Тренингтің нәтижелі жоспарын құру
Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. . Әрбір тренингтің құрылымында біз жұмыстың негізгі кезеңдерін ерекшелейміз.Мысалы: қатысушыларды түзетіп-дамытатын формалардың дәстүрлі түрлері:-Сәлем беру рәсімі; - Жаттығу тапсырмалары; - Үй жұмысы, өткен сабақтың рефлекциясы; - Тапсырманың негізгі құрылымы - Өткен сабақтың рефлекциясы - Қоштасу рәсімі Тренинг ұзақтығы – 1 сағаттан 3 сағатқа дейін. Қасытушылармен жүргізілетін дамыту-түзету жұмыстарының құрылымында келесі бөлімдер ерекшеленеді: Кіріспе бөлімі.Оның басты мақсаты қатысушыларды тапсырмалармен жұмыс түрімен, топтың бірігуіммен, ондағы жағымды атмосферамен, жеке анализдың алғашқы түрін қалыптастыру және өзін-өзі оқу барысында субъект ретінде тануын қалыптастыру. «Танымдық үрдісі» бөлімі. Оның мақсаты есте сақтау, зейін, ойлау, қабылдау процестерінің ерекшеліктерін дамыту. Сонымен психологиялық тапсырмалар арқылы осы танымдық белсенділіктің дамуына, шығармашылық қабілеттің қалыптасуына ықпал ету түрлерін анықтауға көмектеседі. «Назар аудару» бөлімі.Бұл бөлімде қатысушылардың назарын ортақ мәселені бірге шешуге, бірін бірі қабылдау мен тыңдау ерекшеліктерін қалыптастыруға бағыттайтын түрді игеру. «Нейропсихологиялық ерекшеліктер» бөлімімидың доминанттық бөлімімен тығыз байланыстың танымдық аспектілері қарастырылады
30Қарым-қатынас: адамдардың отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен етене әрі жанды байланысы, тілдесу,пікірлесу, әңгімелесу , сөйлесу адамдардың бір-бірімен араласуы. Студенттер жаңа сабақта меңгеруге, белсенді қатысуға дайындалады.
Студенттер 4 топқа бөлінеді.
Студенттер үлестірмелі материалдарды қарай отырып, 1 топ- қарым-қатынас туралы түсінік, аспектілерімен жақтары
2 топ- қарым-қатынас типтері, 3 топ қарым-қатынас формалары, 4 топ қарым-қатынас стилдері туралы ақпараттармен танысып, топ ішінде талқылап, алдарына берілген ватманға презентациялайды.
Тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі қарым - қатынас болып табылады.
Қарым-қатынас -адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуы, ортақ іс-әрекет қажеттілігі мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін күрделі көп жақты процесс.
Қарым-қатынастың негізгі аспектілері1.Қарым-қатынастың мазмұны дегеніміз ол адамның ішкі мотивациялық немесе эмоционалдық күйі туралы мәліметтер болу мүмкіндігі.
2. Қарым – қатынастың мақсаты дегеніміз ол - адамда белгілі нәрсеге байланысты белсенділік түрінің пайда болуы.
Қарым-қатынастың әдіс – құралдарына мыналар жатады: тіл, суреттер, сызбалар, бейне таспалар, механикалық, магниттік, лазерлік жазба құралдар.
Қарым-қатынастың типтері:
Манипулятивті қарым-қатынас- партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі.
Диалогты қарым-қатынас-біріккен таным мен партнер арасындағы өзіндік танымды мақсат еткен бірдей құқықты субъекті өзара әрекет.
Монологты қарым-қатынас-
Императивті қарым-қатынас авторитарлы (әміршіл) форма, партнердің мінез – құлқын, ойын, пікірін бақылау, қатынастағы оны белгі әрекет пен шешімге күштеу мақсатымен жүзеге асырады.
Іскерлік қарым-қатынас- тұлға ерекшелігі, мінезі, жасы, көңіл - күйі ескеріледі, бірақ ең бастысы істің орындалуы.
Рухани-жеке тұлғааралық-бұл достардың, туыстардың қарым-қатынасы. Әр түрлі тақырып қозғалады.
Студенттер тақырыпты ашып, қойылған сұрақтарға жауап бере отырып талқыланады. Қарым-қатынастың формаларымен жеке-жеке танысады. Соның ішінде вербальды және вербальды емес (мимика, жест, пантомимика) , таксика, проксемика талдап, ой електерінен өткізеді.
Вербальды қарым – қатынас
сөздің дыбыстық көрінісі
дауыстың ырғақтылығы
Вербальды емес қарым – қатынас
кинесика (жест, мимика, пантомимика)
таксика
проксемика
31.Тренингтік сабақтардың сценариі Бағдарламаны дайындау өткен дәрісте айтылғандай тақырып пен мақсатты анықтаудан басталады. Әр маман түрлі концепцияларға және өз тәжірибесіне сүйене отырып, мақсат, міндетін, пәнін, мазмұынын құрады. М.Р.Битянова сценарий мазмұнын мынадай тақырыптарға бөледі:
1. Серіктеспен вербальді, вербальді емес қатынасқа түсу және қатынастан шығу.
2. Өзарақолдау және кері байланыс
3. Қарым-қатынас үрдісінде сезімдерді кқрсету және түсіну
4. Қарым-қатынастағы тұлғааралық позициялар
5. Топтың нормативті және құндылықты дамуы (топтық динамика)
6. «Мен-хабарламасын» белсенді тыңдау
7. шешімді біріге отырып қабылдау, конференциялар және талқылаулар
8. Өз позицияңа сенідіру мінез-құлқы.
Автор тренинг өткізуге міндетті деп санайтын контакт фазаларын тренинг үрдісіндегі жүргізілу барысымен байланыстырады.
Коммуникацияның өзарабайланыс фазалары және ұйымдастыруға арналған тақырыптар
Коммуникация фазалары | Ұйымдастыруға арналған тақырыптар |
Контакт фазасы | Контактқа түсу Өзара түсіну және тұлғалық қолдау Қарым-қатынастағы тұлғааралық позициялар Кері байланыс |
Мазмұнды алмастыру фазасы | «Мен-хабарламасын» белсенді тыңдау Біріге отырып шешім қабылдау, конференция, талқылаулар Өз позициясына сендіруші мінез-құлық |
Контакті аяқтау фазасы | Өзара түсінісу және тұлғалық қолдау Кері байланыс Контакттан шығу |
Тренинг заңдары
1. «УК» заңы. Тренингтің барлық қатысушылары тренинг басталуына және үзілістен кейін белгіленген уақытта жиналады. «Балық басынан шіриді» деген орыс мақалын басшылыққа ала отырып, тренингтің жүргізушісі бұл қатынаста үлгі болатынын есте сақтау керек. Егер тренер кешігетін болса, онда топ мүшелері де міндетті түрде ұзақ уақытқа кешігетін болады. Тренингтің жүргізушісі талдауда топпен бірге оқытып, басқарып немесе қатысып қана қоймай, сонымен қатар зінің жеке үлгісімен мінез-құлық пен қарым-қатынастың қалаулы стилін көрсетеді.
2. Микрофон заңы. Қолында микрофоны бар адам сөйлейді. Мұндағы микрофон сіз жаттығуды талдауда немесе жүргізу барысында шеңбер бойынша жіберетін ойыншық немесе қарапайым түрлі түсті маркер болуы мүмкін. Тренердің жұмысқа дайындалуға жеткілікті уақыты болмағанда микрофон ретінде қарапайым қаламды қолдануға болады.
Микрофонның рөлінде ең тиімді құралдар кішкентай жұмсақ ойыншгықтар болып табылады. Ең бастысы – кез келген тренингте қолданылатын құрал топтың эмоционалды ынтасына әсер етеді. Сондықтан да қолданылатын ойыншық пен «келбеті» немесе оның түрі агрессивті сипатта болмауы керек (мысалы, тістері бар қасқыр ойыншығын қолдануға болмайды).
Сонымен қатар микрофон ретінде кішкене допты қолдануға болады. Мұндай жағдайда бір ерекшелік бар: топта, әсіресе жасөспірімдік топта үздіксіз доппен ойнағысы келетін қозғалғыш қатысуыш әрдайым табылады. Сондықтан да тренингтің тең жартысын доппен ойын ретінде өтпес үшін микрофон ретінде басқа да материалды немесе объектілерді қолданған жөн.
Егер микрофон ретінде маркер қолданса, оның ашық және өзіне назар аудартатындай болуын қадағалаңыз.
3. Белсенділік заңы. Белсенділік заңы бойынша «сіз қандай да бір жаттығуға қатыспауыңызға құқығыңыз бар. Бұл тапсырманы орындағысы келмейді деген емес, жай ғана сыртынан адам сыртынан бақылағысы келеді дегенді білдіреді. Өз ниетіңізді топқа алдын ала ескертіңіз. Егер топтың жұмысынан бір қатысушы шығып қалса, бұл барлық топтың жұмысына әсер ететінін ескеруіңіз керек».
4. «Мен - айтамын» заңы. Бұл заң өз көзқарасын тек бірінші жақтан айтуды талап етеді: «Мен ойлаймын, мен сеземін, менің ойымша...». Бұл ереже әрбір қатысушы топтағы әрбір қатысушының ойын білмейді, барлық топ үшін жауап бермейді дегенге негізделген. Сондықтан да «Біз...» деп басталатын ойларға жол берілмейді.
5. Топтың барлық қатысушыларына деген тактикалық және мейірімділік қатынас заңы келесідей түрде беріледі. «Біздің барлығымызда жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз бар. Тренинг барысында басқалардың ерекшелігіне шыдамдылықпен қарау керек. Егер сізді бір нәрсе қанағаттандырмаса, бұл туралы тренинг жүргізушісіне басқаны ренжітпейтіндей және басқа қатысушыға әсер етпейтіндей корректілі формада айтыңыз». Бұл заң жасөспірімдік топпен жұмыста ерекше маңызды. Тренингте жиі бір-бірін фамилия немесе лақап аты бойынша айтуға болмайтынын алдын ала ескерткен жөн. Тренингке қатысушының өзінің жеке қалауымен фамилиясы немесе лақап аты айтылса бұл жағдайда рұқсат етіледі.
6. Есім заңы. Егер тренингке қатысушы тренерге бейтаныс немесе топ бір-бірін аз танитын адамдар қатарынан жинақталған болса, келесі үлгіде құрылған заң қолданылады: әр ой айтылар алдында өзінің есімін айту.
7. Сыпайылық заңы. Топта атысушыларды тренинг барысында әр қатысушы өз қалауы бойынша атаған есімімен атау ұсынылады.
8. Сол уақытта және сол жерде айтылған және болған жағдайлар, сезімдер, эмоция мен қатысушылар арасындағы қарым-қатынас тек тренинг шеңберінде ғана қарастырылып, сыртқы ортаға шығарылмауы тиіс.
Бұл заң бір жағынан жүргізуші үшін маңызды болып табылады, өйткені кейбір қатысушылардың өткені ол жөнінде әңгімесімен басқа қатысушыларды елікетіруіне жол бермейді.
Мұндай мінез-құлық негізінен сол адамның тренинг барысындағы болып жатқан процеске деген ішкі қарсылығын өткен жағдайға ауыстыруының дәлелі болып табылады.
Ал екінші жағынан бұл заң топтың әрбір қатысушысына сол сәттегі жағдайды сезініп, ұғынуға, өмірдің әр сәтінің құндылығын анықтауға мүмкіндік береді.
9. Құпиялылық заңы келесідей үлгіде құрылады: «Тренинг барысында болған жағдайдың барлығы осында қалып, тренингке қатыспаған өзге адамдармен талқыланбайды».
Бұл заң топ мүшелеріне өздерін қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік бере отырып, әр қайсысының толықтай ашылуына жағдай жасайды.
10. Көбіне кейбір қатысушылар қандай да бір жаттығуға өзі қатысуға жүрексініп, өзге біреуді ұсынады, ал ол бас тарта бастайды. Бұл тізбек бойы жалғаса береді де, қатысушылардың соңына дейін жетеді. Нәтижесінде ешқайсысы да бұл жаттығуға қатысқысы келмейтіні анықталады, ал бұндай жағдай тренингте болмаған жөн. Сондықтан да ең басынан-ақ барлық қатысушыларды ескертіп, жағдайда қалыптасатын заңдылықты ескере отырып, алдын алған жөн.