Асырдағы қақатығыстану ілімінің дамуы

Қазіргі заманғы қақатығыс теорияларының бастауын бірқатар әлеуметтанушылар зерттеулерінен көруге болады. Олардың арасында танымал қақатығыстың функционалды теориясының авторы –Г.Зиммель. Неміс әлеуметтанушысы Г.Зиммель (1858-1918) ғылыми айналымға «қақтығыс әлеуметтануы» терминін алғаш енгізуші болып табылады. Г.Зиммель өзінің « заманауи мәдениеттің қақтығыстары» атты кітабында және бірқатар еңбңектерінде: «қоғамдағы көпдегенэгоистік топтар бір-бірінен оқшауланбаған , керсінше мыңдаған көрінбес тізбектермен өзара тығыз байланысты. Осы топтық қызығушылардың қиылысуы қақатығысты жеңілтеді және демократиялық қоғамның тұрақтылығына қызмет етеді. Алайда қақатығыстарды жоққа шығара алмайды , олар билік , нарық, қоғамдық келісім және т.б сияқты әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың қажетті құралы болып табылады.Өмір жануарлық(табиғи) жағдайдан (деңгейден) жоғарылағаннан-ақ олардың арасында қақтығыс пайда болады»,-деп көрсеткен . Оның көзқарасын төменгілерден көре аламыз:

-топішілік қақатығыстың күшті және топаралық қақатығыстың жиі болуы,олардың арасындағы шекараның жоғалу ықтималдылылығының аздығынан көрсетеді;

-қақтығыс шиеленіскен сайын , қақтығысушы топтардың ішкі бірігушілігі жоғары болады;

-қақтығыс шиеленісі азайған сайын , әлеуметтік біртұтастық функционалдық өзара тәуелділікке негізделеді және әлеуметтік біртұтастық үшін қақтығыс интегративті салдарының болуы ықтималдығы жоғары болады;

-қақатығыстар жиі және шиеленісті емес болған жағдайда бағынышты топтар мүшелері өзара күрестен басталады және өздерін өмірлерінің иесі ретінде сезініп, жүйе интеграциясын қолдайды;

-егер қақатығыс шиеленіссіз және сирек болса, онда қақтығысты реттейтін нормалардың пайда болу ықтималдығы жоғары(бар).

К.Маркс (1818-1883) бойынша, шиелініскен таптық күрес жағдайында қақатығыс қашып құтыла алмайтын құбылысқа айналады және ол әлеуметтік өмірдің барлық деңгейіне:саясатқа, эканомикаға,мәдениетке әсер етеді. К.Маркс тұрғысынан қоғам құрылымы 4 элементтен тұрады:өндірістік күштен,өндірістік қарым-қатнастан, саяси бағытталудан,қоғамдық сана формасынан тұрады.

Субординацияның реттелген жүйесінің белгілі бір бейнесі мен осы элементтердің өзара байланысты марксизмнің социялогиялық теориясының негізін құрайды. Қоғамда қалыптасқан барлық тарих , бұл – таптық тарихы.Оның негізгі себебі « антогонистік қоғамдыұ – экономикалық формацияға негізделген жеке меншікке билік жүргізу» болатын. Қоғамдық меншікке негізделген коммунистік қоғам антогонистік қарама-қайшылықты , қақтығысты жоққа шығарады. Ревалюциялық қайта құру нәтижесінде әлеіметтік қақтығыстың объективті базасы болмайды және қақтығыссыз қоғам құрылады. Сонымен қатар адамзаттың тарихы аяқталып , оның тарихы басталады.Әлеуметтік институттардың қалыптасуы мен реформалар ққатығыстар мен соғыстарды жоюға алып келеді деп есептейді.Кейбіреулерінің айтуы бойынша ,күштеу мен ашулану адамзаттың бастапқы иррационалды табиғатына тән нәрсе.Г.Гоббс,Ф.Ницше,З.Фрейдтің және осы концепцияны жақтаушылардың қарастыруынша,адам-мінез –құлқындағы қызу қандылықтың көрінуі ,ол оның табиғатындағы паталогия немесе ауытқу емес,керісінше оған жаратылысынан берілген табиғи жағдай.Олардың айтуынша,сондықтан да адамзат мәңгілік бейбітшілікке ұмтылу барысында соғысқа қайта айланып келееді.Г.Зиммельдің зерттеулерінен ке»ін қақтығыстанудың социологиялық ғылыс аясында дамуы басталады.Әлеуметтанушылар қақтығыстар әлеуметтік өмірдің ажырамас бөлігі екендігін көрсетеді.Философияға қарағанда, социологиялық бағытқа қақтығысты сауалнама,бұқаралық ақпараттарды статистикалық талдау сияқты арнайы әдістермен зерттеу тән.Нәтижесінде,социологиялық бағыт аясында қақтығыс туралы түсінік пайда бола бастады.М.Вебердің ойынша ,қоғам өзіндік мәртебелерімен ерекшеленетін топтардан тұрады.Сондықтан олардың мүдделері сәйкес келмейді де ол әлеуметтік қақтығысты тудырады.Оларды қоғам өмірінен жоюға үміттену бос қиял десекте болады.Бұл өмірдегі бір адамдардың басқа адамдарға деген мәңгілік күресінің болуынан қашып құтылу мүмкін еместігін мойындау керек.Дегенмен,адамдар мүддесі әрдайым әрдайым қайшы келе бермейді,оларда қандайда бір мөлшерде сәйкес келеді.Міне,осы күштер тепе –теңдігін жасайды.Қақтығыстар әлеуметтік өмірден жойылмайтын болғанмен,ол әрдайым тұрақсыздықпен сипатталады деген сөз емес.

Наши рекомендации