Адамның жоғарғы нерв әрекеті
Адам да, жануар да өзінің психикалық эрекетінде сыртқы дүние құбылыстарын бейнелейді. Бірақ, адам өз санасында сыртқы бейнелей отыра, оны жинақтайды, олардың арасындағы заңдылықты ашады. Бұл адамға табиғатқа бейімделуіне әлеуметтік! орта жасауына көмектеседі. Адам миын кез келген жануар миынан айыратын негізгі сапалық ерекшелік саналы ойлау сөйлеуден көрінеді. Павлов былай -деп жазады: «Сөз адам үшін, эрине, оған жэне жануарға эсер ететін басқа да ортақ тітіркендіргештер тэрізді реальды шартты тітіркендіргіш-дегенмен солай бола тұра ол, бұл түрғыдан алғанда жануарлар шартты тітіркендіргіштерінің ешқайсымен садық та, сапалық та салыстыруға келмейтін, бэрін қамтитын тітіркендіргіш болып табылады ».
Адамның жоғарғы нерв эрекетінің ең күрделі көріністерінің негізгі шартты рефлекстердің ұзын қатары жатады. Адамдағы жаңа принцип: оларды ми қыртысында шартты байланыс негізінен сөздің қатынасуында жасалынады.
Адамның жоғарғы нерв әрекетін А.^.Иванов-Смоленскийде зерттеді. Ол тэжірибие жүргізіліп отырған адамға белгілі тітіркендіргіш көрінген кездк қимыл реакциясын (балонды басу) ұсынады. Мүндай жағдайда ми қыртысы да тұйықталатын шартты байланыс сөз арқылы берілетін бұйрық пен қимылдың арасында орнайды. Иванов-Смоленский өзінің келесі тэжірибелерінде сөзбен берілетін бұйрықты алдын ала емес, яғни эуелі шам жағылып, оның артынша «Балонды бас» деген бұйрық беріледі. Бірнеше рет қайталанған соң жалғыз жамның жануы, бүйрық берілгендегідей, жауап реакциясын тудырады. Бұл жерде шартты байланыс тікелей тітіркендіргітің өзі мен организмнің жауап реакциясының арасында орнайды. Балонды басу өздігінше шартсыз рефлекс бола алмайды. Бұл шартты рефлекторлық акт-жалпы бұйрықпен және одан шығатын жауап реакциясының күшті болуы жэне тул шығу барысында пайда болады. (
Жануарлардың жоғарғы нерв жүйесіне келіп түсетін сигналдар қоршаған орта мен ішкі ортаның сигналдары-сол орталардың өзгерістері мен құбылыстары болып табылады. Бұл болмыстың тікелей сигналдау жүйесі-1 сигналдық жүйе. Ал адамға тэн жүйесі-екінші сигналдық жүйе. Екінші сигналдық жүйе сөз арқылы ішкі, сыртқы, ортадағы өзгерістер мен құбылыстар хабарланады.
Адамға екі сигналдық жүйеге байланысты 2 сигнал эсер етеді. Тікелей
жэне сөздік сигнал. Сөз кез келген тікелей тітіркендіргіштің эсерін ауыстыра
алады. 2 сигналдық жүйе арқылы адам болмысты толығырақ, анығырақ
бейнелейді, одан дерексіздене алады, яғни абстракты ойлай алады. Осыған
орай сигналдарды анализдеу мен синтездеу ерекше адамдық жоғары ойды
құрайды. (
2 сигналдық жүйенің таңқаларлық ерекшелігі-шартты байланыстар жасалуының жылдамдығын-адам бір рет естісе немесе оқыса болғаны, оның миқыртысында жаңа байланыстар пайда болады. Олардың мықтылығы соншалық, кейде ешқандай бекітусіз көптеген жылдар бойы аяқталады.
Саналы ойлау сөз сөйлеу арқылы мазмұны білдіреді. Тіл қызметі рефлекторлық сипатта. Бізге белгілі, жануарлардың жоғарғы нерв эректінің 1 сигналдық жүйесінің бірінші жэне негізгі заңы-үлкен жарты шарлар қыртысында жүретін процестердің рефлекторлық сипаты болып табылады. Бұл заңның күші екінші сигналдық жүйе үшін де жоғалмайды. Сөз сөйлегенде тілдің қозғалысының рефлекторлық сипаты болатындығы туралы пікірді кезінде И.М.Сеченов айтқан. Дыбыс сіңірлеріне, тілге, бүкіл сөйлеу аппаратына келетін эфференттік импульстер осы органдардың жұмысын қамтамасыз етеді. Сөйтіп, сөз сөйленеді. Ал бұл кезде туатын афференттік импульстер ағыны ми қыртысына түсіп, сөз сөйлеудің эрбір сатысына сигналдап отырады.
Егер адамға белгілі бір қимыл актісін ойла десе, сол моментте осы қимыл актісіне қатысы бар еттердің қызметтік жағдайы өзгереді, соларға байланысты қанмен жабдықталуы жақсарады, кейде тіпті сол актінің эрең байқалатын элементтері де көрінеді. Кейде адам өзінше ойлағанның өзінде, екінші сөзбен айтқанда, іштей сөйлегенде жоғарыдағы сияқты қүбылыстар байқалады. Адамның ерні жыбырлап, тілі аздап қозғалады, кейде дыбыс шығарып сөйлеп те кетеді.
Физиологиялық тұрғыдан ойлау актісінің өзі, тіпті сөз арқылы берілмесе де, күрделі тізбекті рефлекс болып табылады. Сондықтан үздіксіз, бірін-бірі тудырып отыратын афференттіі^ жэне эфференттік импульстер ойлаудың негізінде жататын физиологиялық процестің негізгі бір компоненті деп қаралу керек.
Сөйлеу үш түрлі қызмет атқарады: коммуникативтік (өз ара қарым-қатынас), түсіндіруші, реттеуші.
Сөздің өзі айтылуына қарай адамның көңіл-күйін түрлі бағытта өзгерте алатыны өмірден белгілі. Сөйлеудің үш формасы: аустикалық, оптикалық, кинестизиялық түрін ажыратады.
Сөйлеуде іске асыруға үш анализатор қатысады: сөйлеу-қозғалыс, сөйлеу-есту, сөйлеу-көру анализаторлары. Адамда аса маңызды рольді мидың қыртысының маңдай бөлігі атқарады. Сөйлеу қозалыс анализаторлары тілден, ауыз қуысынан, көмейден, диафрагмадан шығатын сигналдарды қабылдайды да сөзді құрауға және айтуға қатысады. Екінші сигналдық жүйенің қызметтік бірлігі.
Екі сигналдық жүйе эр уақытта қызметтік бірлікте адамның қалыптасуы екінші сигналдық жүйе Ісигналдық жүйе негізінде, қоғамдық-еңбек нэтижесінде пайда болуы жэне өмірлік қатынастың ең түрақты, негізгі реттеушісіне айналады.
Шартты рефлекстерді аударуқосу-бір шартты тітіркендіргіштің әсеріненорганизмге эр түрлі бейімделіс іс-эрекетін тудыратын ми қыртысындағы өзгерістерді айтады. Бұл былай зерттеледі: бір тэжірибелік камерада қоңырау үнемі тамақ берумен, ал екінші камерада сол қоңырау оны электр тоғымен тітіркендірумен ұштастырылады. Нэтижесінде қоңырау екі түрлі сигналдық мэн алады: бірінші камерада тағамдық шартты тітіркендіргіш (жағымды), ал екінші камерада қорғаныс шартты тітіркендіргіш (жағымсыз).
Шартты рефлекстің түзілуіндегі орңы, мезгілі т. б. жағдайлары іске қосылады, маңызды роль атқарады. Тэжірибе жағдайындағы эр алуан қосымша эсер ететін сигналға қалыптасатын организм іс-эрекетінің ақуалдық шартты рефлекстер деп аталады (Купалов.П.С.).
Кейбір зерттеушілердің айтуынша рефлекстік теория мидың анлиздік-
синтездік іс-әрекетін, эсіресе мінездің негізін толық ашпайды. Олар шартты
рефлекстерді ми қызметінің-бабына жетпеген жабайы қарапайым түрі депесептейді. Бұл қағида бойынша ми қызметі организмнің өзін қоршағанортамен активті қарым-қатынас арқылы жеке ірибеқорынжинақтағаннан емес,қоршаған ортаныңбейнесімидаалыптасқандықтан
жүзеге асады. І
Күрделі мінез-қүлық іске қосылғанда қиын мэселелерді организм туа біткен ИНСАЙТ, яғни ішкі нұрлану арқылы шешеді. И.С.Бериташвилидің адамдарда ми іс эрекетінің ерекше қүрлысы психожүйелік немесе бейнелік түрі кездеседі.
Бериташвили бойынша осы психожүйелік іс-эрекетті организм сыртқа жэне ішке жағдайлар эсерінен өзінің жеке тіршілігінде иемденеді.
Вихсоиорием-(мінез) психология бағытта: Психикалық іс-эрекет сыртқы тітіркендіргіштер мен оған лайықты жануарлар қимылының ара қатынасы. Яғни, ми эректінің негізгі организмнің қоршаған ортамен өзара қатынасында жаңылысу жэне сынау арқасында иеденген, бірақ шартты рефлекске жатпайтын дағдылардан тұрады.
· Иллюстрациялық материал:
Кестелер:
1. Жоғары жүйке қызметтерінің типтері.
2. Мидың қызметтік латеральдылығы.
3. Қыртыстың соматосенсорлы аймақтары.
4. Қыртыстың сенсорлы орталықтары (талдағыштардың қыртыстық ұштары).
5. «Бөлшектенген ми», оң және сол жақ жарты шарлардың қызметтік маңызы.
Кодокарталар:
1. Шынайылықтың көрініс формалары.
2. Адамда ЖДЖҚ-ның үш деңгейі.
· Әдебиеттер:
1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.
2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.
3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет
4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.
5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 280 бет
6. Адам физиологиясы» 2 томдық. Агаджаян Н.Н., Тель Л.З., Циркин Б.И., Чеснокова С.А. 271-294 бет.
7. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары / студенттер үшін. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 бет.
· Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1. Бірінші сигналдық жүйе деген не?
2. Екінші сигналдық жүйе деген не?
3. Жануарлардың бірінші сигналдық жүйесі адамдардың бірінші сиганлдық жүйесінен немен ерекшеленеді?
4. Қыртыстық әрекеттің заңдары.
5. Тәжірибелік невроздар кезінде ЖДЖҚ-ның бұзылуы, олардың механизмдері.