Проективті әдістердің пайда болу тарихы
Проективті әдістер – белгілі бір мінез-құлық пен бейнелерге негізделген жобалау жасалынатын әдісттер. «Жобалау» термині З.Фрейдтің «Невроз страха» деген 1894 жылы жарық көрген мақаласында қолданылған болатын. Проективті әдістер тарихы - ол хронология және де табиғат туралы түсінігімен, оны тәжірибе жүзінде зерттеу тәсіліне тұтас жақындау жобасы әдісінің техниканың даму жобасымен ажыратылады. 1904-1905жылы К. Юнг өзінің ауызша ассоциациясы құрылғаннан кейін жобалық әдісті қолдану дәстүрге айналып кетті. Қазіргі уақытта психология ассоциациясын жобасына енгізілген жаңалықтар Вунд пен Гальтонмен байланысты, бірақ негізінде феноменнің ашылуы мен дәлелдеулері К. Юнгке тән. Юнг өзінің бүкіл жобалық әдісінде негізінен ессіз қобалжу жеке тұлғаға әділ диагностика жасауға қолайлы екенін дәлелдеді.
Диагностиканың жобасын салтанатты қолдану 1921 жылы шыққан Г. Роршахтың, Бернеда да басылған неміс тілінде жарық көрген «Психодиагностика» кітабымен байланысты. (Герман Роршахтың өмірбаяны мен профессионалды жолы). Суретшілік кәсібінен бас тартып, Роршах өнер тарихымен тұрақты айналысты. Роршахтың медицинадан қорғаған диссертациясы галлюцанация механизмін зерттеуге арналған. Ол өзінің басынан өткен жағдайға байланысты қорғаған болатын: Өзінің бірінші рет өткен практикасында аутопси өзінің миын қалай кесіп жатқанын көрген болатын. Оның қиналуы өте анық көрінді. Роршах біздің арманымыз бен қиялымызда болып кеткен жағдай туралы ой бар деп шешті. Қорытындылай келе Роршах көргенді елестетуге бағытталған қара нүкте қара моторлы қиялды жандандырады, сергітеді деп шешті.
1935 жылы бірінші рет журнал бетіне екінші авторлық пен қиялды тәжірибе жүзінде зерттеуінің жобасының ретінде тақырыптық апперцептивтік тест (ТАТ) туралы хабарландыру жарық көрді (идея авторлары Морган мен Мюррей).Томкинстің пікірінше психиатрлар мен психологтар адамдардың әр түрлі жағдайларға деген мазмұндыда, шынайы көзқарасын суреттерде көрсеткен бейнелердің негізінде көрсете білген. Жалпы ТАТ фруструация не өзіндік «МЕН-нің» қажеттігіне қарсылық туралы. Мюррей айтуынша ұйқыдан безіну, тамаққа тәбеті жоғалу, өтіп кеткен сәттілік немесе сәтсіздікке жауап ТАТ-та айтылған. Жасырын қажеттілікті мойындамайды және ашық бақылауға білдірмейді, ол тек қана ТАТ-тың түрлі қиял немесе қиялға ұқсас белсенділік деген Мюррейдің пікірімен келісеміз. Тәжірибе бұл гипотезаны шешті: егер қажеттілік анық және жасырын болса-ол «моторлы разрядқа» ие бола алмайды, ол ашық қоғамдық іс-әрекетте фрустрироционал, онда ол ТАТ әңгімесінен орын толтырып қанағаттанады.
Лоуренс Фрэнк (1935-1948) бірінші рет психологиялық жобаның негізгі принциптерін тұжырымдады. Жобалық әдістің қолданылатыны деп Фрэнк зерттелген өзіндік ойы мен сезімінің жобасына рұқсат беретін белгісіз ынталандыру шарты деп есептеді. Бұл жобаланған әдіс жеке тұлғаның ішкі жан дүниесін ашуға, субъектінің қобалжуына, сезіміне, ойына үміт күткеніне бағытталған. Негізінен адам қандай іс-әрекет ететіні маңызды емес, ол адамның өзін қалай сезінетінінде және өзінің сезімдерімен қалай басқаратынында жатыр.
Қазіргі таңда жобалау әдісінің бірнеше түрі бар атап өтетін болсақ, Олар:
1. Құрастырушы.Зерттелген жұмыстың мазмұны қорытындылай келе оның материалға маңыз беруімен оны құрастыруында (Роршахтың мәтіні).
2. Құрастырушы тест. Белгілі бөлімдер мен детальдардың пайда болуы мен құрылымында деп болжайды (Миррдің мәтіні).
3. Түсіндірмелі тест. Белгілі жағдайдағы гистерпретациялық оқиғаны суреттейді, түсіндіруге болжайды (ТАТ, Руки мәтіні).
4. Катартикалық тест. Ұйымдастырылған шартта негізделген шығармашылық әрекетін болжайды. Ашық мысал ретінде көп жағдайда психотерапиялық, сонымен қатар психодиагностикада қолданылатын әдісі ретінде қаралатын психодраманы болжайды.
5. Экспрессивті тест. Негізінен суретке немесе берілген және еркін тақырыптар, көп жағдайда «Ұй, ағаш, адам (ДДЧ)» суреттеуді тестті болжайды.
6. Импрессивті тест. Таңдауды немесе басқаларды ынталандыруды талап етеді.
7. Аддутивті тесттер. Бұл тестердің тобылық ішіндегі ең атақты әдісі фраза және тарихтың қорытындысын қарайтыны болып табылады. Көптеген нұсқаулар бар, бұл фразалар қажет кезде бағытталған сұраққа жауап беру үшін жеке тұлғаның автор мәтінінде айтылған ойға қарай қарайтыны және клиенттің белсенді ынталануын көру үшін әдістің бұл түрі аяқталмаған әңгіме немесе көп жағдайда психотерапиялық маңыз беретін ертегілер тарихты қорытындылауға болжайды. Шығармашылықта көңілі түсіп, қобалжуға себебін тигізеді.
Сонымен бірге жобалау әдісттері потологиялық эксперимент үшін психолог қолдана алады. Бір уақытта бірнеше топтар үшін саналатын нормативті көрсеткіштер айта кетуіміз қажет. Потопсихологиялық зерттеу мынадай квазиэкспериментталды әдіске ие: дені сау және белгілі бір нозологиялық топтың ауру адамдары тобын салыстыру, топтер арасындағы өзгешеліктер зерттелетін базисті психологиялық процестердің өзгеруінің себепті-әрекетті факторы ретінде қарастырылады. Қазіргі таңда практик психологтардың кеңінен қолданып жүрген жобалау әдістерінің бірнешеуіна сипаттама бере отырып әдістемелердің барысын ұсынып отырмыз.
ТАТ- тақырыптық апперцивті тест. ТАТ - жобалау әдісіне тобына жатады. Ол алғаш рет 1935 жылы ашылды. Алғашында қиялы эксперменталды зерттеу методикасына жатқызды. Әдістемені Г.Мюррей таратты. Әлеуметтік қарым-қатыста әлеуметтік ортада көрініс беретін жеке тұлғаның ерекшеліктеріне анықтауға қолданылады. Тұлғаның эмоционалды күйлерін невротикалық актуалды басымдылығын және конфликтіге бейімділігін, қажеттіліктерін қанағаттандыру амалдарын білуге бағытталған. Ол үшін төмендегі сатыларды меігеруіміз керек.
- тұлға позиясының ерекшілігі (іс-әрекетті, қайғылы)
- интерперсоналды байланыс ерекшілігі (симпатия, антипатия, бауырмалдылығы)
- басымды тенденция
- әрекет тәсіл (әрекетті ұйымдастыру тәсілдері практикалық ойлау ерекшілігі, өмірде туатын мәселелерді шешу тәсілдері)
- тұлғаның динамикалық жағы ( іс-әрекет ритмі, эмоционалды максимум импульстер саны, реактивтілік).
ТАТ стандартты кестелер жинағынан және түсініксіз ситуациялар бейнеленген суреттерден тұрады. Автордың ойынша әр бір таблица белгілі ситуацияларға қатынасын және де әр түрлі мағынада интерпретация жасауға немесе белгілі тип уайымын актуалды қылады. Жанұя және сексуалды конфликттерді, бағынышты-доминантты, агрессия мен суидцидке итеретін мәліметтерді жазатын кесте арнайы бөлінеді. Ер және әйел адамға кестелердің жартысы арнайы беріледі. Жасөспірімдерге өз алдына бөлек.
Сұрақтар:
1. Психологиялық зерттеудің негізгі принциптері қандай?
2. Психологиялық құбылыстарды даму барысындағы зерттеудің маңыздылығы неде?
3. Зерттеу әдістерінің неше топқа бөлеміз?
4. Вербалды және вербалсыз тесттердің түрлерін ата?
5. Кэттелдің зерттеу әдістері жөнінде не білесіз?
6. Проективті әдістердің пайда болуы?
Қолданылған әдебиеттер:
1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М,2000
2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996
3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248 270 б.
4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М,1990
5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М, 1995
6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998
7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .
8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М 2003. 1,2,3 к.
Дәріс № 7
Тақырыбы: Тестің сенімділігі мен валидтілігі.
Жоспар:
1. Психологиялық шкала.
2. Тесттік нормалар жəне оны тексеру.
3. Тест сенімділігі мен валидтілігі.
Алынған нәтижелердің критерийлерінің бағасының таңдауы ерекше мәңге ие. Психологиялық зерттеудің өздігімен бағаның салыстыруынсыз зерттеу ештеңені білдірмейді. Көбінесе олар таңдаманы орындауда стандарттылықтың нормасымен салыстырылады (берілген < әдістеме > репрезентативті таңдамаға жатса, мысалы, анықталған жастағы балалар, жоғары оқу орындарынындағы, мамандық иелері т.б.). Осы бейнедегі нормалар тәжірибелі жолмен құрылады. Содан зерттелінуші нормамен квалификацияланады және салыстырылады, ол орташа, жоғары және төмен.Бұл нормативті немесе стандартты таңдауға жататын зерттелінушінің нақты күйін анықтауға мүмкіндік береді. Бұған ішкі баллдар (дұрыс жауап сапасы) бір-бірімен және нормасымен салыстырылатын әдейі таблицалар стандартты көрсеткіштерге көшеді. Бұл жағдайда өлшенетін құрылым шкаласында орташа диапазон мәнінің статистикалық нормалары қолданылады - бұл адамның орташа статистикасын сипаттайтын ішек. Қоғам өзінің даму этабын әр топ мүшелеріне көрсететінін талап еткен жөн. Бұл ақыл-ой, эстетикалық, адам дамуы бола алады. Қоғамда тұру үшін адам өз талаптарына жауапты болу керек. Осындай элеуметтік-критерийлі нормалардың мазмұны (әлеуметтік нормативтердің) шындық, ол қоғамдық көзқарастарда, педагогтардың және мұғалімдердің көзқарасында, квалификациялы-мамандандырылған сипаттарды бейнелеген сипаттарда болады. <Психодиагностикалық > < эдістеменің > сапасының мәнді көрсеткіші сенімділік және валидтілік болып табылады. < Психодиагностикалық > < әдістеменің > сенімділігі қайталанушылықтың айғағы, тұрақтылықтың нәтижесі оның тұрақтылығымен
ұдайылығында. Ол психологиялық өлшем қаншалықты өндірілетінін, алынған нәтижеге қаншалықты сенуге болатынын көрсетеді.
Психология аймағындағы атақты маман К.М. Гуревич сенімділіктің 3 типін бөліп көрсеткен: өлшенетін құралдың өзінің сенімділігі, зерттелінетін сипаттың тұрақтылығы және констатанттылығы, тұлға экспериментаторының нәтижесінің тәуелсіздігі.
Сенімділік тесті әртүрлі кездейсоқ факторлар әрекетінің нәтижесінің тәуелсіздігін, әртүрлі ішкі және сыртқы факторлар тестінің ауытқуын болдыруын көрсетеді. өлшемнің формула бойынша орташа арифметикалық мағынасын анықтап көрсетуге болады.
Мх=К
Сумма
і=1
Хі-өлшем нәтижесі
К-өлшем сапасы.
Шашылыңқы өлшем мөлшері (стандартты ауытқу) немесе диспрессияны былай анықтайды: Dx = + К- сумма(Хі - Мх)2 і – 1
(Хі-Мх)-әр өлшемнің Хі-дің ауытқуы, орташа арифметикалық Мх, К- өлшемнің сапасы. Осы сипаттың тұрақтылығын тексеру үшін "mecm-pemekm" деп аталынатын әдіс қолданылады, зерттелінушінің таңдауы қайталанатын психодиогностикалық сынақпен аяқталады. Осы тәжірибені өткізгенде (30 адам) анықталған уақыттан кейін, коэффициент корреляцияның нәтижесін шығарған кезде бірінші (X) және екінші (У) тесті қолданылады. Бұл коэффициент зерттелінушінің сипатының тұрақтылығының көрсеткішін көрсетеді, сенімділік тесті 1 адам қайтадан қайталанып зерттелгенде 1 ғана нәтижені көрсететінін
көрсетеді. Коэффициент корреляция формуласы:
R=E(Xi-Mx)(Yi-My)
K*D*Dy
Хі, Үі-біріншінің өлшем мөлшері (х)-тің және екінші (У) тестінің.
Егер R=0,8-0,9 болса тест сенімді. Егер R көрсеткіші төмен болса бұл кездейсоқ тест нәтижесін бұрмалайды, тест сенімді. Онда өлшем қателігі берілген тестке қаншалықты сенуге болатынын, зерттелінушінің тест бойынша өлшем балының қаншалықты ауытқитынын көрсетеді.
■.■ р- ■ . ■'
Ереже бойынша қайталанатын зерттеу бірнеше айдан кейін өткізілуі керек, (жарты жылдан аспау керек). Бірінші зерттеуден кейін қайталанатын зерттеуді тым жылдам өткізуге болмайды, неғұрлым қатерлі болып келеді, зерттелінушілер өз жауаптарын естерінде қалған сөздермен айтады. Бірақ бұл мерзім өте үлкен бола алмайды, себебі зерттелінетін функциясының дамуында өзгеріс жағдайы болуы мүмкін. Тұрақтылық коэффициенті мөлшері 0,8-ден төмен болмаса қабылданады деп саналады.
Констатанттылық коэффициенті 2 < психодиагностикалық > зерттеу нәтижесінің корреляция жолымен анықталады. < Әдістеме сапасы қаншалықты жақсы құрылғанына қарап анықталады. Сенімділік құралының көрсеткішін тексеру үшін шымшу әдісін қолданады-ол үшін
барлық психодиогностикалық құралдың тапсырмасы айқын және айқын емес болып бөлінеді, (номерлермен) бөлек орындалады, содан кейін осы реттеудің коэффициент корреляциясы саналады. Коэффициент корреляция мөлшері неғұрлым биік болса, әдістеме соғұрлым жоғары болады, сенімділік жоғары болады.
Психологиялық зерттеулерде әр түрлі психикалық прцестердің заңдылықтары мен ерекшеліктерін ашу және жеке адамның қасиеттерін анықтау үшін қарастырылған.Мұндай өңдеу зертеліп отырған психикалық құбылыстардың сапалық ерекшеліктері туралы пікірі айтуға болатын көрсеткіштерді алдын ала анықтап алды.
Сапалық талдау жүргізілген кезде жаңадан қалыптасып, не дамып келе жатқан психикалық көріністерге назар аудару керек.
Алайда зерттеу нәтижелерінің объективтілігі зерттеліп отырған психикалық құбылысты суреттеуді және сапалық сипаттама берді. Бұл зерттеу материалдарын сандық өңдеуден өткізу негізінде іс жүзіне аса алады.
Зерттеу материалдарын саны жағынан өңдеу.
Психологияда сан жағынан талдау үшін, басқа ғылымдардағы сияқты материалды математикалық өңдеуден өткізу әдістері әсіресе, көрсеткіштердің орташа сандық мәнін анықтауға мүмкіндік беретін вариацияның статистика әдісі кеңінен қолданылады.
Зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын анықтау үшін статистикалық әдістердің ерекше маңызы зор.
Психикалық зерттеулер нәтижесін өңдеу үшін альтернативалық, коррекциялық, дисперциялық және факторлық талдау әдістері неғұрлым кең пайдаланады.