Соңғы элементі имек сызықтарға аяқталатын әріптер туралы айтыңыз
Соңғы элементтері түрлі имек сызықтарға аяқталған топтағы әріптерді өзара дұрыс байланыстырып жазуға оқушыларды төселдіру үшін төмендегі тәрізді графикалық даярлық жаттығуларын жүргізген жөн. Д, д әріптің емлесі.
Мұғалім түсіндіреді: « кіші д әріпін әр түрлі жазамыз, оның сөздің басында немес ортасында келетініне байланысты. Сөздің басында жоғарыдан солға қарай жазамыз, а әріпі сияқты:
Алдыңғы әріппен байланысса әріпті төменнен бастап жазамыз.Кіші у әрібі сияқты, д әрібін жазғанда да имекті жазу қиынға түседі. Қатені түзеу үшін имектің қандай болатындығын айту керек немес мынадай жаттығуларды беруге болады:Үлкен д әрібінің формасы күрделі. Сондықтан оның жазылуын түсіндіргенде формасына назар аударылады. Әріпті Д әрібінің бірінші элементі сияқты жоғарыдан бастаймыз. Төменгі жағынан кішкене имек жасап, төменгі сызыққа тигізіп жоғарыға қарай дөңгелектейміз. Алдыңғы әріппен үзіліссіз байланысады.
.З, з әріптерінің жазылу емлесі.
Кіші з әріпін жазу қиынға соғады. Себебі, әріптің формасында өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан оның оны жазуды түсіндірген жөн: « жұмыс жолының үстіңгі сызығынан сәл төмен жерден бастаймыз, сызықты дөңгелектей келе ж.ж. төменгі сызығына жеткізбей имекті жасай бастаймыз. Имек төменгі сызықтан асып, қайыра келгенде қиылысады» Әріпті жазғанда жұмыс ерекше назар аудару керек. Біріншібөлігі төменгі сызыққа жетпей дөңгелектейді, екінші бөлігі төменгі сызықта қиылысады.
И, и дыбыстарың жазылу емлесі.
Әуелі, баспа түрін немес тақтаға жазылғанәріп үлгілері көрсетіледі. Салыстыра келіп екі әріптің жазылу айырмашылығы формасы мен көлемінде екені түсіндіріледі.
Мұғалім тқтаға кіші и әріпін түсіндіре отырып жазады: и әріпі үзіліссіз жазылады. Жоғарғы жағынан сызықтан өзімізге қарай тіке,төменгі сызыққа сәл жеткізбей оңға қарай имектеу қылып, екінші элементімен қосылатын жерге дейін жоғарға апарамыз. Сызықты жоғары қарай қазғалтқан кезде оңға қарай қиғаштау етіп жазамыз. Бірінші элементті аяқтасақ қаламсапты дәптерден алмай, яғни үзіліссіз екіншіэлементті жазамыз. Екінші элементті бұрынғы жазғандай етіп төменгі жағын сәл имектеу етіп бірінші элементпен екінші элемент арасында бұрыш қалатындай, сызықты жұмыс жолының дәл ортасына дейін апарамыз.
У әріпі бірде дауысты, бірде дауыссыз болады. Кіші у әрпін жазуға оқушылар біршама дайын болады. Алғашқы элементі и әріпінің бірінші элементі болса, екінші элементі дайындық кезінде жазылған элемент. Бірақ бұған қарамастан үзіліссіз жазу кезінде айтарлықтай қиындық туады.Кіші у әрпінің жазылуын түсіндіре отырып, мұғалім и әрпінің жазылу кезіндегі оқушылардың білім тәжірибесіне сүйенеді: « Бавлалар бірінші элементті байқасақ, и әріпінің элементі сияқты. Ал екінші элементі бізге бұрыннан таныс.
Бірінші элементті қолды дәптерден алмай үзіліссіз жазып, имек сызықты екінші элементін жазамыз.Екінші элементін жазуда не маңызды? Сызық тік болу керек? Өзіңе қарай жазғанда біркелкі сыза отырып, солға қарай имек жасаймыз. Міндетті түрде жұмыс жолының төменгі сызығымен қиылысу қажет».
Мұғалім ц әрібі қай әріпке ұқсайтынын сұрайды. И әрібінен қандай айырмашылығы бар? Ц әрібі и әрібі сияқты жазылады, бірақ оның имекшесі бар. Имекшесі у әрібінің имекшесі сияқты жазылады, бірақ кішілеу келеді.
2Дөңгелек элементтерді жазуға байланысты жүргізілетін жұмыс түрлеріне мысал келтіріңізЖазу барысында қозғалыс элементі суретін салуға сәйкес келе бермейді. Мәселен, дөңгелек элементі бар әріптер. Бұлардың негізгі элементі дөңгелек. Бірақ дөңгелек түгелмен тек о, ө, ю әріптерінде жазылады. Ал я, д, ф әріптері сөздің басында келсе дөңгелекше аяқталмай екінші элемент жазылады.
Ф әріпінде екі дөңгелекше бар. Бірақ, екінші дөңгелекше біріншісіне қарағанда тіпті басқаша жазылады ( біріншісі сағат тілімен, екіншісі сағат тіліне қарсы ). Екіншісі ортанғы элементке қосқанда ғана дөңгелекше болады. Дөңгеленген элементтерге аяқталған әріптер сөздегі өзінен кейінгі әріптермен жалғас сызықтар арқылы байланысады. Жалғас сызығы бұл топтағы барлық бас әріптердің және кіші б әріпінің төменгі жағынан қойылады. Бұл топтағы қалған кіші әріптер
келесі әріптермен үстіне жүргізілген жалғас сызықтар арқылы байланысады. Мұндай дөңгелеген кіші әріптер өзінен соң келген әріптерімен тек төменгі жағынан жүргізілген жалғас сызықтар арқылы байланысады
3Байланыстырып жазуды қалыптастыру жолдарына түсінікберіңізЖазу дағдыларын игеру үшін оқушы әрбір дыбыс таңбаларың жазылу формасын, олардың бір – бірімен қалай жалғанатынын, жазу кезіндегі гигиеналық талаптарды, әсіресе, жазу жылдамдығы артқан кезде де жазу айқындығын сақтауды меңгеруі шарт. Бұл шарттардың барлығы да балалар бойында жазу кезінде нақты, тұрақты дағдыларды қалыптастыру және оны дамыту барысында жүзеге асады. Байланыстырып жазуды қалыптастыру үшін мұғалім мына төмендегілерді ескеруге тиіс:
а) қолжазба әріптерінің биіктігі мен ені 2:1 қатысына сай болу керек ( үш негізгі элементтентұратын ж, м, т,ф, ш, щ, ы, ю әріптерінен басқасы).
ә) жазу оң жаққа қарай 65° көлбеу болуға тиіс, әріптер мен әріп элементтерінің көлбеулігі бірдей болу керек.
б) дөңгелек немесе жартылай дөңгелек элементтері бар әріптерді сөз ішінде басқа әріптермен байланыстырудың негізгі екі әдісі бар: үстіңгі және астыңғы
1 Қазіргі қазақ алфавиті туралы айтыңыз Қазақ тілі жазуының түп тамыры V-VIII ғғ. көне түркілер қолданған руникалық әлiпби екендігі белгілі, ал VIII ғасырдан бастап ислам дінімен бірге енген араб әліпбиі қолданылды.
XX-ғасырда қазақ тілі өзінің әліпбиін үш рет өзгертті. 1912 жылы қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін айқындап, құрамында 28 әрпі бар араб графикасы негізінде жаңа әліпби жасап, төте жазу ережесін анықтады. Бұл әліпбиді біздің елде 1929 жылға дейін пайдаланды, басқа елдерде (мысалы, Ауғаныстанда, Иранда, Қытайда, Пакистанда) тұратын қазақтар осы күнге дейін пайдаланады.
1929 жылы қазақ жазуы 29 әрпі бар латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшті. Көшу кезінде қазақ тіліне жаңа [хы] дыбысы қосылды, ол латынның h әріпімен белгіленді.
1940 жылы 42 әріптік кирилл графикасы негізіндегі әліпбиге ауыстырылды. Бұл әліпбиде орыс тілінің 33 әріпіне қазақ тілінің ерекше 9 дыбысын таңбалау үшін кириллицадан тыс ә,ғ,қ,ң,ө,ұ,ү,һ әріптерін қоса салды
Соңғы реформада қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктері ескерілмеді: қазақ тіліне орыс тілінің дыбыстарын негізсіз кіргізді; қазақ тіліне қіргізілген дыбыстарды таңбалау үшін қазақ әліпбиіне артық в,ё,и,ц,щ,ф,э,ю,я,ь,ъ орыстың әріптері ендірілді. Қазақ қазақ тіліндегі орыстың кірме сөздерінің жазылулары мен айтылулары орыс тілінің нормасына сәйкес жүзеге асулары керек деген жаңа талаптар пайда болды. Мұндай жаңалықтарды кейбіреулер қазақ тілінің дамуы деп есептейді (Егер орыс тіліне ағылшын тілінің дыбыстарын кіргізсе және оларды таңбалау үшін орыс әліпбиіне ағылшын әріптерін ендірсе, сондай-ақ, орыс тілінде ағылшынның кірме сөздерін ағылшын тілінің нормасымен жаздырып және айттырып қойса, онда орыс тілінің қандай «дамитындығын» елестетіңізші). Қазақ тілін осылай «дамыту» арқасында оның жазылым және айтылым емле-ережерінде көптеген қайшылықтар пайда болды, тіл өзінің ішкі бірлігі мен үнділігін жоғалтып бұзыла бастады. Осы күнге дейін қазақ тіліне қатысты бір-біріне қарама-қайшы оқулықтар мен ғылыми еңбектер шығуда (1-Қосымша. Қазақ тілі оқулықтарының қайшылықтары, оларды қазақ тілінің дыбыстық әртүрлі береді).
Енді қазақ тілінде пайда болған қайшылықтардың кейбіреулерін көрсету үшін қазақ тіліне ендірілген орыс тілінің дауысты «и» және «у» дыбыстарының қолдануын қарастырайық. Олар жазуда қазақтың төл «ы», «і», «ұ», «ү» дыбыстарын ысырып тастады. Мысалы, қазіргі кездегі жазуда «и» және «у» дыбыстарына аяқталатын «ми», «би», «ту», «гу» сияқты сөздердің тәуелдік жалғауларының үшінші жағында «ми+ы», «би+i», «ту+ы», «гу+і» болады. Бұлар “Қазақ тілінде тәуелдік жалғауларының үшінші жағында дауыссыздармен аяқталатын сөздерге «ы» немесе «i» жалғауы, ал дауыстыларға аяқталатын сөздерге «сы» немесе «сі» жалғауы жалғанады” деген ережеге қайшы болады. Егер қазақ тілінде «и» және «у» дыбыстарын дауыссыздар деп есептесек, онда «ми», «би», «ту», «гу» деген сөздерде бір де буын болмайды екен. Осыдан мынадай 2 сұрақ туады: «Қазақ тілінде жалғаулар ережелері дұрыс па?», «Қазақ тілінде ешбір буынсыз сөз бола ма?». Бұл сұрақтарды тудырмау үшін, оларды қазақтың дауысты дыбыстарын қолданып былай жазу керек «мый», «бій», «тұу», «гүу»,. Сонда қазақ тілінің түбір, буын және морфема деген айтылым бірліктері бұзылмай жазылады, яғни, жоғарыдағы жалғау «мый+ы», «бій+і», «тұу+ы», «гүу+і» түрінде жалғанады. Осыдан қазақ тілінде дауысты «и» дыбысы жоқ екендігі, ал қазір у әріпімен белгіленіп жүрген дауыссыз дыбыс екендігі шығады. Соңғы дыбыс орыс тілінде жоқ, бірақ ол ағылышын тілінде бар және оны халықаралық фонетикалық әліпбиде w әріпімен таңбалайды. Орыс тіліндегі у әріпімен белгілеген дыбыстың халықаралық фонетикалық әліпбидегі таңбасы u:, яғни, қазақ тіліндегі дауыссыз у[w] дыбысы мен орыс тіліндегі дауысты у[u:] дыбысын, естілім ұқсастығына қарамай, өзара шатастыруға болмайды. Бұл “Қазақ тілінде сөз ішінде буын дауысты дыбыстан басталмайды” деген ережеге де сай келеді, яғни, жоғарыда түзетілген сөздер «мы-йы», «бі-йі», «бұ-уы», «гү- уі» түрінде буынға дұрыс бөлініп, сөздің буын құрамын бұзбайды.
Қазіргі қазақ тіліндегі осындай қайшылықтар орыс тілінің әліпбиімен қатар, оның емле-ережелерін де еріксіз қолданудан пайда болды. Сондықтан қазақ тілінің жазылым емле-ережелері (орфография) мен қатар айтылым ережелері (орфоэпия) бұзылды. Қазақша сөйлеуде орыстың акценті пайда болды, себебі көптеген терминдер орыс тілі арқылы қабылданды және кірме сөздердің жазылуы мен айтылуы орыстың орфографиясы мен орфоэпиясына сәйкес болуы керек деген талап қойылды.