Лекция.Тақырыбы:Этностық кикілжіңдер
Этносаралық, ұлтаралық кикілжіңдер – сан ғасырлық мәселе. Ол адамдардың қарым-қатынастарын құрудағы аса күрделі мәселелердің бірі. Жер бетінде мыңдаған жылдар ішінде осындай кикілжіңдерде сан жетпейтін көптеген қан төгілді, талай қайғы жұтылды. Солай бола тұрса да, адамдар үлкен ұстамдылық, такт, түсіністік, ақылдылық, саналылық көрсете отырып, кикілжіңді жағдайларды әрқашан да жеңе білген, бұл жағдай әртүрлі этностардың, әртүрлі ұлттардың адамзаттың тірі қалуының жалғыз ғана шарты ретінде қатарласа өмір сүруін қамтамасыз етті.
Алайда бүгінгі таңда ұлтаралық кикілжіңдер олардың сипатына, өріс алуына, жүзеге асырылу негіздемесіне және жағдайларына орай ерекше үрей тудыруда. Олар экономикалық, энергетикалық, экологиялық, демографиялық мәселелерді түпкілікті шешу қажет болғанда, қоғам дағдарысының шиеленіскен жағдайында дамып отыр.
Адам, адамзат бізге қауіп төндіріп тұрған апаттардың барлық қауіптілігін сезініп, түсініп қалды. Бірақ осылай бола тұра, топтық, жалпы жауапкершілік, әрекеттердің мүмкіндіктері мен бағытталғандығы әлі күнге аяғына дейін түсініле қойған жоқ. Шартты түрде айта отырып, адам қоғамының қазіргі күйі үлкен мәселе, бірақ жалпы алғанда тірі болу, Жер бетінде сақталып қалу үшін барлық ұлттардың күш-жігерін үйлестіру қажеттігін, достастықта болу қажеттігін түсінудің бүкіл тереңдігінің әлі де жоқ болып отырғандығымен сипатталады.
Көп жағдайда топаралық кикілжіңнің жандануының арқасында конфликтология жылдам дами бастайды. Әр түрлі субьектілер бәсекелестікке түсті: шағын және үлкен еңбек ұжымдары, этникалық топтар мен таптар, діни бірлестіктер, партиялар мен бұқаралық қозғалыстар. Осындай кикілжіңдердің әр түрлігіне қарамастан, олар әдетте пайда болу мен дамудың бірыңғай механизмдеріне ие.
Топаралық кикілжіңдер мен өшпенділіктердің пайда болу механизмдерін зерттеуге психологтар үлкен үлес қосты. Әр түрлі психологиялық мектептердің (психоаналитикалық, необихевввиористік, когнитивті, іс-әрекеттік) өкілдері топаралық кикілжіңдердің механизмдерінің бірін оған үлкен мән бере отырып дәлелдеді. Сондықтан, топаралық кикілжіңнің пайда болу механизмдерін қарастыру кезінде келесі жағдайларды ескеру қажет:
- Әр түрлі топаралық кикілжіңде олардың пайда болуының қандай да бір механизмі үстем болуы мүмкін;
- Топаралық механизмдер тұлғааралық өзара әрекеттесудің психологиялық механизмдеріне қарағанда анағұрлым кертартпа болады.
Топаралық кикілжіңнің пайда болуының негізгі механизмдерінің ішінен топаралық өшпенділік: мүдделердің обьективті кикілжіңдері, топішіндегі фаворитизмді бөліп көрсетеді /1/.
Ал өзіндік сананың қалыптасуы әртүрлі даму сатысында пайда болған толғанудың не қобалжудың негізінде өзіндік сана қатынасының бар екенін көрсетеді. Ол өзіндік сана қалыптасуының және әлеуметтік адамгершілік қатынастың даму деңгейін бейнелейді. Осы сананың қалыптасу деңгейінде «өзінің этносы» туралы пікір өз ұлтына және басқа қауымға қатынасы қалыптасса, ол өзіндік идентификация деңгейінде өзіндік сананың жеке бағасы анықталады. Өзіндік сананың идентификациясы – тұлғаның өзін сол немесе басқа этносқа жатқызып қоюы ғана емес, сондай-ақ өз халқы туралы оның өзгеше қасиеттеріне, мәдениетіне, тіліне, тарихи өткен өміріне тән /2/.
Этникалық өзіндік сана категориясын топтардың қоғамдық психологиясының күрделі құрылымдық білімдердің бірі ретінде түсіндіруге болады. Этникалық өзіндік сананың қалыпты бағыттарының пікірінше, басқа халықтарға деген аштықты, қарым-қатынасқа әділеттікті, өзіндік этникалық ерекшеліктерді дамытуын көрсетеді.
Мұндай жағдайда ұлтаралық кикілжіңдер адамзат қауымдастығының тіршілікке қажетті байланыстарын құру кезінде тұрақсыздандырушы фактор болып отыр.
Олардың жалпы мәдени потенциалын арттыру негізінде ұлттардың сана-сезімінің даму нәтижесі болып табыла отырып, ұлтаралық кикілжіңдер көбінесе өздерінің мақсаттарында, талаптарында тәуелсіздік үшін күрестің жоғары идеалдарын демагогиялықпен желеу етіп отыр. Техникалық қуат (тек қана қару-жарақ техникасы ғана емес, бастырмалатын, бұрын-соңды болып көрмеген прессинг жасайтын ақпараттық техника да көкейде тұр), адамзат прогресін қамтамасыз етіп отырған көптеген қазіргі жетістіктер дәл сол уақытта адамдарды аяусыз және жаппай физикалық және рухани жою құралы болып шығатындықтан, бұл ретте олар өзінің сипаты мен пәрменді күші бойынша өте қауіпті.
Ұлтаралық кикілжіңдер өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени мазмұны бойынша өте күрделі. Оларды қарқындылықтың, ұзақтықтың, көрініс табуының әртүрлі дәрежесі – саяси дискуссиядан бастап қантөгіске дейін ерекшелендіреді. Олардың көпшілігі осыдан келіп туындайтын, ішкі және сыртқы қатынастардың күрделі құрылымдануының зардаптарымен мемлекеттік өзін өзі таныту деңгейіне шығады /3/.
Олар түрі, көрініс табу түрі бойынша алуан түрлі, кей кездері ұлтаралық кикілжіңнің өзінің шеңберіне ұлт ішіндегі саяси бояуы бар кикілжіңді қоса отырып, көп қабатты келеді.
Ұлтаралық кикілжіңдер этностың ішінде де күрделі этносаралық бірлестіктердің шеңберіндегі интеграциялану және дифференциациялану процестерімен ұласып отырады. Бұл ретте дифференциациялану көбінесе әлеуметтік-мәдени өзін өзі танытудың жаңғыртылуымен байланысты ұлттық өзін өзі анықтау мен этникалық сана-сезімнің өсуіне ғана емес, дифференциацияланудың оңды жақтарын теріс жақтары жауып тастайтын этноцентризмнің, этноэгоизмнің дамуына да негізделеді.
Ұлтаралық кикілжіңдердің көрініс табуының барлық осы және өзге де ерекшеліктері бұрынғы Кеңестер Одағы аумағындағы ұлтаралық қатынастардың дамуының түпкілікті белгілі бір аясын сипаттайды. Мұнда жүріп жатқан процестерді дұрыс түсінудің және түсіндірудің нақтылы этносаралық кикілжіңдердің ерекшеліктерін анықтау үшін ғана емес, олардың пайда болуының, басылуының, нивелирлеу мүмкіндіктерінің жалпы тенденцияларын ашып көрсету үшін де түпкілікті маңызы бар /4/.
Тарих қойнауына келмеске кеткен елді қалай бағалағанда да, ол өзінің экономикалық ұйымдарына интеграцияланған ғана емес, ерекше маңызды болып отырғаны, әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан, миллиондаған адамдардың қарым-қатынастарын байланыстырып келген және әлі күнге дейін байланыстырып отырған, нақтылы өмір сүрген қуатты және орасан зор бірлікті көрсетті.
Бүгінде мұнда, Еуразия құрлығының айтарлықтай бөлігінде, тек өзіндік тұрғыдағы «этносаяси қайта тон пішу» және жаңа мемлекеттік құрылымдардың пайда болуы жүріп қана қоймай, объективті түрде жаңа, өте қауіпті жағдай туындауда. Ол бұрынғы кеңес халықтарының әрқайсысы үшін қауіпті. Біз жекелеген этносаралық локальды кикілжіңдер құбылысымен емес, тіптен осындай кикілжіңдердің жиынтығымен емес, үлкен, мазмұны бойынша күрделі кикілжің құбылысымен, іс жүзінде бүкіл әлемдегі әлеуметтік, саяси, экономикалық, психологиялық жағдайды тұрақсыздандырып отырған, ерекше әлеуметтік бірліктің ыдырау кикілжіңімен кездескендіктен, ол жалпы алғандағы әлем қауымдастығы үшін де қауіпті.
Сондықтан кикілжіңді ғылыми негіздей отырып бағалау және түсіну ерекше маңызды.
Осындай бағалау мен талқылаудың ең маңызды сәттерінің бірі болып осы процестің сипатын оның барлық тұтастығында және кеңістіктік-уақыттық координаталарында қарастыру табылады.
Қазірде көптеген мемлекеттерде өрістеген, қарулы қақтығыстарға дейінгі этносаралық кикілжіңдердің және, одан да бетер, этносішілік кикілжіңдердің сұрапыл шындығы – қазіргі күніміздің ең қайғылы шындығы. Жаппай адам қыру, зорлық-зомбылық, кепілге адам ұстау жүріп жатыр; 2-3 жыл ғана әртүрлі ұлттың адамдары жай ғана жақсы көршілік қатынастарда болып қана қоймай, бір бірінің қай ұлтқа жататындығына ерекше мән бере қоймай, белсенді түрде туыстық байланыстарға кіріп жатқан аудандардан қашқан ондаған мың босқындар бар.
28-лекция.Тақырыбы:Жаңа мәдени ортаға бейімделу
Адамды адамның қабылдауы мен түсінудің механизмдеріне: идентификация, эмпатия, рефлексия, аккултурация,адаптация атрибуцияны жатқызуға болады. (2 схеманы қараңыз !)нтификация,қазақша "теңестіру", г"ұқсастыру" § ұғымдарына жақын, ягни өзівді басқа адаммен теңестіру, өзіңді сол адамның орнына қою. Идентификацияда басқа адамның
қүндылықтар нормасы, мінез-қүлқы, талғамдары мен дағдылары игеріледі. Әсіресе, жеткіншектік кезеңде оның мәні зор. Көптеген зерттеулерде идентификацияның оған жақын үғым эмпатиямен тығыз байланысты екені анықталған.
Эмлатияны, басқа адамды сезіну, оның тебіреністеріне бой үсына білу деп анықтауға болады, оның эмоциялық жағы басым, егер идентификацияда басқаның "проблемасы" "ойланылса", эмпатияда "сезініледі". Екеуінде де басқаның орнына қоя білу көрінеді, бірақ бастапқысында өзін партнермен теңестіру механизмі, ал соңғысында басқамен теңестіру қажет емес, өз пікірі болуы мүмкін, дегенмен басқаның проблемасын сезіну іске асырылады.
Эмпатия — басқаның куаныш ~ сүйшіштерш дүрыс сезіне білу қасиеті. Қарым-қатынас жасаудағы эмпатшшың болуы психолог, педагог, өлеуметтік қызметкердің көсіби маңызды қасиеттерінің бірі.
Осы екі жағдайда да, арадағы қарым-қатынастың іске асырылуы, үшінші жағдайдағы, партнердің "мені" түсінуіне байланысты. Басқаша айтқанда бір-бірін түсіну рефлексия. қүбылысымен күрделенеді.
Қабылданатын адамға деген эмоциялық көзқарастардың пайда болу механизмдерін анықтаумен байланысты зерттеу аймағы - аттракция деп аталады. Аттракияның_қазақша мағынасы -~ тартымдылық дегенге жақын! Аттракция, бір жағынан, қабылдаушы үшін басқа адамның тартымдылығының қалыптасу процесі, екіншіден, осы процесс өнімі, яғии көзқарастардың біршама сапасы. Қарым-қатъшастың иерцептивті жағын зерттегенде осыны есте түтқан жөн, себебі бір жағынан, адамдар арасьюда бір-бірін үнатушылық, достық сезімдері немесе, керісінше, жақтырмау сезімдерінің қалыптасуы, екіншіден, бүл қүбъиіыстың қарым-қатынастағы маңызы қандай деген мәселелер туьшдайды.
Аттракиияны бір адамның екішш адамға деген әлеуметтік бағдары жөне сол жағдайда эмоциялық компоненті басым деп қарастыруға болады.
Аттракцияның түрлі деңгейлері анықталган: үнатушылық, достық, сүйіспеншілік. Кеңестік өлеуметтік психологаяда аттракция көп зерттелінбеген. Қазіргі кезде тоіггық іс-өрекетге аттракцияны зертгеу қолға алына бастады.
- Этностық бейімделу процесінің негізі - әлеуметтік ортаның оған ұсынатын талаптарына тұлғаның мінез–қылық , жүріс–тұрысы және іс-әрекетінің сәйкестенуі, яғни әлеуметтік күтілімдер жүйесіне мінез – құлықтың сай болуы. Медицина ғалымының дәрігері А.П. Авыцын – «өмір сүру яғни – бейімделу», - деп санайды.Сонымен «бейімделу» - түсінігіне тоқталатын болсақ, жоғарыда айтып өткендей «бейімделу» түсінігінің нақты, бір мәнді анықтамасы жоқ. Әр саладағы ғалымдар, зерттеушілер өзінің зертеу бағытына байланысты анықтаманы ұсынады. Соларды қарастыратын болсақ В.Н. Дружинин – «бейімделуді» - ағзаның орта мен нәтижелі әрекет ету процесі деп қарастырады. Ал Е.А. Ямбург «бейімделуді» - ағзаның құрылысы және функциясы, оның мүшелері және ұлпаларының орта жағдайына икемделуі дейді. Л.Д. Столяренко «бейімделу - адамның қоршаған ортаның түрлі талаптарына ішкі қолайсыздықты сезінбей және орта мен қақтығыссыз икемделе алу қабілеті» - деп қарастырады.Сондай–ақ Ц.П. Караленко, Т.В. Кучер, М.И. Бабнева, Е.В. Шорохова, В.И. Курбатова және т.б. «бейімделу» түсінігіне өз анықтамаларын ұсынған.Соны мен «бейімделу» дегеніміз – бұл тірі ағзаның қозғалмалы жүйесінің арқасында, жағдайдың өзгеруіне қарамастан өзінің өмір сүруіне, дамуына, ұрпағын жалғастыруға қажетті тұрақтылықты ұстайтын қозғалмалы процесс.Көп жағдайда адам тағдыры оның кез келген жағдайда өмірінің туа біткен және қалыптасқан қабілеті, бейімделгіштігі мен анықталады. Жоғары, орташа, төмен бейімді адамдар болады. Бейімділіктің туа біткен негіздері – ол инстинктер, темперамент, дене құрылымы, эмоциялар, туа біткен интелектік талабы, ағзаның физикалық жағдайы және сыртқы көрсеткіштері болып табылады. Бейімделусіз түрлі климаттық жағдайға, үнемі өзгермелі ауа – райына ағзаның қалыпты өмірлік әрекеттерін ұстап тұру мүмкін емес еді. Бейімделу – барлық тірі және адам ағзасы үшін үлкен өмірлік маңызы бар. Осы тұрғыда Бұл кезең бір адамнан екіншісінің ерекшеленуіне мүмкіндік туғызады.Интеграция денгейі – ол қоғам мен адам арасындағы белгілі байланысқа жетуді шамалайды. Бұл кезеңде адам тіршілік әрекетінің үйлесімді түрін табады, қоғамда өздігінен жүзеге асырылу процесіне мүмкіндік туғызады. Жалпы тұрақты бейімделудің бұзылысы қорғаныс механизімін белсендендіруде тұлғаның тұрақты икемделе алмау жағдайы.Бейімделу бұзылысының пайда болу себептері болып:
1) Созылмалы ауру мен кәсіби мәселелер мен ажырасу мен т.б шақырылған психо - әлеуметтік стресті басынан өткізуі.
2) Басынан өткізген экстремалды жағдайлар – жарақатты дағдайлар, яғни адамның қайғылы оқиғаларға тікелей өзінің қатысуы болған жағдай.
3) Жаңа әлеуметтік жағдайға сәтсіз, қолайлы емес енуі немесе топтағы өзара әрекет етуінің бұзылысы.Қорыта келгенде өмір бойы барлық тірі ағза, соның ішінде адам үздіксіз – климатқа, қоректенуге, қоршаған адамдарға тіпті кәсіби зияндылықтарға және стресске икемделеді дедік. Осы құбылыс «бейімделу» түсінігінің сипатын анықтайды.
Мәдениеттің негізгі элементтері болып: ұғым (тілдің негізі болып және өзінің қабілеттілігін реттеуге көмектеседі), қарым-қатынас (ұғыну, қоршаған әлемге деген көзқарас), құндылық – элементтер, адамның өз мәдениетінің құндылықтарына сәйкес тәрбиеленуі.
Этностық мәдениеттің өсіп-өркендеуі үшн де қолайлы жағдай, мәдени кеңістік керек. Ол кеңістік деп отбасын, мектепке дейінгі блалар мекемелерін, оқу орындарын, ұлттық мәдени орталықтар мен газет-журнал, көркем жәнее ғылыми әдебиеттерді, ғылыми зерттеу және әкімшілік мекемелерін жатқызамыз.
Соңғы он бір жыл ішінде, әсіресе соңғы 4-5 жлда Қазақстанда тұратын аз ұлттардың балаларынң ана тілінде оқу оқыпр білім алуына, ұлттық мәдениет үлгілерін насихаттауға бір табан болса да қолайлы жағдай туғызылды.
29-лекция.Тақырыбы:Мәдени аралық бейімделу кезеңдері.Жаңа мәден ортаға бейімделу процесіне әсер ететін факторлар
Мәдени өрлеу мәселесін шешу мәдениеттің табиғатын түсінуге, оны ұғыну сипатына, мәдениеттің тарихи дамуының бай материалын түсінуге байланысты болады. Мәдениеттануда мәдениеттің аз жетілген түрінен толық жетілген түріне даму бағыты ретінде өрлеу (прогресс) проблемасына екі негізгі тәсіл бар.
Бірінші тәсіл оның құндылықтарын байыту, адам өмірінің барлық формаларының дамуы ретінде мәдениеттің даму кезеңдерінің ауысуына сүйенеді. Осы тәсіл шеңберінде мәдениеттің көптеген формалары мен типтері олардың бар айырмашылықтарына қарамастан адамзаттың рухани және материалдық-өндірістік дамуының біртұтас линиясын құрайды және мәдениеттің өрлеуін оның табиғатының біртұтастығы және мәдени алуан түрлердің бірлігі ретінде қарастырады.
Екінші тәсіл мәдени өрлеудің болуын біртұтас мәдениеттің үдемелі дамуы ретінде күмән келтіреді, ол оны әр түрлі типтерін жергілікті, автономды, өзінің өмірлік циклі ретіндегі, бір-біріне сай емес мәдени жүйелердің инварианттары ретіндегі түсініктен шығады. Бұл оларды салыстыру мүмкіндігін тарылтады, ол өрлеуді “өз мәдениеті” шеңберінде түсінуді, оның даму циклділігін түсінуді шектейді.
Мәдениеттің өрлеуі туралы мәселе – бұл қоғамның үдемелі тарихи дамуындағы мәдениеттің элементтері мен құндылықтарының сабақтастығы, жеке елдерде, халықтар мен қоғамдастықтарда адамның дамуының әр түрлі тарихи кезеңдері мен дәуірлерінің өзара қатынастары туралы мәселе.
Қазіргі мәдениеттану теориялары линиялық эволюция идеяларына сын және “жергілікті өркениеттер” тұжырымдамасын құру ретінде қарастырылады. Бұл тұжырымдаманы әр түрлі ғалымдар дамытты және әр елде дамыды: Шпенглер Германияда, Тойнби Англияда, Данилевский мен Сорокин Ресейде.
Белгілі “Европаның құлдырауы” (“Закат Европы ”) жұмысының авторы Освальд Шпенглерге мәдени-тарихи ұласу идеясы жатады: әрбір мәдени организм өмірге келген соң, табиғи ұласудан өтеді, яғни гүлденеді және кедейленіп, құлдырайды, өркениет түрінде өзінің соңына жетеді. Европада үлкен биіктікке жеткен өркениет өзінің өмірлік қарқынын жоғалтып, Европаның құлдырағандығы туралы куәландырады. Шпенглер тең құнды қол жеткізген табыстары бойынша мәдениеттердің көптігі туралы ілімін дамыту кезінде мәдени антропологияны сипаттай отырып, кең этнографиялық материалға сүйенді. Шпенглердің ойынша мұндай мәдениеттердің саны сегіз: египет, үнді, вавилон, қытай, антика, византиялық-араб, батыс европалық және оңтүстік америкалық майя.
Европоцентристік негіз болатын, тарихи даму жолындағы барлық халықтар үшін универсалды тарихи даму туралы түсінікке Арнольд Тойнби қатты соққы берді. Ол үлкен факт жүзіндегі материалды ұғыну негізінде тарихи процестің мәнін түсінуге тырысады және адамзаттың әлеуметтік- ұйымдасу формаларының алуандығы туралы қорытындыға келеді. Тарихи процесс көбінесе географиялық жағдайлармен анықталады, бұл әрбір өркениеттің қайталанбас бейнесін жасайды (“аймақтық өркениеттердің”). Бірақ кез-келген өркениет тарихи дамудың барлық фазаларынан өте алмайды (“пайда болу”, “өсу”, “күйреу”, “құлдырау”, “ыдырау”), кейбірі гүлденуге жетпей, күйрейді, кейбірі өз дамуында бір фазада ұзақ уақытқа тоқтап қалады. Н.Я. Данилевскийүшін мәдениеттердің тарихи алуандығы проблемасы және оның ішкі құрамының айырмашылығы шын бастапқы жағдай ретінде болады. Оның ойынша, тарих бар, этникалық қауымдардың, оңаша, жергілікті “мәдени-тарихи” типтердің (“өркениеттердің”) тарихи тұрмысы табиғатпен және бір-бірімен әрқашан күресте болады. П. Сорокин ХХ ғасырдағы ең ірі әлеуметтанушылар мен мәдениеттанушылардың бірі болып саналады. Ол әлеуметтік стратификация (қоғамның әлеуметтік жіктелуі) және әлеуметтік мобильділік (қоғамның жаңаруы) теориясын жасаушылардың бірі. Тарихи процесс дербес тұтастық және оның типін анықтайтын бірнеше басты алғышарттар бар. Сорокин мәдениеттердің үш типін айқындап көрсетеді:
1) сезімдік (шындықты сезіммен қабылдау басым болады);
2) идеационалды (ұтымды ойлау басым болады);
3) идеалистік (интуитивті таным басым болады);
Қазіргі мәдениет түсінігі бойынша И. Хейзингтің ойын теориясы маңызды болып саналады. Ол ойынды мәдениет негізі және көзі деп санайды. Оның ойынша, ойын мәдениеттен үлкен, өйткені ойынның негізгі белгілері жануарлар әлемінде бар. Сонымен қатар ойын биологиялық шеңберден шығып кеткен, адамның ұтымды қызметінің формаларында кездеседі: өнерде, философияда, құқықта және т.б.
Соңында К. Юнгтің мәдениет архетиптері теориясына тоқталғымыз келеді. Мәдениет архетиптері адам психикасында орын алған, оның терең қабаттары – ұжымдық санасыздықта. Архетиптер сыртқы әлемде көріне отырып, мәдениеттің өзіндік түрін анықтайды. Нақты мәдениетті қалыптастырудың әрекетті тәсілі ретінде сакрализация туралы Юнг идеясы маңызды болып саналады: мәдениеттің қандай да бір типінің құндылығы мен мақсаты ұжымдықта көрініс табады, оған санасыздықтан ауысады, сынға жатпайтын құндылықтар ретінде қабылданады.
К. Ясперстіңмәдени-тарихи тұжырымдамасы – алдындағы теориялар синтезінің өзіндік тәжірибесі. Жалпы адамзаттық мәдениет идеясына сүйене отырып, мәдениеттің мәнін түсінуде руханилыққа орын бере отырып, бірақ тарихтың материалдық түсінігінің жеке элементтерін қабылдай отырып, тіршіліктің жергілікті идеясынан және ежелгі заман мәдениеттерінің жергілікті сипатынан бастап санай отырып, Ясперс мәдениеттің тарихи типтері туралы түсінікті едәуір байытты.
Ол келесі топтарды атап көрсетеді:
- ертедегі тарихқа дейінгі, “прометей кезеңі” және қазіргі, жаңа уақыт кезеңіне дейін кеңіген (оның ғылымымен және техникасымен, тарихтың әлемдікке айналуымен). Одан әрі орталықтан екі жақтан – “ежелгі заманның ұлы мәдениеттерінің” тарихы (оның локализмі және автономиясымен), және де осьтен кейінгі, “империялық” кезең, Батыс, Үнді, Қытай өркениеттерінің жергілікті-тарихи арнасына жартылай қайтып келген. Ал орталығында – “осьтік уақыттың” өзі (1 мыңжылдықтың ортасынан біздің эрамызға дейінгі) және олардың барлық үш мәдени облыстарда жасаған универсиалды және гуманистік мәдениеті. Ол - өз кезегінде жалпы адамзаттық мәдениет “өсиеті” және адамзат үшін болашақта тірі қалып, еркіндікте болуға мүмкіншілік. Әрбір тірі жан туғаннан бастап өмірінің соңына дейін қоршаған ортасына жақсы икемделуге тырысады. Бұл қасиет барлық тірі ағзаға тән, яғни дем алу, қозғалу, көбею секілді қасиеттері бар ағзаға.Көне грек философы Эпидокл өсімдіктер мен жануарлар эвалюциясы жайлы гипотезасын қозғағанда ең алғаш өмір сүру және икемделу түсінігін көрсеткен.Қазіргі заманда әсіресе қарқынды өзгеруіне байланысты кез-келген жағдайда өзін жақсы сезіну, жағдайларға икемделе, бейімделе алу өте маңызды. Ғалымдар осы күрделі процестің түрлі шегін зерттеуге, бағалауға болатындығын көрсетуде. Қазіргі ғылым медицина, биология тоғысында адамның қоршаған орта жағдайына икемделуіне, бейімделуіне жағдай жасайтын жаңа әдістерді қарастыруда.Латын тілінен аударғанда «бейімделу» - икемделу, үйлесу деген мағынаны береді. Нақты уақытқа дейін «бейімделу» түсінігінің анықтамасы жоқ. Ағылшын ғалымы Проссердің айтуынша, оның көп мәнділігі сонша, қанша зерттеушілер бар, соншама түрлі жауап қайтарылады және соның барлығыда дұрыс болып табылады.Адамның бейімделуінің төрт түрін көрсетуге болады: психологиялық, физиологиялық, биологиялық, әлеуметтік.Дәрігер – жүрек, бауыр, бүйрек т.б ішкі ағзалар жұмысы арқылы физиологиялық бейімделуді бақылайды. Психолог – адамдар мен қарым-қатынас орната алуын, яғни психикалық бейімделуді зерттейді.
30-лекция.Тақырыбы: Индивид және топтар үшін мәдени аралық байланыстардың мәні.
Мәдени шоктың сатысын және мәдени аралық бейімделуі өте көптеген факторлармен ерекшеленеді, оларды индивидуалды және топтық деп бөлуге болады. Бірінші түр факторларға жатады:
1. Индивидуалды мінездемелер – тұлғалық және демографиялық.
Бейімделу процесіне жас өте қатты әсер етеді. Тез және жеңіл кішкентай балалар бейімделеді, содан кейін мектеп жасындағылар қиналады, өйткені олар сыныпта өздерінің құрбыларына ұқсаулары қажет, сыртқы бейнесімен, манерасымен, тілдерімен, тіпті ойларымен де. Қарт адамдарға мәдени қоршаған ортаның өзгеруі өте қатты қиындыққа әкеп соғады. Дәрігерлер мен психотерапевтердің көзқарасы бойынша көптеген көшіп келгендердің көбі мәдениетсіз ортаға бейімделе алмайды, олардың ішкі қажеттіліктері болмаса бөтен мәдениет пен тілді үйрену қажет.
Кейбір зерттеулердің нәтижелері бойынша әйел адамдар бейімделу процесінде көп мәселелерге кез болады, ер адамдарға қарағанда. Шынында да мұндай зерттеулердің обьектісі салт-дәстүрлі мәдениеттегі әйелдер болды, бейімделуге өте төмен, білім деңгейі мен кәсіптік тәжірибесі ерлерге қарағанда төмен. Керісінше, американдықтарда жыныстық ерекшеліктер байқалмайды. Мынадай көрсеткіштер бар американдық әйелдер тезірек шапшаң, ер адамдардың басқа мәдениетке қалыптасуынан ерекшеленеді. Білім бейімделудің жетістігіне әсер етеді: ол жоғары болған сайын мәдениет шогының симптомдары азырақ болады. Жоғары білімді жастарға бейімделу оңайға түседі.
Осыған дейінгі пікірлер бойынша, шетелде жұмыс немесе оқу үшін адамдарды тұлғалық мінездемелерімен, мәдени аралық бейімделу қалыптасады. Г.Триандис былай дейді, қазіргі уақытта бейімделудің әсер етуі дәлелденген:
Басқа да көптеген авторлармен келтірілген, «Адам шетел үшін» егерде мәдениетті ортаға кірген кезде, оларға өте көп қиыншылықтар кездеседі. Берілген мәліметтерді қарастыратын болсақ басқа мәдениетке кіру үшін, тәжірибелі жетік терең білетін, өзін ұстайтын, экстровертті типті көпшіл индивид болуы шарт; адам құндылықтар жүйесіндегі үлкен орын алатын жалпы адамдық құндылықтар, әртүрлі көзқарастарға берілген, қоршағандармен қызықтыратын, ал қақтығыстар кезінде бірлестік стратегиясын қабылдайтын адам. Бірақта осындай әмбебап тұлғалық мінездемелерді, кез-келген мәдениетке тез бейімделе алатын адамды табу қиын. Тұлғалық ерекшеліктер жаңа мәдениет нормаларымен келісімде болу керек. Мысалы экстроверсия бейімделуді жеңілдетпейді. Сингапур мен Малазия экстроверттері Жаңа Зеландияға жақсы бейімделе алады, бұл елдің интроверттеріне қарағанда. Бірақта, Сингапурда эксторвертті-ағымында өте терең мәдениетті шокты көрді, бөтен мәдениетті өздерінің тұлғалық бағыттары субьективті өмірге негізделген сыртқы обьктивтілерге еместігін байқалады.
Мәдениеттіңнегізгі элементтеріне ең алдымен тіл жатады.
Ол – адамзат тәжірибесін сақтау мен болашақ ұрпаққа берудің объективтік формасы. Демек, тіл адамдардың қатынас құралы, ойлаудың тікелей шындығы болса отырып, олар туралы мәлімет берудің құралы олып табылады.
Этнопсихологияның демографиялық және экологиялық аспектлері. Урбанизация, оның тұлғаның этнопсихологиялық келбетін қалыптастырудағы әсері. Әр түрлі этникалық топтардың (оқушы, студент, жұмысшы, шаруа, зиялы және т.б) жас ерекшелік, жыныстық, кәсіптік, антропалогиялық жақтарына байланысты ерекшеліктері, мұның кәдуілгі санадан орын алып отыратындығы. Этникалық генофонд туралы түсінік. Адам ат қою мен жер атауларының этнопсихологиялық астарлары.
Діни сенім, оның этнопсихологиялық аспектлері. Дін және тұлға. Бизнес пен сауда саттықтағы ұлтаралық өзгешіліктер. Ұлттық этикет пен іскерлік стиль ерекшеліктерін есепке алу. Этнопсихология және психодиагностика. Заңға қайшы келетін мінез-құлық, оның түрлі формаларымен (нашақорлық, ішімдікке салыну, жезөкшелік т.б) күрес жүргізуде этнопсихологиялық білімнің маңыздылығы.
Ұлттық ерекшеліктерді зерттеуде батыстық әдістемелердің жарай бермейтіндігі. Тестер және сауалнамаларды таңдауда ұлттық ерекшеліктермен санасудың аса қажеттігі.
Этнопсихология және саясат. Этносоралық шиеленістердің алдын-алуда этнопсихологиялық білімдердің ролі. Этносаралық шиеленістердің психологиялық астарлары (Г.У.Солдатова). Этносаралық шиеленісушіліктің әлеуметтік-психологиялық феномен екендігі. Ұлтаралық байланысты тиімді етудің жолдары.
Әр түрлі этникалық қауымдастықтағы қарым-қатынас және мұның этностық ерекшеліктері.
Ұлттық мінездің қалыптасуында әр түрлі әдет наным-сенімдердің алатын орны.
Көпшілікке белгілі 1988 жылдан бастап республикада психолог мамандар даярлана бастады.
Ұлттық мәдениетті және кез келген басқа мәдениеттің негізгі элементтеріне сенім мен білім жатады. Сенімде адамдардың шынайы бейімділігі, күнделікті қызметінде нені басшылыққа алатындығы айқындалады да, ол мінез-құлық үлгілерінен, нормалары мен дағдыларынан т.т. көрініс табады. Мәдениеттің құндылық танымдық жүйесі оның мағңызды компоненті болып табылады. Құндылық дегеніміз - бұл белгілі бір қоғамдық заттың, құбылыстың қажеттілігі, ынтаны, бір қоғамдық заттың, құбылыстың қажеттілігі, ынтанеы, мүддені қанағаттандыру қасиеті. Құндылықтар әлеуметтік субъекті өз қажеттерін саналы түрде сезінуі нәтижесінде, қоршаған ортамен олардың сәйкестігінде, демек, бағалау актісінде жүзеге асатын құүндылық қатынасы неәтижесінде қалыптасады.