Жүйке жүйесінің құрылысы

Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән-жайына қанығу үшін ми мен пси­хиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажетті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйе­сінің қызметі және оның заңдылықтары — психология ғылымының табиғи- ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі — мидың және оның бѳліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.

Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын ліүзеге асырып, айналадағы әсер еткен түтіркендіргіштерге жауап қайтарады. Сондай-ақ, ол түрлі дене мүшелерінің, клеткалардың қызметін, зат алмасуы мен қан айналысын реттеп, сыртқы ортаның ѳзгеруіне бейімделіп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Нейрондардың үзын тармақты аксон, қысқа тармақты дендрит дейтін екі түрлі тармағы бар. Нейрондардың тарамдала келіп, ѳзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, шеткі (перифериялық) Және ішкі (вегетативтік) жүйке жүйелерінің өне бойына орналасқан (6, 7-суреттер).

Жүйке жүйесінің құрылысы - student2.ru Орталық жүйке жүйесіне жұлын және ми, ал периферия- лык жүйке жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын эр түрлі шеткі нервтер жата­ды. Орталық жүйке жүйесінің бѳліктері кѳп қатарлы үйдің құрылымына ұқсас, олар бірі- нің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бѳліктердің жоғарғысы- ның қызметі тѳменгілеріне қа­рағанда барынша күрделі бо­лып кедеді. Орталық жүйке жүйесінің тѳменгі бѳлімі — жұлын жуандығы 1 см-дей омыртқа қуысының ішіне орналас­қан, оның ұзындығы ересек адамдарда 45 см-ге дейін жетеді. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп нерв талшығы тарайды. Олардың бір тобы ортаға те- бетін, екінші бір тобы шетке тебетін нерв деп аталады. Жұлын біздің аяқ-қолымызды жинау, керіп-созу сияқты басқа да қарапайым қозғалыстары-Адамның ортмыздың орталығы болып саналық (перифериялық) жүйке жүлгесі болады.Бас миы жұлын шеті.Орталық жүйке жүйесінің(перифериялық жүйке жүйесі) жоғарғы бөлігі ми оның орташа салмағы — ересек адамдарда 1400 граммдай. Мұнда сопақіпа, ортаңғы және аралық ми — бәрі қосылып, ми бағанасын құрайды. (8-сурет). Омыртқалы жануарлардың ми бағанасының атқаратын қызметі ерек­ше. Сопакша мидың сырт жағында формасы ағаш жапырағына ұқсас мишық (қарақұс) орналасқан. Мишық организмнің қозғалысына, оның бірқалыпты жүріс-тұрысы.

10-сурет. Мидың функциясы жѳніидегі У. Пенфилд картасына тусінік.

Жүйке жүйесінің құрылысы - student2.ru 1 -бас бармак, 2- жіліншік, 3 — тізе, 4 — сан, 5 — кеуде,

6 - иық, 7 - шынтак, 8- бі лек, 9-білезік (қолдың қоспасы), 10 - шынашак, 11 - аты жок саусақ, 12- ортанғы саусақ, 13 - сұқ саусақ, 14 -бас бармақ, 15 -мойын, 16— маңдай, 17 — қабақ және кѳз алмасы, 18-бет, 19 — ерш, 20—жақ, 21—тіл, 22— жүту, 23— шайнау, 24— сілекей бѳлінуі, 25—дауысты менгеру.

Жүйке жүйесінің құрылысы - student2.ru

12-сурет. Омыртқалы жануарлар миының да­муы. 1— балық миы, 2 — ке- сіртке миы, 3 — қоян миы, 4 — адамның миы. 1. Иіскеу аймағы, 11. Ми сыңарларыңың қабығы. III. Аралық ми. IV. Ор- таңғы ми. V. Мишық. VI. Сопақша ми.
нһ.
_ Салыстырмалы түрдегі бұл кестеде әрбір жануардың ѳзіндік салмағымен салыстырғанда кит миының салмағы бүкіл дене салмағының жиырма мыңнан бір бѳлігіндей, маймыл салмағы денесінің жүзден бір бѳлігіндей ғана екен. Ал адам миының салмағы оның жалпы денесінің салмағының қырық алтыдан бір бѳлігіндей. Бұл кѳрсет кіш адамның ми салмағының дүние жүзінде тіршілік ете­тін жан-жануарлардың бәрінінен де артық екендігін кѳрсетеді.

14-сурег. Ми қабығының микро скоптық керінісі. I. Қыртыс — молеэкулярлық, II. Сыртқы түйіршік, III. Қіші және орта пирамидалық қыртыс, IV. ішкі түйіршік, V. Үлкен пирамидалық қыртыс.

§ 2. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі

Жүйке жүйесінің қызметі жайында зерттеу жүргізіп, алғаш рет байсалды пікір айткан — француз ғалымы Р. Декарт (1596—1654). Ол ѳз еңбектерінде- жүйке жүйесінің рефлексі жайында ѳз дәуірінің талабына сәйкес құнды пікір айтып, оны дәлелдеп те берді. Ал рефлекстің биологиялық сипатын ашып кәрсеткен — чех ғалымы Иржи Прохаске (1749—1820). Ол ғылымға «рефлекс» ұғымын ендіріп, оның мәнін ашып түсіндіреді. «Рефлекс»—латын сѳзі, қазақша бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Ал рефлекс терминінің нақты мағына- сы — сырттан не іштен келетін тітіркендіргіштерге ор­ганизмнің жауап қайтару реакциясы. Рефлекстер — жа­нуарлар мен адамдардың тумысынан пайда болатын қа­сиеттері. Мысалы, электр тоғымен иттің аяғына әсер еткенде, ол аяғын жылдам тартып алады. Анасы жаңа туған нәрестеш емізетін болса, бала еме бастайды. Осын­дай әрекеттердің бәрі — сан алуаи рефлекс түрлері.

Организмнің рефлекторлық қызметін ғылыми тұрғы дан ете зерттеген әйгілі физиолог ғалымдар И. М. Сеченев пен И. II. Павлов ѳз еңбектерінде жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарын (қозу мен тежелу, динамикалық стереотип, бірінші және екінші сигнал жүйелері) ашып кѳрсетті. Организмнің сыртқы әсерлерге тұтастай не жеке мушелермен жауап беруі (рефлекстер) жүйке клеткаларының тітіркеніп, физиологиялық процестердің туындап отыруына байланысты екендігі аныкталды.

Қозу мен тежелу — шартты рефлекстердің жасалуына психикалық әрекеттердің пайда болуына негіз болатын физиологиялық процестер. Олар бір клеткадан екін­ші клеткаға афференттік және эфференттік клеткалардың түйісетін жері синапс арқылы таралады. Қозу мен тежелу .— организмді сыртқы ортамен теңдестіруге қатынасып отыратын негізгі физиологиялық процестер. Ми — психиканың анатомиялық негізі болса, ал сырттан келетін әсерлерге байланысты оның қабығында пайда болатын қозу мен тежелу — психиканың физиологиялық негізі.

Жүйке жүйесінің құрылысы - student2.ru Қозу мен тежелу жүйке клеткаларына меншіктел- ген, оның негізгі табиғи қалпы ноне жоғары жүйкелік әрекет физиологиясының күрделі проблемасы. Нейрондардың қозуы — осы клеткалармен байланысты мүшелер әрекетінің нәтижесі, ал тежелу — осы әрекеттің бәсеңдеп не мүлдем тоқырауының сипаты. Осы процестің ѳзара байланысынсыз организм реакциясының іске асуы мүмкін емес. Рефлекстің жасалу жолы мынадай: орга­низм рецепторына (сезгіштік жүйке аппараты: кѳзде, құлақта, теріде, т. б.), сыртқы әсерлердің немесе ішкі мүшелердің тітіркендіргіші эсер етеді, қабылданған сол тітіркену жүйке процесіне айналып, қозу пайда болады.

Ми қабығындағы түрлі алаптарда қозудың пайда болуы мен оның қозғалысын электоэнцефалограф дейтін аппаратпен зерттеп,өлшеп отырады. Осы аппарат арқылы қозудың барысы қаңаз бетіне сызу түрінде жазылады, Мұндай сызба электоэнцефалограмма деп аталады.(15-сурет)

а-көз ашық кезде(бета-толқындар басым);

б-көзін жұмғанда(альфа-толқындар айқын көрінеді);

в-қалғыған кезде;

д-шырт ұйқыда жатқанда.

15-сурет. Адам миы шүйде

бөлігінің электоэнцефалограммасы.

Электроэнцефалограмма арқылы мидың биолотенциасының түрлі ритмдерін бақылауға болады. Ритмдер әр түрлі:

1.бір секундта 8-12 жиілікпен өтетін альфа-ритм;

2.бір секундта 14-16 жиілікпен өтетін бета-ритм;

3.бір секундта 3,5-7 жиілікпен өтетін бета-ритм;

4.бір секундта 3,5 және одан да аз жиілікпен өтетін дельта-ритм т.б.

Ми қабығының функциялық қалпы өзгерсе,жазу да өзгереді. Мысалы,адам ұйықтағанда оның миындағы альфа және бета толқындар бәсеңдеп,олардың орнын солғын толқындар басады. Ал адам ояу отырғанда оның миы жарты қабығында туатын қозу эферренттік жолдармен белгілі бір жұмыс мүшесіне келеді де,белсенді реакцияға айналады. Қозудың осындай қуатты түрінде қарама-қарсы болғанымен,онымен тығыз бірлікте өтіп жататын физиологиялық тежелу процесінің де организмге тигізер пайдасы зор.

Тежелу процесі-жүйке клеткаларының әрекетсіз пассивті қалпы емес екендігі ғылымда анықталған мәселе. Керісінше,тежелу-нейронның энергетикалық қуатын жаңғыртуға қатысып отыратын белсенді процесс. Шынында да,нейрон клеткаларына потенциалдық энергия беруде тежелу белсенді рөл атқарады. Тежелудің бірнеше түрі бар:

1. Сыртқы тежелу-көлденең тітіркендіргіш әсерінен шартты реакция тоқтап қалады. Мәселен,шам жанғанда,шартты рефлекс салдарынан иттің сілекейі аға бастағанымен,кенеттен қоңырау қағылса,сілекей тоқтап қалады. Өйткені,жүйкелік рефлекторлық тежелу процесі туады. Мұндай тежелу жүре пайда болмайды,организм бойындағы жүйкелік әрекеттің тума механизмі. Сондықтан тежелудің бұл түрін шартсыз пассивтік тежелу деп те атайды.

2. Шартсыз тежелудің тағы бір түрі-шектен тыс тежелу. Мұндай тежелде жүйке клеткаларының қызметі солғыңдайды. Өйткені,қозудың күшеюінің шегі бар. Солшекке жеткенде ми қабығының әрі қарай қозуы тоқтайды да,оның орнын шектен тыс тежелу басады. Тежелудің бұл түрін физиологияда кейде қорғаныс шектелуі деп те атайды. Өйткені,тежелудіңбұл түрі клеткаларды шаршаудан сақтандырады.

3. Ішкі тежелу белсенді сипатта болады. Организмде жүре пайда болады. Ол белгілібір жағдайға байланысты. Мұны ғылымда шартты тежелу деп те атайды. Оның түрі-сөнетін тежелу. Әлсін-әлсін шартсыз тітіркендіргішпен бекіп отырмаса,шартты рефлекс өшіп қалуы мүмкін. Алайда,шартты сигнал мен реакция арасында уақытша жүйкелік байланыс мүлдем жойылып кетпейді. Шартты сигнал қайта берілсе,шартты реакция жаңғырады.

Тежелудің тағы бір тобы-дифференциалдық тежелу. Бұл ішкі тежелудің өте нәзік түрі. Ол ми қабығының өзіне келіп түскен әсерлерді жіктеп,ажыратуына байланысты. Шартты рефлекс орнатудың бастапқы кезеңінде оның бір ғана емес,бірнеше ұқсас сигналдардың көпшілігіне жауап ретінде туа берілетіндігі арнайы зерттеулермен дәлелденген. Мәселен,тамақтың сигнал ретінде белгілі музыкалық дыбысты қолданып,итке шартты рефлекс жасатсақ,алғашқы да ол сол дыбыстардың ұқсас түрлеріне реакцияланады. Бұл жайтты психологияда генерализация деп атайды. Дегенмен,итке түрлі музыкалық дыбыстармен әсер еткенде,өзге дыбыстарға әсерленбей,тек ми сигналына ғана сілекей ағызатын болған. Міне,осындай белгілі бір әсерге ғана реакцияласып,ал соған ұқсас дыбыстарға келгенде жауабын тоқтатуды дифференциалдық тежелу деп атайды.

Шартты рефлекстің кешігуі-тежелудің бір тармағы. Мұндай тежелу итке тамақты кешіктіріп беріп әсер ету нәтижесінде байқалған ішкі тежелуге байланысты шартты рефлекстің кешігуі.

Ұйқылық тежелу. Тежелудің бұл түрін кейде жаймалы тежелу деп атайды. Өйткені,тежелу процесі ми қабығындағы орталықтарға түгелдей жайылғанда және ұйқылайда болады. Ұйықтаған кезде адамның ми қабығындағы орталықтармен бірге ми бағанасындағы орталықтар да тежелді. Мұндай қалыпта сана болмайды,сезгіштік мүлдем бәсеңдейді,шартты рефлекстер сөніп,ми тынығады. Біз бұл жайттан тежелу мен қозудың өзара тығыз байланысты физиологиялық процестер өскендігін анық аңғарып,олардың үнемі өтіп жататындығына көз жеткіземіз және бұл процестер ми жұмысының негзгі заңдарына бағынады.

Мидың талдау және біріктіру қызметі. Талдау мен біріктіру организмнің үнемі өзгеріп отыратын ортаға бейімделіп шартты рефлекс жасауы үшін қажетті жүйелі процестер. Сондай әрекеттері арқылы организм өзінің мінез-құлқын тіршілік ортасымен сәйкестендіріп отырады. Сондықтан,мидың талдау мен біріктіру қызметі организм өмірі үшін негізгі шарт.

Талдау дегеніміз-ортаның ішінен организмге әсер ететін күрделі нәрселерді талдап ажырату әрекеті. Ал біріктіру керісінше,сол талданған жеке нәрселер мен элементтердің басын құрап біріктіру,тұтастырып комплекс жасау әрекеті. Мәселен,жануарлар үшін әрбір сыбдыр,әр түрлі көлеңке,болмашы иіс,ауадағы нәзік дірілдер т.б.сондай әсерлер тамақтың не қауіп-қатердің алыс-жақындығын хабарлап отыратын сигналдар. Жануарлар сол сигналдар арқылы өздеріне төнген қауіпті жағдай не тамақ туралы уақытында хабар алып отыру нәтижесінде ғана,басқаша айтқанда мидың талдау және біріктіру әрекетіне сүйене отырып,тіршілік етеді.

Талдау мен біріктіру әрекеті хайуанаттар тіршілігінде қаншалықты маңызды болса,ал осы жүйкелік әрекеттердің адам өмірінде атқаратын қызметі мен алатын орны одан да жоғары. Талдау мен біріктіру әрекеттерің меңгеріп,олардың мән-жайын түсіну,күнделікті іс-әрекет пен тәжірибеде қолданып отыру адам психикасын жетілдіре түсудегі қажетті шарттын бірі.

Шартты және шартсыз рефлекстер «Рефлекс» деген ұғымды ғылыми тұрғыдан қарастырып,оның табиғатын ашып көрсеткен-И.М.Сеченов пен И.П.Павлов. Өзінің «Бас миының рефлекстері» деген еңбегінде И.М.Сеченов: «Өмірдің саналы және санасыз әрекеттерінің барлығы да шығуы төркіні тұрғысынан -рефлекстер» деп анықтайды. Ал И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі жайындағы идеяларының бәрі тұтасымен рефлекторлық теория. «Рефлекс» латын сөзі,қазақша-сақ,бұл сөздің мағынасы-бейнелеу. Рефлекс-организмнің және оның жеке оның жеке мүшелерінің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге қайтаратын жауабы. Қозу процесінің рецептордан орталықтарға жетіп,организмнің реакциясына дейінгі жүрген жолы рефлекс доғасы деп аталады.

Рефлекс доғасы қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым рефлекторлық доға кемінде үш нейроннан(аффенттік,аралық,эфференттік) құралады. Қарапайым рефлекторлық доғанаң бойымен жүріп отыратын қозу-шартсыз рефлекстің физиологиялық негізі. Шартсыз рефлекс тума құбылыс. Оның орталықтары жұлын мен ми бағанасында орналасқан. Күрделі рефтекторлық доға бойымен жүріп отыратын қозу шартты рефлекстердің (жүре пайда болатын,қайталау нәтижесінде туатын рефлекстің) физиологиялық негізі. Бұл рефлекстің орталығы-ми қабығы. Күрделі рефлекторлық доғаның құрылуына көптеген нейрондар қатысады. Ми жұмыс органына хабар жеткізумнн шектелмей,өзі жолдаған хабарлардан мағлұмат та алады. Сыртқы ортадан хабар ала алмаса,мидың организмдегі түрлі тітіркендіргіштерге жауап беруі қиындар еді. Айналадағы құбылыстар жайында тиісті мәліметтер алу нәтижесінде ғана ми нақты мұқтажын өтеуге бағдарланып отырады.

Кейінгі зерттеулерде рефлекстердің тек жасалуы мен үш мүшелі доға принципімен шектелмейтіндігі,яғни рефлекс қызметі жұмыс орнына жетумен аяқталмай,сондай-ақ миға қайтадан хабар жеткізіп отыратындығы анықталып отыр. Кибернетика ғылымының қалыптасып,жарыққа шығуынан әлдеқайда бұрын кеңістік физиолог ғалым П.К.Анохин ұсынған теория 1935 жылы белгілі болып,рефлекс жайындағы ілім шығармашылықпен дамытылған. Ал физиолог Н.А.Бернштейн рефлекстердің доғамен емес, «рефлекс шеңбері» арқылы жасалатындығын ашып көрсетті. Бұл тұжырымның қазіргі кездегі нағыз ғылыми түсінік екенін тәжірибе дәлелдеп отыр.

Шартсыз рефлекстер мен шартты рефлекстердің мән-жайын жалпы рефлекторлық теория тұрғысынан қарастырғанда,олардың өзіндік ерекшеліктерін атап көрсеткен ұтымды болмақ. Шартсыз рефлекстердің мынандай ерекшеліктері бар:

1. Шартсыз рефлекс тума. Рефлекстің бұл түрі тума болғандықтан,тұрақты.

2. Шартсыз рефлекстер жұлында,ми бағанасында жасалады. Рефлекстің жасалуы үшін ешқандай шарттың қажеті жоқ.(мысалы,тамақ ауызға түсісімен,сілекей пайда болады).

Ал шартты рефлекстер организмде жүре-бара,ми қабығында жасалады. Ол уақытша,шартты рефлекстер жасалу үшін мида шартты және шартсыз екі түрлі тітіркендіргіш мезгіл жөнінен ұштасып,соның нәтижесінде уақытша жүйкелік байланыс орнауы қажет. Сондықтан шартты рефлекс жасалу үшін организмнің сыртқы ортамен уақытша байланысы орнығып,атқаратын қызметіне орай сигналдық сипатта болады. Шартсыз рефлекс пен шартты рефлекстің жасалуы 16,17,18-суреттерде бейнеленген.

Жүйке жүйесінің құрылысы - student2.ru 16-сурет. Шартты рефлекстің жасалу жолы.

І. Сілекей шығаратын шартсыз рефлекс; ІІ. Жарықтың әсерімен мидағы көру орталығында қозудың пайда болуы; ІІІ. Жарықпен(шартты тітіркендіргіш),тамақпен(шартсыз тітіркендіргіш) күшейту,мида бір мезгілде қозудың екі алабы пайда болады; VI. Шартты рефлекстің пайда болуы.

Жүйке жүйесінің құрылысы - student2.ru

Осындай ерекшеліктеріне орай рефлекстің екі түрінің арасында ешқандай байланыс жоқ екен деген қате түсінік тумауы керек. И.П.Павлов пен оның ғылыми қызметкерлерінің ұзақ жылдар бойы жүргізілген тәжірибелері шартты рефлекстердің сыртқы жағдайдың өзгеруіне сәйкес және сол жағдайларға бейімделу нәтижесінде шартсыз рефлдекстерге ауысып отыратындығы дәләлдеп береді. Сөйтіп екі түрлі бұл рефлекстердің арасында өзара байланыс болып отыратындығы нақты мысалдармен анықталды. Шартты рефлекстердің жасалуы негізінен организмнің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп,мидың белгілі алабында қозу процесінің пайда болуы және сол тітіркендіргіштердің қайталануы мен жүйкелік байланыстар нәтижесінде нығаяды. Мұны И.П.Павлов ми қабығындағы уақытша жүйкелік байланыс деп атады. Осындай байланысты зерттеу үшін жарық жағылып,итке тамақ берілген. Кейін бұл тәжірибе қайталанбаса да,ит сілекей шығара берген. Жеке алғанда оған мүлдем қатыссыз,бейтарап тітіркендіргіш болып саналатын жарық тамақпен бекіндірілуі нәтижесінде ит үшін биологиялық маңызы бар тітіркендіргішке айналып отыр. Организмге қажетті осы тәрізді құбылыстарды білдіретін әр түрлі сыртқы тітіргендіргіштердің әсерінен пайда болатын ми қабығының қызметі сигналдық қызмет деп аталады. Шартты рефлекстер табиғи жағдайда да,сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына да байланысты жасалады. Мысалы,жабайы аңдардың кейбірі адамды алғаш көргенде сескенбеуі мүмкін. Бірақ адам оларды ұстай бастаса,жануарлар өз мінез-құлқын өзгертеді,адамды көрісімен тығылады,не қашуға тырысады. Демек,мұндай жағдайда жасалған рефлекс аңдар тіршілігі үшін өте пайдалы шартты рефлекс болып табылалды.

Бірінші және екінші сигнал жүйелері. Жоғары жүйке қызметіне жүргізілген ұзақ жылғы зерттеулерінде физиолог ғалым. «Сигнал»-латын тілінде «сигнум»,қазақша-белгі,таңба деген сөз. И.П.Павлов осы сигналдарды жүйке жүйесінің қызметіндегі ерекшеліктерді білдіретін шартты белгі ретінде алып қолданады да,оның табиғи мән-жайын тәдірибелік зерттеулер арөылы түсіндіреді.

Мидың қызметінде екі сигналдық жүйе бар. Оның бірі-заттармен бетпе-бет кездескенде тері,көз,құлақ т.б.мүшелер арқылы түйсіну,қабылдау,елестету. Бұл-жануарларға да,адамдарға да тән бірінші сигналдық жүйе. Жануарлар мен жәндіктер үшін айналадағы дыбыс,жарық толқындары,қысым,заттың химиялық құрамы,табиғи ортадағы физикалық,химиялық сипаттар сигнал болады. Біріншә сигнал жүйесі еңбек процесінің түрлерінде де маңызды орын алады. Сондай-ақ,ол суретшінің,сазгер мен жазушының,ақын мен әртістің шығармашылық қиялының сыртқа шығуы үшін қажетті шарт. Тағылым мен тәрбие істерінде,оқыту процесінде көрнекілікті кеңінен пайдаланып отырудың психологиялық негізі осы бірінші сигналдық жүйе болып табылады. Айналадағы болмыс пен шындық жайында дұрыс елес тудыру да бірінші сигнал жүйесінің қызметіне байланысты.

Адамның әлеуметтік ортада тіршілік етіп,өзін қоршаған ортадан қажетті мәліметтер алып,елестерін,танымдық әрекеттерін неғұрлым тереңдете түсуіне мүмкіншілік тудыратын тағы бір жағдай бар,ол екінші сигналдық жүйе. Сөз,сөйлеу және соның негізінде туатын уақытша байланыстар екінші сигналдық жүйеге жатады. Сигналдың бұл түрі тек адам баласына ғана тән. Бұл бірінші сигналдың сигналы. Мұның мәнісі мынада: адам өз сезім мүшелері арқылы танып білгендерінің мазмұны мен түр-сипатын қабылдап қана қоймай,дыбысты тіл мен сөйлеу әрекеті нәтижесінде оларды айнытпай бейнелейді. Ол шартсыз сөйлеу мен сөз арқылы уақытша жүйкелік байланыстар жасауға қабілетті. Мұндай ерекшеліктің болуы адамның жоғарғы жүйкелік әрекетінің жәндіктер мен жануарлар әрекетінен сапалық айырмасының бар екендігін дәлелдейді. Дыбысты сөз бен сөйлеу әрекетіне сәйкес заттар мен құбылыстарды белгілеп қана қоймай,оның сипат қасиеттерінің ажыратуға да,абстракциялауға да,дерексіздендіруге де адамның күші жетеді. Сөйтіп,сөз шартты тітіркендіргіштердін рөлін атқарады. Ал жануарлар дүниесінде шартты рефлекс биологиялық мәні зор бұрынғы бейтарап тітіркендіргіштермен байланысуы қажет. Екінші сигналдық жүйені бірінші сигналдық жүйеден бөліп алуға болмайды. Олар бірімен-бірі өзара тығыз байланысты. Екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйеге сүйеніп қызмет атқарады. Өйткені,адамның екінші сигналдық жүйе арқылы алынған білімі шындықты дұрыс бейнелемеуі мүмкін.

Біз жоғарыда бірінші сигналдық жүйенің жануарларға да,адамдарға да тән құбылыс екенін атап көрсеттік. Алайда,бірінші сигналдың адам мен жануарлдарда бірдей болуы оның тек физиологиялық механизіміне ғана байланысты. Дегенмен,бұл екі сигналдық жүйенің іске асуы мен қалыптасуын танымдық рөлі жағынан қарастыратын болсақ,онда екеуінің айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық адам өмірінде қоғамдық,әлеуметтік факторлардың басым болуынан туындайды.

Динамикалық стереотип. Бұл ғылыми физиологиялық терминнің мәнісі «дииамикос»,қазақша-қозғалыс жағдайында болу, «стресс тупое»-қазақша қатты таңба деген грек сөздерінен шыққан. Динамикалық стереотип белгілі тітіркендіргіштерді бір қалыппен ұзақ уақыт бойы қайталап отыратын болса,ми қабығында қозу мен тежелудің тұрақты,бір ізге түскен жүйелері қалыптасады. Соның салдарынан рефлекстердің бекіген жүйесінің қайта жаңғыртып отыру көп күш жұмсауды талап етпейді. Мысалы,итке күрделі тітіркендіргіштердің жиынтығы ретінде бірнеше рефлекстер туғызылса(қоңырау,жарық,метроном т.б.) және олар жеткілікті түрде белгілі ретпен қайталанатын болса,кейін осы тітіркенліргіштердің біреуімен ғана әсер етсе болды,ит бұрынғы жауап реакциясын түгелдей қайта жаңғыртады. Осы секілді үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге организмдердің төселуін және соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу процесінің жасалуын динамикалық стереотип деп атаймыз. Қозу мен тежелудің осындай бірқалыпты стереотиптері сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіштердің бірсыдырғы тұрақталған жағдайында ғана жасалады. Динамикалық стереотиптер сыртқы ортаның өзгеруіне қарай жаңадан жасалып,ал сол ортаға сәйкес келмеген жағдайларда қайтадан жаңғырып тұрады. Адамның әр алуан дағдылары мен әдеттері,мінез-құлқы бітістерінің бірқалыпты көріністері осы динамикалық стереотиптерден тұрады және адамның бірсыпыра психологиялық ерекшеліктерінің табиғи ғылыми негізін құрайды. Динамикалық стереотипті танушы,зерттеген-И.П.Павлов.

Наши рекомендации