ЕмтиханҒа дайындалуҒа баҒдар болатын сҰраҚтар

1. Грамматика терминіне түсінік.

2. Грамматиканың саласы - синтаксис

3. Синтаксистің негізгі аспектілері

4. Синтаксистің зерттеу нысаны.

5. Құрмалас сөйлем синтаксисі – синтаксистің құрамдас бөлігі

6. Құрмалас сөйлемнің грамматикалық белгілері

7. Жай сөйлемдердің құрмаласу жолдары

8. Құрмалас сөйлем сыңарларының арасындағы сатылы байланыс

9. Құрмалас сөйлем сыңарларының арасындағы жарыспалы байланыс

10. Құрмалас сөйлемдерге қатысты даулы мәселелер

11. Құрмалас сөйлемдердің жіктемесі

12. Құрмалас сөйлемнің зерттелу жайы

13. Сабақтаса байланысқын құрмалас сөйлемдер

14. Салаласа байланысқан құрмалас сөйлемдер

15. Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері

16. Салалас құрмаластың мағыналық түрлері

17. Аралас құрмалас сөйлем

18. Аралас құрмалас сөйлем компоненттерінің арасындағы байланыс

19. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер

20. Құрмалас сөйлемнің жалғаулықты түрі

21. Құрмалас сөйлемдерді топтастыру принциптері

22. Құрмалас сөйлемді зерттеген ғалымдар

23. Жалғаулықсыз құрмалас cөйлемдер

24. Төл сөзі мен автор сөзі

25. Де етістігінің қызметі

26. Төл сөзді төлеу өзге айналдыру

27. Мәтін туралы түсінік

28. Күрделі фразалық тұтастық

29. Парцелляцияланған сөйлемдер

30. Мәтін түзетін сөйлемдер арасындағы қатынас

31. Толымсыз сөйлемнің синтаксистегі орны мен прагматикасы

32. Сөйлемнің актуалды мүшеленуі

33. Сөйлемнің тема-ремалық қатынасы

34. Мәтіннің зерттелу тарихы

35. Мәтіннің құрамдас бөліктері немесе мәтіннің абзац деңгейінде мүшеленуі.

36. Қазақ тілінің интонологиялық жүйесі.

37. Құрылымдық синтаксис, функционалды синтаксис

38. Н.Сауранбаевтың құрмалас сөйлемдерге қатысты зерттеуі

39. Т.Сайрамбаевтың синтаксистік еңбектері

40. Р.Әмірдің синтаксистік еңбектері

41. М.Серғалиевтің синтаксиске қатысты еңбектері

42. Қордабаевтың синтаксистік еңбектері

43. А.Байтұрсынұлы және синтаксис мәселесі

ГЛОССАРИЙ

Автосемантикалық сөйлем –дербес мағыналы, тәуелсіз, коммуникативті аяқталған, грамматикалық жағынан басқа сөйлемдермен байланыссыз сөйлем.

Адвербиалды қатынас – бағыныңқы компонент пен басыңқы компоненттің арасындағы адвербиалдық мәннің негізінде туындайтын синтаксистік қатынастың түрі.

Бағыныңқы компонент – сабақтас құрмаластың басыңқы компонентке тәуелді предикативтік бөлігі.

Басыңқы компонент – сабақтас құрмаластың тәуелсіз предикативтік бөлігі.

Гипотаксис – бағына байланысу.

Жақтық форма – іс-қимыл не сапаның және оның субъектісінің сөйлеушіге қатынасын білдіретін тұлға.

Иерархиялық қатынас – ірі парадигмалық топтың өзінен гөрі ірірек, күрделірек парадигмалық топтың құрамына енуі.

Интерпозиция - сабақтас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз компоненттерінің тиянақты компонеттердің арасыында орналасу тәрітібі.

Кезектес салалас құрмалас сөйлем –компоненттерінде айтылған ой, іс-әрекеттердің бірінен соң бірі кезектесіп орындалатынын білдіретін салаластың түрі.

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем –компоненттерінде қарама-қарсы іс-оқиға баяндалатын салаластың түрі.

Құрмалас сөйлем –мағыналық жағынан бір-біріне байланысты екі немесе одан көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі пікірді білдіретін сөйлем.

Мәтін синтаксисі -әр түрлі деңгейдегі мәтінің құрылыу ерекшеліктерін, мәтін түзетін сөйлемдер арасындағы қатынасты, сөйлемдердің өзара байланысуын, мәтіннің категорияларын қарастыратын, тілдік жүйенің ең жоғары сатысы.

Рема –сөйлемдегі керекті ойдың басты бөлігі, қажетті коммуникативтік бөлік. Сөйлемнің ремалық бөлігі ақпаратты қабылдаушыға белгісіз, жаңа мағлұматты жеткізеді.

Предикативтілік қатынас – бастауыш пен баяндауыш мүше арасында болатын қатынас.

Предикативтілік - сөйлемді сөйлем ететін басты синтаксистік категория. Предикативтіліктің мағынасы мен қызметі сөйлем мазмұнын шындық болмысқа теңестіру болып табылады. Оның ажырамас қасиеттері - модалдылық, шақтылық, жақтылық тәрізді синтакистік категориялар арқылы іске асады.

Пропозиция – сөйлем парадигмасының барлық мүшелеріне семантикалық инвариант.

Препозиция –тиянақсыз компонент бұрын, тиянақты компоненттері кейін айтылып, ойды тиянақтап, аяқтап тұру.

Паратаксис – құрмалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен ешқандай қосымша дәнекерсіз, тек мағына жақындықтарына қарай іргелес, қабыса айтылулары арқылы байланысатын түрі.

Синтаксис- сөздердің бір-бірімен байланысу амалдарын, сөз тіркесін, сөйлем құру тәсілдерін, сөйлем құрамы мен түрлері, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдері мен түрлерін, ондағы жеке-жеке сөйлемдердің бір-бірімен қатынасын зерттейтін ғылым.

Сөйлем синтаксисісөйлемнің құрылу принциптерін, сөйлеимнің құрылымдық түрлерін, сөйлем мүшелерін, мағыналық түрлерін қарастырады.

Субституция -бірін екіншісімен алмастыру әдісі.

Сөйлемді зерттеудің құрылымдық аспектісі - синтаксистік бірліктердің құрылысын, құрылымдық схемасын көрсетіп беру, талдап беру.

Сөйлемді зерттеудің семантикалық аспектісі -сөйлемді мағыналық тұрғыдан топтап, жіктеу.

Сөйлемді зерттеудің коммуникативтік аспектісі -оның функционалды мүмкіндігін қарау, сөйлемді сөйлеу бірлігі ретінде контекст арқылы динамикалық сипатын түсіндіру.

Себептес салалас құрмалас сөйлем –компоненттерінің бірінде іс-оқиғаның себебі, екіншісінде салдары баяндалатын салаластың түрі.

Салыстырмалы салалас құрмалас сөйлем –компоненттеріндегі іс-оқиға желісі бір-бірімен салыстырыла берілетін салаластың түрі.

Синсемантикалық сөйлем – коммуникативті аяқталмаған, грамматикалық жағынан басқа сөйлемдерге байланысты сөйлем.

Синтагма – сөйлеу кезінде бірінен кейін бірі тізбектеліп келетін ең аз дегенде екі тілдік элементтің тіркесуі.

Синтагмалық қатынас – көлденең бағыттағы тіркесу, байланысу. Синтагмалық қатынасқа күрделілігі жағынан біртектес бірліктер түседі.

Синтаксема – үш бірліктен тұратын бастапқы синтаксистік бірлік. Олар: категориялы-семантикалық мағына, морфологиялық форма, синтаксистік қызмет.

Сөйлеу – қатынас жасау процесінде өз ойын, сезімін басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатында тілді қолдану.

Тема- сөйленімнің ремалық бөлігі сүйенетін арқау. Ол әрқашан алдыңғы контекстке және ситуацияға бағытталып, содан бастау алады.

Сөйлем – біршама тиянақталған ойды білдіретін грамматикалық категория.

Сөйлемнің синтаксистік өрісі – нақты сөйлемнің әр түрлі өзгеру, түрлену жүйесі.

Транспозиция -сөйлем ішіндегі сөздер мен сөздердің орын алмасуы.

Шақтық форма – сөйлемде айтылған пікірдің болмысқа шақ, мезгіл жағынан қандай қандай қатынаста тұратынын білдіретін тұлға.

Эллипсис – тілдік бірліктің түсіп қалуы.

Наши рекомендации