Валидтықтың түрлері мен критерийлері

Зерттеу кезінде психологтық-педагогтық эксперимент сенімді болу үшін нəтижелер дұрыс, психодиагностикалық əдістер ғылыми негізделген болуы керек. «Валидтілік» деген термин европа тілінен аударғанда толық, жарамды деген мағынаны білдіреді. Валидтілік мінездемесі ол əдістемені қолдану сферасы, жағдайы туралы да түсінік береді. Валидтіліктің бірнеше түрлері бар. Олар теориялық жəне практикалық, ішкі жəне сыртқы болып бөлінеді. Теориялық валидтілік – зерттеудің сапасы мен көрсеткіштері91 басқа əдістемелердің сапасы мен көрсеткіштеріне сəйкес келуімен анықталады. Теориялық валидтілік теорияға сүйеніп, бірнеше əдістемелер арқылы анықтайды жəне психодиагностикалық құралдар арқылы зерттеудің өлшемін анықтайды. Эмпирикалық валидтілік – зерттелінушінің шынайы мінез- құлқына алынған нəтижелердің сəйкес болуы. Ішкі валидтілік – əдістемелердің тапсырмалары, тесттері əдістеменің мақсатына сəйкес келуін жəне тестің бағалануы даму көрсеткіштерінен көрсетеміз. Олар 5 элемент арқылы көрінеді. Сыртқы валидтілік – бұл жерде көрсеткіштер мен əдістеме арасындағыбайланыстар маңызды, зерттелінушінің мінез-құлқының сыртқы белгілеріне сəйкес келеді. Тұрақты валидтілік-психикалық белгілерді репрезентативтік тап- сырмалар мен тесттер арқылы бағалау. Əдістемені құрған кезде оның валидтілігін анықтау өте қиын. Ол бірнеше рет қолданғаннан кейін тексеріледі жəне анықталады. Валидтілік критерийлері – берілген əдістеме валидті ме, жоқ па деп анықтаудағы негізгі белгілер. 1. Мінез-құлық көрсеткіштері - əртүрлі өмір жағдайындағы зерттелінушінің реакциялары жəне əрекеттері. 2. Зерттелінушінің əртүрлі əрекеттегі, оқудағы, еңбектегі, шығармашылықтағы жетістіктері. 3. Əртүрлі бақылау тапсырмаларын орындаудағы мəліметтер. 4. Басқа əдістемелер арқылы алынған мəліметтер, тексерілген əдістемелердің валидтілігі мен байланысының нақтылығы.

2.А.Бодолев,В.В.Столин бойынша психодиагностикалық әдістер топтамасы:

А. А. Бодалев, В. В. Столин бойынша психодиагностика- лық əдістер топтамасы: 1. Əдістемелік сипаты бойынша: - Объективті тесттер (дұрыс жауаптың болуы мүмкін, яғни тап- сырма дұрыс орындалуы тиіс) - Стандартты тестер. - Сұрақнамалық ашық тесттер. - Шкалалық-техникалық тесттер (Ч. Осгудтың семантикалық дифференциалдық тесті). Субъективті тестер: жеке-бағдарлық техникалық, сюжетті – рөлдік ойындар. - Проективті əдістемелер; - Диалогтық техникалар (сұқбаттар, диалогты ойындар) 2. Психодиагностика процедурасының жүзеге асуы жəне оның нəтижеге тигізетін əсері: объективті жəне диалогтық болып бөлінеді. Ал енді əдістер топтамасына тоқталайық: 1) Əдістердің нəтижелерін өңдеу – суреттер мен бейнелер негізінде зерттеу. Бұған ТАТ, САТ, Розенцвейгтің фрустрациялық тесті, Жиля тесті, Сонди тесті жатады. 2) Г. Роршах тесті . 3) Конструктивтік əдіс. 4) Шығармашылық əдіс. Психологияда психиканы зерттеу объективті қағида болып табы- лады. Бұл қағида кез келген психикалық құбылыстысол күйінде зерт- теу қажеттілігін білдіреді. Объективті қағида адамның психикалық ерекшеліктері жайлы, оның нақты істері мен қылықтарына қарай, дұрыс пікірге келуге болатын адамды қызмет процесі барысын- да зерттеуді талап етеді. Бұл принципті басшылыққа ала отырып, психикалық құбылыстарды белгілі бір адамға неғұрлым тəн, сондай- ақ тəн емес жағдайларда зерттеу қажет. Объективті принцип жиналған материалдарды өңдеуде де көрініс табуы мүмкін. Алынған фактілердің барлығы, оның ішінде бір-біріне қарама-қайшылық жан-жақты талдауға түсуі керек. Қарама-қайшы фактілерге ерекше назар аударған жөн. Психологиялық зерттеулерді құрудың тағы бір маңыздылығы, психикалық құбылыстарды даму барысында зерттеу принципі болып табылады. Егер объективті дүние ұдайы қозғалыста жəне өзгерісте болса, онда осыған орай, оны бейнелендірудің қозғалыссыз, өзгеріссіз болуы мүмкін емес. Психикалық құбылыстарды олардың даму барысында зерттеу адам бойында қалыптасқан психикалық қасиеттерді ғана емес, сонымен қатар жаңа пайда болып келе жатқан психикалық ерекшеліктерді зерттеудің, əсіресе, оқушы психикасын бақылаудың маңызы зор.

3.Психодиагностиканың даму тарихына сипаттама:

Психодиагностиканың ғылым ретінде қалыптасуын көрнекті ғалым С. М. Жақыповтың зерттеулерінде қарастырылған əлемдік психологияның даму тарихының екі кезеңімен бөліп талдауға бо- лады. Бірінші кезең, басқа ғылымдар аясында психология ілімінің біздің дəуірімізге дейінгі IV-V ғ.ғ. - XIX ғ-дың 60-шыжылдарықалыптасуы. Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылды. Философиялық ілім тарихындағы Аристотель зерттеулері психология бағытын да (348- 322) кеңінен қамтыды.

Аристотель өзінің «Жан туралы трактатында» жан тəннің өмір сүруінің формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция, секілді процестерге бөлінетіндігінін айтса, келесі грек ғұламасы Де- мокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыра- тын үлкен қозғалыста болатын қасиет деп түсіндіреді.

ежелгі Грек философтары психиканы түсіндіру амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді. Мысалы, Гераклиттің түсіндіруі бойынша барлық əлем оттан пайда болады, «жан» ылғалдан буланып шығады, мұнда жанның құрғақ буы оның даналылығын қамтамасыз етеді. Ал ылғалдылық жанды ауырлатып, оның мерт болуы сұйыққа айналдырады деп есептеді. Ал француз ғалымы Рене Декарт, (1596-1650) жануар сыртқы ортаның əсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі) арқылы енеді десе, ал Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы 12 (аффект, құмарлық жəне т.б.) дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан.

Шығыс əлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Əбу Нəсір əл-Фараби (870-950) мен Əбу Əли ибн Сина (980-1037). Ж. Баласағұн, əл-Ғазали, Ибн Рашид, Ита Баджа, т.б. қостаған.

Екінші кезең, психология өз алдына дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың 60-шы жылдарынан қазіргі кезеңге дейін қалыптасады. 1870 жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейп- циг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-жабдықтар мен аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дəлелдеп, мұның дербес эксперименттік (тəжірибелік) ғылым болуына жол ашты.

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында атақты пси- холог Г. Эббингауз психология тарихына қысқаша жəне нақты анықтама берген: Бірінші кезеңде – психология жан туралы ғылым, екінші кезеңде сана туралы ғылым, үшінші кезеңде – мінез- құлық туралы ғылым, төртінші кезеңде – психика туралы ғылым болып қалыптасады.

Осы заманғы психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың I ширегінен басталады, яғни алғашқы кезеңде психологиялық білімдер клиникалық негізде қалыптасты. Бұл кезең дəрігерлердің адамдар туралы эмпирикалық психологияның білім негізінде ай- нала бастауына негізделеді. Дəрігер психиаторлар Европа клини- каларында жеке адамға жүйелі бақылау жүргізе бастады жəне өз бақылауларын қорытындылап, оның жан-жақты талдауларын жа- сады. Психодиагностиканың бақылау жүргізу құжаттары туралы əдісі осы кезеңдерде пайда болды. Психодиагностиканың сандық əдісінің құрылу бастамасын XIX ғасырдың II ширегінен санауға болады. Сол кезде көрнекті неміс психологы Вильгельм Вундтың басшылығымен əлемде бірінші эксперименталдық лаборато- рия құрылды. Онда психологиялық зерттеуді нақты ұйымдастыру мақсатында техникалық жабдықтар мен құралдар қолданыла ба- стады. Бұл кезеңде физикалық жəне психикалық құбылыстар арасындағы сандық байланыс көрсетіліп, амалдарды құруды көздеген психофизиологиялық заңның ашылуына негізделді.

Негізгі психологиялық процестерге, қасиеттерге жəне адамның күйіне жа- насатын психодиагностиканың қазіргі əдістерінің қалыптаса бастау кезеңін XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы деп қарастырамыз.

Осы кезеңде психологиялық құбылыстардың сандық психодиаг- ностикасы үшін арнайы амалдар құрыла бастады. Мысалы, талдау факторы – алғаш ретжеке тұлғаның кескін психодиагностикасы үшін жəне интеллектуалды даму деңгейі үшін қолданылады. Алғаш рет арнайы психометриялық мекеме Англияда Гальтонның көмегімен құрылды. Осы психометриялық эксперимент он мыңға жуық адамға жасалды. Психология тарихында Гальтон жүргізген психологиялық əдістемелердің өңделуінде статистикалық əдісті қолдану ұсынылса, Пирсонның дисперсиялық талдауы, Спирменнің интеллектіні шынайы түрде өлшеуге бағытталған əдістемелері өміршеңдігін дəлелдей бастады. Ал Айзенк жəне Кэттел жеке тұлға интеллектісін зерттеу тестерін өңдеуде факторлы талдауды қолдана бастады. Француз ғалымы 1905-1907 жылдары Альфред Бине кейінірек фран- цуз ғалымы Симон бұл тесттерді жетілдіріп, психология тарихына Бине-Симон тесті атауымен енгізді. XX ғасырдың 20 жылдарында жаңа бағыт интеллектілік жəне жеке тұлғаны тестілеу пайда болды.

Психдиагностика тарихындағы тесттің дамуына ерекше үлес қосқан американ психологы Джеймс Маккин Кэттелдің «ақыл-ой тесті» атты еңбегі болды. «Ақыл-ой тесті» термині 1890 ж. Дж. Кэт- тел мақаласында алғаш рет қолданысқа ие болды. Онда жыл сай- ын колледж студенттерінің интеллектуалды деңгейін анықтауға арналған тест түрлері берілді.

Психодиагностика тарихында Торндайктың ассоциация ұғымына жан-жақты сипаттама беруде жануарларға жүргізген тəжірибесі ерекше орын алды. Көру, қате жəне кездейсоқ жетістік формула- сын зерттеп, ол жануарлар мен адамдар мінезінің бітістері үшін ерекшеліктері бірдей болады деген тұжырым жасады.

Билет

Наши рекомендации