Келіссөз-жанжалды бейбіт жолмен шешудің әдісі ретінде

Келіссөздер термині адамдардың белгілі-бір мәселені талқылауы,кей әрекеттерді келісіп шешуі,даулы сұрақтарды шешуі,бір нәрсе жайында сөз байласуы сияқты әр алуан жағдайларды белгілеу мақсатында қолданылады.Қақтығыстарды шешуде қолданылатын өзге тәсілдермен салыстырғанда келіссөздердің артықшылықтары мынада:-келіссөздер жүргізу баысында екі жақты тікелей қарым-қатынас қалыптасады;- қақтығысқа қатысушылар өз қарым-қатынасының әр алуан аспектілерін жан-жақты бақылауға,уақытша шектеулер мен талқылаудың шегін белгілеуге,келіссөздер барысында және оның нәтижесіне ықпал етуге,келісімінің шегін анықтауға мүмкіндігі бар;-келіссөдерге қатысушылардың қарым-қатынасының ерекшелігі сол,құпиялықты сақтауға мүмкіндік береді.Келіссөздердің маңызды ерекшеліктерінің бірі- оған қатысушы адамдардың арасында тығыз қарым қатынас орнап барлық күш ортақ шешім табуға бағытталады.

Келіссөздер жүргізу халықаралық қатынастардағы ерекше орны бар ғылым. Келіссөздер жүргізу техникасын меңгеру, келіссөздердің стратегиясын, тактикасын анықтау мемлекет аралық қатынастардың жүзеге асуына үлкен ықпал етеді. Сонымен бірге, келіссөздерді жүргізу барысында құпия ақпаратты сақтау қажеттілігі туындайды. Сондықтан, құпия мәселелер жөніндегі келіссөздерді дайындау мен өткізу, олардың нәтижелерін рәсімдеуде кейбір ережелерлдің сақталуы міндетті. Кілтті сөздер: келіссөздер, мекеме, референт, келісім-шарт, конференция, ақпарат. Келіссөздер - ең көне саяси тәжірибелердің бірі. Келіссөздер дегенде ғасырлар бойғы сан қилы соғыстар, мемлекеттердің коалициясы, империялардың күйреуі көзге елестейді. Саяси келіссөздер саяси тарихтың бөлінбес бөлігі. Бұл ұғым қоғамның дамуымен бірге пайда болып тамыры өте терең кетеді. Келіссөз латынның negotians – саудагер деген сөзінен шыққан. Осыдан-ақ келіссөз жүргізушілердің іс әрекетінің коммерсанттар іс әрекетімен ұқсастығын байқаймыз. Келіссөздер саяси билік, құқық және күш ұғымдарымен тығыз байланысты. Н. Макиавелли және К билікті және күшті жаулап алудың құралы, яғни билік үшін соғысты басқаша әдіспен жалғастыру деді. «Келіссөздер» термині бүгінгі таңда дипломатияда және халықаралыққатынастар саласында кеңінен орын алады. Халықаралық келіссөздертарихы дегеніміздің өзі – дипломатия тарихы болып табылады. Жанжалды шешу – түпкі мəнінде тараптардың арасында туындаған

мəселе бойынша келісімге қол жеткізу . Шындығында бұл пікірмен

көптеген авторлар келіседі, жалпы келісімге келудің үш түрі бар:

тараптардың көзқарастарының сəйкес келуі нəтижесіндегі келісім; сыртқы

күштердің заңи жəне моральдық еркіне сай келісімге келу; үсем тараптың

өзгелерді өз дегеніне көндіруі нəтижесіндегі келісім. 76

Бірінші жəне үшінші жағдайларда жанжал қатысушыларының өзара

белсенділігін көруге болады. Халықаралық жəне ішкі саяси тəжірибе көрсет-

кендей көпшілік жағдайда жанжалдың шешілуін күшті тараптың өз дегеніне

өзгелерді көндіруі деп қарастыруға болмайды. Өйткені шешімді өзгеге

телитін болса ол ұзаққа бармайды, жанжал қандай да бір нысанда қайта

жанданады. Мұнда КСРО құрамындағы аймақтардағы шекаралардың жасан-

дылығын айта кетуге болады. КСРО ыдыраған соң ұлттық қақтығыстардың

орын алуы күтпеген жерден аумақтық мəселелердің орын алғандығын

көрсетті.

Сондықтан, күшке сүйенген, соның ішінде əскери жолмен жанжалдың

шешілуі көбінесе иллюзиялық сипатта болады. Соғыста жеңіліс табу

реванштық жəне жоғалтқан мүдделерді қайтаруға бағытталған көңіл-күйдің

қалыптасуына алып келеді. 1905 жылғы орыс-жапон соғысында Ресей жеңі-

ліс тапты. Бірақ, 1945 жылы КСРО реванш алды. Бұл өз кезегінде көптеген

жылдар бойы Куриль аралдары мəселесін талқылап келе жатқан жапондық

тараптың наразылығын тудырды.

Қазіргі кезде екі мемлекет арасындағы жанжалдарға тоқтау қойылған

сияқты. Бірақ, соңғы нүкте əлі қойылған жоқ. Өзге де соғыстар нəтижесінде

туындайтын аумаққа қатысты мəселелер де белең алуда.

Халықаралық жанжалдарды шешу күрделі екендігін айта кету жөн

болар. Соңғылары бақталастық пен күш қолдану бүгінгі күні басты жəне

шешуші рольге ие болатын шиеленіскен халықаралық қатынастарды білді-

реді. Бұл жерде көбінесе нəсілдік, діни, таптық жəне топтық, ұлттық, аумақ-

тық мүдделер тоғысады. Күреске əртүрлі үкіметтік жəне жеке ұйымдар,

қоғамдық қозғалыстар тартылады.

Соңғы онжылдықтарда халықаралық жанжалды түсінуде үлкен өзгеріс-

тер орын алды. Орын алған келіспеушіліктерді барлық кезде де өзара тиімді

жəне барлығына ортақ, бейбітшіл таңдау жасау тəсілдерімен шешуге бола-

тындығы жөніндегі идея туындап, кең таралды.

Дегенмен, бұл артықтау айтылған пікір, себебі, əлемдік тəжірибе өзге

жағдайдың орын алып отырғандығын көрсетіп отыр. Əйтсе де, идеяның өзі

мəселені бейбіт жолмен шешуді көздейтіндіктен конструктивті жəне

конфликтология ғылымын дамыту үшін де, тəжірибелік мақсаттар үшін де

пайдалы.

Бейбіт жолмен шешу тəсілін таңдауда қайшылықтарды ашық түрде

айшықтау қажет; жабық түрдегілеріне қарағанда оларды басқару жеңіл.

Оның үстіне қарсыласыңды немесе жанжал қатысушысын жойылуы тиіс жау

емес, серіктес ретінде қарастыру қажет. Сонда ғана тараптар қарсыласушы

тараптардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенде ғана қауіпсіздік ортақ

болатындығын түсіне бастайды.

Мұндай ұстаным ұзаққа созылған араб-израиль жанжалында белгілі бір

мөлшерде басшылыққа алынды. Соңғы жылдардағы американдық-ресейлік

қарым-қатынаста да жаңа қарым-қатынас элементтері орын алғандығы

байқалады. Мұндай қорытындыны əлі де болса иррационалдық жағдайлар 77

орын алып отырған армян-азербайжан, грузин-абхаз, сонымен қатар бұрынғы

Югославия аумағындағы жанжалдарға қатысты жасауға болмайды.

Халықаралық қатынастарды шешудегі жаңашылдық екі жолды бөліп

қарастырудан көрініс табады. Дəстүрлі жол жанжалдың негізінде жатқан

қайшылықтарды шешуді көздейді. Ол əлемде орын алып жатқан өзгерістер

толық көрініс табатын əлеуметтік теориялармен келіседі. Екінші жол соңғы

жылдары қалыптасты. Ол бейбітшілік орнатуға, қарулы қақтығыстарды

болдырмауға бағытталған «бейбітшілік жасау» идеясына негізделген.

Мүмкін қарулы қақтығыстардың алдын алуға бағытталған бейбітшілік жасау

жолдары жанжалдарды болдыр-мау жолдарының институционалдық

дамуына жəне біріктіруші бастауларды іздестіруге бағытталған. Мұндай

тəсіл мемлекеттер мен халықтар арасын-дағы болашақтағы қарым-қатынас

түрлері үшін жемісті болмақ. Бұл тəсіл толығымен болмаса да іске асырылды

(Сербия мен Хорватия, Грузия мен Оңтүстік Осетия, Кипрдегі түрік жəне

грек қауымдастықтарының жəне т.б. шекараларына əскер енгізу) жəне

салыстырмалы болса да өз тиімділігін көр-сете алды. Ал біріктіруші

бастауларды жасауға келер болсақ, мұндағы басты мəселе тараптардың осы

бастауларға байланысты келісімге келуі болып отыр.

Жанжалды жағдайға дер кезінде əсер ету дағдарыстың алдын алуға

жəрдемдеседі. Мысалы, 70-80 жылдары жекелеген республикалар арасында

туындаған дауларды (Армения-Əзірбайжан, КСРО – Балтық жағалауы

елдері) əртүрлі жолдар мен тəсілдер арқылы уақытында шешуге болар еді.

Билеуші топтың қолында «алдын алушы қақпақтар», ерте кезінде жанжалды

анықтауға жағдай тудыру, сонымен қатар, еңбек дауларына қатысты,

азаматтық туралы заңдар қабылдау жəне т.б. тəсілдер болғанымен пайдала-

нылған жоқ. Басталып жатқан жанжалдарды жалған ақпараттар, демагогия,

өсек-аяң, ұлтшылдықты қолдайтын көңіл-күй шарықтау шегіне жеткізді.

Осыған байланысты келіссөздердің жанжалдарды шешудің тəсілі мен

жолы екендігін айта кету керек. Келіссөздер – бұл өзара пікірталасты

ұйымдастыру арқылы жанжалды шешу жолы болып табылады. Жанжал екі

тараптың да өз қарсыласына күш қолдануға дайын болған уағына дейін

ушыққан кезде тараптардың соғыстың тиімсіздігі мен бағасының жоғары-

лығын ескеріп келісімге келгені сирек кездеспейді. Шиеленісті жəне ұзаққа

созылған жанжал қатысушыларды билеп алып олар өзгенің көмегінсіз бұл

жағдайдан шыға алмай қалады. Жанжалдасушы тараптарға шығармашылық,

тəжірибе мен қабылет, қалау жетіспеуі де мүмкін. Əртүрлі себептерге

байланысты олар өз талаптарын сəйкестендіре алмайды. Осындай жағдайда

дауға үшінші тараптың яғни, бітімгердің араласуы қажет. Бітімгершілік екі

тарапты да тыңдап өзі жанжалды шешуге байланысты ұсыныстар беретін

үшінші тараптың дауға белсенді араласуын білдіреді . Алайда оның

ұсыныстары екі тарап үшін де міндеттілік сипатқа ие болмайды.

Наши рекомендации