Түйсіктің жалпы заңдылықтары

Біз түйсіктердің заңдылықтарың мынадай екі түрге бөліп қарастырамыз. Бірінші-түйсіктер мен тітіркендіргіштер арасындағы сандық қатынасқа байланысты психофизикалық заңдылықтар; екінші-түйсіктер мен сезім мүшелерінің қалпына тәуелді психофизиологиялық заңдылықтар.

Сезгіштік және түйсік табалдырығы. Талдағыштардың рецепторларына әсер еткен тітіркендіргіштердің бәрі бірдей түйсік тудыра бермейді. Түйсік тудыру үшін тітіркендіргіштің белгілі бір дәрежелік мөлшері және күші болуы керек. Бұл жағдай түйсіну процесіндегі түйсік табалдырығына байланысты. Түйсіну табалдырығының шегі- абсолюттік табалдырық. Түйсіктің абсолюттік табалдырығы деп өте нәзік сезілетін түйсік туған кездегі тітіркендіргіштің аз ғана шамасын айтады. Түйсік табалдырығы екіге бөлінеді, яғни: төменгі минималдық табалдырық және жоғарғы максималдық табалдырық. Егер тітіркендіргіштер әлсіз болып, түйсіктің төменгі табалдырығына жетпесе, онда әсер еткен тітіркендіргішті адам түйсіне алмайды. Мәселен, бөлменің бұрышына барып, алыстау тұрған адам қол сағаттың тықылын естімейді. Себебі, сағат тықылының күші абсолюттік табалдырыққа жетпейді. Абсолюттік табалдырықтың күші адамның

абсолюттік сезгіштігін сипаттайды: абсолюттік табалдырық күші неғұрлым аз болса, абсолюттік сезгіштік соғұрлым жоғары, өткір болады. Басқаша айтқанда,абсолюттік сезгіштіктің мөлшері түйсіктің абсолютік табалдырығының мөлшеріне кері пропорциялы болады.

Түйсінудің абсолюттік табалдырығы төмен болса, онда абсолюттік сезгіштік соғұрлым жоғары болады. Мұны мынадай формуламен көрсетуге болады:

түйсіктің жалпы заңдылықтары - student2.ru

Е-абсолюттік сезгіштік; Р-абсолюттік түйсіну табалдырығы; 1-ге бөлінген.Формула анықтамасы мынадай: егер абсолюттік сезгіштіктің саны неғұрлым төмен болса, онда абсолюттік түйсіну табалдырығы соғұрлым жоғары болады. Абсолюттік сезгіштіктің саны мен түйсіну табалдырығы түрлі себептерге байланысты. Ондай себептерге адамның іс-әректі, жасының ерекшелігі, рецептордың қызметі, тітіркендіргіштердің күші мен әсері, мерзім ұзақтығына жатады.

Табалдырық түрлерінің абсолюттік сезгіштігі әр адамда әр түрлі. Мәселен, сіздің сыбырлап айтқан сөзіңізді бір бала едәуір алыста тұрып естиді, ал екінші бір бала ондай аралықтағы сөзді ести- алмайды. Бұл бірінші баланың абсолюттік сезгіштігінің екінші баланыкіне қарағанда күштірек екендігін көрсетеді. Адам талдағыштарының абсолюттік сезгіштігі жоғары екендігінің академик С.И.Вавилов зерттей отырып, адамның көзі жарық қуатының 7-8 квантасына(квантаны фон деп те атайды, ол- жарық энергиясының өте кішкентай мөлшері) реакция жасай алатынын анықтаған. Бұдан кейінгі зерттеулерде мөлдір атмосфера жағдайында көздің 1км жерден шамның мыңнан бір үлесіне пара-пар жарықты түйсіне алатындығы дәлелденді.

Жоғары табалдырық тітіркендіргіштің одан әрі түйсінілмейтін ең биік максималдық мөлшерін көрсетеді. Мысалы, есту талдағышы үшін адамның абсолюттік жоғарғы табалдырығы орта есеппен 1 секунт ішінде 20 000 герцке тең.Алайда, адамның даралық ерекшелігіне сәйкес абсолюттік табалдырық белгілі дәрежеде өзгеріп отырады. Қарт адам құлағының жоғарғы абсолюттік табалдырығы 15 000 герцтен аспайды.

Сезгіштіктің абсолюттік табалдырықтан басқа тағы бір табалдырығын айыру табалдырығы деп аталады. Айыру табалдырығы дегеніміз-түйсіктердің болар болмас айырсашылығын тудыратын тітіркендіргіштердің минималдық айырмасы. Айыру сезгіштігі деп рецепторлардың тітіркендіргіштер арасындағы азғантай ғана, болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Мысалы жанып тұрған 100 люкстік шамға бір люкс қоссақ, жарықтың күшейгені байқалады. Демек, бір люкс адамның көз рецепторы үшін айыру табалдырығы болады екен. Дыбысты айыратын табалдырықтың күші орта есеппен 1/10-ге тең. Мәселен, 100 кісі қатынасқан хорға 10 адам қосылса, хор аздап қана

артады. Үстеме күш бастапқы сезімге белгілі қатынаста болып, егер одан аз мөлшерде болса, түйсік сезе алмайды. Сондай-ақ, қолға түсірілетін салмақты 1/30 қатынасқа тең деп алады. 100 грамм салмақты қолмен ұстап тұрып, оның ауырланған салмағын байқау үшін оған тағы да 3-4 грамм салмақ қосу керек,ал қолда 1000 грамм болса, оның үстіне 34 грамм қосылғанда ғана салмақтың ептеп ауырлағаның түйсіну кинестезиялық рецептор арқылы байқалады. Сезгіштіктің айыру формуласын Вебер-Фехнер мынадай етіп құрған: 5=К1§1+ С

8-түйсіну қарқыны; 1-тітіркендіргіштің күші; K және C- тұрақтылық (константтар).

Тітіркендіргіштердің күші мен адамның түйсінуінің арасында логарифмді тәуелділік бар екені анық. Мұндайды-психофизикалық заңдылық деп атаймыз. Бұл заңдылықты тұңғыш рет ашқан неміс физиологы Э. Ве-Оер(1795-1878) және неміс физигі Г.Фехнер (1801-1887). Сондықтан бұл заң психологияда Вебер-Фехнер заңы деп аталады. Осяы заң бойынша, егер тітіркендіргіштің күші геометриялық пррогрессия жолымен күшейсе, сол тітіркендіргішті тудыратын түйсінудің күші арифметикалық прогрессия жолымен өсіп

отырады. Бұдан түйсіктің күшеюі тітіркендіргіштің үлкеюіне пропорцияналды емес, анағұрлым баяу есіп отыратынын көруге болады. Мысалы, шартты түрде тітіркендіргіштерді 10, 100, 1000, 10000 деген цифрлармен көрсетсек, түйсік күнінің өсу қарқының 1,2,3,4 деп сипаттауға болады.

Наши рекомендации