Зерттеу әдістерін топтастыру
Психологияда адамның психикалық қызметін зерттейтін алуан түрлі әдістер қолданады. Белгілі бір әдісті таңдау, зерттеу жұмысының алдына қойылған мақсатына байланысты, алайда қандай жағдайда болса да жоғарғы да айтылған принциптерді басшылыққа алған абзал.
Психодиагностикалық әдістерді жұмыс жасауда қолдану үшін, әдіс-тәсілдерді қысқартып, ең оңтайлысын қолдану қажет. Классификация және таксономия бірнеше мағынада болады. Ең бастысы әдістердің ішкі қарым-қатынасын әртүрлі уақытта, әртүрлі мақсатта қолданады.
Кэттелдің айтуынша психодиагностикалық әдістер таксономиялық жолда құрылады.
Мысалы, бірнеше түрлі таксономияларды келтірейік.
1) Көптеген психодиагностикалық әдістер классификациясы жеке тұлғаның диагностикасына арналады. Бірақ бұлар прагматикалық түрде, теориялық түрде болады. Психодиагностикалық әдіс диагностикалық болып бөлінеді.Ақыл-ойдың дамуы, қасиеттер, темпераменттер, мотивациялар универсалды болады.
2) Әдістердің классификациясы әртүрлі материалдарды қолдануда ең бірінші орында тұру керек. Сонымен қатар вербальды мінездемелерді, сұрақтарды, тапсырмаларды, бағалау тәртіптерін және т.б. әдістер қолданылады. Бұл әдістерге көбінесе сұрақ-жауап тәсілі жатады.
3) Вербальсыз әдістердің бірнеше түрлері бар. Бұған әйгілі «Армейский бета тесті» жатады.
4) Картинкадағы суреттерге қарап, әңгіме құру. Бұл әдіс вербальсыз болады, зерттеушінің жауабы вербальды болады.
5) Егер психодиагностикалық әдіс біріккен стимулды болса, зерттеушінің жауабы әртүрлі әдістерге бөлінеді.
- вербальды
- вербальды-вербальсыз
- вербальсыз-вербальсыз
Вербальсыз-вербальсыз әдістер әртүрлі категориялардан құралады.
6) Бұл мақсатта зерттеу үшін әдістерді таңдау, классификациялау, диагностикалы-дифференциальды диагностикалау.
Психологиялық тесттердің өзі бірнеше топқа бөлінеді. Тесттердің классификациясы:
1) Типологиялық тестілеу-бұл тестілеуге жеке тұлғаның мінезін, темпераментін, нерв жүйесін білу үшін қолданылады;
2) Бұл тест көбіне мамандық таңдауда қолданылады. Зерттелінушінің мақсатын, қызығушылығын, шыдамдылығын зерттеуге арналған.
Тестілеу сапасына байланысты стандартты және стандартты емес болып бөлінеді.
-жалпы диагностикалық (Кэттелл, Айзенка, Векслера сауалнамалары және т.б.);
- профессионалды қажетті тестілер (жалпы Армейский классификациялы тест);
-қасиеттерге байланысты тестілер (техникалық, музыкалық және т.б.);
-жетістікке жету тестілері (бір нақты тәртіпке арналған тесттер, классификациялы тесттер және т.б.).
Сонымен қатар қажетті материалға байланысты тесттер болып бөлінеді:
-бланкидегі тесттер («қарындаш-қағаз») қолдану арқылы;
-пәнге байланысты (қиын фигуралар Вэкслера);
-аппаратты тесттер бұларға (ойлау, ес, зейін-танымдық процестерді зертеуге арналған);
-компьютерлі тесттер.
Әдістер классификациясы:
1) Интерпретация әдісі-суреттерге, картинкаларға қарап зерттеу. Бұл әдіс арқылы генетикасын немесе құрылысын анықтауға болады. Бұған ((ТАТ,САТ) тест фрустрации Розенцвейга, тест Жиля, тест Сонди) жатады.
2) Структуралық әдіс (Г.Роршахтың әдісі) жатады.
3) Конструктивті әдіс.
4) Шығармашылық әдіс.
Зерттеу объектісі жан-жақты даму үстінде. Зерттеу әдістерін біз 4 топқа бөлеміз.
1) ұйымдастырылған әдістер.
2) Эмпирикалық әдістер.
3) Мағлұматтарды істеп шығару әдісі.
4) Интерпретациялық әдістер.
Көптеген психодиагностиканық әдістер бланктік әдістер деп аталады. Зерттеушіге сұрақтар беріледі, оған ауызша немесе жазбаша жауаптар беріледі. Жауаптары бойынша адамныыыың психологиясын ашуға болады, Бланктік әдістердің кең таралуы оның қарапайымдылығында. Бұл әдәстердің жақсылығы бланктер керек емес және психодиагнот зерттелушімен икемді бола алады. Кемшілігі: сұрақтар дұрыс таңдалуы керек. Сұрақтама стандарттауға келмейді. Проэктивті әдістер бланкті, суретті, сұрақтамалы болады. Бұл әдіс топтамалары валидті және ақпаратты. Келесі әдістер – обьективті манипулятивті әдістер. Зерттелушіге шынайы заттар беріледі. Сол заттардан бірнәрсе құрайды немесе жасайды. Психодиагностика әдістерінің критерилеріне тоқталар болсақ олар мыналар: 1. Әдістемеде тест қолдану типі. 2. Тест материалындағы адресат. 3. Тест материалының формасы. 4. Психодиагностикаәдістерінің нәтижелерінің қорытындыларының мінездемесі. 5. Әдістемедегі тестік номалардың болуы. 6. Әдістеменің ішкі құрылымы.
Психодиагностика әдістері сұрақтамалы, нақтыланған, продуктивті, әрекетті, физиологиялық болып бөлінеді. Сұрақтамада – зерттелінушіге арналған сұрақтар қолданылады. Нақтыланған әдістерде – зерттелінуші келісетін не келіспейтін нақтылаулар болады. Продуктивті әдістер – зерттелінушінің творчествалық жұмыстары, вербалды, образды, материалды туындылары. Әрекетті әдістерге – зерттелінуші кейбір әрекеттерді кешігіп орындайды. Физиологиялық әдістер –тестік материалдың адресаты бойынша сапалы, сапасыз болып бөлінеді. Сапалы әдістерге – сұрақтамалар, сапасызға проэктивті материалдар жатады. Формасы бойынша әдістер бланктік (жазбаша, сурет), техникалық (аудио-видео материалдары), сенсорлыық (сезім органдарына стимул ретінде) мінездемелері бойынша оьбективті (Зерттелінуші мен зерттеушінің сапасы мен тілегіне байланысты емес көрсеткіштер қолданылады) және субьективті (зерттелінуші мен зерттеушінің тілегі мен санасына байланысты, ішкі тәжірибесіне тәуелді мәліметтер қолданылады), көп өлшемді депте қарастырылады. Көп өлшемде бір сапа мен қасиет талданады да көп өлшемді әдістерде бірнеше сапа мен қасиет зерттелінеді. Психодиагностикалық әдістер мәліметтері сапалы және сандық анализді негізделген болып бөлінеді. Сапалы анализде – зерттелінетін қасиет белгілі ғылыми ұғымда сипатталады. Сандық анализде – зерттелінетін адамның дамуы басқа адамдармен салыстырылады. Барлық психодиагностика әдістері ғылыми және практикалық болып бөлінеді. Ғылыми әдістер – еңбекті көп керек ететін, ғылыми зерттеу жұмыстарында қолданылады. Практикалық әдістер - әмбебап, қарапайым, арзан болады. Әрбір ғылым дамып, қоғамның даму деңгейінен қалыспай отыруы үшін, зерттеу әдістерін қолданып, сол пәннің мазмұнын байытып, кеңейтіп, жаңа табыстарға жетіп отыруы керек. Сондықтан да психология ғылымының да өзіне лайықты адамдардың психикалық әрекеттерінің өсіп-дамуы заңдарын зерттейтін жолдары, зерттеу тәртібі, ережелері, яғни зерттеу әдістері болуы қажет. Психология ғылымының әдістері, барлық ғылымдардың әдістері сияқты диалектикалық материализмнің әдістеріне сүйеніп және негізделәііп отыруы керек. Диалектикалық материализм - марксизмнің дүниетану теориясы және методологиялық әдісі. Сондықтан ол барлық ғылымдарға негіз болып, олардың мазмұндарын, әдістерін белгілеп отырады. Психология ғылымының да мазмұны, әдістері диалектикалық материализмнің әдістеріне негізделген. Әдіс – зерттеуде қолданылатын жай ғана техникалық ереже емес. Әрбір ғылымның әдістері сол ғылымының мазмұнымен тығыз байланысып отыруы тиіс. Ғылымның әдісін, оның мағынасын еш уақытта бөлуге болмайды. Әрбір әдіс ғылымды дамытып, алға алып баруға себепші болады. Психология ғылымының тарихында әрбір психологиялық ағымдардың өздерінің көзқарастарына лайықты зерттеу әдістері болады. Метофизикалық психология мен рационалистік психологияның зерттейтін пәні «жан» болғандықтан, олардың бірден-бірі әдісі құрғақ ойлану әдісі болды. Эмпирикалық психология жан, яғни сана құбылыстарымен шұғылданғандықтан өзін-өзі байқау әдісін, яғни өзіндік қана психикалық толғауларды байқау, сипаттау әдісін негізгі әдіс деп білді. Кейінгі кезде психологияның бұл ағымы эксперименттік әдісті қолданғанмен оны қосымша әдіс қана деп тапты. Қылық психологиясы – психология ғылымын табиғи ғылым деп санап, табиғи ғылымдарда қолданатын сыртқы байқау әдісін психологияға көшірді. Психология ғылымы адамдардың психикалық әрекеттерін зерттеуді обьективтік түрде жүргізіп, психикалық ағымдар, әрекеттер ақиқатта қалай болса, сол қалпынша өзгертілмей алынып зерттелінеді. Психикалық әрекеттердің және функциялардың әрқайсысы жеке-жеке әрекет етпейді, бірімен-бірі, қарым-қатынас байланысты, немесе шиеленісіп отырады. Сондықтан оларды зерттеген уақытта, жеке психикалық функцияны өз алдына бөліп, оқшаулап зерттемей, барлық психикалық әрекеттердің бірімен-бірінің қандай себептік байланысы, қатысы барлығын ашып зерттеп отырған жөн.
Психикалық әрекеттер бір қалыпта өзгермей тұрмайды, әр уақытта өсіп, дамып отырады – ол сыртқы дүниенің адамға әсер етуімен байланысты. Сондықтан адамның психикалық әрекеттерін зерттегенде, олардың қалайша пайда болып, дамып, бір сападан екінші сапаға өтетіндігін, психикалық дамудың ішкі қайшылықтарының болатындығын олардың қарама-қарсы күштердің күресуінің нәтижесі екендігін, дамудың біркелкі және кездейсоқ болмай, секірмелі және заңды түрде болуын зерттеп отыру керек. Осы айтылған негізгі жағдайлар психология ғылымының барлық жеке-жеке әдістерінің негізі болуы тиіс. Психологияда қолданылатын әдістер, басқа ғылымдарда да қолданылады, бірақ оларды психологияда қолданудың кейбір өзгешеліктері бар.
Психологиялық әдістердің түрлері:
Байқау әдісі – обьективтік байқау әдісі деп, таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйренішті жағдайларда зерттеп және психикалық әрекеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз. Бұл әдіс психология ғылымының негізгі әдістерінің бірі болып табылады. бұл әдіс бойынша, зерттеуші адам, зерттелушінің әрекеттеріне ешбір қатыспай, тек қана оның қылықтарын, психикалық әрекеттерін сырттай байқап, жазып отырады.
Обьективтік байқау әдісі ғылыми әдіс болу үшін, бірнеше шарттарды орындауы керек. Әр уақытта байқаудың алдында белгілі бір мақсат қойып, ол байқаудың көздеген міндеттерін және байқауды қалайша жүргізу керектігін ерте бастан белгілеу қажет. Байқауды жүргізбестен бұрын, жоспар жасап алып, онда байқаудың қалай жүргізілетіндігін ерте бастан толық түрде анықтап, белгілеп алған жөн. Байқау кездейсоқ болмай, бір жүйелі түрде жүргізіліп отырылғаны дұрыс. Байқау дәл және толық болу керек; бірақ байқаушы (зерттеуші) адам көзіне көрінгеннің, есіткенінің, сезгенінің барлығын байқау уақытында жаза берместен, байқауға керекті әрекеттерді ғана таңдайды, яғни байқау таңдамалы болуы тиіс. Бұл өте көрнекті, сонымен бірге өте күрделі және жауапты жұмыс.Бұл әдісті балалардың психологиясын зерттеуде қолдануға болады. Балалардың әрекеттерінің материалдық нәтижелерін, жемістерін зерттеу (балалардың жасаған ойыншықтарын, салған суреттерін, жазған ой жазу шығармаларын, есептерді шығаруларының нәтижесін т.б.) балалардың түрлі тапсырмаларды қалайша орындауын , оларды орындаудағы ақыл-ой әрекетінің ағымы, өзгешелігі туралы көп мағлұматтар алуға болады. Зерттеу жұмысында адамдардың жазылған өмірбаяндарын, эпистолярлық мемуарлары, кісінің басынан өткізген қылықтары, сезімдері туралы еске түсірулері, әр түрлі психологиялық өзгешеліктерді білуге көмектседі.
Салыстырмалы – генетикалық әдісіне бірнеше әдістер еніп отырады. Бұл психикалық әрекеттердің өсіп-дамуы жолдарын салыстыра зерттейді, ал салыстырма- филогенетикалық зерттеу жолы арқылы адамдардың жан дүниесін хайуанаттар психологиясымен салыстырып, олардың арасында қандай айырмашылық, қандай ұқсастық бар екендігін, адамның психологиясы қалайша адамдық психологияға айналғаны зерттеліп отырылады.
Қосалқы әдістерінің қатарына сондай-ақ онтогенетикалық зерттеу әдісін де жатқызуға болады. Бұл әдіс арқылы адам баласында туысының қандай психикалық әрекеттердің пайда болатыны, олардың адамның дамуымен бірге қалайша өсіп, дамып отыратыны зерттелді. Не болмаса, балалардың я үлкендердің психикалық әрекеттері зерттелерде олар бір-бірімен салыстырылып, ұқсастықтары, айырмашылықтары балаларының психикалық әрекеттеріне айналатындығы зерттелінеді.
Салыстырма – тарихи зерттеу әдісінде қоғамдық – экономикалық формациялардың өзгеруімен бірге адамның салт-санасы да өзгеріп, дамып отырады. Психологияда басқа ғылымдардағыдай тарихи әдісті мейлінше қолданып, адамның барлық әрекеттерінің ақыл-ойының санасының бір қалыпта тұрмайтынын, қоғамның өзгеріп дамуымен бірге, ол қоғамда өмір сүруші қоғам мүшелері – адамдардың да сана сезімдерінің өсіп, дамып, өзгеріп отыратынын ескеріп, адам жалпы адамзатты зерттемей, белгілі қоғамда өмір сүрген, я нақты құрамның мүшесінің психикалық әрекеттерін зерттеу керек – бұл тарихи психологиялық міндеті.
Салыстырмалы - патологиялық зерттеу әдісімен зерттегенде, ақыл- ой әрекеттеріне зақым келген ауру адамдардың психологиясымен дені сау адамның жан дүниесімен салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтармен өзгешеліктерді қарастырады. Мысалы, сөйлеуге зақым келуін ( афазия), қимыл әрекеттеріне зақым келуін (апракция), естің бәсеңдеп, бұзылуын (амнезия) т.б. қалыптағы психикалық әрекеттермен салыстыра талдаудың ғылыми мәні зор.
Физиология мен психопатологияда медицинада бұл әдіс өте кең түрде қолданылады. Онда хайуанаттар миының түрлі салаларын бұзып, оның нәтижесінен пайда болатын психикалық әрекеттің зақымдану өзгешеліктерін зерттеу үлкен орын алады.
Жеке монографиялық зерттеу әдісі бойынша кейбір психологиялық функциялар өз алдына жан-жағынан толық түрде алынып, зерттелінеді. (Мысалы, адамның есіне қатысты мәселелердің барлығы толық зерттелінеді, есінің пайда болуы, дамуы, оның түрлері және типтері, процестері, адам есінің хайуанаттар есінен айырмашылығы, естің басқа психологиялық функциялармен байланысы т.б.). не болмаса жаңа туған баланың психологиясы зерттелетін болса, оның жеке психикалық