Абілеттің даралық айырмашылығы
Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылық істің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік-нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі ѳзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, кѳркемѳнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы салалардағы ѳнер түрлерімен шүғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.
Іс-әрекетпен айналысқанда адамның жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалық кѳріністер болуы қажет: ең алдымен, еңбек сүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның ѳзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді.1 Негізі, адам ѳзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын кѳзімен қарап, бойындағы жетістік, кемістігін икемі мен күш- қуатын, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.
Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық сияқты қасиеттер де жатады. Дарындылық— адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, ѳмірдің қандай да бір саласында озін ерекшеқырынан кѳрсетуі. Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында ѳздерінің ақындық, әншілік, серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Әсет, Мәди тәрізді басқа да таланттардың есімдері осы кезге дейін ел есінде.
Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талантдеп аталады. Талант - адамның нақты бір істе нәтижелі орындаудағы қабілетінің біршама жағымды қасиеттерінің озара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам ѳмірде белгілі бір пайдалы әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге де жетеді. Соның арқасында оның іс-әрекеті ѳзгелерге ѳнеге болады, жемісті нәтижелер береді.
Адам қабілетіндегі дарындылық пен талант одан әрі дамып, данышпандыққасиетін тудырады. Бұл - адам- ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге кѳтерілуі. Данышпандық қасиет — адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан адамның іс-әрекет нәтижелері адамның әлеуметтік ѳмірі мен қоғамдық тіршілігінің жақсаруына елеуді үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-экономикалық т. б. салалардың. ѳркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында ѳшпес із қалдырады. Сондай адамдар қатарына Аристотель, Платон, Әбу Нәсір әл-Фараби, Ұлықбек сынды ғұламалар, қазақтың Абылай хан, Бұқар жырау, Теле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Майқы би Мәнұүлы, Абай тәрізді біртуар перзенттерін жатқызуға болады.
Қабілетке қатысты мәселелерді қорыта айтсақ, қабілет-адамның даралық психологиялық қасиеті. Мұндай ѳзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын, кісілік сипатын, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне айналдырады. Психология ғылымында соңғы 1 — 1,5 ғасыр бойында адам қабілетінің даму деңгейі және оның қалыптасуы тәжірибелік зерттеулер арқылы анықтала бастады. Бір сѳзбен айтқанда, адам қабілетті мен оның түрлі деңгейде дамып ѳрістеуінің негізгі факторы — еңбек.
Ү ш і н ш і б ѳ л і м
Таным процестері
XI тарау. ТҮЙС1К