Жануарлар психикасының түрлері
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
А) Жануарлар интеллекті
Ә) Жануарлар психикасының түрлері
ІІІ.Қорытынды
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жүйке жүйесінің эволюциясының келесі кезеңі жоғары омыртқасыздарда, әсіресе, жәндіктерде неғұрлым күрделі болатын ганглиозды жүйке жүйесінің (алғаш рет құрттарда) пайда болуына әкеледі. Ганглиозды жүйке жүйесінің пайда болуы сияқты, соның көмегімен мінез-құлықты қалыптастыру да тіршілік эволюциясындағы маңызды көтерілісті білдіреді. Неғұрлым қарапайым омыртқасыздардан (құрттардан), өткен кезеңдегімен салыстырғанда, жүйке жүйесінің мүлдем жана принцип бойынша ұйымдасқанын байқауға болады. Бастың алдыңғы шетінде химиялық және тактильді рецепторлар мен барлық талшыктар жинақталған жүйке орталығы болады. Бұл аппараттар химиялық, термикалық, жарық өзгерістерін, сондай-ақ сыртқы ортадағы ылғалдылық өзгерістерін қабылдайды. Бұл сигналдар бас ганглиесында өңделеді және қозғаушы серпілістер түрінде пайда болатын мінез-құлық «бағдарламалары», әрбіреуі дененің жеке бір сегментіне сай келетін, жүйке ганглиеларының тізбегі бойымен таралады. Диффузиялы жүйке жүйесінің құрылысының принципінен өзгеше, жаңа принцип — жүйке жүйесінің орталықтануы пайда болады. Құрттың бас жағы жетекші рөлге ие болады, ал сегментарлық ганглиелар автономдығын сақтайды. Құртты екіге бөлген кезде мұны оңай байқауға болады: алдыңғы жартысы қалыптасқан қозғалысын сақтай отырып, топыраққа көміле бастайды, ал артқы жағы кескінсіз ирелендей бастайды.
Құрттардың жағдайындағы жүйке жүйесінің күрделенуі олардағы неғұрлым жетілген қалыптасудың түрлерін, жаңа өздері игерген мінез-құлық түрлерін байқауға мүмкіндік береді. Мұны белгілі американдык психолог Иеркс көрсетті. Ол құрттарды сол жақ ұшына электр тоғы берілген Тәріздес түтікшеге (қарапайым лабиринт) салады. Экспериментті бірнеше рет қайталаған соң жауын құрты электр соққысынан қашуға және оңға қозғалуға «бейім» болады. Егер осы төжірибені ұзақ үзілістен кейін қайталаса, «үйрену» екі есе жылдам болады . Осыдан ганглиозды жүйке жүйесіндегі мінез-құлықтың жаңа түрлерінің қалыптасуына мүмкіндік беріп қана қоймай, қалыптасқан бейімділіктерді сақтайды, басқаша айтқанда, жауын құртында естің белгілі бір түрі болады.
Негізгі бөлім
Жануарлар интеллекті
Жоғары сатыдағы жануарлардан (маймыл, дельфиндер) "ақылды" деп айтуға түрарлықтай мінез-қүлық көріністерін байқауға болады. Мінез-қүлықтың осындай түрі маймылдарға жасалған эксперименттен сан рет байқалған. Мәселен, маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса, маймыл жемісті алғысы келіп секіреді, бірақ оған қолы жетпейді. Бір кезде оның көзі қасында жатқан жәшіктерге түседі. Енді ол жәшіктің біреуін өкеліп, үстіне шығып кореді де, әлде де қолы жетпейтіндігін байқайды. Сонан соң бірнеше жәшікті әкеліп, бірінің үстіне бірін қойып биіктеткеннен кейін "қара тер" болып бананды алуға шамасы келеді. Маймылдың осы қылығында қандай да болмасын бір мәселені шешуге үқсас көрініс бар. Жануарлардың интеллектік амалы алда түрған богетті жеңе білуге байланысты туып отырады. Интеллект айуанның жеке озіне тән қылық, оның тапқан әдісі. Мұндай "әдіспен" басқа жануарлар пайдаланбайды, бүған басқа жолмен жетеді. Бұл айуанның кез-келген уақытта ("көңілі" қалағанда) айналысатын әрекеті емес. Олардың ортаға бейімделуінде инстинкт пен дағды көбірек көрінеді де, интеллект онша жетекшілік роль атқармайды. Мінез-қүлықтың (интеллект)осы түрі айуанға түрлі сатылы, басын "қатыратын" күрделі әрекет жасауға мәжбүр етеді. Сондықтан да олар интеллектік амалға бара бермейді. Интеллект — жануарлар психикасының ең икемді түрі. И.П.Павлов маймылдардың интеллектісі де ассоциациялардан (күрделі жүйке байланыстарынан) түратындығын, бірақ мұның бірінші сигнал жүйесінің жұмысына тәуелді екендігін атап көрсетті.
Маймыл интеллектісінің өрісі тар, олардың интеллекті, көбінесе, көзге көрінетін нәрселерге байланысты туып отырады. Мәселен, қасында жатқан таяқты "құрал" есебінде кездейсок пайдаланады, оны кейіннен керек болып қалар деген "мақсатпен" сақтап қоюды да білмейді. Маймылдарда кездесетін осындай интеллект оның миының маңдай бөлігінің жақсы дамуына байланысты. Егер маймыл миының осы бөлігін алып тастаса, бүрын білгенінен асып, ештеңе істей алмайды. Эволюциялық басқыштың түрлі сатыларында түрған айуанда психиканың бір формасы (инстинкт, дағды, интеллект) үстем болғанмен, оның басқа түрлері де кездесе береді. Мәселен, буын аяқтыларда (өрмекші, құрт-құмырсқа) инстинкт үстем болғанмен, оларда дағды да өсіп жетіле алады. Интеллектің өзі де инстинктер мен дағдылардың негізінде қүралады. Жануарлар психикасының қандай түрі болмасын сыртқы ортаның жағдайына икемделуді, қамтамасыз етеді. Бұлардың бәріне ортақ ерекшелік олардың биологиялық сипатта болатындығында.
Жануарлар психикасының түрлері
Мінез-құлықтың кейінгі эволюциясы сыртқы ортадан арнайы ақпаратты қабылдауға мүмкіндік беретін күрделі рецепция аппараттарының пайда болуымен және ортаның тұрақты күрделі жағдайларына жануарлардың бейімделуіне көмектесетін күрделі бағдарламалардың дамуымен байланысты болады. Бұл әсіресе, жәндіктерден көрінеді. Яғни, жәндіктердің күрделі фоторецепторы, кейде мыңдаған жеке ұяшықтардан тұратын, фасетті көз сипатында болады. Ал омыртқалылардың фоторецепторы заттың бейнесін қабылдауға және бейнелегіш аппараттың — хрусталиктің көмегімен бейненің тұнықтығын өзгертуге мүмкіндік беретін, бізге белгілі, біртұтас көз пішінінде болады.
Жәндіктерде күрделі фоторецептормен қатар, арнайы тактильді химиялық рецепторлар, дәм сезгіш рецепторлар, вибравдялық рецепторлар болады. Бұл рецепторлық аппараттардың қозулары жйке талшықтарының бойымен таралады және осы серпілістерді туа біткен мінез-құлық бағдарламаларының күрделі жүйесіне аударатын алдыңғы ганглиега келеді. Жәндіктердің мінез-құлық бағдарламаларының қызықтылығы соншалықты, тіпті арнайы қарастыруды талап етеді.
Күрделі бағдарламалардың туа бітуі мен тұқым қуалауы және инстинктивтік мінез-құлық түрінде таралуы, олардын ерекшелігі болып саналады. Бұл бағдарламаларды миллиондаған ұрпақтар қалыптастырады және дене құрылысының ерекшеліктері сияқты олар да тұқым қуалайды. Жәндіктердің туа біткен бағдарламаларының мысалдары өте көп. Олардың кейде күрделі болуы соншалықты, тіпті кейбір зерттеушілер оларды саналы мінез-құлық мысалы ретінде қарастырады. Мәселен, маса жұмыртқаларын су бетіне салады және де оларды тез кеуіп кететін кұрғақ жерге ешқашан салмайды. Офекс арасы личинкалары қорексіз қалмас үшін жұмыртқаларын жұлдыз құрт денесіне салады. Сондай-ақ тор тоқушы өрмекші жайлы, араның ұяшық жасап, оларды балмен толтырып, бетін торлап тастауы жайлы айтуға болады. Мұның бәрі көптеген авторларға инстинктерді саналы мінез-құлыққа жақындатып айтуға негіз берді.
Бұл мінез-құлықтың жұмбақ түрін этологтардың кейінгі зерттеулері ғана ашты. Олар күрделі іс-әрекеттің артында қарапайым механизмдер тұрғанын, ал инстинктивтік мінез-құлықтың бағдарламалары — бейімделгіш актілердің туа біткен циклдерін іске қосатын қарапайым талаптанулар арқылы пайда болатынын көрсетті. Осылайша, масаның жұмыртқаларын су бетіне салуы судың жылтырауына байланысты, сондықтан суды жылтыраган айнамен алмастырсақ, маса жұмыртқаларын айнаның бетіне сала бастайды. Ал өрмекшінің торға түскен шыбынға ұмтылуы шыбынның қозғалуына байланысты, егер торға камертонды тастасақ, өрмекші оған да ұмтылады.
Сипатталған механизмдер туа біткен мінез-құлық үрдістерін түсінуде айтарлықтай қадам жасауға және мінез-құлықты карапайым сипаттаудан, оныц инстинктивтік түрінің саналы түрінен қаншалықты айырмашылықта болатынын көрсетуге мүмкіндік береді. Барлық айтылған бақылаулар омыртқасыздарда болатын, туа біткен мінез-құлықтың күрделі бағдарламалары, жануардың тіршілік жағдайын білдіретін қарапайым сигналдар арқылы жүзеге асатынын анық көрсетеді. Мәселен, бал арасының балы бар гүлдерді талғауы кезінде гүлдің түсі сияқты сипат түрлеріне жауап қайтарады. Ара әр түрлі геометриялық пішіндегі суретгері бар қант ерітіндісі құйылған ыдысқа түскенде, үшбұрыш, төртбұрыш сияқты қарапайым пішіндерді әрең ажыратады, ал бес, алтыбұрышты жұлдызша тәріздес пішіндерді тез тауып алады. Бұл зерттеулер араның қажетті пішінді таңдап алуына себепші факторы болып — пішіндердің геометриялық қарапайымдылығы емес, олардың табиғи тітіркендіргіштерге — гүл пішіндеріне ұқсауы болатынын көрсетті. Осы сияқты нәтижелерді араның түсті ажыратуына жасалған эксперименттер де көрсетті. Олар таза түстерден гөрі, гүл түсіне жақын аралас түстерді тез ажырататыны көрінді. Мұның бәрі мінез-құлықтың туа біткен бағдарламаларын іске қосатын сипаттарды бөліп алудың шешуші факторы болып тіршілік етудің табиги шарттары саналатынын білдірді.
Зоологтар мен психологтар жасаған зерттеулер туа біткен инстинктивтік мінез-кұлықтын тағы бір маңызды ерекшелігі болатынын көруге мүмкіндік берді. Инстинктивтік мінез-құлықтың туа біткен бағдарламасы тек белгілі бір, тұрақты жағдайларда ғана мақсатты болады. Бұл жағдайларды шамалы «зерттсек, туа біткен бағдарламалар «саналы» мінезі мен мақсаттылығын жоғалтады. Мұны төмендегі мысалдардан көруге болады. Араның бір тұқымында мақсатты мінез-құлықтың қалыптасқаны байқалды. Ол өз олжасын салатын інге кірмес бұрын оны сыртқа қоя тұрып, ін ішінің бос екеніне көз жеткізген соң ғана олжасын енгізіп, ұшып кетеді.
Ара інге кіріп кеткен кезде сырттағы олжаны бірнеше сантиметрге жылжытьш қойса, іс айтарлықтай өзгереді. Бұл жағдайда ара олжаның орнында емес екенің көріп, оны қайта орнына әкеледі де, өзі жаңа ғана қарап шыққан інге кайта кіріп кетеді. Араның бұл мінез-құлқы бірнеше рет қайталана беруі мүмкін. Мұндай бақылаулар бал арасына да жасалады (ұяшықтардың түбін кесіп тастау). Мұның бәрі туа біткен мінез-құлықтың «инстинктивтік» бағдарламаларының механикалық, жанама екенін және өзінің «саналылығын» белгілі бір тұрақты жағдайларда ғана сақтайтынын керсетті. Жануарлар тұрақты өзгеріп отыратын орта жағдайларына қалай бейімделеді? Олар салатын жұмыртқалар саны өте көп. Дүниеге келген дернәсілдердің шамасы ғана тірі қалады және де тұқым түрін сақтау үшін осы шаманың өзі жеткілікті. Сонымен инстинктивтік әрекеттердің бағдарламалары түрлі тітіркендіргіштердің көпшілігін қарастыра алмайды, осылайша жануарлардың қабылдау мүмкіншіліктері шектеледі. Бұл жағдайдағы шындықты қабылдау жекелеген әсер етушілерге сезімталдықты, қарапайым сезінуді білдіреді. А.Н. Леонтьевтің ұсынысы бойынша, психика дамуының бұл кезеңін жануарлардың бірқатар түрін қарастыратьш қарапайым сенсорлық психика кезеңі деп атайды.
Жануарлардың жер бетіндегі тіршілікке өтуімен тіршілік түрлері де үлкен өзгеріске ұшырайды: қоректенуі қиындайды, орта құбылмалы болады, ал тұрақты түрде өзгеріп тұратын ортаға бейімделу қиындай түседі. Осымен бірге көбею түрі де өзгереді. Әрбір дернәсіл өзіне ұқсайтын 2-3, кейде 5-6 ғана еңдіреді, және жекелеген дернәсілдердің тірі қалуы тұқым түрін сактаудьщ шарты болады. Мұның бәрі жаңа, өзгергіш дара мінез-кұлықтың қалыптасуына биологиялық қажеттілік тудырады. Мінез-құлықтың бұл түрі төменгі омыртқалылардың бастапқы жаратылысында болып, эволюцияның кейінгі сатыларында үлкен орынға ие бола бастайды. Қоршаған ортаға бейімделудің қиындауы, ортаның құбылмалылығына жеке бейімделу мүмкіншіліктерінің, бейімделудің жеке құбылмалы түрлерінің пайда болуы эволюция үрдісі барысында жаңа жүйке аппараттарының қалыптасуына әкеледі. Олар сырттан сигналдарды қабылдап және туа біткен мінез-құлықтың жобаланған бағдарламаларын іске қосып қана қоймай, сонымен қатар алынған ақпараттарды талдап, мінез-құлықтың жаңа құбылмалы дара түрлерін тудыратын жаңа байланыстарды жасайды. Мұндай аппарат ретінде, құрылысы өткен эволюцияның ұзақ жолын білдіретін, бас миын айтады. Жануардың бас миы бір-бірінің үстінде тұратын деңгейлер немесе қабаттар қатарының түрінде кұрылған. Ми өзегінде орналасқан төменгі деңгейлер ағзанын ішкі күйін реттейді және олар жүйке түйіндері (ганглиелар) түрінде құрылған. Төменгі омыртқалыларда көбірек болатын бейімделудің ең қарапайым туа біткен бағдарламаларып жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бұл деңгейлер инстинктивтік әрекегген аз ғана өзгеше болады. Мұндай ми құрылысының мысалы ретінде, инстинктивтік және аз құбылатын мінез-құлық түрлерінің орындалуын қамтамасыз ететін. бақа миын айтуға болады.
Неғұрлым жоғары денгейде ұйымдасқан жануарларда өзек аппаратының үстіне, қабықасты түйіндері мен көне қабыршықтан тұратын, күрделі құрылымдар, ал жоғары омыртқалыларда — көбірек дамитын және төменірек денгейдегі құрылымдарды толығымен қалыпты басқара бастайтын, үлкен жарты шарлардың жаңа қабық құрылымы орналасқан. Қабықасты құрылымдарының аппараттары құстар мен жорғалаушыларда басым бола бастап, кейінірек мінез-құлықтың туа біткен қарапайым түрлерімен байланыстағы дара құбылмалықтың сипатына ие болатын жеке мінез-кұлықтың жұмсақ түрлерін қамтамасыз ететін көне қабыршықтың аппараттары қалыптасады. Олар, әзірше, жануарға туа біткен және оның экологиясынын ерекшеліктерін білдіретін бейімділік әрекеттер түрлерінде болады. Кейде жануарлар өмірінің қалпын кескіндейтін, өте күрделі туа біткен мінез-құлық бағдарламалары қарапайым ынталандырулар салдарынан болу мүмкіндігін талдау көрсетеді. Мысалы, жаңа туылған жануардың күрделі ему икемділігі, оның биологиялық тіршілік етуін білдіретін әр түрлі сигналдардың салдарынан болады: күшіктің ему икемділігі жұмсақ жүннің ықпалынан, қозыда -шүйдесінің қараюынан және т.б. Бұл мысалдар, бас мидың жоғары бөлігінің аппараттары жүзеге асыратын табиғи мінез-құлықтың негізгі түрлері, жануарлардың тіршілік ету жағдайларының әсерінен эволюция барысында қалыптасқан, туа біткен мінез-құлық бағдарламаларымен тығыз байланысын сақтайды.
Жоғарыда сипатталған аппараттарына, жоғары жарты шарлардың жүйке жүйесінің жоғарырақ деңгейі, дене салмагына байланысты салмағы көбірек орьш ала бастайтын, бас миының жаңа қабығының келесі аппараты бейімделеді:
Кит | арыстан | ит | маймыл | адам |
1/10,000 | 1/540 | 1/250 | 1/100 | 1/40 |
Жануарлардың жоғары жарты шарларының эволюциялық даму өлшемі жануарлардың негізгі мінез-құлықтарының қалпын реттеуде шешуші рөл атқара бастайды. Бас миы қабығының негізгі қызметі, тек қана сигналдарды қабылдап қана қоймай, сонымен қатар мінез-құлықтың қалыптасқан көрнекті бағдарламаларын да іске қосуға, сыртқы ортадан түскен ақпараттарды талдауға мүмкіндік береді және де оның өзгерісіне бейімдейді, осы өзгерістерге сәйкес жаңа байланыстарды қамтып, жаңа құбылмалы-дара мінез-құлықты қалыптастырады. Жоғары омыртқалылар эволюциясының соңғы кезеңдерінде қуатты дамитын бас мидың үлкен жарты шарларының қабығы экологиялық жағдайлардың тікелей эсер етуінен қалыптасады. Сонымен бұл — ақпаратты талдау мен жинақтаудың құрделі түрін қамтамасыз ететін аппарат және дара-құбылмалы мінез-құлықты қалыптастыратын негізгі мүше. Бас миынын қабығы арқылы іске асырылатын дара — құбылмалы мінез-құлықтың механизмі инстинктивтік мінез-құлық механизмінен айтарлықтай күрделі. Нәтижесінде жануарлардың орта жағдайларына белсенді бейімделуіне ынталануларының бірі қоршаған ортадан бөлініп, жануардың қажетті мақсатқа жетуіне және төніп тұрған қауіптен сақтануына себепші болатын — мінез-құлықтың жаңа бағдарламалары мен жаңа байланыстарының пайда болуына әкеледі.
Жануардың құбылмалы-дара мінез-құлық түрлерін жағдайлар және олардың қалыптасу кезеңдерін сипаттау қызықтырады. Осындай мінез-құлық түрлерінің пайда болуыныц шарпары мен кезеңдерін кептеген зерттеушілер тиянақты зерттеген, бірақ олар жануар қажетті мақсатына қалай жетіп және мінез-құлықтың қандай жолдармен пайда болатынына ғана ерекше көңіл аударған.
Осы мәселелерді шешу үшін зерттеушілер «бейімділікті жасау» деп аталатын әдістемесін қолданды. Жануар темір торға салынып, тамағы одан қоршауланып (мәселен, ілгекпен жабылған есік арқылы) қойылады. Есікті ашу үшін жануар басқышты басуы немесе аяғьшен ілгекті қозғауы керек. Ал басқа бір әдістің мәні мынада: жануар ұшына жем (мақсат) қойылған күрделі лабиринтке жіберіледі. Зертгеуші жануардың жалған жолдардан етіп, максатка жеткізетін кажетті жолды тапқанын байқаған.
И.П.Павлов қолданған «классикалық шартты рефлекстер» әдісінен күрделі бейімделулерді қалыптастырушылар немесе «аспапты шартты рефлекстер» эксперименттерінің айырмашылығы мынада: жануардың олжалы немесе олжасыз болуы оның белсенді әрекеттеріне, басқаша айтқанда, жасаған ұмтылыстарының сипатына байланысты болады. Бір жағынан, жануардың мінез-құлқының жаңа құбылмалы — дара түрінін болуын зерттеу әдісі, жануардың мінез-құлқының белгілі бір түрлерің зерттеу кезіндегі И.П.Павловтың әдісінен тиімді болды. Екінші жағынан, бұл әдіс өзінін физиологиялық айғағы бойынша тиімсіз еді. Осыған байланысты жануар алдындағы міндеттердін шешілуіне әкелетін мінез-құлықтың құбылмалы — дара түрлерін тудыратын механизмді әр түрлі зерттеушілер әр түрлі түсіндіреді. Кейбіреулері (Э.Торндайк, Д.Уотсон), жануарды мақсатқа жеткізетін мінез-құлықтың жаңа түрлерін, жануарға есікті ашып тамақты алуға мүмкіндік беретін кездейсоқ қозғалыстан, ретсіз сынақтар мен қателіктер салдарынан пайда болады деп санады. Мұндай кездейсоқ қозғалыстарды қолдау және бірнеше рет қайталау ұқсамайтын қозғалыстарды ығыстыруға, ал сәттілерін бекітуге әкелді. Басқа ұстанымдағы авторлар тобы мәселелердің шешілуінің сәтті тәсілдерін тудыратын ережелерді қарастырды. Э.Толмен, К.Креч және басқалар, мәселені шешуге тырысатын жануардың қозғалысы ауытқы, кездейсоқ сипатта болмайды және жануар мақсатқа жетуге тырысып, жағдайды талдап, қозғалыстың қажетті бағытын таңдау кезінде, бейімделу әрекеті үрдісінде пайда болады деп санады. Осының салдарынан мақсатқа бағытталған жануардың ұмтылыстары азаяды және мақсатқа қажетті қозғалысты реакциялардың пайда болуына әкеледі. Мақсатқа талпынушы жануардың мінез-құлқының күрделі бағдарламалары кейде кездейсок емес, жаңа жағдайларға белсенді бейімделуі кезінде пайда болуын американдық зерттеушілердің бірнеше бақылаулары айқын көрсетеді.
Орытынды
Жануарлардың жер бетіндегі тіршілікке өтуімен тіршілік түрлері де үлкен өзгеріске ұшырайды: қоректенуі қиындайды, орта құбылмалы болады, ал тұрақты түрде өзгеріп тұратын ортаға бейімделу қиындай түседі. Осымен бірге көбею түрі де өзгереді. Әрбір дернәсіл өзіне ұқсайтын 2-3, кейде 5-6 ғана еңдіреді, және жекелеген дернәсілдердің тірі қалуы тұқым түрін сактаудьщ шарты болады. Мұның бәрі жаңа, өзгергіш дара мінез-кұлықтың қалыптасуына биологиялық қажеттілік тудырады. Мінез-құлықтың бұл түрі төменгі омыртқалылардың бастапқы жаратылысында болып, эволюцияның кейінгі сатыларында үлкен орынға ие бола бастайды. Қоршаған ортаға бейімделудің қиындауы, ортаның құбылмалылығына жеке бейімделу мүмкіншіліктерінің, бейімделудің жеке құбылмалы түрлерінің пайда болуы эволюция үрдісі барысында жаңа жүйке аппараттарының қалыптасуына әкеледі. Олар сырттан сигналдарды қабылдап және туа біткен мінез-құлықтың жобаланған бағдарламаларын іске қосып қана қоймай, сонымен қатар алынған ақпараттарды талдап, мінез-құлықтың жаңа құбылмалы дара түрлерін тудыратын жаңа байланыстарды жасайды. Мұндай аппарат ретінде, құрылысы өткен эволюцияның ұзақ жолын білдіретін, бас миын айтады. Жануардың бас миы бір-бірінің үстінде тұратын деңгейлер немесе қабаттар қатарының түрінде кұрылған. Омыртқалылардағы бейімделу әрекетінің мұндай жаңа түрлерінің қалыптасуына екі ерекшелік тән. Біріншісінің мағынасы мынада: бейімделуді немесе ізденуді белсенді қозғалыстардан бөлуге болмайды және мұндағы қажетті қозғалысты табу, қозғалыс бағдарламасын орындауға себеп болмай, сынақ қозғалыстарының орындалуы кезінде қальштасады; екіншісінің мағынасы: жануарлардың бейімделу әрекетгері сияқты жоғары деңгейде жасаліан мінез-құлықтың жаңа түрлері де жануар тіршілігінің ерекшелігімен тығыз байланыста болатын мінез-құлықтың табиғи түрлеріне тәуелді болады. Мәселен, шөп қореқті жануарлардың (сиыр, қой) бейімделу әрекеті шектеулі енжар сипатта болады және әрекеттің құбылмалы — дара жаңа түрлері баяу қалыптасады. Керісінше, табиғи жағдайдагы жыртқыштардың (жыртқыш құстар, түлкі) бейімделу әрекеттері белсенді ізденістер түрінде болып, кұбылмалы жагдайга сэйкес келетін мінез-кұлықтың жаңа түрлері анағұрлым тезірек калыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет
2.Дембовский Я. Психология животных. М., 1959
3.Ладыгина-Котс Н. Н. Развитие психики в процессе эволюции организмов. М., 1959.
4.Дарвин Ч. Выражение эмоций у человека и животных // Соч. Т. 5. М., 1953.
5.Анохин П. К. Узловые вопросы теории функциональной системы. М.,1980.
6.www.google.kz