Тақырып. психологиядағы тұлға ұғымы

Жоспар:

1. Кіріспе. Тұлғаның жалпы сипаттамасы.

2.Тұлғаны зерттеудегі теориялар мен ықпалдар.

3. Кеңестік психологиядағы тұлға теорияларының жалпы постулаттары

Негізгі ұғымдар: “индивид”, “субьект”, “тұлға”, “даралық”, тұлғаның психологиялық құрлымы: қабілеттер, темперамент, мінез.

Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? «Жан» дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.

Бұл курстың мақсаты – қиын да, әрі ауқымды мәселеге кіріспе беру болып табылады.

Психологиялық ғылымда “тұлға” категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ “тұлға” ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?

Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Бұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген не деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларының әрқилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: “ Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рольдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді.”

Немов – тұлға кім? (қасиеттер жиыны) ма, әлде не (индивид) пе?
А.Н.Леонтьев: Тұлға индивидтің қарым-қатынас кезінде иеленген ерекше қасиеттері.

А.Орлов: Тұлға – субъектінің мотивациялық қатынастарының жүйесі, әрбір адам белгілі бір тұлғалық құрылымдардан біртұтас қасиеттерді жинақтайды.

Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан “тұлға” ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды түсінеді. Яғни, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеке дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. “Тұлға” ұғымының мазмұнына көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.

Сонымен, тұлғадегенімізол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие.

Тұлға – табиғат, қоғам және өзін-өзі белсенді меңгеретін жане бағыттандырылған түрде түрлендіретін адам, оның бойында, кеңістік, уақыттық икемдердің, өзін-өзі анықтау бостандығын және табиғат алдында өзінің қылықтары үшін жауапкершілік мөлшерін қамтамасыз ететін қажеттілік-еріктік бастан кешірушілердің ерекше динамикалық қатынасы болады.

Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағынада қолданылады. Жеке тұлға – бұл сол адам, бірақ тек ғана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынастардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады.

Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.

Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллекттің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуан баласынан ажыратады. “Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.

«Индивид» түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид - ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.

Б.Г.Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса, жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.

Индивидтің бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп, темперамент пен адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды.

«Тұлға» ретінде адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп сипаттайды. Осы ұғымның аясында тұлғаның мынадай психологиялық қасиеттері қарастырылады. Олар: мотивация, темперамент, қабілеттік және мінез.

 
  тақырып. психологиядағы тұлға ұғымы - student2.ru


ТЕМПЕРАМЕНТ
НЫШАНДАР МЕН ҚАБІЛЕТТЕР
МОТИВАЦИЯ (БАҒЫТТАЛҒАНДЫҒЫ)
МІНЕЗ
ЕРІК
СЕЗІМ

1.1 сурет "Тұлға" ұғымының құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша)

Адамды тануда Б.Г. Ананьев бөліп қараған тағы бір ұғым «іс-әрекет субъектісі». Бұл ұғым өзінің мазмұны бойынша «индивид» және «тұлға» ұғымының ортасында. Іс-әрекет субъектісі адамның биологиялық бастауы және әлеуметтілігін біріктіреді.

Адамды субъект ретінде басқа тіршілік иелерінен ажырататын басты белгі – сана (1.2 сурет).

Сана – психикалық дамудың ең жоғары сатысы, ол тек адамға ғана тән. Ол адамның объективті шындықты тану, бағытталған мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ айналаны өзгерту мүмкіндігін анықтайды. Қоршаған ортаны саналы түрде өзгерте алу іс-әрекеті адамның субъект ретіндегі тағы да бір белгісі. Осылайша, субъект – іс-әрекет ете алу қабілеті бар саналы жеке тұлға.

ІС-ӘРЕКЕТ СУБЪЕКТІСІ

тақырып. психологиядағы тұлға ұғымы - student2.ru

С А Н А
БЕЛСЕНДІЛІК
ҚЫЗМЕТ

1.2 сурет «Іс-әрекет субъектісі» ұғымының құрылымы

(Б.Г.Ананьев бойынша)

Сонымен, біріншіден адам тірі табиғат өкілі – биологиялық объект, екіншіден, саналы іс-әрекет субъектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыла алады. Яғни адам – саналы және қызметке қабілетті биоәлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның интегралды сипаттамасы – оның жеке тұлғалылығын қалыптастырады.

Жеке тұлғалылық – бұл нақты адамның өзгешелігі және қайталанбастығы көзқарасынан психикалық, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерінің жиынтығы болып табылады. Адамның жеке тұлғасының қалыптасуындағы алғышарттарына қоғамдық сипаты бар тәрбие процесінде өзгеретін анатомия-физиологиялық бастамалар жатады. Тәрбиелеу жағдайлары мен туа біткен мінездердің әр түрлілігінен жеке тұлғалылықтың көп түрлілігі пайда болады.

Сондықтан, адам – нақты өмірдің ең күрделі объектісінің бірі деп қортынды шығаруға болады. Адамның құрылымдық ұйымдасуы көп деңгейлі сипаты мен оның табиғи, әлеуметтік мәнінен көрінеді (1.3 сурет). Сол үшін де адам және оның іс-әрекетін зерттейтін көптеген ғылымдардың болуы ғажап емес.

 
  тақырып. психологиядағы тұлға ұғымы - student2.ru


ИНДИВИД

тақырып. психологиядағы тұлға ұғымы - student2.ru

СУБЪЕКТ
ЖЕКЕ ТҰЛҒА

1.3 сурет «Жеке даралық» ұғымының құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша)

Дүниені танудағы рационалды көзқарас бізді қоршаған шынайы өмір санамызға байланыссыз өмір сүретіндіктен, оның тәжірибелік жолмен зерттелуі мүмкіндігіне, ал бақыланатын құбылыстарды ғылыми тұрғыдан толығымен түсіндіруге болатындығына негізделеді.

тақырып. психологиядағы тұлға ұғымы - student2.ru

Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапаға иеленеді – тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам - субъект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.

Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипаттап, оның жеке даралығын анықтайды. Әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын ерекшелігі бар, сондықтан да тіптен екі бірдей жеке тұлға болмайды және болуы мүмкін емес.

Адамның онтогенетикалық уақыты:

- жаңа туған нәресте – индивид;

- материалды негізде сана қалыптасады, адам субъектікке айналады;

- сана негізінде өзіндік сана, тұлға өзегі қалыптасады;

- даму барысында адам даралықты иеленеді.

Сонымен, “тұлға” ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек. Мәскеулік және санкт-петербургтық психологиялық мектеп өкілдерінің әдебиеттерінде адам ұйымдасуының иерархиясына әртүрлі көзқарас берілген. Мысалы, мәскеу мектептерінің өкілдері “субъект” деңгейін бөлмей, адамның биологиялық және психикалық қасиеттерін “индивид” ұғымына біріктіреді. Бірақ, бұған қарамастан, “тұлға” ұғымы адамның әлеуметтік ұйымдасуымен ұштасқан.

Егер тұлға анықтамаларын жинақтап, саралайтын болсақ, онда ол индивидтің ортаға байланысты жетілген барлық қасиетттерінің жиынтығы.
Тұлға дегеніміз, қоғамда белгілі орыны бар, белгілі қоғамдық қызмет атқаратын саналы индивид. Тұлға индивидке қарағанда жас, себебі, адам индивид болып туады, ал тұлға болып қалыптасады.
Психология ғылымы жеке адамды зерттеуде, көмек көрсетуде белгілі бір методологияға сүйенеді. Себебі, психология көп мәнді ғылым болғандықтан әр ғалым өзінің ғылыми позициясына байланысты тұлға құрылымына түсінік береді.

Тұлға құрылымы дегеніміз, тұлғаның даралық-психологиялық, дүниетанымдық, әлеуметтік-психологиялық қырларының жиыны. Алайда, әрбір персонолог тұлға құрылымын түрліше сипаттайды, ал бұл олардың әдіснамалық бағытын көрсетеді.

Тұлға құрылымы биологиялық және әлеуметтік қатынастар арқылы қарастырылады, сондықтан психологияда тұлғаның эндопсихологиялық және экзопсихологиялық құрылымдардан жинақталған деген идея пайда болған. Эндопсихологиялық – тұлғаның ішкі механизмі (ойлау, есте сақтау т.б.); Экзопсихологиялық – адамның қатынастар жүйесі, әлеуметтік фактор (мотивация, сезім, білімі, қызығу т.б.).

Тұлға құрылымын қарастырғанда оған қабілеттерді, темпераментті, мінезді, мотивацияны және әлеуметтік нұсқауларды енгізеді.

Қабілеттер дегеніміз бұл түрлі іс-әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның жеке басының тұрақты қасиеттері.

Темперамент - адамның психикалық процестерінің динамикалық сипаттамасы.

Мінезде бір адамның басқа адамдарға қатынасын анықтайтын қасиеттер бар. Мотивация дегеніміз әрекет етуге деген ынтаның жиынтығы болса, әлеуметтік нұсқаулар – адамдардың наным-сенімдері.

Бұдан басқа, кейбір авторлар тұлға құрылымына ерік пен эмоция түсініктерін қосады. Психикалық құбылыстардың құрылымында психикалық процестерді, психикалық күйлерді және психикалық қасиеттерді бөліп көрсету керек. Психикалық процестер өз кезегінде танымдық, еріктік, эмоционалдық болып бөлінеді. Ерік пен эмоция өзіндік құбылыс ретінде психикалық процестер шебінде қарастырылуға лайықты.

Алайда, осы құбылыстарды тұлға құрылымы шебінде қарастыру үшін де авторларда негіз бар. Мысалы, сезімдер – жиі әлеуметтік бағдары бар эмоцияның бір түрі, ал ерік қасиеттері қоғам мүшесі болып табылатын адамның қылықтарын реттеуге қатысады. Осы айтылғанның бәрі қарастырылып отырған мәселенің күрделі екендігін және тұлға мәселесінің кейбір аспектілеріне қатысты белгілі келіспеушіліктердің болатындығын көрсетіп отыр. Көбірек келіспеушілік тудыратын мәселелер: адам ұйымдасуы құрылымының иерархиясы, тұлғадағы биологиялылық пен әлеуметтіктің қатынасы.

Тұлғаның табиғи және әлеуметтік ерекшеліктері бір-біріне қарама-қарсы емес, олар біртұтастықты құрайды.

Рубинштейн тұлғаның психологиялық бейнесінің 3 қырын көрсетеді:
1. Тұлғаға не керек? Ол неге ұмтылады? – Бұл бағыттылық, ұстаным, қажеттіліктер, қызығушылықтар, идеалдар.

2. Тұлға не істей алады? Бұл – қабілеттіліктер, дарындылықтар, таланттар.

3. Тұлға дегеніміз не? Бұл – мінез.

Сонымен, Рубинштейн бойынша тұлға құрылымына енетіні – бағыттылық, мінез, қабілеттілік.

Мясищев, Мерлин, Ананьев бұл тізімге тұлғаның психофизиологиялық

негізі ретінде темпераментті тіркейді.

Айзенк бойынша тұлға мінез, темперамент, интеллект, адамның дене бітімінен құралған.

Кеттел тұлғаны факторлы талдауды ұсына отырып, өз тұжырымдамасында тұлға құрылымын – 3 қасиеттер тобымен сипаттайды, ол темпераментті қасиеттер – қабілеттіліктер, өзгермелі қасиеттер, бағыттылық пен қызығушылықтарды біріктірген мотивациялы мінез-құлық..
Петровский тұлғаның 3 құрылым компонентін көрсетеді:
1.интроиндивидті компонент – темперамент, мінез, қабілет.
2. интероиндивид - өзара қатынас, өзара әрекеттестік нәтижесіндегі сапа, қасиеттер.
3. метоиндивидті – субъектінің басқа индивид бойында жалғасуы (персонализация).
Л.И.Божович – бағыт-бағдар арқылы тұлға тұтас.

А.Г.Ковалев – тұлға дамуы – жеке қасиеттерінің интеграциясы, ол темперамент, қабілет, бағыт-бағдар.

Л.И.Божович тұлғаның екі негізгі критерийлерін бөліп көрсетті. Біріншіден, адамды тұлға деп санауға болады, егер оның мотивтерінде иерархия болса, яғни ол өзінің тікелй талаптарын жеңуге қабілетті болса. Екіншіден, егер ол өзінің мінез-құлқына саналы түрде басшылық ету қабілеті болса.

Кеңес психологиясының дәстүріне сәйкес, тұлға индивидтің қоғамдық игерілген тәжірибені, яғни адам өміріндегі өлшемдер мен құндылықтар туралы көрністерді игеру жолымен қалыптасады. А.Н Леонтьевтың айтуынша тұлға «екі рет туылады».

Бірінші рет өмірге келу мектепке дейінгі жасқа жатады, яғни бала өзінің мінез-құлқын социмумнің талап-тілектері бойынша құрастыра бастағанда және т.б баланың мотивтерге бағынуы қалыптаса бастағанда. Қатар бағынған мотивтердің қалыптасқанын, егер баланы мотивердің конфликтісі жағдайында қойғанда бақылауға болады: ойыншығын өзінің қолы жетпейтіндей бигірек жерге іліп, бірақ қасына орындық қойып, бөлмеден шығып кету. Ал балаға тек қана орындыққа шығудан басқа кез келген әдіспен ойыншықты алуға тапсырма беру керек. Бала берілген тапсырмаға қарамастан, ойыншыққа қол жеткізеді.Тапсырма берген адам бөлмеге кіріп, балаға тапсырманы орындағаны үшін кәмит ұсынғанда, бала бұл ойыншықты «Заңсыз» түрде алғанын, демек, кәмпиттің еңбексіз келгенін түсініп жылай бастайды. Мектепке дейінгі жас кезеңіндегі тұлғаның қалыптасуындағы өте маңызды саты болып табылады, себебі, бала әлеуметтік өлшемдер мен талаптарды игеру механизмін жүзеге асырады.

Тұлғаның қалыптасуының екінші сатысы жеткіншек жаста, адам өзінің мотивтерін ұғынуға тырысқанда басталады. Бұл саты өзіндік санамен, өзіндік тәрбиемен байланысты.

Тұлға екі механизмдер әрекетінің нәтижесінде қалыптасады: стихикалық (мотивтердің мақсатқа жылжуының жалпы механизімі) және арнайы (ұқсатулар мен әлеуметтік рөлдерді игеру).

Мотивтерді мақсатқа жылжыту механизмібаланың өмірінің алғашқы жылдарында жұмыс істей бастайды, балаға мінез-құлық өлшемдерін дағдыландыру кезінде нені істеуге болады, ал нені болмайтынын: «шайнекті ұстама – ол ыстық» түсіндірілетін кезде қалыптасады. Бірақ бала бұл шайнектің ыстық немесе суық екенін өзі ұстап көрмейінше, ұқпайды, демек тек өлшемдер ғана емес, сондай-ақ ережелерде қалыптасады.

Баланың мінез-құлқы тек сырт келбетінде ғана емес, сондай-ақ оның мотивиациялық сферасында өзгерістер баланың қандай да бір сәттен бастап дұрыс істеуінен өзі ләззат ала бастайтынынан көрінеді. Бұл әсіресе, жоғарғы мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларда ерекше байқалады.

Тұлғаны тәрбилеу егер ол дұрыс эмоциялық реңде өтсе ғана жемісін береді. Сонда бала үшін ата-ананың талаптары тұлғалық мағанаға толы болады, өйткені анасымен болу – бала үшін қуаныш. Алғашқы кезде бала алғашқы талапарды анасымен қарым-қатынаста болу үшін орындайды.

Басқаша айтқанда, талапар мақсат болып, ал анасымен қарым-қатынас – мотив рөлін атқарады. Уакқыт келе, бала көбірек жағымды бастан кешіруді өткізеді: ұзақ уақыт бойы жағымды эмоциялармен толыққан зат, идея, мақсат, мотив беделіне ие болады.

Ұқсастру механизмімектеп жасына дейінгі балаларда, олар анасы не әкесіне ұқсап баққысы келіп, рөлдік ойындарды ойнай бастағанда байқалады: сөйлеу мәнерінде, киімі және т.б. Баланың әлеуметтік тәжірибиесінде үлкендерге еліктеу жағдайын байқауға болады.

Ұқсастру механимзмі алдымен ұғынылмаған деңгейде болады, бірақ кейін балалар мысалға, анасы сияқты ашушаң, әкесі сияқты ішімдік ішпейтіндерін айтады, яғни бұл кезде ұғыну процессі жүзеге асады.

Уақыт өте балада ұқсастыру пәні ретінде анасы да, әкесі де емес, мультфилімдер, кітаптардың және т.с.с көркем фильмдердің кейіпкерлері болады.

Мотивтің мақсатқа жылжуы кезінде еліктеу үшін жаңа адам пайда болады. Бұл үлгінің дезактуалиция феномены деп аталады. Бұрынғыға қарағанда басқаша, жаңа қажеттіліктердің пайда болуына байланысты, еліктеудің жаңа үлгісі пайда болады.

Әлеуметтік рөлдерді қабылдау мен меңгерудің механизміәр түрлі жолмен іске асуы мүмкін:

Біріншіден, әлеуметтік позиция арқылы – адамның басқа адамдарға қатысты алатын функционалдық орны. Нақты әлеуметтік позицияға қол жеткізген соң, адам сәйкес әлеуметтік рөлін атқаруға кіріседі.

Екіншіден, әлеуметтік рөлдерді орындау кезінде өзін басқалардың алдында қоршаған адамдар қалаған қалыпында ұстауы тиіс.

Фрейд адаммен әлеуметтік рөлді меңгерудің психологиялық аспектілерін зерттеді және өзінің жоғалған обьектілер тероиясында – ләззат алудың қайнар көздерін көрсетті, индивиттің күштеуі нәтижесінде, қатынасқа қанағат әкелетін өзінің фантазиясын сақтайды, «басқаның» рөлі индивидтің тұлғалық құрылмының, оның «мен» бөлігі болып табылады. Фрейдттің талқылауында әлуметтану мәселесін Парссонс қолданды, пікірі бойынша қоғамның рөлдік құрлымы туралы алғашқы түсінікті бала ерте балалық шақта туындаған мәселені шешу тәжірбиесі барысында алады және тұлға мен әлеуметтік жүйенің алғашқы байлайланысы қаланады.

Рөлдер мынаған бөлінді:

- Табиғилығы бойынша белгілеу (аскриптивті, яғни тулуы, жасы, жынысы, ерекше топқа жазылу);

- Жеке күшімен жеткені (жетістіктері).


Алексей Николаевич Леонтьев (1903-1979)- кеңес психологы, 20 ж. Выготский және Луриямен бірлесе отырып, психиканың қалыптасуның тарихи-мәдени тұжырымдамасын жасаған. Кейіннен психикалық құбылыстарды іс-әрекет тұрғысынан қарастырған. Сананың пайда болуы мен психиканың дамуы саласындағы зерттеулерде көп үлес қосқан. Іс-әрекет құрылымы ретінде мақсат, мотив, іс-әрекет жағдайын сипаттаған. Өмірінің соңғы жылдары тұлғаны мотивациялы-мағыналық иерархия жүйесінде қарастырған.
А.Н.Леонтьев іс-әрекет психологиясының негізін қалаушы ретінде әйгілі. Ол жеке адам мен іс-әрекетті ажырамас симбиоз ретінде қарастыруды ұсынған.
Іс-әрекет иерархиясы (Леонтьев бойынша): қажеттілік, түрткі, эмоция, мағына, мәннен құралады. Тек Леонтьев жеке адам болғанда ғана нәтиже болатынын, жеке адам іс-әрекетті, ал іс-әрекет жеке адамды дамытатынын тұжырымдаған.

Тұлға жайлы ұғым – мотивациялық сфера жайлы ұғым. А.Н. Леонтьевтің тұлғаны дамытудың және оның құрылымын өзгертудің 3 бағыты:

1. Адамның қоғаммен байланысының кеңдігі (әрекеттің потенциалды мотивтерінің саны)

2. Мотивтерді ирархиалаудың деңгейлері (мотивтердің бағынушылығы) реттелген жиынтық

3. Мотивациялық сфераның индивидуалды саласы (профилі)

Мотивациялық сфера қабылданады. Тұлғаның пайда болуы тар мағынасында стихиялы түрде пайда болған, бірақ ол жеткіліксіз. Тұлға сыртқы әлемге енеді және жеткіліксіз. Тұлға сыртқы әлемге енеді және өзгерістерге ұшырайды. Даму белгілі бір күш жұмсап әрекет етуді талап етеді.

Бастапқы ұғым – объективті шындықтағы әрекет. Әрекет адамға қоршаған әлемге енуге көмектеседі, әлемді өзгерте отырып, ол өзінде өзгертеді. Жеке және қоғамдық тәжірибе бір-бірімен өте тығыз байланыста. Іс-әрекет адам мен әлемнің үздіксіз және практикалық әрекеттестігінің деңгейлерінің бірі болып табылады. Ол өзінің объекті арқылы анықталады. Барлық психикалық үрдістеу тұлға үрдістері ретінде қарастырылуы мүмкін. Мінез-құлық, іс-әрекеттің ерекше формасы. Мұнда адам әрекетінің мотивациясы заттың жоспардан тұлғалық – қоғамдық қатынас жоспарына ауысады. Бұл екі жоспарда бір – бірімен тығыз байланысты. Тұлғалық – қоғамдық қатынастар заттық жоспарлар арқылы жүзеге асады. Мінез-құлықтағы ең бастысы – моральдық нормаларға деген қатынас. Мінез-құлықты анализдеудің бірлігі болып табылады.

2. Тұлғаның психологиялық теорияларында тұлғаның табиғатын түсіндіретін өзара бір-бірін толықтыратын екі ықпал бар. Біріншісінде тұлға субъектінің мінез-құлық ерекшеліктері мен интрапсихикалық қасиеттердің автономды жүйесі, уникалды деп анықтайды, ол жүйеге мінезі, қабілеттері, түсініктері, құндылыққа бағдарлануы мен концепциялары кіреді.

Екінші ықпалда тұлға болу үшін интерперсоналды кеңістікке қосылуы керек, басқа адамдармен белсенді саналы әлеуметтік қатынастар құрады, яғни тұлға ол интерпсихикалық байланыстары мен адамның өзара қатынастары. Тұлғаның интерпсихикалық компонентіне шоғырланған Л.Хьел, Д.Зиглер оны ғылыми зерттеудің келесі аспектілерін көрсетеді:

Тұлға құрылымы ол тұрақты сипаттамалар, әртүрлі комбинацияларға түсе отырып бірыңғай, ұйымдасқан тұтастық құрайды және тестілеуде немесе экспериментте орнықты көрсеткіштерді табуды мүмкін ете алады; мотивация мінез-құлықтың процессуалды, динамикалық аспектілерін қосатын оның себептері мен факторларын шақыратын оятатын мотивтер.

Тұлғаның дамуы әртүрлі жас сатыларында нәрестеліктен қартайғанға дейінгі оның қасиеттері мен ерекшеліктерінің заңды өзгерістері; тұлғаның психопатологиясы тұлғаның биосоциалды қоршағандарға адаптациясында шарттанған қиындықтар, процестер, факторлар және психиканың жұмыс жасауынан ауытқуы; тұлғаның психикалық денсаулығының негіздемесі белгілі бір критерийлермен сәйкес бөлінгендер; тұлғаның психологиялық әсерді коррекциялау процесіндегі трансформациясы эмоциялық ерік когнитивті, мінез-құлықтық сферадағы өзгерістер, психотерапевтік ықпалдар мен техникалар жасайтын жағдайларға жету үшін жасалатын трансформациямен байланысты болады.

Тұлғаның кез келген теориясы мына сұраққа жауап беру үшін жасалған. Тұлғаның құрылысы оны құрайтын элементтер қандай? Адамның істерін қандай мотивтер бағыттайды? Адамның тұлға болуын не детерминациялайды, оның өсуін не қамтамасыз етеді, не кедергі келтіреді? Тұлғалық дамуда қандай факторлар аномалияны шақырады? Психикалық денсаулықты бағалау критерийі мен шарты қандай?

Тұлғаның өзіндік тиімділігін көтеру үшін және позитивті өзгерту үшін оларды не камтамасыз етеді? Д.Мацумото әртүрлі теорияларды жалпылап, оларды біріктіретін жағдай ол сыртқы ситуациялардан тәуелсіз орнықтылық мәселесі деді. Альтернативті ықпал былай айтады: тұлға тек әлеуметтік байланыстары мен тұлға аралық қатынастардың жүйелері арқылы ғана адекватты түсініледі.

Тұлғалық белсенділік теориясы бойынша А.В.Петровский интраиндивидуалдымен қатар тұлға аралық өзара әрекеттің «индивидуалдылықтың айналасындағы кеңістік» ретінде белсенділіктің интериндивидуалды сферасы да бөлініп алынады. А.В.Петровский бойынша тұлғаның белгілі бір қырларын бекіту индивидтің сол бірлестікке қосылу механизміне бағынады.

Тұлғаның дамуын индивид аралық қатынастар субъектісі ретінде бағалау үшін негізгі критерийге әлеуметтік топтарға кіру сәттілігінің дәрежесі алынады, өзінің меншікті белсенділігін басқа адамдармен белсенділікпен интеграциялау қабілетінің деңгейі алынады. Тұлға үнемі қарым-қатынаста, басқаға арналған қатынаста беріледі және «ішкі тәуелсіз территориясы» болмайды, әлеуметтік қатынастардан автономдылығы жоқ деген идеяларды М.М.Бахтин және Л.С.Выготский жасады.

Олардың бірігулерінен ол кеңес психологиясының, қазіргі психологияның гуманитарлық білімдер жүйесінің негізі болып табылды. М.М.Бахтин оны келесі тезисте көрсетті: «Мен өзімді ұғынамын өзімді тек басқаға ашқанда ғана, басқаның көмегімен ғана өз өзім бола аламын». Адамның өз болмысы (сыртқы мен ішкі) терең қарым-қатынас. Бар болу ол қарым-қатынасқа түсу болып табылады. Бар болу ол басқа үшін бар болу сол арқылы өзім үшін бар боламын.

Тұлға аралық қатынастар субъектісі ретінде тұлға өзінде үш репрезентацияланған (сфералар) бірлікті табады:

1) интраиндивидтілік тұлға оның «интраиндивидті сапаларының» орнықты жиынтығы ретінде адамның индивидуалдылығын құрайтын психикалық қасиеттер (темперамент пен мінез ерекшеліктері, қабілеттері, мотивтері, тұлғаның бағыттылығы және басқалар).

2) интериндивидті тұлға индивидтің индивид аралық байланыстар кеңістігіне қосылуы ретінде қаралады, онда ішкі топтық өзара қатынас пен өзара әрекет оларға қатысушылардың тұлғалық сипаттамасы ретінде қаралады (мұнда тұлға аралық өзара қатынастарды түсінудегі жалған альтернатива жойылады, олар не топтар феномендері не тұлға аспектілері ретінде қаралады, мұнда тұлғалық топтық, ал топтық тұлғалық ретінде алынады.

3) метаиндивидті тұлға индивидтің басқа адамдармен тіршілік іс-әрекетіндегі «идеалды берілу» ретінде қаралады, сонымен қатар маңызды өзара әрекет шегінен шығады; мұнда адам интеллектуалды, эмоциялық немесе мотивациялық сферасындағы мағыналық құрылулардың субъектісі ретінде беріледі.

Индивид өзінің дамуында әлеуметтік детерминацияланған қажеттіліктерді, тұлға болуды бастан кешіреді, өзін басқа адамдардың тіршілік әрекетіне сеніп тапсырады, олардағы өзінің бар болуын сезінеді, мәнді әлеуметтік іс-әрекетте өзінде тұлға болу қабілетін көреді. Тұлға индивидтің интерперсонал байланыстары негізінде жасалатын іс-әрекеттің әртүрлі аспектілеріне қатысты қатынастардың ерекше жүйесі ретінде қарастырылады.

Ол қатынастар тұлғаның құрылымдық біріншідей элементтері болып табылады. Қатынастар психологиясының негізін орыс писхологы А.Ф.Лазурский салды, «Тұлғаны зерттеу программасы және оның ортаға қатынасы» деген еңбек жазды. А.Ф.Лазурский бірінші рет «тұлғаның сыртқы ортаға қатынасы» туралы категорияны айтты (табиғатқа, адамдарға, әлеуметтік топтарға, рухани құндылықтарға қатынас және басқа қатынастар), ол категория психологиялық талдаудың бірлігі ретінде алынды.

Кейінірек қатынастар психологиясы В.Н.Мясищевтің еңбектерінде дамытылды. Ол мына тезисті тұжырымдады: тұлғаның мәні оның болмысқа қатынасы болып табылады. Адамның дамыған психологиялық қатынас ол әртүрлі жағы бар болмысы бар тұлғаның индивидуалды, таңдамалы, саналы байланыстарының тұтастай жүйесін көрсетеді.

В.Н.Мясищевтің айтуынша психологиялык қатынастың құрамына үш компонент кіреді: танымдық (когнитивті), эмоциялық және ерік. Алайда бұл компоненттерді қатынастардың құрылымдық элементтері ретінде емес оны психологиялық талдаудың үш әртүрлі мағыналық ракурсы ретінде қарастырылады. Тұлғаның қатынастары орнықты немесе орнықсыз болуы.

Тұлғалық құрылымның жоғарғы қабатына кірген қатынастар өзгергіштікпен сипатталады. Қатынастар тұлға ядросына жақын болған сайын соғұрлым олар статикалы болады және ішкі мен сыртқы өтіп жатқан өзгерістерге ұшырамайды. Егерде бұл терең қатынастар өзгере қалса да онда тұлғаның психологиялық қатынастарының барлық жүйелері трансформацияланады.

Наши рекомендации