Ерте балалық шақ аутизмі бар балалардың танымдық және эмоционалды-еріктік аймағы
Ерте балалық шақ аутизмі бар баланың психикалық дамуы бірқалыптылықтың жоқтығымен мінезделенеді. Кейбір жағдайларда музыка, математика, өнер салаларындағы жоғары деңгейлі қабілеттілік кәдімгі өмірлік іскерліктер мен дағдылардың терең бұзылыстарымен бірігуі мүмкін. Ерте балалық шақ аутизммен ауыратын балалардың зейінінің мақсатты бағыттылығы мен ырықтылығы бұзылады, бұл жағдай жоғары психикалық функциялардың қалыптасуына жол бермейді. Қоршаған орта заттарынан келетін кейбір бейнелі /дыбыстық/ әсерлер балаларды баурап алады, олардың осы ерекшеліктерін зейіндерін тұрақтандыруда қолдануға болады. Әдетте, ерте балалық шақ аутизмі бар баланың зейіні бірнеше минут, секунд ғана тұрақты болады.
Ерте балалық шақ аутизмі бар бала сенсорлық тітіркендіргіштерге ерекше жауап қайтарады: аса жоғары сенсорлық зақымдалу байқалады және сол сәтте, нәтиже ретінде - әсерлерді байқамау, қабылдамау.
Ерте балалық шақ аутизмі бар баланың қабылдауында да кеңістікте бағыттала алмау бұзылысы анықталады. Ол үшін тұтас зат маңызды емес, маңыздысы - оның кейбір сенсорлық қасиеттері: дыбысы, түрі, түсі. Бұл
балалардың көбінде музыкаға деген сүйіспеншілік байқалады. Олар үшін өз денесінен баратын тактильді және бұлшық-ет түйсіктері маңызды.
Ерте жастағы аутизммен ауыратын балалардың механикалық естері жақсы сақталған, сондықтан эмоционалдық уайымдардың іздерін сақтауға жағдай бар. Мәлімет бүтіндей қабылданып есте сақталады, бірақ өңделмейді, қабылданған түрде өзгеріссіз қолданылады. Олардың ауытқушылықты қиялдары аса бейнелілік, анықтылық және «жарықтығымен» ерекшеленеді. Кейбір балалар аса сезімтал, олар кейбір мультфильмдерді көргенде жиі жылайды. Мұндай балалардың ойлауының дамуы ырықты оқу процесіндегі үлкен қиындықтарды жеңу, нақты пайда болған міндеттерді бағыттылықпен шеше алумен байланысты. Балаға жағдайдың уақыт шеңберінде дамуын түсіну, себептік-нәтижелілік байланыстарды анықтау қиын.
Жетекші көрсеткіш - туылған соң аз уақыт шеңберінде көрініс табатын эмоционалды-еріктік аймақтың бұзылуы. Аутизм жағдайында ең ерте қалыптасатын - қоршаған адамдармен әлеуметтік байланыс орнату жүйесінің артта қалып қоюы байқалады: адамның бетінде назарын ұстап тұрмау, күлмеу және үлкеннің әрекеттеріне күлкі, гулеу және қозғалыс арқылы жауап қайтармау. Өскен сайын баланың жақын үлкен адамдармен эмоционалдық байланысы әлсіздей түседі. Ерте балалық шақ аутизмі бар балалар «қолға ал» - деп ұмтылмайды, анасының қолында болғанда оны құшақтамайды, әлсіз және енжар болып қала береді. Бұл жастағы аутизм ауруы бар балалар, қалыпты дамығандарға қарағанда, үлкендерге «ұнауға», жақсы, мақтау сөздерін естуге тырыспайды. «Ана» мен «әке» сөздері басқа сөздерден кеш пайда болады және ата-анамен сәйкестендірілмеуі мүмкін. Олар жағымды қарым-қатынастан да тез шаршайды, жағымсыз әсерлерді нашар қабылдайды, аутисттік іс-әрекеттің қалыптасуында жетекші орын алатын түрлі қорқыныштары жиі пайда болады. Сәл ғана өзгерістер, мысалы, жиһаздың орнын ауыстыру, қарқынды жауап қайтаруды тудырады.
38. Ерте балалық шақ аутизмі жағдайындағы психологиялық