Топтық психотерапия және гипноз
Бүгінгі таңда қарқынды дамып келе жатқан психотерапевтік әдістің бұл формасы әртүрлі ауруларға қарсы қолданылады. Топтық психотерапия ашықжәне жабықтоптан құралады. Үлкен топ 25-30 адамнан құралса, кіші топтың құрамы 8-12 адамнан құралады. Көптеген психотерапевтердің көзқарасы бойынша, топтық психотерапия адамдармен қарым-қатынастарында едәуір ауытқушылықтары бар адамдарға қолданылады. Сонымен қатар мұндай адамдарға фобикалық бұзылу қарым-қатынастық конфлик тән болғандықтан индивидуалды психотерапияда жүргізіледі. Топтық психотерапия көп жағдайда ауру адамға өзінің жекелік тұлғасы үшін қауіп қатерлі ситуация сияқты болып көрінеді. Бұл ситуация жаңа қорқыныш пен қорғануды тудырады. Ауру адамдар өздерін қорқынышта сезінеді, топта ашылудан үрейленеді, және де бұл әдістің мақсаттылығын түсіндірп беру қиынға соғады. Гипноз (лат. hypnos -ұйқы) — сананың уақытша күйі; сана көлемінің күшеюімен және оны иландырудың мазмұнына барынша шоғырландыруымен сипатталады, мұның өзі индивидуумдық бақылау және өзін ұғыну функцияларының өзгеруімен байланысты. Гипноз гипноздаушының арнайы әсер етуінің нәтижесінде немесе мақсаткерлікпен өзін-өзі иландырудан пайда болады. Гипноздық жағдайдың өздігінен болатын ерекшеліктерін саралау керек. Күйдің өзінің тән сипаттамалары: барынша иланғыштық, гипноздан кейінгі амнезияның болуы Гипноз жағдайында субъектіге оған сананың әдеттегі жағдайында тән емес физиологиялық және психикалық реакциялар пайда болуы мүмкін.
Топтық психотерапия ұғымы
Топтық психотерапия әдебиеттерде неврозды емдеу, психогендік ауытқу, мінездің паталогиялық ерекшеліктері, наркомания, алкоголизм, токсикамания, психоз және эпилетциялар, нерв жүйесінің оргаикалық аурулары, жүрек тамыр және басқа да аурулар сипатталған.
Топтық психотерапия адамның жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылмайды- мектепке дейінгілерге бастап( бұл әдісті мысалға ; А.В. Спиваковская) қарт адамдарға дейін ( И.А Мизрухин бұл психотерапевтік әдіспен 100-142 жастағы адамдарды емдеген)
Көптеген психотерапевтердің көзқарасы бойынша, топтық психотерапия адамдармен қарым-қатынастарында едәуір ауытқушылықтары бар адамдарға қолданылады. Сонымен қатар мұндай адамдарға фобикалық бұзылу қарым-қатынастық конфлик тән болғандықтан индивидуалды психотерапияда жүргізіледі.
Топтық психотерапия көп жағдайда ауру адамға өзінің жекелік тұлғасы үшін қауіп қатерлі ситуация сияқты болып көрінеді. Бұл ситуация жаңа қорқыныш пен қорғануды тудырады. Ауру адамдар өздерін қорқынышта сезінеді, топта ашылудан үрейленеді, және де бұл әдістің мақсаттылығын түсіндірп беру қиынға соғады.
Сол себепті психолог ауруды топқа қатысу үшін дайындау керек, жағдайларды өзгету керек, мотивациондық компаненттерді күшейту керек- осының барлығы да ауруды емдеуде көп көмек береді. Психолог аурумен топтық психотерапияның ситуациясына оның қатынасын үнемі сұрастыруы керек, оның көзқарасын ескеруі қажет.
Міне осындай психологпен жеке қатынас арқылы тек қана жеке ауру адамның ғана емес жалпы топтық психотерапияның ішкі мәнін толықтыра алуға болады.
Емдеудегі дәрігер топтық психотерапия кезінде ауру адаммен не болатын, оның қандай күйде болатынын әрдайым қадағалап отыруы керек. Ол оған қысым көрсетумен қатар қорғайда білуі жөн.
Негізінде топтық терапиямен айналысатын психолог, индивидуалды психотерапевтік қабылдаумен айналыспайды. Ол аурудың жеке дәрігерімен және жеке психологімен қарым-қатынаста болады. Бұл ауруды топтық психотерапияға қосу үшін қажет шарт.
Индивидуалды психотерапия топтық жұмыспен қатар жүргізіле береді, алайда оның қарқындылығының дәрежесі ауру адаммен жұмыс фазасымен емделу фазасына тікелей байланысты.
Осылайша индивидуалды психотерапиямен емделудің соңғы фазасында ол шектеліне береді. Негізгі мақсат топтық жұмыстың формасына қойылады. Бұл кезеңде клиент өз іс -әрекеттерін бақылау қатар,тек қана өзі өмірін өзгерте білетінін сезінуі қажет.