Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы
Балалар психологиясында сөйлеудің мағыналық жағы оның сыртқы бедері делінген догмалық көзқарастың үстем болуы ол психологтар тарапынан жіберілген қате пікір екендігі енді анықталды. Егер бала дамудың ең алғашқы сатысында эгоцентрикалық сөйлеу бір мәселе шешудегі әдіс тәсілдерден тұрмаса, онда бала үлкен кісіге сөйлеммен көмек сұрайды. Бала шарасыздан мақсатқа жету үшін үлкендерге өзі іске асыра алмайтын, қандай әдіс керек екенін сөзбен жеткіздіреді. Балалар дамуындағы үлкен өзгерістер мына кезде басталады, егер сөйлеу жерментерілсе, егер мәселе шешу үшін экспериментарлы емес өз бетінше әдістер тануында. Осы кезде сөйлеу интер психикалық категориядан функцияға айналады. Бала әлеуметтік сөйлеудің интеризациясына өтуде қиын жол кешеді. Бұл процесстің тарихы балалық практикалық интелектісінің әлеметтенуінің тарихы және сол кезде оның символдық фунцияларының әлеуметтік шындығы болып табылады.
Елес туралы түсінік. Елес түрлері
Елестер дегеіміз қазіргі сәтте сезім мүшелеріне әсер етпейтін заттар мен құбылыстар бейнесінің мида п.б.Елестер бұл бұрынғы аылдауларды қайта өңдеу және жалпылаудың нәтижесі. Түрлері:ес-егер адам бұрын қабылдаған сезген заттарын құбылыстарын олардың бейнелерін қайтадан елестетсе; , қиял – бұрынғы елестеулерге сүйеніп, бірнеше елетерді бір-біріне қосып құрастырып, өзгртіп, және жаңадан елестеулер жасауы.
48. Нәрестелік шақтағы баланың пси-қ дамуының ерекш-рі. (жаңа туған сәттен бастап 1жасқа дейін).
Жаңа туған бала (туған сәттен бір, екі айға дейін) бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, жармасу, сүйену рефлекстері. Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып детілетін жұлын және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеледі. Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты-анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану (тиісті мөлшердегі сырт әсерлерінің болмауы) жағдайына түссе, оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол дене қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрек-рі тез қалып-ды, соның ішінде көру, есту тәрізді анализ-ң іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының нәтижесінде бағдарлау рефлексі дамиды, сан алуан шартты рефл-р пайда болады. Екі-үш айында балада үлкен адамдарға көңіл аудару байқалады. Біржуазиялық зерт-ң айтуы б-ша «жаңа туған баланың шыр ете қалуын олар баланың өзіне жат әрі жау болмыспен бетпе-бет кездескендігі, сасқалақақтап абыржып қалуы дейді». Баланың әлеуметтік реакциясы бүкіл нәрестелік шақ бойына дамып отырады. Сергек күйдегі бала үлкен адамдармен қарым-қатынас жасауға дайын болады. Осының нәтижесінде сөздің алғы шарттары пайда болады. Екінші айында-ақ былдырлаулардың алғашқы белгілері байқалып, соңынан еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемаларынан көріне бастайды. Нәрестелік шақта баланы үйрету көбіне алдын ала ойластырылмаған сипатта болады. Бала осы бір жас ішінде психикалық процестердің қалыптасуынан біраз жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, тік тұруды, одан ірі қадам жасауды үйренеді. Үш төрт айында жармасу қимылдары дамиды. Сонымен бала өзінің және басқалардың қимылдарына еліктей отырып ойлауды әрекет үстінде үйренеді.
Бастауыш мектеп жасындағ-да кездесетін қиыншылықтар.
Кіші оқушылар көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Бұл жас ой қызметіне ерекше ынтамен ұмтылып тұратын кезең; алғырлығы, шапшаңдығы, сезімталдығы басым кезең. Ештеңені жасырып, іркіп калмайды, ішіне сақтап тұра алмайды, нені болса да ашық, еркін айтады, мақтауды сүйгіш. Дегенмен қайшылығы мол: бала бойындағы қасиеттердің шығармашылық үшін тиімді-тиімсіз жақтары үнемі қатар келіп, бірін-бірі жоққа шығарып отырады. Мысалы; бастауыш сынып оқушылары небір дүниені қиялында қиыстыра алғанмен, олардың қиялы тұрақтап бір образды, сюжетті ұстап тұра алмайды, алдын-ала ой, идея, мақсат тумайды. Ой-қиял тұрақсыз болғандықтан, оны әлдебір тапсырма міндет төңірегінде тұрақтандыру өте қиын (мұғалімнің міндеті: баланың қиялын, ойын белгілі мақсатқа бағыттай білу. Сонда ғана керемет образдар тууы мүмкін). бастауыш сынып оқушылары шығармашылыққа өте белсенділік көрсеткенмен, оны тек ойын ретінде қабылдайды. Сондықтан әдеби жаттығу, тапсырмалар ойын үлгісінде берілуі керек және олардың қиялы нақты заттарды көріп, қолға ұстап, ойынға қосу арқылы дамитынын ескерту; бастауыш сынып оқушылары бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге шыдамсыз. Сондықтан мұғалім міндеті, үзік-созық фантазия элементтерін емес, көлемі шағын, мазмұны жеңіл болса да, тұтас композициялық туынды әкелуге жетектеу. бастауыш сынып оқушыларында өзіндік сын мүлдем жоқтың қасы. Олар үлкендердің ой-пікіріне қатты сүйенеді. Бұл құбылыстың екі жағы бар. ала жазған шығармаларынан шұқшиып кінәрат іздей алатын болса, онда 7-10 жастағы бала бірде-бір туындыны өмірге әкелмес еді. Өзіндік сынның әлсіздігі баланың болмашыға мәз болуына әкеп соғады. Өлеңге ұқсаған нәрсенің бәрін «өлең жаздым» деп канағаттануы мүмкін; -бұл жаста оқушылар орта буынға қарағанда сөзді құбылтып қолданудан гөрі сурет салуға құмар келеді; бастауыш сынып оқушылары өздері шығарған ертегі не өлеңді емес, өздерін жеке басын мақтағанды тәуір көреді; - бұл жастағы балалар сюжеттік-рольдік ойындарға құмар (мысалы, шофер болу) болады.