Тақырыбы: Психодиагностикаға кіріспе
ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ ГРАФИГІ
№ | Тақырыбы | Тапсырма | Тапсырмаларды орындау және тапсыру Түрі | Тапсырма ларды тапсыру уақыты | Тапсырмалардың орындалғаны туралы белгі |
Психодиагностикаға кіріспе | 1.Психодиагностиканың ғылыми ретінде дамуы. 2.Физикалық және психикалық құбылыстар. | Конспект жазу, ауызша сұрау, доклад дайындау | 1 апта | ||
Психодиагностиканың ғылыми – теориялық негізі | 1.Рессейдегі психодиагностикалық теория кезеңдері 2.Проективті, паталогиялық, контент-талдау әдістері | Конспект, аузша сұрау, реферат | 2 апта | ||
Психодиагностиканың қалыптасу тарихы. | 1.Зерттеу процедурасының принциптері. 2. Психодиагностика пәнінің мақсаты, міндеттері. | Конспект, аузша сұрау, дискуссия, таблица | 3 апта | ||
Психодиагностиканың революцияға дейінгі даму | 1.Психологиялық зерттеудің принциптері. 2.Зерттеу әдістерінің топтары. | Конспкет, ауызша сұрау, реферат | 4 апта | ||
Психодиагностиканың қазіргі даму тарихы | 1.Тесттің нәтижесінің сандық және сапалық өңделуі 2.Тесттің сенімділігі 3.Тесттің валидтілігі | Конспект, ауызша сұрау, дискуссия | 5 апта | ||
Психодиагностикалық инструменттердің классификациясы | 1.Қабілет ұғымы. 2.Тұлғаларды нақты психологиялық типтерге бөлу әдістемесі: ДДО тесті, Холланд тесті | Конспект, ауызша сұрау, дөңгелек стол | 6 апта | ||
Тестің сенімділігі мен валидтілігі | 1. Тест сенімділігі және оның түрлері. 2. Валидтілік түрлері, критерийлері. | Конспект, ауызша сұрау, реферат, аралық бақылау | 7 апта | ||
Тесті құру технологиясы мен бейімдеу | 1.«Тесті құру технологиясы» терминіне сипаттама 2. Индивидуалды бейімделінген және топқа бейімделген тесттер. | Конспект, ауызша сұрау, доклад | 8 апта | ||
Жалпы және арнаулы мүмкіндіктер диагностикасы | 1.Қабілет және оның түрлері 2.Гильфорд пен Торренстің шығармалық пен инттелектуалды қабілеттің зерттелу әдістемелері. | Конспект, ауызша сұрау, таблица | 9 апта | ||
Интелектуалды дамудың психологиялық –педагогикалық диагностикасы | 1. Джеймс Кеттелдің «ақыл-ой тесті». 2. Гальтонның бағалау шкаласы. | Конспект, ауызша сұрау, дискуссия | 10 апта | ||
Тұлғалық сапалар психодиагностикасы | 1. Əлеуметтiк қатынастар субъектi. 2. Жеке адам сапалары. 3. Жекелік қасиеттердің диагностикасы. | Конспект, ауызша сұрау, реферат | 11 апта | ||
Мектепке дейінгі жастағы балалар психодиагностикасы | 1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың психодиагностикасының мақсаты мен міндеттері. 2. Балалардын, психофизиологиялық даму деңгейі 3.Психодиагностика пәні туралы түсініктердің эволюциясы. | Конспект, аузызша сұрау, доклад | 12 апта | ||
Кіші мектеп жасындағы балалардың диагностикасы | 1.«Психодиагностика» пәнінің психология ғылымдары жүйесіндегі алатын орны мен ролі. 1. Мектеп жасындағы балалардың психодиагностикасының мақсаты мен міндеттері. 2.Мектеп жасындағы балалардын, психофизиологиялық даму деңгейі | Конспект, ауызша сұрау, таблица | 13 апта | ||
Жасөспірімдер мен жеткіншектердің диагностикасы | 1.Жасөспірім жəне жеткіншектермен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстардың ерекшелігі. 2.Жасөспірімдер мен жеткіншектердің танымдық процестерін зерттеудің психодиагностикалық əдістері. 3 Жасөспірімдер мен жеткіншектердің жеке тұлғалық сапаларын диагностикалау | Конспект, ауызша сұрау, баяндама | 14 апта | ||
Психодиагностиканың этикалық және кәсіби сұрақтары | 1.Білім беру мекемелерінде психолог қызметі. 2.Психологтың жұмысының есебі және оның жұмысының бағыттары. | Конспект, ауызша сұрау, баяндама | 15 апта | ||
Барлығы: |
ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ» » ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ
№ | Оқулық, оқу - әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқау, практикумдар, электрондық оқулықтар және т.б. атаулары | Экземпляр саны | Магистранттар саны к/б, с/б | Қамтылу % |
Анастази А. Психологические тестирование. Т. 1,2 – М., 1982 | 15% | |||
Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық педагогикалық диагностика.- Оқу құралы. Ақтөбе, 2012 | 20% | |||
Дружинин В.Н. Психодиагностика общих способностей. – Спб., 1999. | 15% | |||
Немов Р.С. Психология. В.т.3- М., 2001 | 55% | |||
Общая психодиагностика ./ под ред. Бодалева А.А., | 15% | |||
Бурлачук Л.Ф., Психодиагностика. – Спб., 2003 | 15% | |||
Дәріс № 1
Тақырыбы: Психодиагностикаға кіріспе
Жоспар:
1. Психодиагностика туралы түсінік
2. Психодиагностиканың міндеттері мен құрылымы
3. Психодиагностиканың психологияның салаларымен байланысы
Мақсаты: Психодиагностика жəне оның əдіснамалық негізі жөнінде жалпы сипаттама беру, түсінік беру. Психодиагностика термині ол психикалық диагноз қоюды жəне оны анықтауды қарастырады. «Психодиагностика» терминін ең алғаш 1921 жылы ғылымға енгізген Г. Роршах. Ол психодиагностикалық зерттеу процесін «диагностикалық тест арқылы қабылдауға негіздеген».Психодиагностика жеке ерекшеліктерді өлшеумен байланысты түсіндіріліп, психологиялық тестілеу терминіне синоним ретінде қолданылады.Бұл аталған термин адамның психологиялық жағдайын толық кəсіби түрде шешуді көздейді.Сонымен қатар адамның психологиялық жағдайының, қасиетінің қандай да болмасын белгісін анықтайды. Р.Хейстіңанықтауынша, психодиагностиканың пайда болуы психометриялық бағдарланған дəстүрлітесттерге қарама қайшы келетін жəне тұлғаның тұтас
бейнесін кең ашуға бағытталған проективтік ыңғайлардың дамуымен байланысты. Танымал сөздікте: «Психодиагностика – тұлғаны бағалауды жүргізудің ғылыми негізімен практикасы немесе клиникалық психологияның құралдары арқылы психикалық ауытқушылықтарды зерттеу». Психодиагностика саласында көптеген еңбектер жазылды, олар: «Психологиялық тестілеу» (Анастази), «Психологиялық тестілеудің мəні»,«Психологиялық тестілеудің теориясы мен практикасы», т.б. Психодиагностика терминін бір жақты қарауға болмайды.Оның мынадай өзіндік ерекшеліктері бар. 1) Психодиагностика түсінігі арнайы психологияның білі
м аймағына ене отырып, практикада психодиагностикалық əр түрлі құралдарды қолданып отырады əрі бірнеше сұрақтарға жауап береді. 2) Психодиагностикалық зерттеулер психолог қызметінің іс əрекетінен көрін
еді.Бұл психологтың күнделікті практикалық жағдайынан байқалады.Яғни психолог өзінің іс əрекетінде психодиагностика қызметін ұйымдастырады.Психодиагностика жұмысын жасау үшін психолог ең алдымен алдын ала кəсіби дайындықта болуы қажет.Біртіндеп психодиагностика əдістерін меңгере отырып жұмыстанукерек.Психолог ғылыми негізде жəне практикалық түрде психодиагностика негіздерін жақсы меңгеру қажет.Бұл психолог қызметінің сапалы,мазмұнды болуына көмегін тигізеді. Психодиагностиканың өзі жалпы психологияның аймағына ене отырып,бірнеше ғылым саласымен тығыз байланысты. Диагноз анықтау дегенді білдіреді. Психодиагностика деген сөз психология саласында екі мағынада қолданылады. Оның бірі психологиялық білімді зерттеужұмыстарын орындаса, екіншісі психикалық білімді практика жүзінде қолданады. 1960 жылдың соңынан бастап психологиялық диагностика саласында зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл салаға көп үлес қосқан Б.Г. Ананьев. Оның анықтауынша, «психодиагностика тұлғаның психофизиологиялық қызметтерінің, процестерінің, күйлері мен қасиеттерінің даму деңгейін анықтайды, күрделі мінез құлықты құрайтын құрылымдық ерекшеліктерді зерттейді, əртүрлі стимулятор, стрессор, фрустратор жəне күрделі ситуациялар əсер еткен кездегі адамның күйін бейнелейді, адамзаттың даму потенциалын айқындайды». Ресейлік монографиялардың бірінде психологиялық диагностикаға мынадай анықтама беріледі: «психодиагностика дегеніміз адамдарды психологиялық жəне психофизиологиялық белгілері бойынша классификациялау əдістері туралы пəн»(Гуревич, 1981) Е.А. Климовтың ойынша, психодиагностика дегеніміз адамдармен жұмыс жасаукезінде тез психологиялық ақпаратты алуды қамтамасыз ететін əдістер мен тəсілдер туралы ғылым. Психодиагностиканың мақсаты – «əлеуметтік қоғамның психологияның алдына қоятын міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін диагностикалық əдістемелердің тиімді жүйесін өңдеу». А.А. Бодалев пен В.В. Столинніңпсиходиагностика бойынша шығарған кітабында мынадай мəлімет беріледі: «психодиагностика дегеніміз – психологиялық диагноз қоюдың практикасы мен ғылымы». А.Г. Шмелевтің «Психодиагностика негіздері» кітабында психодиагностика пəні туралы мынадай анықтама берілген: адамның жеке психологиялық ерекшеліктерін танудың əртүрлі əдістерін пайдалану мен өңдеу туралы ғылым.Осында психодиагностика пəнтуралы анықтамаларды саралай келе, біз мынадай қорытынды жасаймыз: Психодиагностика – бұл психологиялық ғылымдардың бір саласы, тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктерін өлшеу мен бағалау құралдарын, принциптерін, теориясын өңдеумен айналысады. Психологияғылымының бір саласы психодиагностика болып табылады. Ол негізгі мəселелерді шешу үшін өзіндік міндеттер қамтиды. Психодиагностика мынадай типтік қатардағы міндеттерді шешуді қарастырады.
1.Адамның қандай да болмасын психологиялық қасиетін немесе мінез ерекшелігін қолма қол белгілеу.
2.Аталған қасиеттің даму деңгейін оның белгілі бір сандық жəне сапалық көрсеткіштерін анықтау.
3.Қажет болған жағдайда адамның психологиялық жəне мінез ерекшелігінің диагностикалық жағдайын сипаттау.
4.Əртүрлі адаманың қасиеттінің даму деңгейін зерттей отырып салыстыру.
Осы жіктелініп көрсетілген 4 міндетті практикалық психодиагностикада шешіледі. Бұлар жүргізілетін зерттеудің мақсатына байланысты комплексті түрде немесе жекелей алынады. Психодиагностика психолог қызметінде негізгі орын алады. Бұл қызмет күрделі істі, əрі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ол маманнан кəсіби шебер, іскерлікті қажет етеді, себебі əрбір адам психологтан көмек бағыт сұрайды. Диагностика жұмысын жүргізуде психодиагностиканың əлеуметтік этикалық талаптарын басшылыққа алады. Белгілі бір талаптарды орындауда психолог психодиагностиканың принциптерін басшылыққа алады.
1.Құпияны сақтау принципі, яғни психодиагностиканың нəтижесін таратпау. Бұл принцип əсіресе кəмелеттік жасқа жетпеген адаммен байланысты болып келеді. Егер де кəмелеттік жасқа жетпеген балалар жоғары сынып оқушылары болатын болса, бұл балалармен жүргізілетін психодиагностика нəтижесі ата ансына немесе асырап күтуші адамдарынаайтылады. Мұнда рухани моральдық жауапкершілік ескеріледі. Психодиагностиканы жүргізуде зерттеушінің аты жөні дəл нақты көрсетілмейді.
2.Ғылими негізділік принципі – бұл принцип нақты ғылыми негізділікті, үміт пен сенімділікті талап етеді.
3.Қорытындының объективті принципі – бұл тест қорытындысының ғылыми негізде болуын қалайды. əрбір жүргізілген зерттеудің нақты жəне сенімді қорытындысы болуы шарт.
4.Зияндылық тигізбеу принципі, психодиагностика қорытындысы адамның жеке тұлғасына ешқандай зияндылық тигізбеуі тиіс.
5.Ұсынылған нұсқаудың тиімділік принципі əрбір адамға немесе топқа берілген психодиагностика нұсқауы пайдалы болуы тиіс, əрі түсінікті болуы шарт. Бұл аталған принциптің барлығы психодиагностика нəтижесін зерттеуде басшылыққа алуы тиіс Психодиагностиканың көп жылғы дамуында психологиялық əдістемелерді қолданудың өзіндік сфералары пайда болды жəне бұлар жалпы психодиагностиканың басқа да салаларының пайда болуына əкелді. Жеке психологиялық ерекшеліктер туралы ғылымның қалыптасу кезеңінде интеллект пен тұлғаны зерттеу əдістемелеріне қызығушылық туындап отырған кезде білім беру психодиагностикасы мен клиникалық психодиагностика атты салалары бөлініп шықты. Білім беру психодиагностикасында əртүрлі психологиялық əдістемелер кең қолданылып, психометриялық талаптарға жауап беретін тесттер тұлғаның қабілеттері мен қасиеттерін бағалап қана қоймай, оқу материалын игерудің тиімділігін өлшеу үшін (үлгерім тесттері) де қолданылады. Клиникалық психодиагностика – науқастың психикалық жəне соматикалық ауруларының пайда болуы мен жүру барысына əсер ететін жеке психологиялық ерекшеліктерді (тұлғаның құрылымдық динамикалық ерекшеліктері, ауруына деген қарым қатынасы, психологиялық қорғаныс механизмдері, т.б.) зерттеуге бағытталады. Клиникалық жəне білім беру психодиагностика салалрында да кең зерттеулер жүргізілген. Бұлаталған салалардан басқа кəсіби психодиагностиканы бөліп көрсетуге болады, диагностикалық əдістемелерді пайдалану арқылы кəсіби бағдар мен кəсіби таңдау жұмыстарын жүргізуге болады. Бұл салалар жалпы психодиагностиканың принциптеріне бағына отырып, оның дамуына үлкен əсер етеді. Психодиагностикамен байланысты психология салалары мынадай:
1.Жалпы психология.
2.Салыстырмалы психология.
3.Даму психологиясы.
4 Психология бойынша практикум.
5.Мамандық таңдау.
Психологиялық диагностиканың негізгі қарастыратын мəселелері адамның психологиялық жағдайын,қажетін жəне тұлғаның ерекшелігін анықтау болып табылады.Оларға біріншіден ақыл ой дағдыларын анықтау,екіншіден танымдық іс əрекеттің ерекшелігін анықтау,үшіншіден ішкі жағдайлардың мазмұнын анықтау,төртіншіден жеке тұлғаның ерекшелігін анықтау болып табылады.
Сұрақтар:
1. Психодиагностика деген сөз қандай ұғымды білдіреді?
2. Психодиагностиканың практикалық мазмұны неде?
3. Психолого-педагогикалық зерттеу жұмысы дегеніміз не?
4. Психодиагностикаға қойылатын талаптар қандай?
5. Психодиагностиканың өзге салаларымен байланысы бар ма?
6. Психодиагностика міндеттерін ата?
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:
1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М,2000
2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996
3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248 270 б.
4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М,1990
5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М, 1995
6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998
7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .
8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М 2003. 1,2,3 к.
Дәріс № 2
Тақырыбы: Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізі.
Жоспар:
1. Дифференциалды психометрика
2. Психодиагностикалық əдебиеттер мен əдістемелік материалдарға қойылатын талаптар.
3. Əдістемелерге қойылатын талаптар.
Мақсаты: Психодиагностиканың ғылыми!тоериялық негіздеріне қойылатын талаптар жөнінде білім беру. Əрбір психодиагностика əдістемесі психологиялық теорияға негізделеді. Психологиялық теория негізінсіз психодиагностика жұмысының нəтижесі дұрыс қорытынды бермейді. Адамдарды зерттеуде əрі зерттеу нəтижесін қорытындылауда интерпритациясы жасалады.Бұл үшін біліммен қатар əдістемені меңгерудегі іскерлік болуы тиіс. Сонымен қатар психодиагностика жүргізгенде жағдайды ескерген жөн жəне жеке ерекшеліктерін білу қажет, бұл үшін психодиагностиканы жүргізгенде міндетті түрде төмендегідей моральдық этиканың нормаларын сақтауы тиіс.
•Адамның еркінен тыс психодиагностикалық зерттеуден аулақ болу қажет.
•Психологиялық тест жүргізбестен бұрын адамдарға алдын ала ескерту қажет.
•Əрбір адам өзіне жүргізілген зерттеудің нəтижесін білуге құқығы бар.
•Психодиагностикалық зерттеудің қорытындысы түсінікті жағдайда зерттелушіге айтылады.
Əдістемелерге мынадай жалпы талаптар қойылады:
1.Əдістеменің ең алдымен мақсаты, пəні, қолдану аймағы құрылуы керек. Зерттеу пəні теориялық тұрғыда жазылуы керек. Əдістемені қолданудың аймағыайқын, яғни əлеуметтік ортада ма, қоғамдық тəжірибелік ортада ма екендігі, зерттелушілердің контингенті (жынысы, жасы, білімі, кəсіби дəрежесі) нақты көрсетілуі керек.
2.Əдістеменің жүру барысы психологиялық білімі жоқ лаборантқа түсінікті берілу үшін, комьютерге енгізу үшін алгоритм ретінде жазылу керек.
3.Өңдеген кезде статистикалық есептеу əдістерін қолдану қажет. Əдетте, қорытынды тестілеудің ұпайының негізгісі жазылады.
4.Тест шкалалары сенімділікке, валидтілікке тексерілген болу керек. Психодиагностика жүргізуде ескерілетін негізгі талаптар:
1.Жақсы теориялық дайындық.
2.Психодиагностика əдістемесін жеткілікті білуі.
3.Психодиагностика əдістемесін қолдану.
4.Практикалық іске қажетті психодиагностика əдістемесін орынды қолдана білуі.
Қосымша талаптар:
1.психодиагностика əдістемесін дұрыс таңдай білу.
2.əдістеменің түсінікті болуы.
3.нұсқауы болуы.
4.жағдайдың болуы.
Моральдық этикалық талаптар:
1.Адамның еркінен тыс əрі еркіне қарсы психодиагностикалық зерттеуден аулақ болуы тиіс.
2.Психодиагностикалық тест жүргізбес бұрын адамдарға алдын ала ескерту қажет.
3.Əрбір адам өзіне жүргізілген тест нəтижесін білуге құқығы бар.
4.Психодиагностикалық тест қорытындысы түсінікті формада жергілікті жағдайда зерттелушіге айтылады.
5.Жасөспірімдермен жүргізілетін тест қорытындысын оның ата анасына, не күтушісіне айтуға болады.
6.Егер тест белгілі бір мақсатпен адамның психикалық даму деңгейін анықтауға немесе қызметіне орналасуға бағытталған болса, қорытынды нəтижесін айтуға болады. Сонымен психодиагностика психолог жұмысынан кəсіби түрде арнайы дайындықты қажет етеді, əрі бұл бағыт психолог қызметінде күрделі аймақты қамтиды.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы орыс психологиясы кеңінен дами түсті, психологиялық білім практикалық тұрғыдан қолданылды. Әлемдік білімнің дамуында орыс психологиясы өзіндік орынға ие болды. Осы кезде эволюциялық көзқарас 3 бағытта дамыды.
1-кезең (20 жылдардың басы-30 жылдардың ортасы)-бұл кездері К.Н.Корнилова, Л.С.Выготский, П.П.Блонның бұлардың көзқарастары белгілі бір методикалары ғылыми методикалық тесттердің дамуына жағдай туғызды. Революцияға дейін психологтар мен педагогтар бірігіп зерттеулер жүргізді. П.П.Блон, Г.И.Россолимо, А.П.Нечаев, А.П.Байунов, А.М.Шуберттер болды. Бәрінің көзқарасы жалпы іс-әрекеттері әлеуметтік жағдайға байланысты психологиялық тесттерді пайдалану еді. Сонымен қатар советтік психологтар шетелдік көзқарастармен санасып отырды.
1910 жылы Ресей психологы Г.И.Россолимо өзінің ақыл-ой дамыту тестін, индивидуалды методикасын бағалауды «психологиялық профилді» жолмен жасады. Бұл әдіс Ресейде және басқа шетелдерге кеңінен тарады. Американың психологиялық ассоциациясы Робертом Иерксомның басқаруымен «Армейский тест интеллект» тестісін жасады. Бұл жалпы интеллект бірінші топтың тест «интеллектуалды (сұрыптап) топтастыру» 1млн 727 мың американ солдаттарына жүргізілді.
2-кезең (30 жылдардың ортасы 50 жылдардың аяғы)-бұл кезеңде методологиялық және теориялық проблемалар есте сақтауға арналған тесттер пайдаланылда. Үлкен теориялық және практикалық жұмыстар психодиагностикалық өлшемдер психологиялық-педагогикалық жолмен жүргізілді. Осылардың ішінен 2-монографияны Герхарда Витциактың «Психодиагностиканың негіздері» және «Преодаление учебный неуспеваемости» мен Юрген Гуткенің «оқытудағы интеллектуалдық диагностика ерекшеліктері» болды. Сонымен қатар К.Гутьяраның «психикалық қасиеттердің өлшемі», коллективтік еңбек «Оқыту қабілетін диагностикалауға кіріспе».
3-кезең. Психологияда практикалық теорияларды сандық және сапалық тест әдістерін қолдану болып табылады. Көптеген Ресейлік психологтар диагностикалық әдістерді қолдану қажет деп тапты. Бұған ең бірінші зерттеп көз жеткізген Б.М.Теплов болды. Ол өзінің «Психологиялық ғылым СССР-да» деген мақаласында айтты.
К.К.Платонов әдістерді үш түрлі бағалауды ұсынды;
1) механикалық
2) формальды
3) структуралық.
Ковалев пен В.И.Мясищев дифференциалды зерттеулер мен тестілеу әдістерін қорытындысын тура, анық болуына көмектеседі.
Сонымен қатар (Выготскийдің, Ж.Пиаженің, Дж.Брунердің) бұлардың балаларға арналған ақыл-ойды дамыту, математикалық-статистикалық сапаларды анықтау үшін психологияға өз үлестерін қосты.
Контент-талдау (ағылшынша сontens - мазмұндама) – педагогикалық, әлеуметтік психологиядағы ой тұжырымдармен байланысы болып табылады. 1927 жылы америкалық психолог Г.Лассуэллям зерттеу жұмысының нәтижесіне әр түрлі тұжырым жасау барысындағы ұғымдарға үгіттеу мәтінін жасайтын әдістеме ретінде қарастыруға болады. Контент – анализ және әдістемелік қолданыстағы сұрақтарға жауап, мәтіннің пәндік мазмұнын талқылауға мүмкіншілік береді. Т.М.Дридзе 1975 жылы ұсыныс жасады. Ауызша немесе печатталған мәтінге жауапты-тұтастай мақсатты түрде мәтінді оқыту немесе тыңдауды зерттеудегі белсенді түсіну болып табылады.
Проективті әдістер деген сөздің өзі нақты жағдайдағы мән-жәйді білу үшін қолданылатын әдістемелердің негізінде жобалау деген мағынаны білдіреді. Диагностиканың жобасын салтанатты қолдану 1921 жылы шыққан Г. Роршахтың, Бернеда да басылған неміс тілінде жарық көрген «Психодиагностика» кітабымен байланысты. (Герман Роршахтың өмірбаяны мен профессионалды жолы). Суретшілік кәсібінен бас тартып, Роршах өнер тарихымен тұрақты айналысты. Роршахтың медицинадан қорғаған диссертациясы галлюцанация механизмін зерттеуге арналған. Ол өзінің басынан өткен жағдайға байланысты қорғаған болатын: Өзінің бірінші рет өткен практикасында аутопси өзінің миын қалай кесіп жатқанын көрген болатын. Оның қиналуы өте анық көрінді. Роршах біздің арманымыз бен қиялымызда болып кеткен жағдай туралы ой бар деп шешті. Қорытындылай келе Роршах көргенді елестетуге бағытталған қара нүкте қара моторлы қиялды жандандырады, сергітеді деп шешті.Қазіргі таңда жобалау әдісінің бірнеше түрі бар атап өтетін болсақ, Олар:
1. Құрастырушы.Зерттелген жұмыстың мазмұны қорытындылай келе оның материалға маңыз беруімен оны құрастыруында (Роршахтың мәтіні).
2. Құрастырушы тест. Белгілі бөлімдер мен детальдардың пайда болуы мен құрылымында деп болжайды. (Миррдің мәтіні).
3. Түсіндірмелі тест. Белгілі жағдайдағы гистерпретациялық оқиғаны суреттейді, түсіндіруге болжайды. (ТАТ, Руки мәтіні).
4. Катартикалық тест. Ұйымдастырылған шартта негізделген шығармашылық әрекетін болжайды. Ашық мысал ретінде көп жағдайда психотерапиялық, сонымен қатар психодиагностикада қолданылатын әдісі ретінде қаралатын психодраманы болжайды.
5. Экспрессивті тест. Негізінен суретке немесе берілген және еркін тақырыптар, көп жағдайда «ДДЧ» суреттеуді тестті болжайды.
6. Импрессивті тест. Таңдауды немесе басқаларды ынталандыруды талап етеді.
7. Аддутивті тесттер. Бұл тестердің тобылық ішіндегі ең атақты әдісі фраза және тарихтың қорытындысын қарайтыны болып табылады. Көптеген нұсқаулар бар, бұл фразалар қажет кезде бағытталған сұраққа жауап беру үшін жеке тұлғаның автор мәтінінде айтылған ойға қарай қарайтыны және клиенттің белсенді ынталануын көру үшін әдістің бұл түрі аяқталмаған әңгіме немесе көп жағдайда психотерапиялық маңыз беретін ертегілер тарихты қорытындылауға болжайды. Шығармашылықта көңілі түсіп, қобалжуға себебін тигізеді.
Сонымен бірге жобалау әдісттері потологиялық эксперимент үшін психолог қолдана алады. Бір уақытта бірнеше топтар үшін саналатын нормативті көрсеткіштер айта кетуіміз қажет. Потопсихологиялық зерттеу мынадай квазиэкспериментталды әдіске ие: дені сау және белгілі бір нозологиялық топтың ауру адамдары тобын салыстыру, топтер арасындағы өзгешеліктер зерттелетін базисті психологиялық процестердің өзгеруінің себепті-әрекетті факторы ретінде қарастырылады.
Сұрақтар:
1. А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, П.Я.Гальперин, Л.С.Выготскиий, псилогиялық -педагогикалық диагностикадағы орындалған еңбектерң жөніндегі не білесіз?
2. Робертом Иерксомның басқаруымен жасалынған инттелектуалды тест?
3. Рессейдегі психодиагностикалық теория неше кезеңнен тұрады?
4. Проективті, паталогиялық, контент-талдау әдістері жөнінде не білесің?
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:
1. М.Г.Ярошевский, Психология в ХХ столетии. М.,1974г. стр102-114,148-173,270-283
2. СтоляренкоЛ.Д. «Основы психологическии практикум» М.,2001г.
3. Нос И.Н. Психодиагностика, тест, психометрия, эксперимент. М.,2000г.
Дәріс №3