Жоғары деңгейдегі сезімдер
Адам жан дүниесінің сыры қоршаған ортаға әсер-леніп қана қоймай, оның құпияларын танып білуге ұмтылуында. Мұндай әрекет адам сезімінің жоғары деңгейдегі саналы әрекетін, эстетикалық талғамы мен адамгершілік-моральдық қасиеттерін сезіне білетін көңіл-күйіне байланысты. Жоғары деңгейдегі сезімдердің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және моральдық-адамгершілік түр-лері бар.
Ақыл-ой (интеллект) сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі - балалардың оқып білім алуға, ересектердің өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін туды-рады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды. Ақыл-ой сезімі - адамның кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл-күй.
Эстетикалық сезім - объектив шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл-күй. Әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләззаттанып, рухани күшін арттыру сезімі - адамның өмір тіршілігінде біртіндеп қалыптасатын жағдай.
Эстетикалық сезім - мазмұны мен мағынасы және түр-сипаты жағынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүниесінде бейнеленіп, оның мінез-құлқына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңіл-күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістетуші ықпал ретінде қарастырады.
Адамгершілік-моральдық сезімдер қоғам талабына орай адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл-күйін білдіреді. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те айтылады. "Мораль" - "морале" деген француз сөзі. Мағынасы - адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы - мұның бәрі адамгершілік сезім көрінісінен байқалып тұрады.
Адамгершілік сезімінің принципі мен жалпы негізі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық сатыларда әлеумет мүшесінде қалыптасып отыратын мінез-құлық көріністері. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер - борыш сезімі, әркімнің өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін құрмет тұтуы, әрбір адамның жеке-даралық қасиеттерін сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық және әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың, этностардың өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас. Адамның жоғары деңгейдегі сезімдерінің қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына деген жауапкершілікті сезінуінде жатыр. Екіншіден, ол отбасындағы тағылым-тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрістейді.
Дәрісбаян
Ерік
Жоспары:
1.Ерік туралы түсінік.
2.Еріктің физиологиялық негіздері.
3.Ерік туралы психологиялық көзқарастар мен теориялар.
4.Ерік әрекеттерін талдау.
5.Жеке тұлғаның ерік салалары.
6.Ерікті дамыту және тәрбиелеу.
Ерік - бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы және ішкі кедергілерді жеңуімен байланысты өз қылық әрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті. Ерік өмірдің ауыртпалық түскен жағдайларында белсенділік көтеріп, өзін-өзі реттеудің (саморегуляция) көзі болумен түгелдей сана басқарымында болады. Адамның өз әрекет-қылығын реттестіре алу қабілетінің негізінде жүйке жүйесінің өзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерік саналы өзіндік басқарумен бірге белсенділік арттыру, немесе ынталандыру және реттеу қызметтерін де атқарады.
Ерік, яғни ырықты әрекеттер - ырықсыз қимыл - қозғалыстар негізінде пайда болады.
Ерік-тік қылықтың ерекшелігі оның “мен қалаймын” емес, “мен міндеттімін” толғанысының жетегінде болуы. Біздің барша өміріміз ұдайы еріктік әрекеттер мен әдеттегі қылықтарымыздың өзара байланысты қатынасына тұрады. Ырықсыз қозғалыстарға қарсы қойылатын саналы әрекеттер адамға тән бола келіп, ниеттелген мақсатқа жетуге бағдарланады. Еріктік қылықтың басты көрсеткіші де нақ мақсатқа бағытталған саналы әрекет.
Мақсатқа жетуде қандай да қиыншылықтарды же-ңу сол мақсаттың мән-мағынасын терең түсіне білуге және адамның өз борышын саналы байыптауына тәуелді. Мақсат неғұрлым маңызды болса, адам соғұрлым қандай да кедергіден қаймықпайды.
Ерік теориялары
Т±лѓа қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс болмаған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис- жын-шайтан қуу үрдісінен аңдауға болады. Бұл үрдісте адам шылғи да енжар (пассив) бастама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын “ұя” ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп есептелген.
Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі - сол за-манда қалыптасқан қоғамның адам әрекет-қылығының негізі оның өзінде екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп қабылданған. Мұн-дай сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыралуға құқы болған, мысалы, бабалар аруағы және ол дү-ниемен тілдесетін - бақсы-балгер (шаман), от пен металды бағындырған - темірші, өзін қоғамға қарсы қойған қарақшы - қанішер ж.т.б.
Ерік түсінігінің жаңа "Қайта тіктелу" (возврождение) заманында жеке адам проблемасымен бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойындаудан. Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті, "тіпті қателер жіберуге де бейім" дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан шығып, тек (род) ортасынан бөлінумен адам жеке адамдық (кісілік) кемелденуге жетіседі. Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе - ерік бостандығы.
Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу (абсолютизация) нәтижесінде экзистенциализм немесе "тіршілік философиясы" пайда болды. Экзистенциализм (М.Хай-дегтер, К.Ясперс, Ж.П.Сартр, А.Камю ж.б.) ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі - қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтік-мәдени ортадан бөлек, дерексізденген (абстрактный) адам. "Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған" бұл адамның өмірі мағынасыз "қым-қиғаш оқиғалар" жиынтығы да, адамның өзі – "пайдасыз құмарлық". Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да ол адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып-тәртіп (норма) ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу көзі. Ж.П.Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік - бір ғана рет көрінетін, реттестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңберімен оқшауланбаған, өздігінен (спонтанный) туындайтын, себепсіз, "әлеуметтенуге" қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мадақтаудан экзистенциалистер адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмайды.
И.П.Павлов ерікті - адам белсенділігіне байлау болатын кедергілерді жеңуде көрінетін әрекетшеңдік – "еркіндік инстинкті (рефлексі)" деп қарастырады. "Еркіндік инстинкті ретінде ерік аштық пен қауіп-қатерден де мәнділеу. Егер осы қасиеті болмаса, - деп жазды И.П.Павлов, - жануар алдынан шық-қан елеусіз-ақ кедергіден өте алмай, өлімге душар болар еді". Ал адам үшін мұндай кедергілер қатарына әрекетке матау болатын сыртқы әсерлер ғана емес, өз қызығулары мен қажеттіктерін бақылауға алатын өзіндік сана мазмұны да болуы мүмкін. Бұл тұрғыдан ерікіндік инстинкті болған ерік, жеке адамның психологиялық болмысының барша деңгейлерінде көрі-неді, бір қажеттіктерді басып, екіншісіне ынталандырады, өз міндетін танытып, жеке адамдық қадірін қорғау мен өз мұраты үшін жан пидалыққа дейін апарады.
З.Фрейд пен Э.Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде "ерік адам қылықтарына дем беруші ерекше қуат (энергия)" деген түсінік ғылымға енді. Бұл ғалымдардың болжамынша, адам қылықтарының көзі - психикалық формаға келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, З.Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ "либидо" (махаббат) - жыныстық құмарлықтың психосексуалды энергиясы. Мұндай тұжырым-даумен З.Фрейд адам қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни "либидоның" "мәдениеттестірілген" алғашқы көрінісі (эрос) деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дүниеге (өлімге) ұмтылысының белгісі (танатос) екенін түсіндіріп бақты.
Психоанализ бағыты өкілдерінің (З.Фрейд және шәкірттері) қай-қайсысы да қорытынды пікірлерін - адам әрекеттерінің көзі - қажеттіктердің мән-ді, бірақ тұтастай емес, бір тарапын ғана асыра дәріптеуге бағыттаған. Пікір қарсылығын тудыратын тек бұл әсіре ғана емес, адамның өз "тіршілігін сақтау" мен "тұтастығын қолдауды" қамтамасыз ететін ықпалдарды түсіндіруі де ғылымдық көзқарасқа сай келмейді. Адам өзі-нің биологиялық болмысы, яғни тіршілігіне қарсы қатерге де баруы тұрмыстан белгілі: соғыстағы ерлік, қауіп-қатерде батылдық ж.т.б., бірақ фрейдшілер бұл жағдайды ескермейді.
Еріктік әрекет себептері адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасқа келуінен туындайды. Адам табиғатынан қоршаған орта жағдайлары болмай, өз өмірін қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерік бостандығы - табиғат пен қоғамның жалпыланған заңдылықтарын теріс-теу емес, керісінше, адамның оларды жете танып, өз әрекетін соларға сай реттестіре білуі.