Эмоцияларды білдірудің синтаксистік тәсілдері
Инверсия мен эллипсис –эмоционалдылықтың құрылымдық көрсеткіштері.
Эмоцияларды жеткізудің синтаксистік дескрипторларына жататын эмоциялық күйді білдіретін тәсілдер: қайталаулар, инверсия, қысқа, сұраулы сөйлемдер, do етістігінің эмфатикалық қолданыста болуы, арнайы эмфатикалық құрылымдар (That's where...It's he who...); бағалаудың эмоциялық құрылымдары ( It's strange....және т.б. сияқты); what, such, how, so сөздері бар лепті сөйлемдер; бір сөзді лепті сөйлемдер; модальды етістіктер, шартты райлармен келген сөйлемдер.
Сөйлемдер мен сөздердің қайталануы, қысқа сөйлемдер, эмфатикалық сөйлемдер сөйлеушінің эмоционалды күйінің көрсеткіші мен жеткізудің интенсификаторлары болып табылады. Синтаксистік дескрипторлар ең алдымен эмоционалды ақпаратты жеткізеді.
Тіл мамандарының назарында тек қана мәтіннің эмоционалды жоспарын жасау және жеткізу үшін қолданылатын эмоционалды лексика ғана емес, сонымен қатар эмоционалды синтаксис, оның ішінде эмоционалды мағынасы бар синтаксистік құрылымдар. (Ильина Н.В., 1984; Озерова Н.И., 1966; Юдина Н.Г., 1974; ЧахоянЛ.П., 1979).
Эмоцияларды білдірудің синтаксистік тәсілдеріне қаратпа, қыстырма сөздер жатады. Аталмыш сөздерді қолдану арқылы сөйлемге экспрессивтік қасиет дарытуға болады. Бұл сөздер де кейінгі кезде кеңірек зерттеліп, экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік амалы ретінде қарастырылып жүр.
Эмоционалды синтаксис саласында Кодухов В.И., Михайлов JI.M., Болотов В.И., Александрова О.В. сынды тіл мамандары көптеген ғылыми зерттеулер жүргізген.
Тілдегі экспрессивтілікті жеткізуші құралдардың қатарына синтаксистік тәсілдер де жатады. Аталмыш шығармада эмоционалдылықты білдіретін синтаксистік тәсілдерге мыналар жатады: талғаулы сұрақтар, эллипстік құрылымдар, инверсия, лепті сөйлемдер, риторикалық сұрақтар және т.б.
Сөйлем мағынасын түрлендіріп, ондағы жеке мүшеге ерекше стильдік қызмет арту үшін, оны басқа сөзбен орын ауыстырып айтуды инверсия деп атайды. Сөздердің сөйлемдегі орындарын алмастырып қолдану сөйлемге экспрессивтік мағына береді. Демек, сөйлемдегі сөздердің үйреншікті орны ауыстырылып айтылса, сол сөзге ой екпіні түсіп, оған ерекше мән беріледі деген қорытындыға келуге болады.
Аталмыш шығармада инверсия эмоционалдылық пен экспрессивтілікті білдірудің бір жолы ретінде жиі кездеседі. Инверсияның жалпы сөйлемге экспрессивтік беретіндігі туралы көптеген ғылыми еңбектерде айтылған. Сөйлемдегі сөз тәртібі орнының ауысуы сияқты синтаксистік қағидадан ауытқу айтылған сөздерге қосымша эмоциялық реңк береді. Инверсиямен берілген сөйлемдегі сөз тәртібінің қызметі грамматикалық тұрғыдан сөз тәртібі дұрыс сөйлемге қарағанда, көбіне психологиялық болып келеді, себебі сөйлемдегі белгілі бір компоненттің ол үшін өзгеше бір орынға ауысуы әдетте сөйлеушінің аффективті күйімен байланысты. Бұл жағдайда психологиялық бастауыш рөлін кез келген сөйлем мүшесі атқара алады.
Мысалы: Don’ t you believe it.
Эллипсис - (көне грекше: ἔλλειψις, еlleірsіs – сөз тастау, қысқарту, кеміту) —сөйлемнің бір мүшесін алып тастау арқылы құрылған сөйлем үлгісі. Эллипсис сөйлемнің, ойдың ықшамдылығын, әсерлілігін, өткірлігін арттырады. Эллипсисті сөйлемдердегі түсіп қалған сөздердің мәні контексттен белгілі. Мысалы: Some people go to priests; others to poetry; I to my friends. Эллипс сөйлемнің ықшамдылығын, әсерлілігін арттыратын стилистикалық тәсіл ретінде қолданылады.
Келесі эмоцияларды жеткізудің синтаксистік тәсілі - парцелляция.Бұл – сөйлеу тілінің тәсілі, яғни ауызекі тілде сөйлеушінің өз ой-пікірін жағдайға қарай, жекелеген сөз, сөз тіркестері ретінде бөлшектеп жеткізуі. Парцелляция арқылы сөйлемге экспрессивті реңк беруге болатыны жайлы мәселеге орыс тіл білімінің ғалымдарының бір тобы өз ғылыми еңбектерін арнаған. Парцелляция арқылы белгілі бір ойды тыңдарманға әсерлі де мәнерлі етіп жеткізуге болады. Олай болса, инверсия тәсілі секілді парцелляция да ойды экспрессивті жеткізудің синтаксистік амал –тәсілдерінің бірі деуімізге болады.
Мысалы: That deeply affronted her. Silly little fool. –Парцелляция - Parcelling
Vulgar little beast. Him and his young lady;
Эмоцияларды жеткізудің синтаксистік тәсілінің бірі - риторикалық сұрақтар. Риторикалық сұрақ жауабы алдын-ала белгілі болғандықтан, жауапты қажет етпейтін сұрақ болып табылады. Риторикалық сұрақтар сөйлеу мағынасын күшейту үшін және оған экспрессивті мән беру үшін қолданылады.
Marriage? What did she care about marriage?
Extravagant little thing, aren’t you?
God knows what they see in him, Julia exclaimed to the empty room.
Синтаксистің стилистикаға байланысты қарастырылатын маңызды мәселелердің бір шоғырын парентеза құрайды. Ғылымда парентезаны қыстырма сөйлем, қосымша сөйлем, парентетикалық қосылымдар деп анықтайды. Тіл білімі терминдерінің сөздігінде «сөйлемнің құрамына енгізілген, бірақ онымен грамматикалық байланысқа түспейтін, сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер» айтылады. Синтаксистік, ырғақтық, әуезділік тәрізді мәнерлілік белгілері поэтикалық экспрессивтілік туғызады. Парентеза ассоциативті негізде синтаксистік сөздер тізбегіне қосымша ақпарат қосады. Парентетикалық құрылымдар атқаратын қызметінің байлығына қарай экспрессивті стилистиканың өзге құбылыстарынан кем емес. Солардың кейбіреулері мыналар: айтылымның қандай да бір бөлігінің мәнін күшейту, идеяны айқындау, бағалау хабарламаның әсер ету күшін көбейту т.б.
Осы сияқты лепті сөйлемөзіндік экспрессивтік стилистикалық ерекшеліктерін айтуға болады.