Психологияның салалары және басқа ғылымдармен байланысы

Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.

Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.Бұл қағиданың мәні, біріншіден, барлық психикалық құбылыстар, оның ішінде психика объективтік шындықты бейнелейтін себептік жағдайларға байланысты болып табылады. Екіншіден, бұл қағиданың мәні мен барлық психикалық құбылыстар мидің қызметімен байланысты қарастырылады. Үшіншіден, қарастырылып отырған қағида психикалық құбылыстарды зерттеуде бұл құбылыстардың себебін міндетті анықтауды қажет етеді.

Қазіргі психологияда сана мен іс-әрекет бірлікте қарастырылады. Сана мен іс-әрекеттің бірлігі қағидасы сонымен қатар ғылымның бастапқы қағидаларының бірі болып табылады. Аталған қағиданың мәні мынада: іс-әрекетті адам санасының пайда болу шарты, қалыптастыру факторы және қосымша нысаны деп түсінуіміз керек. Екіншіден, іс-әрекетті сананың белсенділігінің түрі ретінде түсінеміз. Сана мен іс-әрекеттің бірлігі қағидасы сана адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің реттеушісі болып табылады.

Генетикалық (тарихи)қағида, біріншіден, барлық психикалық құбылыстар әруақытта да сандық және сапалық өзгерісте және даму үстінде қарастырылады. Екіншіден, бұл қағиданың мәні мынада: кез келген психикалық құбылысты дұрыс және толық сипаттау сол жағдайда мүмкін, егер де қазіргі жағдайда бір уақытта оның өзіндік ерекшеліктері анықталса, психикалық құбылыстардың пайда болу тарихы немесе себептері, оның кейіннен өзгерістерінің мүмкіндіктері шешіледі.

Психология ғылым ретінде жай ғана әртүрлі психикалық құбылыстарды сипаттау емес, сонымен қатар оларды жинақтау, түсіндіру және мәнін, белгілі заңдылықтарды ашу, соның негізінде психикалық құбылыстардың себептерін анықтау және болашақта олардың пайда болуын болжау.

Психологияны ғылым ретінде сипаттауда психологиялық білімдердің кейбір ерекшеліктерін атап өткен жөн. Біріншіден, бұл құбылыстар туралы білім, әрқайсысымызға тән, әрбір адамның түйсіктері бар, оның есінде әрқашан әртүрлі елестер сақталады, әрбір адам әртүрлі сезімдерді басынан кешіреді және т.б. Психология ғылымында осы құбылыстар туралы жинақталған және дерексіз білімдер берілетіндігі жөнінде айта аламыз. Психологиялық білімдердің бірінші ерекшелігі бұл жинақталған және дерексіз білімдер әрқайсымызға тән психикалық құбылыстар болып табылады. Екіншіден, психологиялық білімнің күнделікті және ғылыми мағынасының сәйкес келуімен сипатталады. Тұрмыста дамдар психологияның терминдерін және ұғымдарын кеңінен пайдаланады. Бұл ұғымдардың шекарасы айқын көрсетілмегендіктен, әртүрлі адамдар бір терминдер мен ұғымдарды әртүрлі мағынада қолданады. Ғылыми ұғымдар белгілі мағынада, мазмұнда бірдей қолданылады.

Психологиялық білімнің үшінші ерекшелігі – адамның дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыру өзін-өзі тәрбиелеу үшін өте қажеттілігі.

Қазіргі психология ғылымы әртүрлі тәжірибе саласымен байланысты қалыптасудың әртүрлі сатысында тұрған ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін құрайды.

Психологияның осындай көптеген салаларын қалай жіктеуге болады? Жіктеудің мүмкіндіктерінің бірі іс-әрекеттегі психика дамуының жоғарыда тұжырымдалған қағидаларында айтылған. Осыны ескере отырып, психология салаларын жіктеуде негізге алынатыны – мәселенің психологиялық жағы: нақты іс-әрекет, даму, адамның қоғамға қатынасы (субъектінің дамуы және іс-әрекеті).

Егер де жіктеудің бірінші негізін алатын болсақ, онда адамзат іс-әрекетінің нақты түрінің психологиялық проблемаларын зерттейтін психологияның бірнеше салаларын атауға болады.

Еңбек психологиясыадамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми (ЕҒҰ) ұйымдастырудың психологиялық астарларын зерттейді. Еңбек психологиясының міндетіне адамның кәсіби ерекшеліктерін, еңбек дағдыларын дамытудың заңдылықтарын, өндірістік жағдайдың ықпалын анықтау жатады. Еңбек психологиясы бірнеше бөлімдерден тұрады: олар сонымен қатар өз бетінше дербес, бір-бірімен байланысты психология ғылымдарының салалары. Олар: инженерлік психологиянегізінен адам мен машинаның қызметін бөлу және үйлесім проблемаларын шешетін автоматтандырылған жүйелерді басқарушы оператордың қызметін зерттейді; авиация психологиясыұшуды үйрету мен ұшуды орындау үрдісінде адамның іс-әрекетін психологиялық зерттейді; космос психологиясыорганизмге шамадан тыс психологиялық ауыртпалық түскен ауасыз кеңістік жағдайында адам іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.

Педагогикалық психологияныңзерттеу пәні адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу пәні адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Педагогикалық психологияның бөлімдеріне немесе салаларына мыналар жатады: оқыту психологиясы (дидактиканың психологиялық негіздерін зерттейді); тәрбие психологиясы(мектептегі тәрбие жұмысының психологиялық негіздерін зерттейді); ұстаз психологиясымұғалім мен шәкірттердің арасындағы қарым-қатынасын, мұғалімге қойылатын талаптардың психологиялық мәселелерін зерттейді.

Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер оқыту мен тәрбие мазмұнын дұрыс анықтаған оқулықтар мен оқу құралдарына әртүрлі талаптарды белгілеуге, оқыту мен тәрбиенің тиімді әдістерін тауып, негіздеуге көмектеседі.

Медициналық психологиядәрігер қызметінің және ауру мінез-құлқының психологиялық мәселелерін зерттейді. Ол нейропсихологияға, психофармокологияға, психотерапияға, психопрофилактика мен психогигиенаға бөлінеді. Нейропсихология психикалық құбылыстардың физиологиялық ми құрылымдарынмен арақатынасын зерттейді. Психофармакология дәрі-дәрмек заттарының адамның психикалық іс-әрекетіне әсерін зерттейді; психотерапия ауруды емдеу үшін психикалық әсер ету тәсілдерін қолдануды зерттейді; психопрофилактика мен психогигиена адамдардың психикалық денсаулығын қамтамасыз ету үшін шаралар жүйесін талдауды зерттеу болып табылады.

Заң психологиясызаң жүйесін іске асырумен байланысты психологиялық мәселелерді қарастырады. Ол сот психологиясы, криминалді психология, пенитенциарлық немесе еңбекпен тузету психологиясы. Сот психологиясы тергеу үрдісіне қатысушылардың мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысады; криминалді психология мінез-құлықтың психологиялық проблемаларын және қылмыскер тұлғасын қалыптастыру мен қылмыстың себептерін анықтайтын саласын айтады; пенитенциарлық немесе еңбекпен түзеу психологиясы еңбекпен түзеу колониясында ұсталғандардың психологиясы, сендіру және көндіру әдістері арқылы тәрбиенің психологиялық проблемалары және т.б.

Әскери психологиясоғыс іс-әрекеттері жағдайында адамның мінез-құлқын, бастықтар мен қарамағындағылардың өзара қарым-қатынастарының психолгиялық жағын, психологиялықнасихаттың және қарсы насихаттың әдістерін, әскери техниканы басқарудың психологиялық проблемаларын зерттейді және т.б.

Спорт психологиясыспортшылардың жеке басы мен іс-әрекетінің психологиялық ерекщеліктерін, психологиялық даярлықтың шарттары мен тәсілдерін, спортшылардың жаттығуының және даярлығының психологиялық өлшемдерін, жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты психологиялық факторларды зерттейді.

Жас психологиясыәр жастағы адамның психикалық дамуының заңдылықтарын, әртүрлі психикалық үрдістер мен қасиеттерінің қалыптасуын зерттейді. Жас психологиясы мынадай бөлімдерге бөлінеді: балалар психологиясы, жеткіншек психологиясы, жастық шақ психологиясы, ересектер психологиясы. Жас психологиясының міндеті – жас ерекшеліктерін ашып көрсету, бір жастан екінші жасқа өтудің заңдылықтарын анықтау, жеке тұлғаның әртүрлі психикалық қасиеттері қалыптасуының сензитивтік (ерекше қолайлы) кезеңдерін табу болып табылады. Жас психологиясы педагогикалық психологиямен байланысты.

Арнаулы психологиябірнеше бөлімдерге бөлінеді: патопсихология, олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология.

Патопсихологияадамдардың дұрыс психикалық іс-әрекеті бұзылуының әртүрлі түрін зерттейді; Олигофренопсихологиямидың туғаннан болған ақауына байланысты психикалық дамудың патологиялық сипатын зерттейді. Сурдопсихологияесту сезімінің бұзылуына байланысты психологиялық ерекшеліктерін зерттейді; Тифлопсихологиякөру сезімінің бұзылуына байланысты психологиялық ерекшелігін зерттейді.

Салыстырмалы психологияжануарлардың психикасын зерттейтін психологияның саласы.

Психологияның бұл бағытының мәні мынада: жануарлардың психикасын зерттей отырып, әсіресе, жоғары сатыдағы жануарлардың, адам санасының тарихын жан-жақты қарастыруға көмектеседі, салыстырмалы психология саласында жануарлар мен адам психикасын салыстыру іске асады, олардың мінез-құлқындағы қасиеттері мен айырмашылығының сапалы белгілері мен себептері анықталады.

Әлеуметтік психологияәртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың психологиялық ерекшеліктерін (топ, ұжым, олардың көңіл-күйін, қоғамдық пікірін, еліктеуін т.б.), топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын, ондағы жеке тұлғалардың жағдайын, олардың лидерлері мен қарамағындағылардың проблемаларын зерттейді. Соңғы жылдары әлеуметтік психологияға ерекше мән берілуде. Әлеуметтік психология әртүрлі ұйымдасқан және ұйымдаспаған қоғамдық топтардағы адамдардың өзара қатынасынан туындайтын психикалық құбылыстарды қарасытырады.

Осы айтылғандардан психология ғылымының практикалық қолдану аясының қаншалықты жан-жақтылығын аңғаруға болады. Психология ғылымы - өмірдің әртүрлі саласында кеңінен қолданылып келе жатқан практикалық мәні ерекше ғылым. Жоғардағы психология ғылымдарының салалары және оларға берілген сипаттамадан психологияда әруақытта да жаңа бағыттардың пайда болу үрдісін көре аламыз. Бұл түсінікті де. Қазіргі кезде адамның мүмкіндіктерін білудің, адамзат іс-әрекетінің әртүрлі салаларына олардың психологиялық ерекшеліктерін ескерудің мәні ерекше.

Дегенмен, қазіргі психология оның жаңа салаларының пайда болуымен ғана сипатталып қоймайды, сонымен қатар оның әртүрлі слаларының арасында бірден бір тығыз байланыстың қалыптасуымен ерекшеленеді. Бұл үрдіс екі бағытта іске асады. Өзара қарым-қатынастың нәтижесінде бір салаға екінші саланың ықпалымен жаңа дамуы аңғарылады, екінші жағынан, әрбір сала біртұтас және біржүйелі сипатқа ие болады.

Психологияның басқа салараының арасында жалпы психологияерекше орын алады. Жалпы психология психологияның саласы емес, психологияның басқа салалармен бір қавтарға қоюға болмайды. Жалпы психология ересек адамның психикалық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Жалпы психология психологияның міндеттерін, әдіснама мәселелері мен әдістерін, психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен практикалық іс-әрекетті зерттейді. Жалпы психология психология ғылымының барлық салалары мен бөлімдерінің дамуының іргелі негізі болып табылады. Жалпы психология курсында жалпы теориялық қағидалар және негізгі әдістер туралы ғылыми түсінік беріледі, психологияның негізгі ғылыми ұғымдары, заңдылықтары туралы сипатталады.

Психология ғылымы көптеген жаратылыстану, әлеуметтік және философиялық ғылымдармен байланысты. Ғылымдар жүесінде психология ғылымына қандай орын беріледі, басқа ғылымдарда психолгияның мәліметтерін пайдалану мүмкіншіліктерін түсінуге көп нәрсе байланысты немесе керісінше, қандай деңгейде психология басқа ғылымдардың нәтижелерін пайдалана алады? Қоғамдық ғылымдардың ішінде философия, саяси экономика, тарих, өнертану, педагогика ғылымдарымен байланысты. Бұл ғылымдардың барлығында да адамның саналы іс-әркеті зерттеледі, демек, психология айналысатын мәселелер қарастырылады.

Педагогика ғылымы үшін психологияның жүйесі, мәні ереше, себебі жек тұлғаның даму заңдылықтарын, баланың жас және дара ерекшеліктерін білу теориялық негідеуге көмектеседі және оқыту мен тәрбиелеудің ерекше тиімді әдістерін жасауға практикалық жол көрсетеді.

Психологиялық білім мұғалімге шәкірттердің жас және дара ерекшеліктерін ескере білуге, уақытында оларда таным қызметінің жағымды дағдыларын қалыптастыруға, жаңа сезімдерді, ерік-қайраи қасиеттері мен мінез бітісін уақытында аңғаруға көмектеседі.

Психологиялық білім мұғалімге өзін-өзі талап қою үшін және оқушыларды тиімді оқыту мен тәрбиелеуге қажетті сапаларды дамыту үшін қажет. Психологиялық білім өзін-өзі тәрбиелеуге де өте керек. Психикалық құбылыстарды ғылыми түсіну әрбір адамға өзінің жеке басындағы қасиеттерінің күшті және әлсіз жақтарын дұрыс айыруына бағыт береді. Жеке басындағы жағымды қасиеттерді ілгері дамыту, ал кемшілік жақтарын болдырмау үшін көмектеседі. Психологияның педагогикамен байланысына ерекше тоқталуды қажет етеді. Сөз жоқ, бұл байланыс әруақытта да болады, К.Д.Ушинский кезінде былай деп атап көрсетті: «Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет). Бұл жерде психологияның практикалық мәнін нақты түрде көрсетіп тұр. Егер педагогика психологиялық құбылыстардың табиғаты туралы білімге сүйенбейтін болса, онда ол педагогикалық кеңестер мен нұсқаулардың қарапайым жиынтығына айналар еді және мұғалімге көмектесуге қабілетті ғылым болудан қалар еді.

Педагогиканың барлық саласын дамытуда (жалпы педагогика, дидактика, жеке пәндерді оқыту әдістемелері, тәрбие теориясы) психологиялық зерттеулерді қажет ететін мәселелер пайда болуда.

Осы айтылғандардың барлығы қазіргі психология ғылымдардың түйіскен жерінде екендігін дәлелдейді. Психология бір жағынан, философия ғылымдарымен, екінші жағынан, жаратылыстану ғылымдарымен, үшіншіден, әлеуметтік ғылымдармен байланысты аралық жағдайда орналасқан ғылым екендігін дәлелдейді.

Наши рекомендации