Топтық психокоррекция

Психокоррекция дегеніміз адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын іздеп табу.

Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүргізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кезде жеке тұлғалық қасиеттерді коррекциялау тренинг топтарында жүргізіледі. Тренингке қатысушылардың алдында тұрған, шешуін талап етіп отырған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекциялық топтар әртүрде болады. Оларды іріктеп алу және пайдалану клиенттің алдында тұрған проблемаларға және психологтың қай ғылыми ағымды қолдайтынына байланысты. Ол ағымдарды қысқаша келесі топтарға сыныптастыруға болады.Психолог Курт Левин және оның әріптестері бірінші психокоррекциялық тренинг топтарының (Т-топтары) жұмысын 1946 жылы ұйымдастырды. Олар топтың тәжірибесін, онда ұйымдастырылған іс-шаралар нәтижесін қатынасушылармен қосылып талдау барысында клиенттер алдында тұрған психологиялық проблемалардың мән-жайына терең түсініп, оларды шешу жолдарын анықады. Мұндай топтардың адамдарға қарым-қатынас мәдениетін және коммуникация жасау жолдарын үйретуге мүмкіншілігі өте мол екендігі анық байқалды. Кейбір Т-топтар қатынасушылардың сана-сезіміне әсері үлкен болғандықтан оларды сензитивтік топ деп атады.

Топтық тренинг

Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б. Қасытушылармен жүргізілетін дамыту-түзету жұмыстарының құрылымында келесі бөлімдер ерекшеленеді:

Кіріспе бөлімі.Оның басты мақсаты қатысушыларды тапсырмалармен жұмыс түрімен, топтың бірігуіммен, ондағы жағымды атмосферамен, жеке анализдың алғашқы түрін қалыптастыру және өзін-өзі оқу барысында субъект ретінде тануын қалыптастыру.

«Танымдық үрдісі» бөлімі. Оның мақсаты есте сақтау, зейін, ойлау, қабылдау процестерінің ерекшеліктерін дамыту. Сонымен психологиялық тапсырмалар арқылы осы танымдық белсенділіктің дамуына, шығармашылық қабілеттің қалыптасуына ықпал ету түрлерін анықтауға көмектеседі.

«Назар аудару» бөлімі.Бұл бөлімде қатысушылардың назарын ортақ мәселені бірге шешуге, бірін бірі қабылдау мен тыңдау ерекшеліктерін қалыптастыруға бағыттайтын түрді игеру.

«Нейропсихологиялық ерекшеліктер» бөлімімидың доминанттық бөлімімен тығыз байланыстың танымдық аспектілері қарастырылады.

Білім беру орындарындағы оқыту ісінде теориялық даярлық, қоғамдық, педагогикалық және арнайы ғылымдардағы меңгеру психолог мамандарының қызметімен үйлестіре жүргізіледі, ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы – тренинг екені дәлел. Тұлғаның жаңа ортаға енуі, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы дұрыс ұйымдастырылған топтық жұмыстарға байланысты.

20.Топтың гомогендігі және гетерогенділігіГомогенділік – біртектілік, ұқсастық, қандай д бір сипаттамалар мен қасиеттердің сәйкес келуі. Гетерогенділік – объект немесе субъект сипаттамалары мен қасиеттері арасындағы айырмашылық (тіпті диаметрлік қарама-қайшылыққа дейін).

Гомогенділік немесе гетерогенділік туралы сөз қылғанда, жынысы, жасы, білімі, интеллект деңгейі, әлеуметтік деңгейі, тұлғаның типі мен жүріс-тұрыс стилі, психологиялық проблемалары, сендіру және құндылық бағдары, топқа қатысу мақсаты сияқтлар айтылады. И. Ялом деген ғалымның мәліметіне сүйенсек, құрамы бойынша біртекті топтар баснан бастап ұйымдастырушылыққа, топтастыққа бейім келеді, ондағы психологиялық атмосфера да анағұрлым ыңғайлы, адамдар өз-өздерін еркін және бос ұстайтыны белгілі. Гомогенді топтың басты кемшілігі – пікірталас көзінің жетіспеушілігі (К.Рудестам). бұл топтық динамиканың төмендеуіне алып кледі, топтық жұмыстың сәттілігі ұшін маңызды болып табылатын қарама-қайшылық пен дау-дамай болмайды.

21 сұрақ

«Мен және болашақтағы мен»

Мақсаты: Тұлғаның өзін-өзі тани білуі, өзін-өзі бағалай білуіне бағыттайды.

Қажетті құрал: қалам, қағаз.

Жүру барысы: Қатынасушыларға парақ таратылады. Әр қатысушы парақты екі бөлікке бөліп, бір бөлігіне

«Қазіргі Мен» және екінші бөлігіне «Болашақтағы Мен» тақырыбында сурет салулары сұралады.Әрбір қатынасушы суреттерін салуды аяқтағаннан кейін салған суреттеріне сипаттама береді.

22-сұрақ

Парагдигма латын тілінен аударғанда үлгі немесе мысал, алгоритм дегенді білдіреді. Бұл білімнің коцептуалды модулі ретінде пайдаланылады. Білім парагдигмасының көп тараған түрелері аз емес. Әрбір парагдигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа даярлау керек, не үшін өмір сүреміз?» деген сұраққа жауап береді.

Парагдинма түрлері:

1.Экзотерикалық – құпия, жасырын, дін, қазір космос мәселесіне бай тұрғындарға арналған көрсеткіш жеке тұлға жоғалып, өзгеше этика қалыптасады.

2.Дәстүрлі-консервативті ол үш сатыдан тұрады. Базалық білім, оқу, жазу, санау, сауаттылық. Білім беру жүйесі базалық ғылым бөлімдерін негіздемек.

Гуманистика жолын адамзаттық құндылықтарға көңіл бөлу.

Технократиялық парагдигма – кез-келген нәтиже «иә» «жоқ» «меңгереді меңгермейді» «тәрбиелі тәрбиесіз» деп бағаланады. Қажетті білім тәртіп туралы ұғым мемлекеттік деңгейінде қарастырылады.

Бихевиоритикалық-радиоаналистік іс-әрекеттілік ішкі әлемге, көп көңіл бөлмей, сыртқы бейнесін көңіл бөледі. Гуманистикалық оқушыны интеллектуалдық қажеттіліктермен аралық қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамыту.

Парадигма (гр. үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.

Практикалық жұмыстың формасы ретіндегі тренинті тренингтік оқытуларды жүргізетін психолог ұстанатын көзқарастарға бағытталған арнайы парадигмаларды өзінің мазмұнымен бейнелейді. Мұндай парадигмаларды бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады:

Бағындырудың өзіндік формасы ретіндегі тренинг, яғни оң нығайтуды пайдаланып қатаң үлестірмелі әдістері арқылы мінез-құлық үлгілерін қажетті қалыптастыру, және теріс пайдалану кезінде жүргізушінің ойынша зиянды, қажетсіздері «өшіріледі»;

Дайындық ретіндегі тренинг, яғни нәтижесінде тиімді мінездің дағдыларын қалыптастыру және дамыту болады;

Тренинг белсенді оқыту формас ретінде, яғни оның мақсаты бәрінен бұрын психологиялық білім беру болып табылады, сонымен қатар бірнеше дағдыларды дамыту;

Тренинг қатысушылардың өзіндік ашылуы және өзіндегі психологиялық мәселелерді шешудегі өзіндік ізденістері үшін шарттарды құрудағы әдіс ретінде.

Парадигмалар даярлау және хабардар болу тобының шеберлік, үлестірмелі және жауапкершілікті арттыру деңгейін төмендету дәрежесінің тізімінде орналасқан. «Тренер» қатысушыларда болып жатқан өзгерістер үшін толық жауапкершілікті өзіне алады және топтың ерекшеліктері мен топішілік процестердің деңгейіне мүлдем қызықпайды. «Жаттықтырушы» «жаттығушыларға» жауапкершіліктің тек аз ғана бөлігін ғана табыстайды және қажетті дағдыларды дамыту үшін «тасымалдаумен» айналысады.

23-сұрақ

Тренингке қатысушылардың мінез-құлқының өзгеруінің төрт сатыны бөліп көрсетуге болады: дайындық, саналау, қайта бағалау, әрекет. Модель өзгерістердің негізгі процестерін біріктіреді: мотивациялық (I саты), когнитивті (II саты), аффективті (III саты), мінез-құлықтық (IV саты).

Бірінші саты – дайындық

Тренингтік топта тиімді жұмыс үшін әрқашанда өзгеру мотивациясын құру үшін «қыздыру» қажет. Кейде «қыздыру» үшін топқа бірнеше сағат жетсе, ал кейде толық бір күнді арнау қажет болады. Топтың күйі және мінез-құлқына қатысты осы сатыда жетекші түрлі тактикаларды қолданады:

егер топ жылы қатынасты, бірақ шиеленісте болса, онда оның міндеті – оларға топтық өзара әрекетке позитивті мотивация күйін қамтамасыз ету үшін, бойын еркін ұстауға, шиеленістен шығуға көмектесу, ашық, сенімді психологиялық қауіпсіз атмосфераны құру.

Егер басынан бастап ақ скептикалық немесе тіпті жауластық қатынаста болса, жетекші осы көңілі толмаушылықтан шығару үшін, мәселені шешудің стандартты емес тәсілдерді табу дағдылары және тиімді коммуникация ептілігін көрсететін тапсырмаларды ұсынады. Осы сатыда шиеленісті шығару үшін релаксациялық бағыттағы психогимнастикалық ойындар қолданылады. Сонымен қатар әрбір жаттығу топтық және жеке рефлексиямен жүргізіледі.

Екінші саты – саналау.

Топпен жұмысты жалғастыру тренингке қатысушыларды дағдарыс кезеңнің жеңуді мәжбүрлейді. Сонда саналау сатысына көшеді. Осы сатыда негізгі өзгеру процессі когнитивті болып табылады. Осы сатыда неғұрлым терең рефлексия жүреді. Саналау деңгейі бақылау, қарама-қарсы қою, кіші топта талқыланғанды мүмкін көз қарас, позиция, қабылдау және мінез- құлықтың тәсілдері мен әдістерін интерпретациялау арқылы күшейеді. Сыншылдық және скептицизмнің орнына қызығушылық орнайды, жетекшіні, топта болып жатқанды түсінуге ұмтылады. Осы сатыда қатысушылар өзін-өзі тану, өзін-өзә талдау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі реттеу зерттеледі.

Наши рекомендации