БактериологиялыҚ зерттеуге ҚаҚырыҚты жинау
Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғыштарын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: туберкулез және басқа да жұқпалы аурулар.
Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған кең мойынды банканы, биксті, салфеткаларды, жолдама бланкасын, қаламсапты, стеклографты, қолғапты, бет пердесін, зарасыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым-қатынас жасаңыз (науқастың атын-жөнін сұрап, өзіңізді таныстырыңыз).
2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз, бет пердені киіңіз.
4. Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады.
5. Түкіргішті немесе банканы нөмірлеңіз.
6. Бактериологиялық зертханаға жолдаманы толтырыңыз.
7. Науқаспен сенімді қатынас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
8. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.
9. Науқасқа қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен ыдыстың шетіне тимеуін ескертіңіз.
10. Науқасқа түсіндіріңіз:
- таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды;
- ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды;
- тік тұруын немесе тік отыруын;
- түкіргіштің қақпағын залалсыздандырылғанын бұзбай ашуды;
- аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен түкіргішке шығаруын;
- науқас қақырық жинайтын түкіргішті төменгі еріні тұсында ұстап, түкіргіштің немесе банканың шетіне тигізбей қақыруы тиістігін.
11. Түкіргішті немесе банканы қақпақпағын жабыңыз.
12. Түкіргіштің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған салфеткамен сүртіңіз.
13. Жиналған қақырықты қарап, түкіргішті бикске орналастырыңыз.
14. Бактериологиялық зертханаға қақырықты апарыңыз.
15. Бет пердесін, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.
16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
- қақырық бөлу қиындаған жағдайда оны қақырық бөлетін дәрі-дәрмектерді тағайындалғаннан кейін жинайды;
- антибиотиктерді тағайындамай тұрып, қақырықты жинау қажет.
24. ТАБЛЕТКАНЫ, КАПСУЛАНЫ, ДРАЖЕНІ, ПИЛЮЛАНЫ ҚАБЫЛДАУ
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімі: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Қажеттілерді дайындау: дәрігер тағайындаған таблеткаларды (түймедақтарды) капсулаларды, дражені, пилюланы (дәрінің домалақ түрін) қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдап алыңыз.
2.Дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.
3.Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (дәрінің атын, мөлшерін (дозасын)
сақталу мерзімін оқыңыз).
4. Науқас пен қарым-қатынас жасаңыз (науқастың атын-жөнін сұрап, өзіңізді таныстырыңыз)
5.Науқастан мәлімет алыңыз (дәрі-дәрмектерге аллергиясы бар жоқтығын анықтаңыз)
6.Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті ақпарат беріп, емшара барысы мен
мақсатын түсіндіріңіз.
7.Қолыңызды жуып, антисептикпен өңдеңіз.
8.Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оның қабынан
(конвалютадан) қайшымен кесіп босатып алыңыз.
9.Науқастан ауызын ашуын сұраңыз.
9.Дәрігердің тағайындаған дәрмектің бірін (таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюланы) науқастың тілінің түбіріне салыңыз.
10. Дәрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін қадағалаңыз (дәрі-дәрмекті қабылдағанына көз жеткізіңіз).
Ескерту:
- Таблетканы науқастың жұтынуы қиын болса, онда оны үлкен көлемдегі таблетканы жартылай (2 бөлікке) бөліп беруге болады; (тіпті жұта алмайтын болған жағдайда, оны ұнтақтап беруі қажет);
- Дражелер, капсулалар, пилюлалар өзгермеген түрінде қолданылады.
25. АМПУЛАДАН ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ СОРЫП АЛУ
Максаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті,
мақта шариктерін, қолғапты, дәрілік ерітіндісі бар ампуланы,
зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, лотокті, 70% спиртті немесе ылғалданған
арнайы спиртті салфетка, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырыңыз.
2. Науқас пен қарым-қатынас жасаңыз (науқастың атын-жөнін сұрап, өзіңізді
таныстырыңыз)
3. Дәрілік препараттың атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыңыз, ерітіндінің сақталу мерзімін және мөлдірлігін сыртқы түрі бойынша тексеріңіз.
4. Бетперде киіңіз
5. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз.
6. Бір рет қолданылатын шприцтің бүтіндігін тексеріңіз.
7. Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз, ампуланың мойнындағы дәрілік ерітіндіні кең бөлігіне түсіріңіз.
8. Ампуланың мойнын спирттелген мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен тазартыңыз. Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
9. Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен азырақ кесіңіз.
10. Мақта шаригін алып, ампуланың мойнын онымен орап алып, кескен жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз, оны жылдам қозғалыспен өзінен сындырыңыз. Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
11. Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз.
12.Оң қолға құрастырылган шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV - цилиндрді, V - поршенді ұстаңыз.
13. Инені абайлап ампулаға 0,5 мм ұзындыққа оның шетіне тигізбей енгізіңіз, сол қолдың IV саусағы канюляда, ал I және V саусақтарғы цилиндрде. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз, қадағалаңыз, ине үнемі ерітіндіде батырулы болуы керек.
14.Шамамен сұйықтың азаюы бойынша ампуланың түбін жоғары көтеріп дәрілік ерітіндіні ақырын сорып алыңыз.
15.Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз. Бір рет қолданылатын инемен жұмыс істегенде, ораудағы басқа залалсыздандырылған инені пайдалаңыз.
16.Шприцті сол қолға көз деңгейінде тігінен ұстап, (II-канюлада, I, III және IV саусақ цилиндрде)
17.Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, ІІ және ІІІ саусақпен цилиндрден ұстап, иненің өткізгіштігін тексеріп, 1-2 тамшы шығарып көреміз. Қорғаныс қақпақшасы инесінен ажыратылмайды.
18. Шприцті дәрілік ерітіндімен ораудың ішкі бетіне қойыңыз, залалсыздандырылған
мақта шариктерін 70% спиртіне батырып салыңыз.
19.Дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілік затты енгіземіз.