Тақырып. классикалық психоанализ

Жоспар:

1. Зигмунд Фрейд: тұлғаның психодинамикалық теориясы

2.Психоанализ: негізгі концепциялары және принциптері

Негізгі ұғымдар: Фрейдизм бағыты

Зигмунд Фрейд, нем.Sigmund Freud, толық аты Сигизмунд Шломо Фрейд, нем.Sigismund Schlomo Freud; 6 мамыр1856 жыл, Фрайберг, Австрия — 23 қыркүйек 1939 жыл, Лондон) — Австрия психологі, психиатрі және неврологі. Психоанализ ілімінің негізін қалаушы.

Психоанализдің негізін салушы австрия психиатры З.Фрейд.Қазіргі күнге дейін тұлға психологиясына әсер ететін, кең тараған теориялардың бірі – фрейдизм. Бұл теория клиникалық кезеңде пайда болған. Теория құрастырушысы-З.Фрейд. Кейін фрейдизмнің іргесінде шартты түрде неофрейдизм теорияларының тобына біріктілген бір қатар теориялар пайда болған. Фрейд бірнеше жыл бойы Сальпетриердегі (Париж) атақты француз неврологы Ж.Шарконың клиникасында және Нансидегі Бернгеймнің клиникасында жұмыс жасай жүріп невроздар терапиясымен танысқан болатын. Өткен ғасырдың 90-жûëäûң басында Й.Брейермен біріге гипноздық катарсис тәсілін пайдаланды. Кейін гипноздық сендіру практикасын тастап түстерді жору интерпретациясын, еркін туыдайтын ассоциацияларды, ескертулерді, естен шығаруды зерттеуге көшкен. Осындай материалды талқылауды Фрейд психоанализ тәсілі деп атап, оны психотерапияның жаңа техникасына баламалаған.

Психоанализ тәсілін пайдаланғанда науқаспен ұзақ уақыт әңгемелесе отырып, оның ақыл-есіне ауырудың шынайы себебі туралы жеткізіледі, науқас бұрын ескермеген нәрселерді түсіне бастайды. Фрейдтің айтуынша катарсис болады. Кейін мұндай концепция дені сау адамның психикасына да таралған.

Мінез-құлық мәселесін қарастыра отырып Фрейд адамның психикалық іс-әрекетін анықтайтын 2 қажеттілікті көрсетеді: либидо және агрессия. Қоршаған орта осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға қарсылығын білдіріп, бөлектегеніне қарамастан ол екеуі сананың “цензурасынан” өтіп, символдар түрінде көрініс береді. Осы қажеттіліктердің өзара әрекетінің сипатын, оларды қанағаттандыру мүмкіндігін аша келе Фрейд тұлға құрылымында 3 негізгі компонентті ажыратады: ид (“Ол”), эго (“Мен”) және супер-эго (“Жоғарғы-мен”). Ид бейсаналық саласына ығыстырылған инстинкттердің алаңы болып табылады. Эго, біржағынан, бейсаналы инстинкттерге жалғасса, екінші жағынан, шынайылықтың нормалары мен талаптарына бағынады. Супер-эго дегеніміз қоғамның ғибратты бастауларының жиынтығы, ол “цензор” ролін атқарады. Сонымен, ид пен супер-эго талаптары үйлеспейтіндіктен эго үнемі конфликтіде, ол қорғаныс механизміне (ығыстыру, сублимация) жүгінуіне тура келеді. Ығыстыру санасыз түрде жасалады. Бейсаналық саласына “көшетін” мотивтер, күйзелулер “цензор” үшін жарамды символдар, әрекеттер түрінде қалып, әсер ете береді.

Фрейдтің ойынша түрлі іс-әрекет функциялары мен формаларын жүзеге асыру үшін арнайы механизмдердің (сублимация, проекция, көшіру, ығыстыру, регрессия, т.б.) бөлек жүйесі бар. Ал ағза энергия сақталу заңымен басқарылатын күрделі энергетикалық жүйе ретінде қарастырылады. Сондықтан, егер либидо өзінің бір көріністерінде тоқтатылса, онда қандай да бір басқа эффекттіні тудыруы тиіс. Супер-эго осындай эффектілерді әлеуметтік тұрғыдан жарамды етеді. Егер жарамды ете алмаса, онда ид пен супер-эгоның арасындағы конфликт өршіп, жүйенің қалыпты қызметі бұзылады, тежелген либидо түрлі ауырсыну синдромдары арқылы өзін байқатады.

Психологияның әртүрлі мектептерінде тұлға табиғаты әртүрлі түсініледі, оның себебі, оны психологияның пәні ретінде анықтаумен, психологиялық зерттеулерге деген қатынаспен, зерттеулерде қалыптасқан принциптермен байланысты болды. Сондықтанда фрейдизм аясында негізгі ұғым инстанциялар мен, өзбеттілі өмір сүретіндердің арасындағы конфликт ретінде қаралғандықтан, тұлға үнемі конфликт жағдайында қаралды.

Осы бағытқа негіздемені австриялық дәрігер, психиатр, психолог, философ, бейсаналық теориясын жасаушы З.Фрейд (1856-1939) берді.Психика оның пікірінше санадан тұрады, ол адамға оның басынан өткізгендері ретінде беріледі, сана алды күйі жеңіл ұғынылатын бірақ дәл сол уақытта анық ұғынылмайтын, бейсаналық басынан кешкендер болады деп түсінілді.

Психиканы динамикада қарастыра отырып, З.Фрейд сана, сана алды және бейсаналылықтың арасында үнемі қозғалыстар, өзара әрекеттер, конфликтілер болады деді. Санадан ыңғайсыз, қабылданбайтын тілектер, қабылданбайтын еске түсірулер ығыстырылады. Сана қоршағандар негативтің бағалаған ұмтылуларды басып тастайды, олар бейсаналыққа өтеді, санада көріну жағдайы туғанға дейін сонда өмір сүреді.

Сөйтіп бейсаналық ығыстырылған, сана үшін жарамайтын мазмұндарды (тілектер, ойлар т.б.), алғашқы инстинктерді «орналастырушы» ретінде түсінілді. Сана мен бейсаналықтың арақатынасы айсбергтің судың асты мен үстінің арақатынасы ретінде қаралды. Су асты бөлігі үлкен және көрінбейді.

Фрейдизм «адамның жаңа бейнесін», жаңа дүниетанымды жасауға тырысты.

Психиатрлар мен невропатологтардың көптеген бақылаулары адам ─ XIX ғасырдағы психология бейнелегендей, интеллектуалдандырылған тіршілік иесі емес екенін көрсетті. Олардың бақылаулары, адамның психикалық өмірі аффектілер мен эмоцияларға, қызығушылықтар мен құмарлықтарға, бір-біріне қарама-қайшы, кейде адамның қабылдауы мен ойлауын басқаша көрсететін, ұмтылыстар мен тілектерге толы екенін көрсетті. Адам көп жағдайда өз қылықтарының себептерін, мотивтерін білмейді және өзінің бойындағы кейбір ілімдерді, естеліктерді жоққа шығарады, бірақ оларды гипноз әсерінде көрсете алады. Осы бақылаулар психоаналитикалық фрейдистік теорияны жасаудың көзі болды.

Фрейдизмжеке адамның жан төркiнiн, дамуын иррационализм (саналы дəлелi жоқ) мен мистика (тылсым құпия) сияқты психикалық факторларды саналы əрекетке тiкелей қарсы қоюмен дəлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт. Алғашқыда есi ауысу сырқатына тап болғандарды емдеу мен олардың сырқатының табиғатын түсiндiруге бағытталған бұл iлiм кейiн адам жөнiндегi жалпы тағлимат дəрежесiнде ұсынылды. Фрейдизм iлiмiнiң негiзгi сарыны: адам табиғаты астар санадағы психикалық күштер (олардың iшiндегi ең бастысы либидо (жыныстық құмарлық) мен сол адамға жау əлеуметтiк ортада тiршiлiк сақтау қажеттiгi арасындағы мəңгi өшпес келiспестiк пен арпалыста дамиды, қалыптасады.

Қоғам өзiнiң шектеулерiмен адамды күйзелiске түсiредi, оның санаға бағынбайтын құмарлықтарын басуға тырысады. Сондықтан бұл көңiл шарпулары (аффект) жəне сезiм көрiнiстерi (эмоция) айналма жолдармен невротикалық белгiлер түрiнде жарыққа шығады (түс көру; қате, жаңсақ сөйлеу, жазу; қажет, бiрақ ұнамсыз болғанды ұмыта қалу, ойланбай айтып салған оспақ əзiл, т,б,). Осыдан З.Фрейд Адам iсəрекетiнiң бəрi объектив болмыс туындатқан сана басқарымында болмай, адамның өзi сезе бермейтiн

астар санадағы ықпалдар (мотив) жетегiнде жүредi деген тұжырымды бетке ұстайды. Санада ешқандай күш жоқ, яғни организм мен қоғам адамның саналы күтiлмеген көңiл шарпуларының илемiндегi қамыр. Фрейдизм, ақырында, адам қылығы қоғамдық даму заңдарына бағынбай, иррационал психикалық күштер ықпалында болуын дəрiптеуiнен, адам əрекетiнiң бəрi агрессив, оны тəрбиемен өзгерту мүмкiн емес деген реакцион идеяның арқауына айналды.

Австриялық дәрiгер - психиатр және психолог З.Фрейд адам өмiріндегi үлкен рөлдi балалық жылдарына пұлдады. Адамның мiнез-құлығының қалыптасуы балалық шақтағы өткен өшпейтiн ізге тікелей байланысты деп қарастырды. Балалық шақ, З.Фрейд бойынша, бiрнеше кезеңдерге жiктеледi:

Белгілі бір уақытта қай орган, қандай психосексуалды аймақтары дамыса, ол соған сәйкес дамитын кезеңдердi анықтайды. З.Фрейд адам барлық кезеңдердi өз дамуында дәйектi түрде өтетiн энергияның мөлшерiмен дүниеге келетiнiн санады. Ол алғашқы үш кезеңдер прегениальды деп атады: (оральная, анальная, фаллическая) ауыз, көтеншек, фаллиялығы. Олар 5 жылдарға дейiн жаратылысты жас шамаларын қамтиды. Төртiншi, генитальды, өз дамытуындағы фаза жыныс жетілуі уақытпен дәл келедi.

З.Фрейд адам дамытудағы нәпсi түйсiктiң анықтайтын рөлiн жиi қарастырған. Нәпсi түйсiк адамның өсуi процесінде бiр эроген аймағынан басқаға ауыса дамиды. Және әрбiр кезеңде бас жағымды кернеуi қанағаттандыруды әкелетiн дененiң нақтылы бөлiмшесi болып табылады. Бұл қажеттiктер фрустрация күйде, қалыпты жағдайда немесе қамқорлықтың атмосферасында - қанағаттандырылғанына сәйкес, адам сипаты анықталады. Баланың психосексуалды қажеттiгi фрустрациялар жағдайда нормалы қанағаттандыру таппайды. Тәрбиешiлердің аса қамқорлығының нәтижесінде де бала өз мүмкiндiктерiн қолдана алмай, өз қажеттiктерiн басқаруға қол жеткізе алмайды.

1.Оральный тип: Ауыз түр:

Егер балада нәрестелiкте, шамадан тыс немесе жеткiлiксiз стимуляция қиындықтар болса, онда келешекте енжар түр (ораль­но-пассивный) адам қалыптасады. Бұл түр қоршаған шындыққа, енжар, немқұрайлылық танытумен бейнеленедi. Ол басқадан үнемi қолдау және мақұлдау іздейдi. Бұл адам әдетте көңiлдi және оптимистiк, балалық жанды. Жиi бiр қалыпты жомарт немесе, аса қомағай да болады.

Егер (фрустрация немесе шамадан тыс қамқорлы кездерде) мәселе бөпеде тiстер шығатын мерзiмде, тiстеу және шайнау бұл күйде маңызды форма болғандықтан, бұл кезде қалыптасатын тип (орально-агрессивный, или орально-садистский) онда бiз агрессивтi, адамның түрiн аламыз. Мұндай адамның түрi меншiктi мүдделердегi басқа адамдарды пайдалануды, цинизм, сарказм, түңiлушiлiк, өктемдiлiкке әуестенуді жақсы көредi.

З.Фрейд дәстүрлі психологияға қарсы шықты. Бұрынғы түсініктеме схемаларын ығыстырып, жаңаларын ұсынды. Ол өзінің емдеу тәжірибесінде ерікті ассоциациялар әдісін кең қолданды. Әрбір ассоциация қандайда бір себептің салдарынан басталады деп санады. Ассоциация арқылы ол өзінің пациенттерінің ойын білуге тырысты.

З.Фрейд ұғымдарының өзегі болып метаморфозалар идеясы қалыптасты. З.Фрейдтің сәбидің жыныстық дамуы және эдипов комплексінің теориясы баламалар мен талқылауларға негізделіп жасалған, сондықтан да ғылымды емес, мифологияны білдіреді.

Психоанализдің негізгі дәрежесі болып мотив дәрежесі саналады. Психоанализ адамның мінез-құлқының серіппелері мен қуат қоры туралы адамның өзі жайлы ұғымдарынан көбірек айтуға тырысты. Бірақ З.Фрейд мотивацияны санаға қарсы қойды. З.Фрейдтегі психикалық қуаттылық биологиялықты алмастырды және қоғамдық дамудың басты қозғаушы күшінің рөлін атқарды. Ағза да, қоғам да пішінделетін материал түрінде қарастырылды.

З.Фрейд жеке тұлғаның дамуының әр түрлі міндеттерін жүзеге асыратын кезеңдерін бөліп және анықтай отырып жеке тұлғаның даму теориясын тұжырымдады және даму дағдарыстарын сипаттады, психолог бұл дағдарыстардың мазмұнымен жұмыс жасай отырып адамға интенционалдылыққа жетуге көмектеседі.

З.Фрейд тұлға туралы психологиялық ілімге маңызды ықпал еткен, басқа модельді ұсынды. Онда тұлға 3 компоненттен тұрады және олар терминдермен белгіленеді деп тұжырымдалған: «Ид» (ол), «Эго»(мен) және «Супер-эго»( меннен жоғары).

Тұлғаның құрылымы З.Фрейд бойынша басқаша берілді: «Ид» төменгі инстанция, бейсаналы біріншілей қажеттіліктерді орналастырады, қанағаттану принципіне бағынады. Қанағаттану принципі психикалық өмірді реттеуші болып табылады, ол қанағаттануға ұмтылу мен қайғыларды жоюмен көрінеді.

«Ид» ─ инстинктерді тасымалдаушы: ол санадан тыс және иррационалды бола тұрып, рахаттану ұстанымына бағынады.

«Супер эго» «үстіде» орналасады, жоғарғы инстанция болып табылады, біріншілей қажеттіліктерде көрінетіндерді шектейді. «Супер эго» бейсаналық инстанция, мінез-құлық цензурасы, бастан өткен әсерлер.

«Супер-эго» ─ рухани стандарттарды тасымалдаушы. Бұл сыншы және цензор рөлін атқаратын тұлға бөлігі.

«Эго» ─ шынайылық ұстанымына бағынады, сыртқы әлемнің ерекшеліктерін, оның қасиеттері мен қатынастарын ескереді.

«Эго» психикалық өмірдің ұғынылған жағы, реалды өмір шарттарын бағдарлануды береді, «супер эго» талабын және «ид» тілектерімен келісуге ұмтылады. «Эго» негізінде жатқан реалдылық принципі тілектерді қанағаттандыру барысындағы реалды болмысты ескеретін бағдарлануды көрсетеді.

Егер Эго Ид-ке тиімді, ал Супер-эго-ға қарсы әрекет жасаса немесе шешім қабылдаса, ол өзін кінәлі сезініп, ұялып, өзін-өзі жазалайды.

Эго-ға қоятын әр түрлі инстанциялардың –Ид және Супер-эго ─ талаптары ұқсамайтындықтан, ол үнемі келіспеушілікте болады. Мұндай жағдай төзгісіз күштеу тудырады.

Бұл күштеуден Эго арнайы «қорғаныс механизмдері»─ ығыстыру, сублимация және т.б. арқылы құтылады.

Ығыстыру ─ тұлға қабылдамайтын, белсенді құбылыстарды жою.

Сублимация ─ тиым салынған жыныстық қуаттың басқа әрекет түрінде шығу механизмі.

З.Фрейдтің негізгі ұғымы ол энергия. Либидо ол сексуалды энергия немесе жасампаз энергия. Бұзатын энергия өлімге, агрессияға ұмтылуда көрінеді. Энергия бейсаналықтан бөлінгісі келеді, ал әлеуметтік шек қоятын цензура энергияның тура өз міндетіне баруын шектейді. Конфликтіден қашу энергияның таралу мүмкіндігінің орындалмайтындығымен шақырылған күштену үшін «эго» сублимацияны пайдаланады.

Сублимация сексуалды ұмтылулар энергиясын әлеуметтік рұхсат етілген объектілерге ауыстыруды жасайды, сексуалды инстинкт энергиясын тікелей объектіден алып кетеді, оны әлеуметтік өнімді іс-әрекетке қолдануға жұмсайды. Егер «Эго» зорығуды конфликтіден түсірмесе, онда ол бастан кешірген зорығуды неврозға апарады. Невроз психоаналитиктердің айтуы бойынша ол мәселені шешуден кету деп санайды.

Ұғыну невроздан жазылуға мүмкіндік береді, невроз қорғанудың бейсаналық құралы болып табылады. Невротик психоаналитиктің интерпретациясымен белсенді қарсыласады, өзінің шынайы невротикалық конфликтісін түсінгісі келмейді. Фрейд бойынша конфликт табиғаты бойынша психикаға тән, ол жойылмайды.

Алайда «Эго» конфликтіні тиімді басқара алады, невроздан қашырады. Ол үшін «Эго» психологиялық қорғаныстарды қолданады, сол арқылы санадан шектеу қойылған қабылданбайтын өзінің меншікті импулсьтарын қабылдауды жояды.

Эмоционалды және мінез-құлықты стереотиптерді тану үшін жеке тұлғаның қорғаныс механизмдерін оқи отырып жүзеге асыруға болады. Пситхоаналитикалық консультация клиент мәселесінің бастауын тануын ортаға қояды. Инсайт, саналы түрде түсіну тұлғалық өзгерістердің басталуына жиі жеткілікті болады.

Тұлғалық қақтығысты З. Фрейд Ол, Мен, және Жоғары-Мен. Қазіргі теориялар модификациясында психолог міндеті Мен көмегімен белгілі қарсылықсыз Ол мен Жоғары-Мен арасында қатынасты адам табуы керек. Ол – санадан тыс облысы. Жоғары-Мен — әлеуметтену үрдісінде алған тұлға қасиеттері. Мен – Жоғары-Мен мен Олардың арасындағы сілтеуші. Әлді Мен Ол мен Жоғары-Мен арасындағы қатынасты жасаушы – интенционалдылыққа жетудің маңызды шарты.

Мен-нің негізгі міндеті адамға әсер ететін сыртқы (әлеуметтік) күштер мен ішкі (санасыз) арасындағы балансты сақтау болып табылса, онда психолог үнемі тұлғаның өзін қорғайтын механизмдерімен жұмыс жасайды. Психодинамикалық теорияларда көптеген қорғану механизмдері сексуалдылықты тежеу үшін деп саналады.

Психологиялық қорғаныс бейсаналық механизмдердің жиынтығы, «Эгоны» сыртқы қауіптен, бейсаналықтан келетін «Супер Эго» үшін қабылданбайтын меншікті әуестенулерден қорғауды қамтамасыз етеді.

Психологиялық қорғаныс механизмдері әртүрлі формаларға ие болады, оның алпыстан аса түрі кездеседі, мысалы проекция, ығыстыру т.б. Бейсаналықты сыналушының есебінсіз зерттеу мүмкін емес, сондықтанда түс көргендегі, қателескен әрекеттердегі, невротикалық симптомдардағы, еркін ассоцациялардағы бейсаналықтың нысанын, бұзылуын, көрінгендерін анализдеуді қолдануды ұсынады. Қате әрекеттер есімдерді ұмыту, естімей қалу, қателесу, жаңылысу, басқа нәрсені айта салу көріністерінде білінеді.

Комбинацияланған қате әрекеттер болады. Қате әрекеттер санадан ығыстырылған, көріну қабілетінен айырылған басып тасталынған психикалық материалдар әрекетімен шақырылады. Белгілі бір жағдайда әрекеттің ұғынылған бағытын, басылып қалған тілектер интерференциясы қате әрекетті, әрекет бағытын береді.

Түс көруді кейде «бейсаналықтағы патшалық қақпасы» деп атайды. Түс көру жұмысы, ауыстыру мен конденсация түс көру бейнелерін түсініксіз, анықсыз, санаға түсініксіз етіп жасайды. Фрейдтің идеяларының бірі символдар сөздігін жазу, көптеген психоаналитиктер оған қарсы болса да, оны, барлық бейнелерді ұғынылған тілге аудару болды.

Ең қызығы сол түс көру жұмысын талқылап оны қайта жасалған психикалық материалдарды меншікті бастапқы қабат деп қабылдау болды. Түс көру жұмыстарын талқылауда «әрекетті қайта жасау», яғни түс көру әрекетін қайта жасау болып табылады.

Ол реконтекстуализация (түс көрудегі ауысудан кейін) және деконденсация (түс көруден кейінгі жасалған жұмыс конденсациясы). Түс көруді анализдеу барысында символдарды түсіну оларды өңдегеннен кейін ашылады.

З.Фрейдтің практикасында емес, теориясында бейсаналық пен сана деген дихотомия бар, бұл дихотомиялар басқада ғылыми дихотомияларда кездеседі: сыртқы мен ішкі, ырықты мен ырықсыз, рефлексивті емес пен рефлексивті. Интериоризация ұғымы осы дихотомиялар негізінде жасалған.

Психоанализ субъектіге анықталуды жапсырудан, проблемаға творчестволық шоғырланудан бас тарту мәселесі бойынша басқалардан айырмасы бар. Творчестволық адам творчество беретін анықтаудан, мәселені шешуден қашу үшін психоанализден жиі бас тартады.

Фрейд психологияға, мәдениетке үлкен үлес қосты. Фрейдтің психоанализ практикасы мен теориясы пайда болғаннан кейін адам басқаша ойлай бастады, басқаша қорытынды жасады.

5-тақырып. Психодинамикалық бағытты қарастырудың нәтижелері:

Наши рекомендации