Дәріс. Жоғары мектептегі менеджмент
Дәрістің мақсаты:Жоғары мектептегі басқарудың психологиялық астарларын қарастыру.
Дәріс жоспары:
Жоғары оқу орнындағы басқару психологиясы
Педагогикалық ұжымдағы манипуляция және психологиялық ықпал
Педагогикалық ұжымдағы дау-дамай мәселесі мен оның динамикасы
Негізгі түсініктер:менеджмент, басқару модельдері, манипуляция, психологиялық ықпал, дау-дамай, шиеленіс.
Басқару психологиясы әлеуметтік психологияның қазіргі кездегі негізгі тарауларының бірі, ол әртүрлі әлеуметтік құрылымдардағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас мәселесін зерттейді.
Басқару мәселесін құрумен ғылымның әртүрлі салалары айналысады: информатика, юриспенденция, философия, психология, педагогика, эргономика, социология т.б. Жалпы басқару теориясы кибернетика мен теория жүесінде құрастырылады. Кибернетика Kibernetika (грек тілінде) басқару өнері. Manedgment – (латын. manus - қол) – ағылшын термині «басқару» терминінің синонимі.
Адам іс-әрекетінің практикасында басқару ғылыми зерттеу пәні болмас бұрын өте көп уақыт ілгері пайда болған.
Ертедегі Египетте біздің эрамызға дейін мың жыл бұрын басқару үрдістерін орталықтандыру, бақылау, ұйымдастыру, жоспарлау қажеттігі мойындалған. Онсыз әлемге әйгілі Египет пирамидалары, ертедегі ацтекс қалалары секілді архитектуралық құрылыстар салынып күрделі діни орталықтар мысалы рим-католик шіркеуі белсенді қызмет атқармас еді.
Басқару теориясы жеке ғылыми пән ретінде ХХ ғасыр басында беки бастады. Басқару үрдісі белгілі бір нәтижеге жету жолындағы адамдардың жалпы іс-әрекеті атқарылатын жерде жүргізіледі. Басқару дегеніміз- топқа, қоғамға немесе оның жеке бөліктеріне тәртіптендіру үшін немесе сапалық спецификасын дамыту үшін әсер ететін шаралар комплексі түрінде анықтама. б) басқару барлық динамикалық жүйелерде жалпы заңдылықтар бойынша жүргізіледі де информацияны алуға өңдеуге және беруге негізделген. (әлеуметтік, психологиялық, биологиялық, техникалық экономикалық, административтік). Әлеуметтік жүйеде басқарудың негізгі белгісі болып субъектінің (басқарушы) мәліметті бағалап анализдеу негізінде күрделі жүйелердегі тура және кері байланысты іске асыруы есептеледі.
Басқарудың әлеуметтік психологиялық теориясының объектісі болып адамдардың құқықтық экономикалық, саясаттық өндірістік міндеттерді іске асыруда құрылымдарда, топтарда, ұжымдардағы қарым-қатынас формасы есептеледі.
Белгілі бір оқу орнындағы жұмыс істеу беделділігінің сыртқы түрткісі мен еңбекақысының сәйкестілік түрткісі көбінесе тұлғалық және кәсіби өсу, өзін-өзі жігерлендіру түрткілерімен теңестіріледі. Сонымен қатар, бала мен ересек адамның өзара әрекеттесуінің ерекше формасы ретінде педагогикалық іс-әрекетте үстемдік немесе билік түрткілері сияқты бағдарланудар пайда болады. Педагогикалық қабілеттерді зерттеушілердің бірі Н.А. Аминов бойынша, билік түрткісінің педагогикалық іс-әрекетке қандай қатынасы бар екенін көрсету үшін алдымен Г.А. Мюррейдің көзқарасына тоқталу қажет, ол сонау 1938 жылы билік түрткісіне үстемділікке қажеттілік деген анықтама берген. Г.А. Мюррей үстемділікке қажеттіліктің негізгі қағидаларын және оған сәйкес әрекеттерді бөлді. Үстемділікке қажеттіліктің белгілері немесе әсерлері келесі қалаулар болып табылады:
- өзінің әлеуметтік қоршаған ортасын қадағалап отыру;
- басқа адамдардың мінез-құлқына әсер ету және оған ақыл-кеңес беру, еріксіз қызықтыру, сендіру немесе бұйыру арқылы бағыттап отыру;
- басқаларды өз қалаулары мен сезімдеріне сәйкес жүруге итермелеу;
- олардың қызметтестігіне қол жеткізу;
- өзінің дұрыстығына басқалардың көзін жеткізу.
Н.А. Аминов, сонымен қатар, осы қалауларға белгілі-бір әрекеттердің сәйкестілігін атап көрсетеді, олар Г.А. Мюррей бойынша келесі түрде топтастырылған:
- көндіру, басшылық ету, сендіру, реттеу, ұйымдастыру, басқару, билеу, қадағалау;
- бағындыру, билеу, қожалық ету, құқын шектеу, шарт қою, сөгу, заң орнату, нормаларды енгізу, мінез-құлық ережелерін құру, шешім қабылдау;
- тыйым салу, шек қою, қарсылық көрсету, үгіттеу, жазалау, еркінен айыру;
- сүйсіндіру, табындыру, өзін тыңдауға мәжбүр ету, еліктеушілерді табу, мода қою.
Билік феноменін түсіндіру теориясын талдау материалдары бойынша (А. Адлер, Д. Картрайт, Дж. Френч, В. Равен, Д. Мак-Клелланд және т.б.) Н.А. Аминов А. Адлердің тұлғалық дамудың жетекші түрткілері кешенінде кемеліне жету, артықшылық пен әлеуметтік билікке деген ұмтылудың ерекше рөлі жайлы тезисінің маңыздылығын растайды. Н.А. Аминовтың пікірі бойынша оқу-педагогикалық процестегі билік ресурстарын талдау үшін оның пайда болу көздерінің Дж.Френч пен В. Равен ұсынған жіктелуі аса қызығушылық тудырады. Бұл жерде маңыздысы, билік түрткілерінің кейбір түрлері (сый беру, жазалау), бұрын көрсетілгендей, К. Хекхаузен бойынша жетістік мотивациясының екі жағының көрінуінде. Н.А. Аминов (1990) сүреттеп көрсету үшін мұғалімнің педагогикалық әрекеттерімен байланысты билік түрткілерінің келесі түрлерін келтіреді.
1. Сый беру билігі. Оның күші үмітімен анықталады, яғни А (мұғалім) қаншалықты Б (оқушының) түрткілерінің бірін қанағаттандыра алады және А қаншалықты осы қанағаттануды өзі үшін қалаулы Б мінез-құлқынан тәуелді қыла алады.
2. Жазалау билігі. Оның күші Б (оқушының) үмітімен анықталады, біріншіден, А (мұғалім) қаншалықты мөлшерде оны А үшін жағымсыз қандай да бір түрткінің фрустрация әрекеттерімен жазалауға қабілетті және екіншіден, қаншалықты А түрткінің қанағаттанбауын Б-ның жағымсыз мінез-құлқынан тәуелді қыла алады.
3. Нормативтік билік. Бұл жерде Б (оқушы) интериоризациялаған нормалар туралы сөз болып отыр, оған сәйкес А (мұғалім) мінез-құлықтың ережелерінің орындалуын бақылауға және қажет болған жағдайда олардың орындалуына талап ету құқығы бар.
4. Эталон билігі. Ол Б (оқушының) сәйкестілігі мен Б-ның А-ға ұқсас болу тілегіне негізделген.
5. Білгіш билігі. Оның күші А (мұғалімге) оқытылатын пән бойынша ерекше білімдердің, ішкі түйсіктің немесе сол пән шеңберінде оқу дағдыларын мұғалім меңгерген деген Б (оқушы) тарапынан туындаған ойдың ауқымына байланысты.
6. Ақпараттық билік. Ол А (мұғалім) қолында Б (оқушыны) мінез-құлқының салдарын мектепте немесе үйде жаңаша көруге мәжбүр ете алатын ақпарат болған жағдайларда ғана орынды.
Мак-Клелланд бойынша билікпен мотивтендірілудің жастық сатылылығы да қызықты болып көрінеді. Билікке деген осы көзқарасты талдай отырып, Н.А. Аминов атап көрсетуінше, Мак-Клелланд билікпен мотивтендірілудің дамуының төрт сатысын (ассимиляция, автоном-дылық, өзіндік бектіту және продуктивтілік) бөліп ғана қойған жоқ, сондай-ақ олардың әрқайсысына жастық даму контекстінде түсінік берді. Мысалы, бірінші сатының негізі («Маған бір нәрсе күш береді») ана мен бала қатынасы болып табылады. Билікке бағдарлану тұрғысынан одан кейінгі жылдары ол қолдап, қорғап, дем беріп, жігерлендіре алатын, яғни индивидтің өз күшін түйсінуін ұлғайта алатын адамдармен қатынасты білдіреді. Екінші саты («мен өзіме өзім күш беремін») балалықтың орта кезеңіне жауап береді, ол анадан тәуелсіздік алумен және өз мінез-құлқын қадағалаудың өсуімен байланысты. Үшінші саты («Мен басқаларға әсер етемін») жеткіншекті сипаттайды, ол үшін беделдер өмір сүруден қалған, оның үнемі достары ауысып отырады, оның жарысқа қатысуы басқа адамдардан артық болу мүмкіндігімен анықталады. Төртінші саты («Мен өз парызымды орындағым келеді») ересек қалыпқа, яғни өз өмірін қандай да бір іске немесе белгілі бір әлеуметтік топқа қызмет етуге арнайтын кемелді адамға үйлеседі.
Әрине, педагогикалық іс-әрекет мотивациясын талдау үшін билік түрткісінің дамуының соңғы сатысы неғұрлым қызықты болып келеді. Н.А. Аминов арнайы атап көрсеткендей, педагогикалық іс-әрекетті таңдаудың мотивациялық негізінде билік түрткісі қашанда басқалардың игілігіне бағдарланған (білім арқылы көмек). Бұл педагогикалық іс-әрекеттің табыстылығын болжау үшін де маңызды. Көмек көрсетудің, қамқорлықтық (просоциалды) мінез-құлықтың астарында, Н.А. Аминов бойынша, басқа адамдардың ырыстылығына мақсатты бағытталған кез-келген әрекеттер түсініле алынады. Бұл позиция, басқа негізде тұжырымдалған және басқа терминдермен білдірілсе де, оқыту мотивациясының гуманистік түсініктемесімен үндес.
Тұлғааралық аралық қақтығыс - қарым-қатынас психологиясының негізгі үгымы. Қақтығыссыз жеке адамның тұлғаның қалыптасу үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Ортақтасу, Г. М. Андрееваның пікірі бойынша, адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.
Қақатығыс моделі
Субъект — 1 --►Субъект – 2
Ортақтасу формалары:
Тікелей қақтығыс- табиғи бетпе-бет, сөздік жәие бейсоздік (ым, қйімыл) қүралдар кемегімен жасалынатынтолық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бүл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.
Жанама қақтығыс —қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника қүралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т.с. адами ортақтасуды күрделендіріл жіберді.
Тұлгааралық қақтығыс - екі не қүрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары.Тұлғааралық ортақтасудың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.
Бұқаралық ортақтасу - бейтаныс адамдардың тікелей не жанама (бүқаралық ақпарат қүралдары арқылы болатын) контакттары. Мысалы, стадионда, театрда, шеру - бүқаралық тікелей ортақтәсу, телемарафон, радиохабар - жанама ортақтасу, вагонда — бүқаралық тікелей не жанама болса, купеде - тұлғааралық.
Персонааралық ортақтасу ~ ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін аиіатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттары (чемпиондар, ғарышкерлер, президенттер).
Рөлдік ортақтасу - белгілі әлеумеітік рөлдерді орындаушылардың психологиялық контакттары,мысалы, окушы — оқытушы, әке — бала, сатушы - алушы, көрші - керші, дәрігер ~ ауру, бастық –бағынушы. Әрбір адам ор сотте ортүрлі рөлдерді орыпдайды, сол рөлдерге байланысты қоғамда өз орнын табады. Сол ролдсрді орындаганда адамның өзгешеліктері назарға алынбайды, гек одеуметтік рөлге қажетті іс-орекеттері маңызды болып саналады. Әрине, олеуметтік рөл адамның мінез-құлқыныц егжсй-тсгжсйін анықтамайды. Адам өз рөлін, басқалардың рөлдерін калай түсінсді? Ол рөлдерге қандай қатынаста болады? Адамдар өз ролдерін орындаған соттерінде қайталанбас өзіндік өрнек пен таңба енгізеді.
Ортақтасу барысында адамдар өзі жоне басқалар үіпіп озіндік психологиялық ерекшеліктерді ашады, көрсетеді, түсінсді. Адамның психологиялық қасиеттері ортақтасу нәтижесінде пайда болады, дамиды, өзгереді. Басқалармен арақатынас жасаганда адам қоғамдық ережелерді, нүсқаларды, білім мен іс-әрекет тосілдерін, жалпы әлеуметтік тәжірибені өз бойына сіңірсді. Ортақтасу нәтижесінде адам жеке тұлға болып қалыптасады.
Ортақтасу - адамның психикалық дамуының және мінезінің алғышарты, негізі. Сонымен, ортақтасу — адамның психологиялық дамуының факторы:
- ортақтасу үрдісінде басқалардан өзгешелігі қалыптасады, адам тек қана ортақтасу арқылы адам болады (джунглида осіп адам болған Маугли - қияли оқиға, ертегі);
- ортақтасу үрдісінде өзге үшін, өзі үшін адамның психологиялық қасиеттері ашылады (ғашық болған адам өзін-өзі жаңа қырынан таныіьбіледі);
- ортақтасу үрдісінде жеке адам жалпыадамдық тәжірибені меңгереді (орыс философы Чадаев айтуынша, ортақтасусыз шөпті шайнап жүре беретін едік).
Ортақтасудың қызметтері (функциялары):
1- байланыстыру, прагматикалық қызметі. Ортақтасу бүл жердс кез-келген бірлескен іс-әрекет барысында адамдардың бірігуінің шарты болып табылады. Вавилон мүнарасы туралы аңызда адамдар бірін-бірі түсінбеу салдарынан қүрылысты бітіре алмағандығы жөніндегі оқиға тегін емес.
2- қалыптастыру, дамыту қызметі. Бүл жерде арақатынас адамның психикалық бейнесінің қалыптасуы мен өзгеруінің алғышарты болып танылады. Кішкентай баланың даму барысында оның мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге көзқарастары үлкен адамдармен жасаған арақатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы қарым-қатынас нәтижелері ішкі психикалық құбылыстарға және баланың өзіндік сыртқы қимылдарына айналады. Мысалы, "Зита-Гита" үнді кинофильмінде егіз қыздар ортүрлі ортада өскендіктен мінездері бір-біріне үқсамайды. Сыртқы қарым-қатынассыз балалар ой-өрісі өспейді. Балалар үйінде өскен жасөспірімдердің ой-өрістері өздерінің ата-аналарының бауырында өскен қүрбыларынан едоуір төмен болады. Олардың бүкіл өмірі туған-туысқан-дарымен, жақсы корген адамдарымен ортақтасуда өтсе, психологиялық қасиеттері адами сапаға жақындырақ болары анық. Бірақ осыған байланысты еске алатын бір жайт: бала - үлкендердің барлык насихаттарын, ойларын, көзқарастарын өз бойына тікелей қүйып алатын ыдыс емес! Бала мен ересек адамның арақатынасы тек үлкеннен кішіге өтетін білім, біліктілік, дағдылар емес, бүл - неғұрлым күрделі өзара ықпалдау, өзара өзгеру, бірін-бірі байыту құбылысы. Бала басқаның тәжірибесін өз ішкі дүниесіне белсенді түрде тезден өткізіп қабылдайды.
3- растау қызметі. Басқалармен жасаған ортақтасу барысында адам өзін-озі танып білуге, бекітуге, өзінің бар екендігін дәлелдеуге мүмкіндік алады. Адам өзінің бар екендігін, оз тұлғасының қүндылығын басқа адамдар арқылы быеді. Адам үшін ауыр жазаның бірі - жападан жалғыз қалу, ешкіммен араласпау, басқалардың назарынан тыс қалу. "Сеп жамансың", "Сенікі дұрыс емес" деп адамды жаман бағалаудың озінде оны қабылдап, бар екенін растап түрудьщ белгісі бар. Ал қабылдамаудың, барлығын растамаудың белгілері "Сен бұл жерде жоқсың", "Сен өмір сүрмейсің". Осы әдісті А. Макаренко өз коммунасында жиі қолданатын еді - кінәлі балаға басқалар бойкот жариялайтын. Растамау - көп психикалық аурулардың, мысалы, шизофренияның себепшісі. Нәресте, сәби оке-шешесінен "сен жақсы", "сен біз үшін барсың" деген дәлелдерді естімесе, оның санасында қалған іздер эңдогендік психозға жол ашады. Күнделікті тіршілік адами арақатынасқа, "растау терапиясына" толы: танысу мен сәлемдесу рәсімдері, қүтгықтау мен ізет көрсету, т.б. Осьшың барлығы ор адамның бар екендігін растайтын дөлел екені сөзсіз.
4. тұлғааралық эмоциялық қатынастарды үйымдастыру мен тіректеу қызметі. Басқаларды қабылдау, олармен сан қилы қатынастар (тұлғалықтан іскерліюсе дейін) жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен бірі не жағымды (симпатия, үнату), не жағымсыз (антипатия, үнатпау) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Заманауи адамдардың элеуметтік байланыстары тек эмоциялық қатынастармен шектелмесе де, эмоцкялық қатынастар іскерлік, ұжымдық, релдік қарым-қатынастарға оз әсерін тигізеді.
5. тұлғаішіндік қызмет. Адам өз-өзімен іштей, не дауыстап сөйлесіп диалог арқылы арақатынас жасайды. Тұлғаішіндік ортақтасуды адам ойлауының омбебап тосілі деугс болады. Л. С. Выготский жазғандай, жеке қалғанда да адам ортақгасудың қызметін сақтап қалады.
Сонымен, біз ортақтасудың түрлерін, қызмеггерін қарастырдық. Қарым-қатынас психологиясында көбірек зерттелінген дәстүрлі мәселе - тұлғааралық тікелей ортақтасу.
Ақпарат көздеріне сілтеме. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі арнайы бетте болады.
14-дәріс. Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет
Дәрістің мақсаты:Жоғары мектептегі психологиялық қызметтің басты міндеттері мен бағыттарын талдау.
Дәріс жоспары:
Психологиялық қызмет: Қазақстандағы және шетелдегі жоғары оқу орындарының тәжірибесі
Жоғары мектептегі психологиялық профилактика
Жоғары мектептегі психологиялық диагностика жүргізу мәселесі
Студенттер мен оқытушыларға психологиялық кеңес беру әдіснамасы
Негізгі түсініктер:психологиялық қызмет, психологиялық профилактика, психологиялық диагностика, психологиялық кеңес беру.
АҚШ-та экспериметальді психологтер өзіндік тәрбиелеу мәселесін зерттеген практик психологтердің алғашқылары болды. Көптеген зерттеушілер өздерінің лабораториялық эксперименттерін психологиялық қызметті қамтамасыз етуге енгізді. Көп ұзамай мектеп психологиялық қызметінің негізгі міндеті арнайы бағдарламалар бойынша оқытылатын балаларды таңдауға арналған өлшеулер және тестілеу болды. Америка мектептерінде тестілеудің кең тәжірибесі ең алдымен ақыл – ой дарындылығының каэффицентін (JQ) анықтауға арналған тестер «гайденс» қызметінің пайда болуына және дамуына жәрдемдесті. «Гайденс» қызметінің негізгі іс-әрекеті тестілеу әдістерін қолдану оларды Америка мектептерінің селективті механизміне айналдырды.
Соңғы жылдары мектеп психологиясы теориялық және тәжірибелік салада көптеген табыстарға қол жеткізді. 1960 жылы мектеп психологтерінің кәсіби ұжымы құрылды. Мектеп психологиялық қызметінің дамуына 1973 жылы Уэльсте өткен конференция мәнді үлес қосты. Онда мектеп психологиялық қызметінің міндеті мен ролі этикалық және заңдық негіздері, мектеп психологының кәсіби мәселесі, мектеп психологының оқыту бағдарламасының мазмұны және т.б. сұрақтар қарастырылды. 1980 жылы АҚШ-та мектеп психологтерінің ұлттық ассоциациясы ұйымдастырылды. Көптеген мамандар мектеп психологиялық мәселелерін шешуде өлшеуді жалғыз ғана тәсіл ретінде қарастырды. Психологиялық қызметтің қызмет етуінің бірнеше деңгейлері бөлініп көрсетіледі.
Бірінші деңгейде, арнайы оқытуды талап ететін оқушыларды тестілеу негізінде анықтау.
Екінші деңгейде, арнайы оқытуды қажет ететін айқын оқу және мінез-құлық мәселелері бар оқушыларға бағытталады.
Үшінші деңгейінде, барлық оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне психологиялық даму сұрақтары бойынша психологиялық көмек көрсетеді. Өзіндік психологиялық қызмет психолог оқушыларды психологиялық педагогикалық зерттеу тестерінің ұпайларын санап және интерпретациялағаннан кейін екінші деңгейден басталады.
Көптеген мамандар әлі де психлогиялық қызметтің негізгі іс-әрекеті ретінде өлшеу мен тестілеуді қарастырады.
Франциядағы мектептік психологиялық қызмет тәжірибесі қызықты. Француз мектеп психологиясының әкесі деп Альфред Бинені атайды. Ол осы аймақтағы өз зерттеулерін 1894 жылы бастайды.
1897 жылы оның бастауыш мектеп психологиялық мәселелерге арналған еңбегі жарық көреді.
1905 жылы А.Бине Францияның білім министрлігіне мектепте жалпы бағдарлама бойынша білім ала алмайтын балалардың мәселелерін зерттеу мүмкіндігін алуға рұқсат сұрады. Осы зерттеулердің нәтижесінде атақты Бине-Симон тесті пайда болды. Бұл тест ақыл-ой дамуында тежелуі бар балаларды айқындауға мүмкіндік беретін бірден-бір тест болды. Соның арқасында тежеуі бар балаларға арналған арнайы мектеп сыныптарын ашуға жағдай туғызды.
1909 жылы Францияда алғашқы кәсіби мектептік психологиялық қызметі пайда болды.
1913 жылы Англияда Цирил Бэрт алғаш мектеп психологы жұмысын жасады, ал АҚШ-та 1915 жылы Коннектикут штатында алғашқы мектеп психологі Гассель мектеп психологі қызметін алғашқы бастағандардың бірі болды.
1920 жылы Швейцарияда Бернде педагогикалық және балалар психологиясы бойынша консультациялық пункт ашылды. 10-15 жыл аралығында психологиялық, педагогикалық қызмет көптеген елдерде пайда бола бастады.
1947 жылы Парижде А.Валлон жетекшілігімен мектеп психологтерінің тобы жұмыс жүргізе бастады. А.Бине мектеп психологиялық қызметінің алдына қойған міндеттерінен А.Валлон қойған міндеттерінің айырмашылығы балаларды қандай да бір белгілеріне қарап селекциялау емес барлық балаларға оқу мен тәрбиесіне оптималды жағдай жасауға байланысты психологиялық көмек көрсету.
1951 жылы Францияның білім Министрлігі алғаш рет мектеп психологтерінің міндеттерін көрсетті. Бұл құжат І-ші және ІІ-ші халықаралық мектеп психологиясы бойынша коллоквиумда пікірталас негізі болды. Бірақ білім беру саясатындағы өзгерістер күшіне байланысты қызметтің іс-әрекеті тоқтатылды. Ал мектеп психологтері бастауыш сынып оқушылары мамандығына ауыстырылды.
Мектеп психологтері 1950-60 жылдары мектеп психологтеріне қажеттілік ақыл ой дамуында тежелуі бар және басқа да ақаулары бар балалардың санының өсуіне байланысты ұлғая түсті.
Сол кездегі білім беру Министрлігі психологиялық ғылымға көпшілік мектептерде оқуға қабілетті емес балаларды іріктеуге байланысты психометриялық әдістерді қайта ұйымдастыруды сұрады. Бұдан білім берудегі психологиялық қызметтің бастауыш сыныпқа шоғырланғанын көреміз.
Осы мәселелерге байланысты 1960 жылы төрт психологиялық орталық ашылды – Парижде, Бордода, Греноблде және Безонсонда.
1970 жылдан бастап Францияда мектеп психологиялық қызметінің іс-әрекетін ұйымдастыру формасы ретінде топтық психологиялық – педагогикалық көмек болды. Бұл топтардың әрқайсысында мектеп психологының маманы, психологияны оқыту бойынша маман, психомоторлық даму бойынша маманнан құрады. Бұндай топ 800-ден – 1000 -ға дейінгі оқушыларға қызмет көрсету қамтылды.
Көбінде мектеп психологтері жұмыс істейтін психология педагогтерінің көмек топтары әкімшілік жағынан арнайы білім беру Департаментіне бағынды. Бұл топтардың іс-әрекетінің объектісі ең бірінші кезекте 2-12 жас аралығындағы мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалар, әсіресе негізгі көңіл 3-7 жас аралығындағы балаларға бөлінді. Әртүрлі мамандар айналысатын оқыту және мінез-құлық мәселелерін қарастырды. Олардың негізгі міндеті оқытудың ерекше формалары мен әдістерін талап ететін балаларды анықтау. Сонымен қатар берілген мәселелер бойынша ата-аналар мен педагогтерге консультация жасау. [23, б.106]
1980 жылдардың ортасынан бастап Франциядағы тәжірибелік мектеп психологиясының дамуында жаңа кезең басталды.
1985 жылы әртүрлі бес ұйым өкілінен тұратын жұмысшылар тобы ұйымдастырылды – Ұлттық психологтар ассиоциация мүшелері. Бұл топ Францияда педагогикалық психологтың қызметін анықтауға байланысты арнайы жұмыстар жүргізді. Педагог-психолог функциясы кез келген басқа практик психологтың қызметі сияқты клиенттердің қажеттіліктеріне қызмет көрсету екендігі көрсетілді. Бірақ педагогикалық психолог қызметі өзіндік спецификаға ие.
Педагогикалық психолог баланың психологиялық шындығымен жұмыс істейді, өйткені оның тұлға ретінде дамуына жан-жақты жағдай жасайды; педагогикалық психолог бұл процеске ата-ана және мұғалімдерді де қосады. Педагогикалық психолог баланың тұлғалық дамуына кедергі келтіретін мектеп және отбасы тәрбиесі жүйесіне қарсы келуге, тәрбие стандартын өзгертуге мүмкіндігі бар екені көрсетілген. Содан кейінгі жылдары Францияда мектеп психологтерінің жұмысын қайта ұйымдастыру жобасы ұсынылып жекелеген индивидтерге, топтарға және ұжымдарға бағытталған мектеп психологиялық қызметінің бірыңғай жүйесін құру ұсынылды. Бұл жүйе мақсаты – мектептік табыссыздықты тоқтату балалардың әлеуметтік оқуына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау оқыл ойы артта қалған балаларға көмектесу. Оқушылардың жалпы білімдік және кәсіби дамуына әрекеттестік жасау мұғалімдердің, әлеуметтік қызметкерлердің, әкімшіліктің, халық ағарту аймағындағы басқа мамандардың біліктілігін арттыру (G.E.Cullernard, 1989).
Балалармен психодиагностикалық, коррекциялық, консультациялық, дамытушы жұмыстар жүргізу мектеп психологының басты міндеті (М.Р. Битянова, И.В. Дубровина, Е.И. Рогов және т.б.). Ал балаларға психологиялық қызмет көрсетуден алынған нәтиже, олардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері педагогтердің кейбір ниетімен (Е.А. Козырева), кәсіби өзіндік санамен (М.И. Кряхтунов), кәсіби даярлығымен (Л.М. Фридман), қарым-қатынас стилімен (А.А. Бодалев) жеке басының тұлғалық сапа сипаттарымен, қабілетімен (Н.А. Аминов, Л.М. Митина), эмоциалық күймен (Г.Б. Заремба) қайшылықтарға келіп қалады.
Психологиялық диагноз - бұл психологиялық жұмыстың бастапқы кезеңі. Мінез - құлықтың басты қортындысының қалыптасу компоненті. Диагноз психологиялық тексеру нәтижелерімен қойыла салмайды, міндетті түрде алынған тексерулермен белгілерінің ара қатынасын болжайды. Анықталған ерекшеліктер өмірлік жағдайларда көрінеді. Балаға диагноз қою алдында жақын арадағы аймақтардан ақпараттар алынады..
Психологиялық алдын алу – бұл психикалық аурулардың және олардың созылмалы болуының алдын алуда қолданылатын шараларды жасау және практикаға енгізу. Психологиялық алдын алу – психикалық аурулардың пайда болуының алдын алу, жүйке-психикалық ауруларды төмендетуге бағытталған шаралар жүйесі. Психологиялық алдын алу – дезадаптацияның алдын алу мақсатында, мекемеде жағымды психикалық климат құруға, психологиялық құлдырау, зорығудың алдын алуға және болдырмауға бағытталған жұмыс. Психологиялық алдын алу – адамның психикалық денсаулығын сақтауға, шынықтыруға және дамытуға бағытталған практикалық психологтің арнайы іс-әрекет түрі. Психологиялық алдын алу – жекелеген адамдарда немесе топтарда қандай да бір психологиялық қиындықтардың алдын алуға арналған психолог жұмысы.
Сонымен, психологиялық ағарту дегеніміз халықты психологиялық білімге жұмылдыру, психологиялық біліммен қамтамасыз ету.
Психологиялық ағартудың мақсаты: өмірлік іс-әрекет барысында адамның әлеуметтік-психологиялық білімді меңгеріп, қолдануына жағдай жасау.
Психологиялық ағартудың міндеті: өзін-өзі тануға, өзіне көмек көрсете алуға, психологиялық өзіндік білімін артыруға, психологиялық мәдениетті игеруге, психологиялық көмекке сұранысын қалыптастыра алуға баулу шарт, яғни психологиялық білім, дағды, біліктілікі арттыра отырып, адамның психологиялық мәдениетін көтеру.
Психологиялық ағартудың функциясы: психология негіздерімен таныстыру; зерттеу нәтижелерін түсіндіру; тұлғалық дамуы үшін психологиялық білімге қажеттілігін ояту және оны күнделікті өмірде, іс-әрекеттерде қолдану; өзіндік реттеу, өзіндік тану дағдыларының маңыздылығын көрсету; практикалық психологияның мәнділігін түсіндіру.
Психологиялық ағартудың бағыттары: қоғам ережелері мен талаптарымен таныстыру; өмірдің түрлі жағдайларында (қарым-қатынаста, қақтығыстарда, дағдарыс кездерінде) адам іс-әрекеті жайлы ақпарат беруші ретінде психологиялық біліммен таныстыру.
Психологиялық ағартудың талаптары: берілетін ақпарат анық және түсінікті болуы шарт; оның практикалық мәнділігі болуы керек; арнайы күрделі терминдерді қолданбау не оларды жеке талқылап барып, қолданған абзал.
Психологиялық ағартудың формалары: дәрістер, әңгімелесу, семинарлар, әдебиеттер көрмесі, ақпараттық стендтер, фильм көрсетіп, талдау, образдары психологиялық талдау, сабақты психологиялық талдау.
Психологиялық ағартудың әдістері: М.В. Попова бойынша сөздік оқыту, проблемалық оқыту, семантикалық үңілу, проект әдісі, бақылау, экспериметтік, диферренциалдық психология әдістері, дискуссиялар, ойын, сензитивті тренинг, шығармашылық жағынан өзін көрсету, экспрессия, интроспекциялық талдау, М.В. Буланова-Топоркова және т.б. пікірлеріне сәйкес нақты жағдайды талдау; имитациялық жаттығулар; рөлдерге бөлініп, ойнау; семинар-пікірталас; іскерлік ойыны; дискуссия; миға шабуыл; әлеуметтік психологиялық тренинг.
Психологиялық ағартудың нәтижелері: психологиялық білім мен дағдылар адамның өмір жолында кездесетін қиындықтарды шеше алуына, жеңуіне, әлеуметтік-психологиялық дамуына ықпалын тигізері анық.
Психологиялық коррекция – арнайы психологиялық әсер ету тәсілдері көмегімен адам тәртібіндегі не психологиясындағы кемшіліктерді түзетуге бағытталған шаралар жүйесі.
Психологиялық коррекция – белгілі бір ауытқуды жеңу үшін тұлғаның нақты психикалық функцияларына, сапаларына не тәртіп формаларына психологтің әсер етуі.
А.А. Осипованың еңбектерінде психологиялық коррекция – педагогикалық, психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы адамның мінез-құлық, жүріс-тұрысына, психикалық функцияларына, қасиеттеріне түзету және өзгерту мақсатында әсер ету. Психологиялық коррекция психологиялық әсер немесе психологиялық ықпал арқылы жүзеге асады.
А.С. Спиваковская көзқарасы бойынша психологиялық коррекция салыстырмалы түрде дені сау адамға жасалады. Психологиялық терапия мен психологиялық коррекция бір нәрсе емес. Бірақ психологиялық коррекция психологиялық терапияның бір жағы (клиникалық жағдайда ғана). Психологиялық коррекцияны емдеу мекемелері емес, психологиялық қызмет көрсету мекемелері атқарады. Психологиялық коррекция жасайтын психиатр емес, психолог (психиатр да жүргізе алады, тек ауру адамға ғана). Идеалды модельге сәйкестендіру психологиялық коррекция арқылы жүзеге асады. Ол келесі талаптарды орындауды қажет етеді:
а) Психологиялық коррекция жасау жас ерекшелікті ескеруді қажет етеді;
ә) Психологиялық коррекция адамның даралығын (мінезін, темпераментін, мотивін (себебін), т.б.) ескеруді қажет етеді;
б) Психологиялық коррекция гуманистік қатынас, гуманистік негіз арқылы жүзеге асады;
в) Психологиялық коррекция қалыпты және қалыпты емес мінез-құлық, жүріс-тұрысты анықтауды қажет етеді.
Психологиялық коррекция мақсаты: адамның жас ерекшелік және мәдени ерекшеліктеріне сәйкес, сондай-ақ, оның субъективті шындығына сәйкес нормаларына тұлғалық жағдайынды сай келтіру және ресурстарын белсендендіру.
В.Д. Менделевич бойынша психологиялық коррекцияның міндеттері: тұлғалық дамуға және адамның қоғамда бейімделуіне септігін тигізетін, оның психикалық іс-әрекетінің саулығын сақтауға көмектесетін индивид үшін оптималды дағдыларды қалыптастыру және меңгеру.
Психологиялық коррекцияның үш негізгі бағыты бар: дамудың әлеуметтік жағдайын оптимизациялау; баланың іс-әрекет түрлерін дамыту; жас ерекшелік-психологиялық жаңа қасиеттерді, білімдерді қалыптастыру, дамыту.
Психологиялық коррекцияның негізі адамның даралығын одан сайын дамыту болып табылады. Коррекция адамның өз еркімен жүргізілу тиіс, оның көзқарастары ескерлуі керек. Психологиялық коррекцияның стилі гуманистік болуы шарт. Гуманистік қатынас, яғни, өзіндік білім, өзіндік тәрбие, өзіндік белсенділік т.б. баланың ойлануына жағдай жасау ретінде танылады. Авторитарлық стиль, адамның еңсесін түсіріп, коррекцияның нәтижесіз өтуіне себепкер болады.
Психологиялық кеңес беру – клиенттің жеке өмірінде, кәсіби іс-әрекетінде, оқуында және басқа да жағдайларда кездескен психологиялық проблемаларын шеше алуы үшін мінез-құлықтың бейімсіз тәсілдерін, психологиялық қиыншылықтарды түсіндіретін психологиялық көмектің түрі. Кеңес беру бұл – адамның проблемаларын зерттеуге, кикілжіңдерін түсінуг, жағдайды меңгерудің жаңа тәсілдерін іздестіруге көмектеседі. Психолог жағдайды өзгерту процесінтікелей басқара алмайтын, бірақ өзгертуге әрекеттенгенде кеңес беріледі. Кеңес беру психологиясы психологиялық кеңес берудің теориялық негізін құрайды. Кеңес беру психологиясы – практикалық психологияның психометрикаға мұқтаж емес клиентке психологиялық көмек көрсетудіңтәсілдерін құрайтын саласы. Ол психолог-кеңесші мен клиенттің арасындағы арнайы құрылған қарым-қатынастың барысында психологиялық проблемаларды тудыратын себептер түсініктемесінің, сондай-ақ клиенттің ішкі және тұғааралық проблемаларды неғұрлым епті шешуіне мүмкіндік беретін әдістердің табылуынан бастау алады.
Психологиялық кеңес берудің: клиникалық, басқарушы, ұйымдастырушы, педагогикалық сынды адамдардың тәжірибенің қандай саласында психологтың кеңесіне мұқтаж болуларына байланысты т.с.с. көптеген түрлері бар. Ағылшын психологы М..Херберт «сіз кеңесшілерді мектептерде, өндірістік кәсіпорындарда, ауруханаларда, әлеуметтік қызметтердекездестіре аламыз; неке, ажырасу мәселелері жөнінен кеңесшілер болады; ата-аналарға, студенттерге, зейнеткерлерге кеңес беріледі».
Ақпарат көздеріне сілтеме. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі арнайы бетте болады.
15-дәріс. Жоғары мектепте психологиялық тренингті ұйымдастырудың