның әміршісі болу дәрежесіне жете алмас еді. Тек қоғамдық қызмет қана адамдарды тіршілік құралымен қамтамасыз етті, олардың әлеуметтік орта еңбектегі өзара қарым – қатынас психиканың да болуының шешуші факторына айналды. Өмірдің және адамдардың өзара қарым – қатынасы, тарихи жағдайлар адамдарды ұлт, мемлекет , тап және басқада қауымдықтарға бірігуге әкелді. Олар адамдардың қалаулары бойынша емес, объективті заңдардың әсері нәтижесінде құрылды. Әрбір қауымдықтың белгілі бір психологиялық ерекшелігі бар. Ең алдымен әр түрлі таптар психологиясын өзіне ғана тән белгісі болатынын көрсетеді. Адамдардың үлкен топтарын , қоғамдық өндірістің тарихи белгілері бір системасында олардың алатын орнына қарай , өндіріс құрал жабдықтарына олардың қатынасына қарай, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы олардың роліне қарай , ал олай болса қоғамдық байлықтан олардың алып отырған үлесінің мөлшеріне және ол үлесті алу әдістеріне қарай айырылатын топтарын атайды. Таптар дегеніміз адамдардың мынадай топтары: қоғамдық шаруашылықтың белгілі бір укладына олардың алатын орындарында айырмалық облуының арқасында олардың бір тобы. еіншісінің еңбегін өзіне иемденуі мүмкін». Таптық психология құрылыстарына ерекше назар аударылу себебі, кез – келген антагонистік формация бір біріне қарама – қарсы таптарға бөлінеді, ал олардың арасындағы күрес тарихи дамудың қозғаушы күші болып табылады. Шағын және бастапқы топтар. Бір шама тұрақты құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір - бірімен тікелей қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Оның топтың барлық мүшесінің күш жігері жеуге жұмылдырылған ортақ мақсаты болады. Күші топқа кіретіндер бірін – бірі жақсы біледі және топтың алдында тұрға мінетті орындау кезінде өзара қоян – қолтық қатынаста болады. Кіші топ мүшелерінің саны екі адамнан аз болмайды және 30 – 40 адамнан аспайды. Отбасы өндірістік топ самолет не космос кораблімен экипажы сынып класы сияқты бірлестіктерді кіші топ деп есептеуге болады. Адам бір мезгілде бірнеше кіші топқа мүше болады.

Мысалы, оқушы мектептегі барлық іске қатысады, ол ауладағы фудбол командасының капитаны да болып табылады. Кіші топтағылардың өзара қарым – қатынасына шек қойылмайды. Әркім топтағы кез – келген адаммен өз қалауы бойынша және қажетінше қатынас жасайды. Ал, іс жүзінде бтоп мүшелері топтың бір мүшесіне қарағанда екіншісін тұтады. Біреулер өзара жиі қатынасып, олардың қарым – қатынасы жақындық сипат алады. Бұл былайша айтқанда. Бастауыштық немесе қатынас жасаудың бірінші кезеңі болып табылады. Әдетте мндай топ мүшелерінің саны көп болмайды. Оның мүшелері кіші топтың мүшесі болып қала береді, өйткені мұндайда іс бабындағы қатынастан мен өзара қарым- қатынастар үзілмейді. Бастапқы топ шағын топ болып қала отырып, дербес қауым да бола алады. Құрылу принципі мен әдісіне қарай шартты және нақты формалды және формалды емес топтар болады. Топтардың әлеуметтік дамуы деңгейі және ұжым. Әрбір әлеуметтік қауымдастықтың өз тарихы болады: дүниеге келеді, дамудың белгілі сатыларынан өтеді, аса жоғары дәрежеге жетеді, сондай - ақ өмір сүруін тоқтатуы мүмкін. Бұл формалды топқа да формалды топқа да бірдей дәрежеде қатысты. Топтың қалыптаса бастауы ассоцацияның - адамдардың уақыт және кеңістік белгілері негізінде бірлесуін алу керек. Мектепте бір сынып институтта бір курс тобы турситер мен экскурсанттар осылай құрылады. Ассоцацияда ортақ мақсат жоқ, іскерлік және қарым – қатынас та қалыптаспаған бірақ оған қажет алғы шарт болады.

Ассоцацияға кіруші әрбір адамның өзіне тән және әдетте басқалардың жеке мақсаттарына ұқсас мақсаты болады. Бірақ бұл ортақ мақсат емес. Бірігіп әрекет жасау кезінде ассоцацияға қатысушылар арасында іскерлік және жеке қатынас орнайды. Сонда ассоцация жағынан мүлдем басқа және әлдеқайда күрделі қауымдастық – корпорацияға айналады. Корпорация – адамдардың өзімен - өзі тұйық бірлестігі. Ассоцация сияқты, оның да ортақ мақсаты болмайды. Корпорацияда әркім өзінің жеке ойын жүзеге асырады, ол басқалардың ойына ұқсас болады. Корпорацияға оқшаулық тән ол басқалармен мүлдем қатынас жасамайды ал қатынас жасайтын болса, оның көп сатылы болатыны сонша , корпорацияға қатысушылар байқамайда қалады. Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы - ұжым. Ұжым - ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжымның бегілерін А.С. Макаренко анық та толық айтып берді: ұжым дегеніміз - жеке адамдардың өз алдарына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымдық органдары бар комплексі. Ал ұжым ұйымы бар жерде ұжым органдары да бар, ұжым сенетін өкілетті уәкілдер ұйымы бар және жолдастық қатынасы мәселесі - ол жай ғана достық, жақсы көру, көршілік мәселесі емес, ол жауапгершілікті тәуеллідік мәселесі. Макаренко адамдарды қызметі қоғам үшін пайдалы екені айдан анық міндеттерді атқару үшін біріктерсе ғана ұжым болатын көрсетті. Ұжымның мәні бар міндеттерді тиімді шешуге қабілетті келеді және тұрақты әрі бір – біріне көмектесіп отыруға негізделген өзара қарым – қатынас орната алады. Ұжым адамдардың тобы болғандықтан оған топтың белгілері тән. Алайда ұжымның топта жоқ белгілері болады. Сондықтанда қандай болсын ұжымды топ деп сануға болады, ал топтың бәрі бірдей ұжым бола алмайды. Формалды немесе формалды емес топтар ұжымның белгілеріне ие бола алса ұжымға айналуы мүмкін. Бұл арада ұжымның аса маңызды белгісі - мақсатпен міндеттің қоғамдық мәні өзгермейді. Егер бұл белгілі болмаса топ ұжым аталына алмайды. Ұжым мүшесінің жеке адамдармен қатынас жүйесіндегі жағдайы. Әлеуметтік психология топтағы, ұжымдағы адамдардың жеке өзара қатынастарын зерттейді. Топтағы, ұжымдағы адамдардың бұл қатынаста алатын орны бірдей емес. Зерттеу бір адамдар басқаларға қарағанда көбірек белгілі, беделді болатынын көрсетеді. Алғашқылары қарым – қатынас жасауға шын ниетпен көбірек тартылады, ал соңғылары топтың немесе ұжымның өзге мүшелерімен сирек араласады. Зерттеу нтижелеріне қарағанда сынып ұжымында 35 – 40 адам 3 – 4 оқушы ғана не ғұрлым белгілі болады екен. Ал, олардың болу себебі не? Біріншіден, мұндай адамдардың топ мүшелерімен қатынас орната білу қасиетін атап көрсеткен жөн. Басқаның «жүрегіне жол таба» білген адам қашанда көпшілікке жақын белгілі болатынын аян. Адам өз орнын жалбақтау , жарам сақтану және жағымпаздану жолымен емес өзінің табиғи болмысы мен ашық мінезімен табады. Адамның белгілі болуы оның басқалардың жағдайын түсіне білуі негізінде пайда болады. Екіншіден , ал адам білімділігі, іскерлігі , өз білгенін басқалардан риясыз бөлісуге , көмектесуге әзір тұрушылығымен белгілі болады. Үшіншіден сырт бейнесі факторында да ескермеуге болмайды. Адамның күш - қуатын осы факторға жатқызған жөн. Мысалы, оқушы өздерінің қара күшке ие , мықты құрбыларын құрметтейді. Ұжым топ мүшелерінің көпшілігі бір – бірімен өзара тату - тәтілік тұрғысынан байланысты болады. Бұл ретте әркімнің өзгелерден гөрі жиі кездесетін бір адамы болады. Онымен бір мүдделес әңгімелері жарасқан ортақ істері бар. Сондықтан жоластық, достық қатынаста болады. Ұжым ішінде мұндай бастауыш топтардың болуына қарамастан, ол өзінің бірлігін сақтап, бірыңғай бірлестік ретінде өмір сүре береді. Ұжымда , топтарда кейбір адамдар ешкіммен жеке өзара қатынаста болмайды. Олар мұндай қатынас орнататындай өзіне серік таба алмайды. Алайда бұдан мұдай адам ұжымға қажетсіз деген ұғым тумайды. Ұжымның мұндай мүшесі үшін өзара қатынас бұл бірлестіктен тыс жерде болады.


Наши рекомендации